11. Ақ қылшық дей ме, қара қылшық дей ме, келіп тауып, көзімізге көрсетсе, жағамызды ұстап таң қаламыз.(175-бет)
12.Мерген аңызды әрлі –берлі кезіп жүріп, аққурай күлтесіне ілініп қалған жалғыз басбидайды әрең танты.(176-бет)
13.Бүкіл денесі дірілдеп, көзіне қан толып кетті.(177-бет)
14.Менің бұрынғы жүзбасы екенімді жан адам сезбеуші еді ғой...(178-бет)
Қорытынды: А.Нұрманов «Құланның ажалы» романында 14 омоним табылып, 14-і теріліп,10 –де талдауға түсті.
Синонимдер – мағыналары бір-біріне жақын, өзара мәндес сөздер тобы.
Ғалым Ф.Ш.Оразбаева өзінің «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер» атты еңбегінде мынадай тұжырым жасайды: «Кез келген тілді алсақ, синонимдер-сол тілдің тілдік құрамы мен сөз байлығының дәрежесін байқатар көрсеткіш. Оның тілдегі сөздік қордың дамуына емес, жалпы көркем әдебиеттің, өнердің кемелденіп, толысуына, көркем сөздің жетілуіне, күнделікті өміріміздегі қарапайым сөйлеу тілінің нәрленіп, қалыптасуына әсері мол. Осы тұрғыдан алғанда, лексикалық синонимдердің қоғамдық – тілдік қарым – қатынаста атқаратын маңызы зор. Синонимдер, біріншіден, әдеби тілдің жоғары талғамды болуын қажет етсе, екіншіден, қарапайым сөйлеу тілінің әдеби тіл дәрежесіне көтерілуіне әсерін тигізеді».
Ғалым Ә.Болғанбаев өзінің «Қазақ тілінің лексикологиясы» атты еңбегінде В.В.Виноградовтың орыс тіліндегі синонимдерді топтастырудағы классификациясына сүйене отырып, қазақ тіліндегі синонимдерді үш түрге бөліп қарастырады:
Мағыналық синонимдер әрқайсысының өзіне тән мағыналық реңкі бар, стильдік жағынан шектелмейтін, тілдегі барлық салада бірдей жалпылама қолданыла беретін синонимдер. Мысалы, батыл – өжет – өткір – жүректі деген сөздер қорықпайтын, қамықпайтын, тасалмайтын ер деген ұғымды білдіреді. Мағыналық синонимдер бір – бірінен мағыналық реңктері арқылы ажыратылатындықтан, бір стильдің өз ішінде кезектесіп, кейде қатарма – қатар келе береді. Бұлар әрбір жеке қолданыстағы сөздердің мағынасы жалпы ойды анық, әрі дәлме – дәл нақтылы түрде жеткізу үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |