Тәрбие әлеуетін жүзеге асырудың негізгі жолдары[19]:
1. Отбасы - қауіпсіздік сезімінің негізі. Дәл осы отбасы баланы сыртқы
әлеммен өзара іс-қимылда, оны зерттеу мен бақылауда жаңа тәсілдерді
игеруде тұрақты ететін қауіпсіздік сезімін қамтамасыз етеді.
2. Ата-ананың мінез-құлық моделі. Балалар өз өмірінде ата-аналардың
мінез-құлқын, олардың тұлғааралық қарым-қатынасын, басқа адамдарға
деген көзқарасын қайталайды.
3. Өмірлік тәжірибе алу.Тәрбие процесінде ата-ана бала үшін қажетті
өмірлік тәжірибенің негізгі көзі ретінде әрекет етеді. Балалар білімінің қоры
көп жағдайда ата-аналардың балаға кітапхана, мұражайларға бару, табиғатта
демалуға мүмкіндік беруімен байланысты. Сонымен қатар, өз тәжірибесімен
тәрбиелеу және тарату балалармен тең дәрежеде әңгімелесу арқылы
жүргізіледі.
4. Тәртіп және мінез-құлықты қалыптастыру. Ата-аналар баланың
бойында мінез-құлықтың белгілі бір түрлерін тәрбиелейді.
5. Отбасындағы қарым-қатынас. Отбасындағы қарым-қатынас бала
ға
өз көзқарастары, нормалары, ұстанымдары мен идеяларын жасауға мүмкіндік
береді. Баланың дамуы оған отбасында қарым-қатынас жасау үшін
қаншалықты жақсы жағдай жасалғанына байланысты болса, сондай-ақ даму
қарым-қатынастың айқындылығы мен анықтылығына байланысты болады.
Отбасының тәрбие әлеуетінің құрамдас бөліктері мен тәрбиелеу
жолдарын түсіне отырып, оны арттырудың мына қағидаларын ұсынамыз:балаларға мейірімділік, жылы қарым-қатынас; балалар ата-
аналарға құрметпен қарап, махаббат пен бақыт жағдайында өсіп, тәрбиеленуі
тиіс; ата-аналар өз баласын түсініп, оның іс-әрекетін дұрыс қабылдап, жақсы
отбасында дамуына ықпал етуі қажет; ата-аналардың жеке тұлғасы
балалардың еліктеуінің тамаша үлгі, яғни, ата-ана үнемі даму мен еліктеуге
лайықты үлгі болуы тиіс; оптимизм, демократия және тең ұстаным -
отбасындағы балалармен қарым-қатынас стилінің негізі.
Олай болса, отбасы – адам баласының дүниеге келгенінде есігін айқара
ашып енетін үйі, өсіп ер жететін, тәрбие алатын, аса қажетті әрі қасиетті
алтын бесігі. Сол алтын бесікте тәрбиенің мәдени құндылықтарымен
адамгершілік қасиеттерге тәрбелеу барысы көзделген.