Қамқоршылық -баланы еркелету, өз бетіне жіберу, ата-аналардың
баланың барлық теріс қылықтарын кешіру сүйіспеншілігіне байланысты.
Баланың жетегіне түсіп, еркіне жіберу өзімшілідікке әкеледі[14].
Араласпаушылық - бұл қазіргі отбасыларда өте жиі қолданылатын
тактика, бұндайда ата-аналар балалары тәуелсіз, еркін, өз бетімен саналы
әрекеттер жасай алуы керек деген принципке сүйенеді [14]. Осыдан - мінез-
құлықтың ең төменгі талаптары, ережелері, нормалары қойылады. Ересектер
өздерінің мәселелерімен, соның ішінде мансаптық істермен айналысатын
отбасыларда, анасы мен әкесі тыныштықты сақтап, араласпау жағдайын
ұстанады, рухани шығыстардың орнықтырылуын қаламайтын және қажет
етпейтін отбасыларда байқалады. Мұндай талаптың нәтижесі ата-аналардың
балаларды иеліктен шығаруына, ата-аналарға балалардың эмоционалдық
тәуелділігін болдырмауға әкеп соғады.
Ынтымақтастық - баланың сүйіспеншілігін, құрмет пен талаптарын
теңестірумен сипатталады. Мұнда, егер ата-ана мен бала әрқайсысы өздерінің
сүйіспеншілігі мен қамқорлығын бір-біріне шынайы көрсетсе, онда талаптар
табиғи болады. Бала нормалар мен ережелерді, талаптарды орындамаудан
және оны орындай алмаудан қорықпайды, қажет болған жағдайда оған
көмектеседі. Ең бастысы, ол өз күш-жігеріне, мүмкіндіктеріне сенеді. Теріс
ынталандыру жағдайында ата-аналар баланың әрбір іс-әрекетіне қорқыныш
білдіреді «Сен жасай алмайсың», бала қолына бұтақ алса - «Көзіңе тигізесің»,
ыдысты алса «Шағасың, орнына қой». Бір сөзбен айтқанда баланың сөзі мен
ісінде айтылған шексіз ұсыныстар, оның өзіне деген сенімнің әлсіреуіне,
сөйтіп сенімсіз адамның өсуіне әкеледі. Балалардың құзыреттілігін оңтайлы
ынталандыру арқылы, оған табысқа қол жеткізетіндігі туралы айтып отыру
оның күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімін нығайтады, тәуелсіздікті
дамытады, жауапкершілікті қалыптастырады.
Тыйым салу -отбасының барлық мүшелері тартылуы тиіс. Мысалы,
розеткаға саусақты кіргізуге болмайды, себебі бұл өмір үшін өте қауіпті.
Тыйымдар бұлжытпай орындауды талап етеді, олар өте қатаң. Егер бәріне
тыйым салса, онда бұл бала отбасының толыққанды мүшесі, жақын адам
ретінде дамуын шектейді. Шектеудің қиындықтарын болдырмау үшін нақты
адамға, нақты уақыт кезеңінде тартылуы, дәл орындауды талап етуі тиіс.
Балаға өткір пышақтың нан кесетінін көрсетіңіз және пышақпен қолды кесіп
алуға болатынын, ауыратынын түсіндіріңіз. Бала тыйым салуларға қарағанда
бұл уақытша «болмайды» деп сенуі, білуі керек, себебі ол үшін маңызды.
Осылайша, ата-аналардың міндеті - балалардың өмірлік белсенділігін
сыртқы реттеу арқылы емес, талаптар мен ережелерді ұсыну арқылы,
баланың ішкі ынталандыруларын, қажеттіліктерін және жақсы болуын қалау
арқылы толыққанды ұйымдастыру болып табылады.
|