Жанжалды отбасы–бұл ата-ана арасындағы өзара түсіністік, көмек,
шынайылық, моральдық-эмоционалдық тәрбиесі жоқ отбасы.
Жас отбасы - ерлі-зайыптылардың жасы 30 жылдан аспайтын шағын
әлеуметтік топ.
Инертті отбасы –бұл қайта бағалау және қалыптасқан мінез-құлық
стандарттарын өзгерту бойынша консервативті отбасы.
Иерархия (отбасылық жүйеде) – бұл отбасының бір мүшесінің
екіншісіне және отбасылық жүйеде шешім қабылдауда іске асырылатын
билікке әсер ету дәрежесі.
Идентификация- латын сөзінен аударғанда теңдестіру, тепе-тендікті
анықтау немесе тепе-теңету, сәйкестендіру дегенді білдіреді, яғни басқа
адамның құндылықтар нормасы, талғамдарымен дағдыларын игеру.
Достарыңызбен бөлісу: |