Қарны қабақтай полк командирінен бастап, урядниктерге дейін түгел екі –үш күн бойы қолды –аяққа тұрмай жүгірумен болды.(84-бет)
Суы тартылып, қалың тал басқан өзен табанынан өтіп, жолаушылар ауылдың өкпе тұсынан шыға келгенде, қыз емшегіндей дөңгеленгедан қос төбенің арасына ұрлана қонған екі –үш киіз үй көрінеді.(87 –бет)
Бес –ондап әздеп әйтпесе адасып барған ақтың жазагерлері әдетте ол жақтан суға батқан тастай әз –тұзсыз кететін.(100-бет)
–Кәрі адамның ұйқысы тауықтың ұйқысындай емес пе, шығарым. (105-бет)
Қаршығаның көзіндей шегір көзі қазір де жалт –жұлт ойнайды.(106-бет)
Батысқа ауған күннің самарқау сәулесіне қызыл мыстай тотыққан жүзін тосып, сығырайып қиырға көз салды.(109-бет)
Көктемде тасқын су кернеп кететін арна табаны күзде әбден құрғаған, ара –арасында сиыр тіліндей ұзынша құм қайраңдар мен еспе жалдардан өзге жердің бәрін қалың бытқыл тоғай басып кеткен. (113-бет)
Ақ шүберектей қуарып, жүн –жүн сақал арасындағы шүңірейген көзінен үрей ұшқындап жанына жаңа ғана жеткен қайыршыға жиренгендей көз қиығымен бір қарада да қойды, ештеме деген жоқ.(121-бет)
Ешкімге қылдай қиянат жасағаным жоқ, адал өмір кештім ғой деймін.(122-бет)
Анау көлденең қырды көрдің бе? –деп ол терістікте жолбарыстың жонындай жұп –жұмыр болып жатқан ұзыннан -ұзақ жотаны нұсқады –алдың күні таң құлан иектене соның үстімен көшкен перідей сағымданып бір шоғыр қара өтті.(125-бет)
Қазір киіз есігі сырықпен тіреулі, тіссіз ауыздай үңірейіп тұр.(127-бет)
Осыларды күткендей шегір көзі найза ұшындай өткірленіп, қарақшыларға тесіле бір –бір қарап өтті.(127-бет)
Көктөбет мұның жымиғанын қуанғаны деп ұқса керек, аттың тісіндей ірі тісін ақситып, күлген сыңай байқатты да қарсы жүрді.(123-бет)
Орауын жазғанда ішінен папирос қағазындай жұп –жұқа қағаз көрінді. Соның бүктеуін еппен аялай жазып, ол Көктөбетке ұсынды. Түйенің табанындай жалпақ мөрі бар бұл қағазды қарақшылар бастығы айналдыра қарап, содан соң Қақпанға ұсынды.
Достарыңызбен бөлісу: |