Жұмыстың мақсаты: Негізгі қасиеттерін сынау арқылы түрлі битумдардың заттық құрамын анықтау
Қондырғылар мен материалдар: битум үлгілері, пенетрометр, дуктилометр, «Шығыршық - шар» приборы.
Битумнуң тұтқырлығын анықтау
Қатты битумдардың тұтқырлығы арнайы пенетрометрдің көмегімен анықталады. Салмағы 100 грамдық болат иненің (диаметрі 1 мм) 5 секунд ішінде битумға қанша тереңдікте бату жағдайы оның қоюлығын немесе маркасын білдіреді. Битумның тұтқырлығын 25оС температурада (кейбір жағдайларда ғана 0оС-де) арнайы пенетрометр (1.1-сурет) аспабының көмегімен анықталады.
Пенетрометр аспабы арнайы тұғырға (6) орнатылған болат штативтен (3) құралады.
Ине (3) мен ұстағыштың (4) салмағы 100 г. Иненің битум бетіне анық тиіп тұруын көрсету үшін штативке айна (1) орнатылады. Аспаптың тұғырына (6) орнатылған столдағы (5) шыны ыдысқа (7) битум салынған үлгі қойылады.
Егер ине битумға 0,1 мм бататын болса, көрсеткіш циферблат 10о-ты көрсетеді. Егер 2 мм-ге бататын болса, көрсеткіш 20оС-ты көрсетеді. Иненің ұзындығы 50,8 мм, диаметрі 1 мм болып келеді. Ол таза болаттан жасалады. Иненің пішіні конус тәрізді, ұшының диаметрі 0,15 ммге тең.
Құрал-жабдықтар: пенетрометр, битум, термостат, құмды ысытқыш, пышақ, болат немесе шыны ыдыс.
1-сурет. Пенетрометр
Жұмыс тәртібі. Сынау жұмысын бастаудан бұрын пенетрометр винттермен көлденең етіп орнатылады. Сусыз битумды құмды ысытқышта ерітіп, одан орташа үлгі алынады және болат немесе шыны ыдысқа 30 мм қалыңдықта салынады. Температурасы 25оС термостатта битумды ыдыс бір сағат бойы сыналғанға дейін сақталады. Соңынан битумды ыдысты температурасы 25оС болған сулы ыдысқа батырып, пенетрометрдің столына (5) орнатады. Иненің ұшы кеседегі битумның бетіне өте мұқият етіп тигізіледі және бұрандалы болат таяқшаны ине ұстағыштың үстіңгі ұшына тигізеді. Көрсеткіш циферблаттың, «0»-іне тураланады.
Бұрандалы таяқшаның төменгі ұшы ине ұстағыштың жоғары ұшына теңестіріледі. Мұнда циферблат көрсеткіші иненің қанша тереңдікке батқанын градуспен көрсетеді. Осы тәжірибе үш рет қайталанды. Алынған нәтижелердің орташа арифметикалық есебі битумның тұтқырлығын (тұтқырлық дәрежесін), яғни пенетрациялық көрсеткішін білдіреді.
Сұйық гидроизоляциялық материалдардың тұтқырлығы стандартты температурада вискозиметрдің тесігі арқылы өткен материал мөлшерімен анықталады. Ол үшін вискозиметрге сынау температурасынан 2...30С жоғары температураға қыздырылған материалды, көпіршіктер пайда болмайтындай етіп құяды. Температура сынау температурасына жеткенде материалдан термометрді тез алып, арнайы шығыршықты клапанды ашады. Ыдыстағы ағып өткен материал мөлшері 25см3 жеткенде секундомерді қосып, қалған 50см3 материалдың вискозиметрдің өту уақытын анықтайды. Стандартты вискозиметр бойынша 1 с 0,025...0,03 Па·с динамикалық тұтқырлыққа сәйкес келеді. Стандартты вискозиметрдің тесіктері 3,5,10 мм, ал сынау температурасы 25, 600С тең.
Достарыңызбен бөлісу: |