А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері


ІІ.  Жанама  ықпал  жасау  әдістері



Pdf көрінісі
бет94/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

ІІ.  Жанама  ықпал  жасау  әдістері. Бұл  әдістердің тәрбиелік  ықпалы 
бүркемелі, көзге түсе бермейді. Мұнда тікелей болмаған тәсіл-әрекет қауіпті 
жағдайларда арнайы көзделіп, әлсіздерге жәрдем беруде қолданылады [5].
1) Сенім арту (А.С.Макаренко) жағдайына тән сипат – сенім әлі бекіп,
қатаймаған,  бірақ  оны  ақтау  дайын  тұлғаға  жүктеледі.  Жолдастары  не  бала 
алдында беделі бар ересек тарапынан сенім білдіру шарттары жасалады.
2) Мәжбүрлемей  бойсындыру  (Т.Е.  Конников) – бұл  нақты  ықпалдың
қатқыл  талабынан  болмай,  әрекет-қылыққа  бұрыннан  бар  ынта-ықылас
жүзеге асырылып, әр баланың іс әрекетке белсенді араласуына жол ашу.
3) Еркін  таңдау (О.С.Богданова,  В.А  Краковский)  жағдайы.  Мұнда
бала қандай да бірқажеттік талабына кезіктіріліп, оны қамсыздандыру жолын 
өзбетінше табуына мүмкіндік беріледі. 
4) Сәйкестендіру (Х.Й.Лийметс) бұрыннан бар тәжірибеге негізделген
адамға  баға  беріліп,  әрекет  қылығы  айқындалған  тұлға  жағдайы  алынады. 
Педагогикалық  тәжірибеде  мұндай  жасанды  жағдай  баланың  болашағы 
жөнінде сөз қозғалып, өзін басқалармен салыстыру қажеттілігі туындағанда 
түзіледі.  Ал, жеке  тұлғаға  орай  бұл  жағдайды  баланың  өзін-өзі  жетілдіру, 
өзіндік тәрбие ынтасын ояту (сен, одан кембісің?) мақсатында жасалынады.
5) Бәсеке – жарыс (А.Н.Лутошкин) тұлғаның басқадан тәуірірек болу
ниетіне негізделместен, ерік күшін жұмсауды қажет етеді. Соның арқасында 
ол  өзгелермен  салыстырғанда  жоғары  нәтижеге  жетуді,  оңтайлы  да  тиімді 
көрсеткіштерді  қолға  түсіруді  көздейді.  Мұндай  табыс  ресми  мойындалуы 
тиіс: бірінші орын, балл саны, марапат парағы және т.б.
6) Табыс  (О.С.Газманов,  В.А.Краковский,  А.С.Белкин)  тәрбиелік
қызметтер  желісінде  кең  қолданылады.  Бұл  жағдай  балаға  қолдау  көрсету 
қажет болса, оның дамуындағы ұнамды өзгерістерді бекіту, өз күшіне деген 
сенімсіздікті  жеңу,  өз  мүмкіндіктеріне  жаңаша  назар  аударуға  баулу  үшін 
қажет.  Табыс  кепілді,  оның  алдын  ала  жоспарланғанын  тәрбиеленушілер 
сезбегені  дұрыс.  Табыстың  шынайылығын  қамтамасыз  еткен  жөн,  ал  олай 


61
болмаса  кері  жағдайда  топ  ішінде  не  балалар  арасында  келеңсіз  пікір, 
әрекеттер туындауы мүмкін. 
7) Шығармашылықты  жағдай (В.А.Краковский)  мәні:  қандай  да
шарттар  жасаумен  тәрбиеленушінің  бойына  біткен  қанатты  ой,  тәтті  қиял, 
фантазиялық  шарықтау,  жеке  қабілеттері  мен  қасиеттерінің  толып-тасып, 
қалыптан тыс жағдайдан құтыла білу, икемделу ептіліктеріне қолдау көрсету.
Отбасының тәрбие әлеуеті, ең алдымен, баланың дамуына жан-жақты 
жағдай  жасау  арқылы,  оның  физиологиялық,  эмоциялық  және  зияткерлік 
қажеттіліктері  жеткілікті  және  сапалы  деңгейде  қанағаттандыратын 
жағдайларды  жасаумен  іске  асырылады.  Мұндай  тәрбие  нәтижесі  - бала 
денсаулығы, бақыты мен амандығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет