40
жейдесін өзі киіп алады, сондықтан анасы оған: «Дина жейдеңді өзің ки, ал
түймелерін бірігіп түймелейік» - дейді.
2. Талаптардың негізділігін есте сақтау керек. Ата-ана баланың не істеп
жатқанын және не істейтінін түсіндіріп, ересектердің талаптары мен
нұсқауларын орындау үшін нақты жағдайлар жасап, талаптардың
материалдық құралдармен сәйкес келуін қамтамасыз етіп, оларды бала
мүмкіндіктеріне қарай таңдау керек. Кейде балалар ересектердің
қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, себебі олар қажетті дағдылар мен
қабілеттерге ие емес. Сондықтан, ата-аналар балалардың мінез-құлқына және
іс әрекетіне қойылатын талаптарды дәйекті түрде арттыру үшін түрлі
дағдылар мен қабілеттерді дамытуы тиіс.
3. Қойылған талаптар бала оны аяғына дейін жеткізіп орындаған
жағдайда ғана мақсатына жетеді. Отбасы жағдайын және баланың жас
ерекшелігін ескере отырып, ата-аналар түрлі еңбек іс-әрекетіне үйретулері
керек. Бала отбасы мүшесі болғандықтан, ол өзіне жүктелген тапсырмаларды
адал ниетпен орындауы тиіс. Ата-ана бала еңбегіне артық салмақ түсірмей,
парасатты ұйымдастырғаны жөн: үй тапсырмаларын үнемі орындауына
бақылау жасау, көмектесу, өз бетімен жұмыс жасай білуге үйрету.
4. Бала үшін, оған талап етудегі сөйлеу мәнері маңызды. Балаға талап
қою барысында мейіріммен және ұстамды интонациялар, орынды әзіл-
қалжың қолданған дұрыс, бала өзіне деген ересектердің қамқорлығын,
қызығушылығын сезінуі қажет. Мектепке дейінгі жастағы балалар ересектер
талаптарының дұрыстығын, оларды орындау қажеттілігін түсіне бастайды.
Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен
түсіністік -
рухани мүдденің бірлігімен негізделеді. Балалар ата-анасының
еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да
балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап, жағдайларын біліп
отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде.
Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке-бірлігі ең алдымен ата-ана
мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына,
олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты
болады. Босағасы берік отбасында әрбір адам өзара қамқорлық пен
татулыққа, үй іші жұмыстарын жұмыла кірісіп орындауға, жақсы мен жаман
туралы пікірлерін ортаға салып ұштастыруға, қаражатты дұрыс бөліп
тұтынуға, еңбекпен табылған ақша құнын бағалап, қадірлеуге үйренеді.
Қазіргі заманғы отбасылардың тәрбие жүйесіндегі талаптары әртүрлі.
А.В.Петровский отбасылық қарым-қатынастың келесі түрлеріне қарай
тәрбиелеудің бағыттарын ұсынды [13].
Достарыңызбен бөлісу: