А. НҰрмановтың ҚҰланның ажалы романының КӨркемдік әлемі


Синонимдерге тән өзіндік белгілері болады



бет13/45
Дата25.11.2023
өлшемі145.09 Kb.
#484434
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
КУЧЕРБАЕВА ДИНАРА

Синонимдерге тән өзіндік белгілері болады:
1.Мағыналық реңктер. Бір ұғымды білдіретін мәндес сөздердің бір-бірінен сәл айырмашылықтары болады. Мысалы, ауыр-зілмауыр сөздері өзара синонимдік қатар құрғанымен, ауырға қарағанда зілмауырдың мағыналық салмағы күшті. Енді бір ретте біреуінің мағынасы екіншісінен сәл кең я тар болуы мүмкін. Мысалы, ұстаз-мұғалім сөздерінің мағыналары өзара ұқсас болғанымен, ұстаз сөзінің мағынасы мұғалімге қарағанда кең.
2. Стильдік реңктер. Сөздердің стильдік реңктері әр түрлі функционалдық стильде қолданылуымен тығыз байланысты. Сөздердің жалпы стильдік мәнін мынадай түрлерге бөлуге болады: көтеріңкі түрдегі реңктер (мерекелеу тойлау, азамат-жігіт, бойжеткен-қыз); сый-құрмет көрсетудегі сыйластықты білдіретін реңктер (ақсақал-қария, азамат-мырза); дөрекілік мәндегі реңктер (ақымақ-маубас, ақсақ-шойнақ); поэтикалық реңктер (асқар-биік, керемет-жақсы); кекесін, мысқыл түріндегі реңктер (еліру-желпілдеу, қораздану-қоқилану); кеміту мәндегі реңктер (адам-тірі жан, еркек-бөрік киген).
3. Сөз қолданысындағы реңктер. Мәндес сөздердің бірінің тіркесіндегі сөзбен екінші сыңары да тіркесе бермейді. Мысалы, көз, жанар деген мәндес сөздер көру мүшесі деген мағынада жұмсалғанымен, қойдың көзі деп айтылады да, қойдың жанары деп айтылмайды. Ендеше, сөз қолданысындағы осындай реңктер тіпті абсолют теңдікте тұрған синонимдердің өзінде қатты байқалады. Сол сияқты синонимдер қолданылу жиілігі жағынан да өзгешеленеді. Мысалы, билік, қожалық, әкімдік деген мәндес сөздердің ішінде билік деген көбірек айтылады [Ф.Ш.Оразбаева, Г.Сағидолда, Б.Қасым, А.Қобыланова, Қ.Есенова, Ұ.Исабекова, Қ.Қасабек, Ж.Балтабаева, Қ.Мұхамади, Р.Рахметова, Ж.Көпбаева ‟Қазіргі қазақ тілі” 34 бет].

1.Мен қайыршы, қайыршы,- деп анау тұтығын қақала-шашала сөйледі, дірілдеген иегімен дорбасын үсті-басын меңзеп қойды, манадан бері сөйлей алмай тұр екен,-қайыр-садақа жинаймын.(27-бет)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет