А., Н. «ҚҰрылыс материалдары химиясы» ПӘнінен зертханалық сабақтарды өтуге арналғАН


Сынау нәтижелері бойынша қорытынды



бет15/26
Дата30.11.2022
өлшемі0.92 Mb.
#466103
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
4 ҚМХ пәнінен лаб.саб арналған ӘН

Сынау нәтижелері бойынша қорытынды
Сынақ нәтижелері бойынша төменде көрсетілген үлгіде анықталған мәліметтердің қорытынды кестесі жасалып, цементтің ұнтақталу дәрежесінің ол көрсеткіштерге әсері жайлы қорытынды жасалады.
Кесте 2



Көрсеткіштердің атаулары







1

Ұнтақталу дәрежесі, %







2

Қалыпты қоюлығы, %







3

Ұстасудың басталуы, сағ-мин







4

Ұстасудың аяқталуы, сағ-мин







5

Ию кезіндегі беріктігі, МПа







6

Қысу кезіндегі беріктігі, МПа







Бақылау сұрақтары:

  1. Портландцементтің құрамы қандай?

  2. Портландцементтің ұнтақталу дәрежесіне стандарттың талаптары?

  3. Цемент қамырының қалыпты қоюлығын анықтау әдістемесі қандай?

  4. Цемент қамараың ұстасу уақытын қалай анықтайды және стандарт талаптары қандай?

  5. Портландцемент маркасын анықтау әдістемесі қандай?



Лабораториялық жұмыс №7


Табиғи материалдардың химиялық және минералогиялық құрамы
Лабораториялық жұмыс №8


Бетондағы арматура коррозиясы кезінде жүретін процестерді талдау
Лабораториялық жұмыс № 9


Пластификациялаушы қоспалармен бетон құрамын таңдау және қоспаның бетон және цемент араласпаларының реалогиялық қасиеттері мен цемент пен бетонның берікткгкне әсерін зерттеу

Пластификациялаушы қоспалар бетонның беріктігін төмендетпей, оның жылжымалылығын бірнеше есе арттыру қабілетіне ие.


Суперпластификаторлар мен күшті пластификациялаушы қоспалар өзінің табиғаты бойынша анионбелсенді, құрамында хлорлы топтары мол каллоидты өлшемдегі органикалық заттар. Сұйылтқыш қоспалар цемент дәндерімен жаңа түзілімдерде адсорбцияланған күйде суды тебу эффектісін тудырады. Гидраттар мен цемент дәндері бетіндегі зарядтың сипатымен тізбектің пішіміне негізделген бұл эффект, бетон және ерітінді араласпаларының ұзақ мерзімді сақталуын қамтамасыз етеді. Суперпластификаторлардың мұндай механикалық әсері бетон араласпасының жылжымалылығын 3-4 есе арттырады. Суперпластификаторлардың әсері 2-3 сағатпен шектеледі, бастапқы гидратация процессінің баяулауы мен коагуляциялық құрылымының қалыптасуынан соң, бетонның қатаюының жылдамдауы басталады.
Суперпластификаторларды бетон араласпаларына сулы ерітінді түрінде жұмысшы ерітіндіге, цемент массасының 0,7-1,5% мөлшерінде ендіреді. Оған қосымша жоғары алюминатты цементтер үшін суперпластификаторлардың мөлшері көп болуы тиіс.
Суперпластификаторлар негізінен синтетикалық полимерлік заттар, сондықтан қымбат. Бірақ оларды қолдану цементті 50 кг/м3 үнемдеуге мүмкіндік береді.
Орташа пластификациялаушы қоспалар негізінен гидрофильді, тізбектерінің құрамында полярлы топтары көп органикалық заттар.
Цемент бөлшектеріне адсорбцияланған кезде полярлы топтардың негізгі бөлігі қатты фазаға емес, сыртқа бағытталған болады. Мұндай адсорбциялану негізінен цемент дәнінің бастапқы фазасына әсер етеді. Түзілген қабықша моно немесе бимолекулярлы болуына қарамастан, алысқа әсер ететін вандерваальстік күштердің әсерінен өзінің айналасында судың қалың қабатын ұстап тұра алады. Соның салдарынан қатты бөлшектердің арасында үйкелу коэффициентін төмендететін гидродинамикалық смазка пайда болады.


Жұмыстың мақсаты: Түрлі минералогиялық құрамдағы цементтер үшін пластификациялаушы қоспалардың оңтайлы құрамын анықтау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет