А. НҰрмановтың ҚҰланның ажалы романының КӨркемдік әлемі


Шығыс септігі жалғауының (-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен)



бет31/45
Дата25.11.2023
өлшемі145.09 Kb.
#484434
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
КУЧЕРБАЕВА ДИНАРА

Шығыс септігі жалғауының (-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен) көмегімен;

  • Секілді, сияқты, тәрізді, іспетті сөздерінің көмегімен;

  • Бейне сөзінің көмегімен;

  • Тең сөзінің көмегімен;

  • Ұқсас сөзінің көмегімен;

  • Параллелизм тәсілі көмегімен;

  • Аралас тәсілдің (бейне және –дай, -дей; бейне және секілді) көмегімен;

  • Қосалқы тәсілдер көмегімен [Т.Қоңыров ‟Қазақ теңеулері”, 10-11 бет].



    Теңеудің синтаксистік құрылымы:


    1.Жалаң теңеулер;
    2. Күрделі теңеулер;
    3. Толымды теңеулер;
    4. Толымсыз теңеулер;
    5. Бірыңғай теңеулер;
    6. Болымсыз теңеулер.
    Жалаң теңеулер – тек теңеу құрушы мүшелердің қосындысынан ғана тұрып, белгілі бір заттың, яки құбылыстың жалаң суретін жасайды. Мұнда күрделі ой жоқ, соған орай бұл теңеуде күрделі образ да болмайды.
    Күрделі теңеулер – өзінің құрылысы жағынан күрделі, жалаң теңеуге қарама – қарсы құбылыс. Мұнда не образ (көбінесе образ), не зат немесе екеуі де өздеріне бүтіндей күрделі ұғымды негіз етіп алады да, соның нәтижесінде күрделі ойға негізделген, шытырман суретке құрылған, эмоциялық – экспрессивтік әсері күшті теңеулік образдар жасалады.
    Бірыңғай теңеулер – бір сөйлемнің, бір күрделі ойдың құрамында бірнеше теңеулердің қатар келіп, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы.
    Толымды теңеулер – теңеулік конструкцияның үш элементі (зат, образ, белгі) түгелдей болуы қажет. Бұл ұғымды алғаш енгізген Б.В.Томашевский.
    Толымсыз теңеулер – толымды теңеулерге қарама – қарсы құбылыс. Мұның атынан да көрініп тұрғандай, толымсыз теңеуде бір мүше айтылмайды.
    Болымсыз теңеу – бір затты екінші затқа теңегенде болымсыз ғана мағына шығарады [Т.Қоңыров ‟Қазақ теңеулері” 22–35 бет].

    Зерттеуші - ғалым Асия Хасанқызы Бекбосынова өзінің 2010 жылы жарық көрген «С.Мәуленов өлеңдеріндегі теңеу» атты филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазған кандидаттық диссертациясында қазақ теңеулерін этномаркерлі, прецеденттік, сентенция, сенсорлық - перцептивтік, тұрақты, семантика - стилистикалық, метафоралық және эпитеттік, метонимиялық және синекдохалық, гиперболалық және литоталық, градациялық, синонимдік және антонимдік теңеулерге бөліп қарастырған.


    Диссертациялық жұмыстың “С. Мәуленов өлеңдеріндегі теңеулердің семантика-стилистикалық сипаты мен танымдық көрінісі” деп аталатын екінші бөлімі алты бөлімшеден тұрады.
    Екінші бөлімнің “Метафоралық және эпитеттік теңеулер қолданысы” деп аталатын бірінші бөлімшесінде коннотациялық реңкімен ерекшеленетін метафоралық теңеулер және ұлттық бояуы барынша қанық эпитеттік теңеулердің қолданыс ерекшелігі талданған.
    Метафора мен теңеу де салыстыруға, ұқсатуға негізделіп жасалады және екеуінің де танымдық мәні зор. Метафора – қысқарған теңеу, яғни онда теңеуге тән қасиетбелгі көрсетілмейді.
    Ақынның ассоциативті ойлау мүмкіндігі шексіз, соған лайық ақын қолданған метафоралық теңеулер де сан алуан болып келген.
    Жас жігіттей
    Бойы сұңғақ,
    Келе жатқан иілмей,
    О, менің қарағайларым,
    Жатыр ойым тулап,
    Өзімнің жырлы, шулы үйімдей. (Пошта жәшігі туралы жыр)
    Ақын дискурсындағы ойым шулы үйім метафоралық теңеуінің жасалуына да ақынның өз танымы мен түсінігі қатысқан.
    Екінші бөлімнің “Метонимиялық және синекдохалық теңеулер қолданысы” депаталатын екінші бөлімшесінде метонимиялық теңеудің экспрессивті-бағалауыштық, ал синекдохалық теңеулердің ойды жинақы әрі дәл таңбалаушы қасиеттері сараланған.
    Сөз мағынасын кеңейтіп, оған жаңа поэтикалық мән-мағына үстеуде метонимия ерекше қызмет атқарады. Метонимия астарлы ойға, ұғымға негізделеді. Осы астарлы ой мен ұғымды түсіну кез келген адамнан шеберлікті қажет етеді. Метонимиялық теңеуде метонимия өзіне тән барлық қасиеттерді сақтап, теңеудің бейнелілігін барынша арттыра түседі. Метонимиялық теңеулерді қолдануда ақын өзінің аялық біліміндегі ақпараттарға сүйеніп, ойсурет құрылымына салуы жиі кездеседі.
    Жүземін Донға барып,
    Қол созам жұлдызына.
    Қазақтың сұлулары
    Ұқсайды Сыр қызына.
    “Жақында жайылып жүр”
    Метонимияға негіз болып – қазақтың сұлулары алынған, ақын қазақтың сұлуларын Сыр қызына ұқсатады. Дон даласында жүріп, қазақтың сұлу қыздарын аңсайды, әсіресе өзі туып өскен Сыр қыздары ақынға ерекше ыстық, ерекше сұлу. Ақын алмасудың бұл түрін шебер қолдана отырып, екі жүзді адамдардың қоғамдағы іс-әрекетін суреттеп, ащы да болса өмірде кездесетін бар шындықты өткір айтады.
    Іздемей-ақ алыстан,
    Сылқымдар да табылды.
    Сар масадай жабысқан,
    Жылпыңдар да табылды.
    «Тау гүлдері»


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет