Ата –ана: Әке –шеше. [«Қазақ тілінің түсіндерме сөздігі» Алматы,2008. 66-бет]
19. Батыр келіп, ауылда той-томалақ...-деп Алтынкүлге ілесе ұйқылыкөзін ашып-жұмып, есінеп сөйлей кірген Бейпілқасқа.(186-бет)
Қорытынды: Ақан Нұрманов «Құланның ажалы» романында 27 антоним қолданысқа түсті, оның 27 теріліп, 20 антоним талданды.
Қазақ тілінде сөздің құрамы жағынан лексика-семантикалық сөздер тобының басты саласының бірі-омонимдер.
Омонимдерді алғаш зерттеушілердің бірі К.Аханов:«Тіл білімінің негіздері» атты еңбегінде: «Омонимия құбылысын жан-жақты қарастырып, оның сырын ашудың зор маңызы бар деген. Сөздіктерде омонимдер мен полисемия құбылысының бір-бірінен жігі ажыратылмай, теріс берілуі жиі кездеседі. Бұлай болуы негізінен алғанда, омонимия құбылысы мен полисемия құбылысының зерттелінбей келгендігімен байланысты. Омонимдерді жан-жақтытолықзерттеп,олардыңерекшеліктерінашпайынша, сөздіктердесөзмағынасыныңшегіндұрысажыратыпберуәруақыттамүмкінболабермейді» – дейді. [К.Аханов. Тіл білімінің негіздері. 13-бет].
Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің сыртқы формасы жағынан бір-біріне ұқсастығы бар. Сөздердің дыбыстық құрылымы жағынан бұларды бірдей деуге болады. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің бір-бірінен өзгешелігі түр-тұрпатында емес, мағынасында жатыр. Көпмағыналы сөздердің екі, я одан да көпмағынасы болады.
Мағыналардың арасындағы семантикалық байланыс біржола үзіліп әр мағына өзінше дараланып, бір-бірінен ажыратылған болса, ондай сөздер омонимдес сөз деп қаралады.
Тіліміздегі сөздердің мағыналық дамуы-олардың ішкі мүмкіндігіне байланысты өзіндік заңдылықтары мол күрделі құбылыс. Бұл құбылыстың бір көрінісі - гомогенді (бір текті) омонимдердің пайда болуы.
Гомогенді омонимдер - дегеніміз о бастағы шығу тегі бір, түбірі де, мағынасы да бір сөздің сапалық дамуы нәтижесінде бір-бірінен алшақтай түсіп, тақырыптық екі салаға, екі дербес мағынаға ие болған лексемалар.
Сонымен, жалпы тіл білімінде, сондай-ақ жеке тілдердің фактілері бойынша омонимия құбылысы туралы қалыптасқан пікірлердің үш-төрт топқа саятындығын көреміз. Олар:
1. Омонимия тіл-тілдердің бәріне тән, ұқсас әрі ортақ құбылыс.
2. Омонимдер тек әр текті (гетерогенді) сөздерден және күтпеген жерден (спонтанно) пайда болатын құбылыс.
3. Омонимдер сонымен қатар, бір текті (гомогенді) cөздерден де пайда болатын тосын құбылыс.
4. Омонимдер екі түрлі жолмен:
Гетерогенді (әр текті) сөздерден және (бір текті) гомогенді сөздердің іштей жіктеліп алшақтай түсуі арқылы пайда болатын құбылыс.
Ғалым Ә.Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» атты еңбегінде:
Қазақ тіліндегі омонимдердің жасалуының әлденеше амал-тәсілдері бар, солардың ішіндегі негізгі жолдары мыналар:
Тілдегі көп мағыналы сөздердің есебінен сөздің семантикалық жақтан дамуы арқылы келіп шыққан омонимдер.
Сөздер сан түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырап, дыбыстардың құрамы жағынан кірігуі арқылы жасалған омонимдер.
Аффикстер жалғану арқылы жасалған туынды омонимдер.
Өзге тілдерден ауысқан сөздердің қазақтың төл сөздерімен дыбысталуы бірдей болуының нәтижесінде пайда болған омонимдер. [Ә.Болғанбаев. Қазақ тілінің лексикологиясы. 33-бет.]
Филология ғылымдарының кандидаты Әдішева Айман Өмірзаққызы «Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің әдеби-диалектілік варианттары» (этнолингвистикалық зерттеу) атты еңбегінде: «Сонымен, гомогенді омоним қатарларының жазық бағытта даму, яғни қолданыс өрісін кеңейтуі дегенді біз лексемалардың гомогенді омонимге айналып, әрқайсысының өз алдына тақырыптық топ құрып, сол бағытта дамып, қолданыс шеңберін кеңейтуін, тұрақты тіркес құрамына еніп, дербестік статусын қалыптастыруы деп түсінеміз»-деген. [А.Ө.Әдішева. Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің әдеби-диалектілік варианттары. 19-бет]
«Гомогенді омонимдер негізінен сөздің түбіріне қатысты дамитын құбылыс екенін этнолингвистикалық таным тұрғысынан дәлелдеуге болатындығын, мәселен, шап түбірін алып, оның екі бағытта-тік (вертикальды) және жазық (горизонтальды) бағыттардағы даму заңдылығын қарастырдық»
Филология ғылымдарының кандидаты Құрманалиева Ақмарал Мейірханқызы «Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің табиғаты» атты еңбегінде: «Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің пайда болуы о бастағы бір сөздің мағына жағынан іштей жіктеліп, екі түрлі мағыналық бірлікке айналуы, яғни омонимдік дәрежеге көтерілуін өте күрделі лексика-семантикалық процесс деп қарасақ, бұл процесске негіз болып саналатын экстралингвистикалық факторлардың табиғаты одан да күрделі деген сөз» [А.Құрманалиева. Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің табиғаты. 4-бет]
Достарыңызбен бөлісу: |