Жалпы кірме сөздерді екі топқа бөліп қарастырған:
Тілімізге толық сіңісіп кетпеген сөздер;
Қазақ тіліне әбден сіңісіп кеткен, қазіргі кезде байырғы сөздермен қатар қолданылып жүрген сөздер. [М.Б.Нұрғалиева. Тарихи романдардағы лексикалық синонимдер. 16-бет]
«Синонимия сөздің мағыналық қасиетімен байланысты құбылыс екендігі белгілі. Бұл жүйедегі басты объект – сөз болса, олардың мағыналық теңдігі мен жақындығы мағыналық сәйкестіктердің бір ұғым төңірегінде ұштасуымен анықталады» - деген.
Арнайы сын есім синонимдерді зерттеу тақырыбы етіп алған ғалым Фаузия Оразбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер» атты еңбегі қазақ тіл білімінде ерекше маңызға ие. Бұл еңбекте ғалым сын есім синонимдерді мынадай түрлерге бөліп, қарастырады:
1. Мағыналық (семантикалық) сын есім синонимдер.
2. Экспрессивтік – стилистикалық сын есім синонимдер.
3. Мағыналық – стилистикалық сын есім синонимдер [Ф.Оразбаева. «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер» 78-бет].
Әрбір адамның көңіл күйіне, көзқарасына, мақсатына сай ойды дәл, әрі көркем етіп айтуда синонимдер маңызды қызмет атқарады. Осы тұрғыдан келгенде, сые есім синонимдер эмоционалды сезім-күйлер мен әр түрлі нәзік реңктерді білдіруде ерекше орын алады. Сын есім синонимдер тілде мынадай мақсаттар үшін қолданады.
1.Заттар мен құбылыстардың қасиеттерін жан-жақты дәлме-дәл түсіндіру үшін.
2.Қосымша эмоционалды-экспрессивтік мәнді білдіру үшін.
3.Бір сөзді ретсіз қайталамау үшін.
Бірыңғай синонимдік қатарға енетін сөздердің ұқсас, сәйкес мағыналықтан басқа да ерекшеліктері жоқ емес. Жалпы лексикалық синонимдерді анықтау мәселесінде бір ұғымды білдіре келіп, түрлі экспрессивтік-стилистикалық бояулар арқылы ажыратылатын, бір сөз табына енетін тұлғасы әр басқа сөздердің мағыналық ұқсастығы қатар алынғаны жөн.
Синоним сөздердің мағыналық үндестігі оның басқа да белгілері мен ерекшеліктеріне негіз болады:
1.Синонимдердің лексикалық мағыналары ұқсас, сәйкес болады.
2.Синонимдік қатарға енетін сөздер бір ұғымды білдіреді.
3.Өзара синоним сөздер бір сөз табына жатады.
4.Синонимдер бір-бірінен эмоционалдық реңк пен экспрессивтік мәндер арқылы ажыратылады [С.Ғ.Қанапина. «Қазақ тіліндегі мақал – мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары негізінде)»18-19 бет].
Достарыңызбен бөлісу: |