ГЛОССАРИЙ
Авторитарлық отбасы-ерлі-зайыптының бір-біріне бағыныштылығы.
Әлеуметтік диагностика - бұл отбасы қатынастарын сауалнамалар
арқылы зерттеу, отбасының түрі мен өз функцияларын қалай орындайтынын
анықтау, отбасы мүшелерімен әңгімелесу өткізу, әлеуметтік паспорт жасау.
Гипопротекция – баланың іс-әрекетіне қамқорлық пен бақылаудың,
шынайы қызығушылықпен назар аударудың болмауы, ең болмағанда
қадағалаудың жеткіліксіздігі.
Гиперпротекция (грек. hyper-жоғары + лат. рrotecto - қорғау,
қамқорлық) - балаларға шамадан тыс қамқорлық дегенді білдіреді.
Демократиялық отбасы - бұл шешім қабылдауда отбасының барлық
мүшелерінің тең құқылығы немесе биліктің функционалдық бөлінуі.
Девиантты отбасы - бұл маскүнем, нашақор, құқық бұзушы отбасы.
Есеп – отбасын зерттеу актісіне тексеру нәтижелерін толық сипаттау,
отбасымен болашақ жұмыстың жеке бағдарламасын құрастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |