А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері



Pdf көрінісі
бет148/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

Бекіту сұрақтары:
1. Баланың жеке басын толық дамыту және қалыптастыру үшін отбасы,
мектеп  пен  қоғамның  өзара  іс-қимылы  қандай  болуы  тиіс?  Осы  жаһандық 
міндетті шешудегі педагогикалық рөліңіз қандай деп ойлайсыз?
2. Отбасымен  ынтымақтастықты  арттыру  мақсатында  қандай  жұмыс
түрлерін жүргізуге болады?
3. «Бірлескен  іс-әрекет»  үлгісі  ауытқуы  бар  баланы  тәрбиелеудің
қолайлы формасын атаңыз, мысал келтіріңіз.
Тапсырмалар:
1. Ж.  Баласағұнның  ақыл  кеңестерін,  Шал  ақын,  Базар  жырау,  М.
Өтемісұлы,  М.  Мақатаевтың  әйел,  ер  адамға  тән  мінез-құлық  ережелері 
жайлы айтқандарын оқу, пікіралмасу әзірлеу.
2. Бірде  қарт  Құнанбай  баласы  Абайды  шақырып:  «Балам, сен  әкеңе
жете туғансың ба, өте туғансың ба?» деп сұрайды. Сонда Абай: «Әке, мен өте 
туғанмын,  өйткені  мен  ақын  болдым»  деген  екен.  Аз  ғана  ойланған  дана 
Құнанбай:  «Жоқ,  сен  маған  жете  тудың.  Өте  туу  үшін  Абай  секілді  бала 
тәрбиелей алуың керек» деп жауап қатқан. Даналық сөзге талдау жасаңыз. 
3. Дамуында  ауытқуышылығы бар  балалардың  ата-аналарымен
жүргізілетін жұмыстың формаларын көрсетіңіз.

Ата-аналармен жұмыс
Сипаттамасы 
1
2
4. Сізге  жас  маман  ретінде  отбасылық  тәрбие  тәжірибесін  зерделеу
қажеттігін  түсіндіру  қажет.  Сіз  отбасын  зерттеу  мен  отбасы  тәрбиесінің 
әртүрлі  әдістерін  пайдаланудың  мақсатқа  сай  екендігін  қалай  дәлелдейсіз, 
кәсіби  маңызды  қасиеттерді  (акт,  педагогикалық  оптимизм,  педагогикалық 
зеректілік, эмпатия) еске түсіріп, отбасылық тәрбиенің ерекшеліктері туралы 
мәліметтерді практикалық бағытта қолдануға көмектесесіз бе?


98
5. Мұғалімнің  дұрыс  әрекеті:  Біз  үшін  жүрек  тазалығы  маңызды.  Ең
бастысы  басқаларды  қалай  оқытсақ,  соған  өзіміз  лайықты  болуымыз  керек.
Олай  болса  болашақ  мұғалім  үшін  дұрыс  әрекеттің  басты  қағидаттарын 
құрыңыз және оны мысалдармен дәлелдеңіз


99


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет