А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері



Pdf көрінісі
бет47/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

9. Демократиялық  стиль. Бұндай  отбасында  тәрбиеленген  балалар
көшбасшылыққа  деген  қабілеттілік  пен  агрессивтілік,  басқа  балаларды 
бақылауға  деген  құштарлықпен  сипатталады,  бірақ  ол  балалардың  өздері 
сырттай  бақылауға  әрең  көнеді.  Ол  балалар  дене  дамуы  тұрғысынан  жақсы 
дамыған, өз қатарластарымен тез тіл табысып кететіндігімен ерекшеленеді.


34
10. Авторитарлық  стиль. Балалар  мен  ата-ана  арасында  қарым-
қатынас мүлде жоқ, оны қатал тәртіп пен ережелер алмастырады. Ата-аналар 
көбінесе  бұйрық  беріп,  оның  нақты  орындалатын,  талқыланбайтынына 
сенімді.  Мұндай  отбасыларда  балалардың  оқшау,  тұйық,  қорқақ,  жалтақ 
болады.  Бойжеткен  шаққа  дейін  қыз  балалар  әдетте  пассивті  және 
бағынышты.  Ұл  балалар  керісінше,  басқаруға  келмейтін  агрессивті,  шектеу 
қоятын талаптарға бірден қарсы шығатын қызу қанды болып өседі. 
Отбасы  – болашақ  азаматтың  әлеуметтену  жолындағы  алғашқы 
қадамдарын  жасайтын  бастапқы  ұя болып  табылатындықтан,  ол  балаға 
моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктерді береді, оны еңбекке баулып, 
өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады және ата-ананың іс әрекеті
мен  мінез-құлқы,  өмір  сүру  салты  арқылы  балаға  дүниетанымдық, 
адамгершілік,  әлеуметтік-саяси  құндылықтар  беріледі. Осы  болашақ 
азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарының негізі отбасылық 
тәрбиенің келесі түрлерімен айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет