43
мазмұны жағынан терең, ұтымды, әділетті, көркем, ғылыми, бай, халық тілі.
Сөйлеу мәдениеті жетілмейінше, ақыл-ой мәдениетіне жету қиын. Қандай
адам болмасын ой-өрісі, білімі, мәдениеті мен рухани дүниесінің
қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен байқалады.
Адамның сөйлеу мәдениетіне ой дәлділігі, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін
шынайылығы жатады. Сондықтан ересектер сөзі айқын, ақылға қонымды,
дәйекті, тыңдаушыларды баурап алатындығымен үлгі болуы тиіс.
Мәдениеттің аса маңызды компоненттерінің бірі
«адамгершілік
мәдениет» болып саналады, өйткені ол шынайы адамгершілікті
қалыптастыруға әсер ететін адам эмоциясының аясын қарастырады.
Адамгершілік мәдениеттің көрсеткіші: ой-өрістің даму дәрежесіне;
дүниетанымның қалыптасқан бағытына; әлеуметтік белсенділікке; жекелеген
мінез-құлық нормаларының қоғамдық маңызына; іс әрекеттің әртүрлі
тәсілдерін меңгеруге; мінездің эмоциялық қабылдауына және интуицияға
тепе-тең келуіне байланысты айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: