А., Н. «ҚҰрылыс материалдары химиясы» ПӘнінен зертханалық сабақтарды өтуге арналғАН


Сынақ нәтижелері бойынша қорытынды



бет19/26
Дата30.11.2022
өлшемі0.92 Mb.
#466103
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
4 ҚМХ пәнінен лаб.саб арналған ӘН

Сынақ нәтижелері бойынша қорытынды
Сынақ нәтижелері бойынша нақты цемент түрі үшін қоспаның оңтайлы құрамы жайлы қорытынды жасап, қоспа мөлшерінің клинкердің минералогиялық құрамына тәуелділігін талдаңдар.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қатаюды жылдамдатушы қоспалар қандай мақсатта қолданылады?

  2. Қатю мен ұстасуды жылдамдатушы қоспалардың техника-экономикалық тиімділігі.

  3. Клинкердің минералогиялық құрамының қоспаның мөлшеріне әсері қандай?

  4. Қатаю мен ұстасуды жылдамдатушы қоспалардың әсер ету механизмі қандай?

  5. Қатаюды жылдамдататын қоспалармен бетон құрамын таңдау ерекшеліктері.



Лабораториялық жұмыс №11


Құрылыс материалдарын зерттеуде дифференциялды-термиялық талдау әдісін қолдану

Термиялық талдау температураның өзгерісі кезінде жүретін физика-химиялық өзгерістердің барысын бақылауға мүмкіндік беретін, жеткілікті дәрежеде жылдам және нақты талдау әдісі болып табылады.


Мұндай талдау минералдарды қыздыру және салқындату кезіндегі фазалық өзгерістерді зерттеуге мүмкіндік беретін тиімді әдіс бола отырып, күйдірілетін құрылыс материалдарын, сонымен бірге жоғары температурада қатаятын бұйымдардың минералогиялық құрамын қосымша талдау әдісімен зерттеуде ерекше маңызға ие.
Әдістің мазмұны термиялық эффектермен (жылу сіңіру - эндотермиялық немесе жылу бөлу - экзотермиялық) бірге жүретін заттардың әрекеттесу және өзгеру температураларын анықтау болып табылады (материалды қыздыру немесе салқындату қисықтары негізінде).
Төмендегі процестерде эндотермиялық эффект байқалады: материалды кептіру кезіндегі адсорбциялық ылғалдың кетуі; кристалогидраттарды қыздыру кезіндегі гидратталған судың кетуі; құрамында кальций немесе магний карбонаты бар материалдарды қыздыру кезінде газ бөлу арқылы диссоциациялануы; заттардың балқуы т.б.
Экзотермиялық эффектер төмендегі процестер кезінде байқалады: тұтқыр заттың қатаюы кезінде; кейбір полиморфты ауысулар кезінде; заттардың аморфты күйден кристалды күйге өту процестері кезінде; заттардың қайта кристалдану процесі кезінде.
Затты қыздыру кезінде жүретін эндотермиялық және экзотермиялық процестер температураны дифференциалды - автоматты жолмен жазу арқылы тіркеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет