Негізгі ықпал ету әдістері:
1) Иландыру әдістері – бұл әдістердің көмегімен тәрбиеленушілердің
көзқарастары, ұғымдары, түсініктері қалыптасады, нақты іскерлік ақпарат
алмасумен (сендіру, хабарлау, пікір алысу, дәйек келтіру, ұрандау, көз
жеткізу, мақұлдау) жүріп жатады.
2) Жаттықтыру (үйрету) әдістері – тәрбиеленушілердің іс әрекеті
ұйымдастырылып, соған деген ұнамды ынта-ықыласты баулиды (тапсырма,
талап, бәсеке, үлгі-өнеге көрсету, табысқа жеткізетін жағдайларды жасау,
жеке және топтық істерге байланысты әрқилы жүктемелер).
3) Бағалау және өзіндік бағамдау әдістердің арқасында әртүрлі қылық-
әрекет бағаланады, іс әрекетке болған ынта қолдау табады, тәрбиеленушілер
өз әрекет қылығын өзінше реттеп, түзетуге жәрдем алады (сын, мадақ,
ескерту, жаза, сенім, қадағалау, өзіндік сын жағдайлары).
Достарыңызбен бөлісу: |