А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері



Pdf көрінісі
бет56/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

ұйымдастыру. Бұған баланың күн тәртібі, міндеттері, қойылатын талаптар, 
оның  үй  еңбегіне  қатысу,  оқу  әрекеті,  бос  уақытын  ұйымдастыру  және  т.б. 
жатады.Отбасындағы  тіршіліктің  дұрыс  ұйымдастырылуыбалалардың 
еңбекқор  болуы,  әр  нәрсеге  жоғары  жауапкершілік  сезіммен  қарау,  адамды 
құрметтеу  сияқты  адамгершілік  қасиеттердің  қалыптасуына  мүмкіндік 
туғызады.  Баланың  адамдармен  қарым-қатынас  жасауы,  қоғамға  енуі 
отбасынан басталады. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, 
мәдени  орта  қалыптасады,  сезімдік  күйлер  орнығады.  «Ұяда  не  көрсең, 
ұшқанда  соны  аласың»  дегендей  бала  тәрбиесі  ол  дүниеге  келген  алғашқы 
күннен  басталады.  Бала  өскен  сайын,  оның  тәрбиесі  де  күрделеніп,  оған 
қойылатын  талаптарда  күшейе  түседі.  Ақыл-ойының  дамуы,  ұнамды  мінез-
құлық қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Бала жақсы адам болып 
өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасында ең жарасымды, ең әділетті 
қарым-қатынастардың куәсі болуы керек. 
Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі 
– ұтымды күн  тәртібін  жасауКүн  тәртібі  – бұл  өмір  тәртібі,  еңбек  пен
демалыстың дұрыс ұйымдастырылуы, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді
қалыптастыру.  Балалардың  күн  тәртібі  И.П.Павловтың  іліміне  негізделеді.
Ол жұмыс қабілетін толық сақтауда еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің
қажет екендігін көрсетті [13]. Күн тәртібі баланы жинақтылық, тіл алғыштық,
дәлдік,  мұқияттылыққа  үйретеді,  денсаулығын  нығайтады,  еңбек  қабілетін
жақсартады.  Күн  тәртібін  жасауда  ата-ана  баланың  жасын,  үй  жағдайын,
денсаулығын,  мұғалімдер  мен  сынып  жетекшілерінің  кеңесін,  отбасы  мен
мектеп тәртібінің бірлігін еске алуы тиіс (2.2-кесте).
2.2 -кесте
Күн  тәртібін  сақтау  негізінде  мидың  үлкен  жартышарының  қабында 
рефлекстер  жүйесі  (динамикалық  стереотип)  пайда  болады.  Мысалы:  бала 
белгілі  бір  уақытта  ұйықтауға  үйренсе,  оның  ми  қабатында  тежелу  процесі 
басым болады да, тез ұйықтауға кіріседі. Сондықтан ата-аналар балалардың 
белгілі бір уақытта сабаққа дайындалуға, уақытында тұруға, яғни күн тәртібі 
элементтері  берік  орындауға  үйретулері тиіс. Дұрыс  ұйымдастырылған  күн 
тәртібі  баланы  белгілі  дағдыға  үйретіп,  дағды  әдетке айналады,  әдет 
келешекте бала қажеттілігін қанағаттандырады.
1. Талап ету баланың қол жеткізген деңгейіне және жақын болашақта
даму  перспективаларына  сәйкес  келуі  керек.  Бұл  баланың  күштері  мен 
мүмкіндіктерін,  оның  жеке  басының  беделін  құрметтейді.  Ата-аналар 
баланың  жетістіктерін  шабыттандыруы  керек.  Мысалға,  үш  жасар  Дина 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет