А. О. Ешентаев №51 жалпы орта білім беретін мектебі оқушыларының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру бойынша


Қаулы : «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай»адалдық сағаты онлайн өз дәрежесінде өтті. Аға тәлімгер: Ұ.Сарыпбекова



бет9/9
Дата24.01.2024
өлшемі37.21 Kb.
#489718
1   2   3   4   5   6   7   8   9
адал ұрпак

Қаулы : «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай»адалдық сағаты онлайн өз дәрежесінде өтті.
Аға тәлімгер: Ұ.Сарыпбекова


Хаттама №10

Күн тәртібінде : «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты оқушылар арасында сурет байқауы

Қатысқандар: 1-11 сынып оқушылары
Мерзімі: « » қаңтар

«Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты оқушылар арасында сурет байқауы мектебімізде онлайн ұйымдастырылды. Алдын ала мектепшілік сынып чаттарына хабарландыру берілді. Жинақталған жұмыстар мектеп фезбук парақшасында жарияланып,үздік дауыс жинаған жұмыстар марапатталды.Өскелең ұрпақтың арасында жалпыға бірдей еңбек, адалдық және сатылмаушылық идеяларын мінез-құлық нормасын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралардың қабылдануы мен нығайтылуына ықпал ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқушылардың санасын қалыптастыру және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жүзеге асырылуына оқушыларды тарту мақсатында 2020 жылдың 9 желтоқсан –Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Адал ұрпақ» еріктілер клубының ұйымдастыруымен 4-5 сыныптар арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты сурет байқауы болып өтті. Нәтижесінде: І орын 5 «Б» сынып оқушысы –Казбек Нурдина; ІІ орын- 5 «В» сынып оқушысы-Мамедова Камаля;


ІІІ орын- 5 «А» сынып оқушылары Маймакова Амина, Тұяқбай Аяулым иеленді.

Қаулы: «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты оқушылар арасында сурет байқауы өз дәрежесінде өтті.
Аға тәлімгер: Ұ.Сарыпбекова

Хаттама №11

Күн тәртібінде : «Мемлекеттік қызметті алу туралы» іскерлік ойын

Қатысқандар: 1-11 сынып оқушылары
Мерзімі: « » қаңтар

  1. Мемлкеттік қызмет туралы түсінік беру.

Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 21-бабында әрбір адамның өз елін басқаруға қатысуға құқы танылған. ҚР сол декларацияға қосылушы мемлекет ретінде өзінің әрбір азаматының Мемлекеттік қызметке кіруге деген тең құқығын Конституцияда белгіледі. Мемлекеттік қызметке үміткерге қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына қарай әртүрлі болады. Соған орай азаматтың Мемлекеттік қызметке кіруіне кедергі болатын негіздер де заңдарда көрсетіледі. Басты негізге азаматтың қасақана қылмыс үшін сотталғандығы жатады. Шет ел азаматтарының ҚР-ның Мемлекеттік қызметіне кіруіне құқы жоқ. Конституцияға сәйкес, мемлекеттік қызметкердің жасы 60-тан, ерекше жағдайларда 65- тен аспауы тиіс екендігі көрсетілген. ҚР-да Мемлекеттік қызмет жүйесін саяси әкімшілік болып екі санатқа бөлінген лауазымдар құрайды. Саяси лауазымға мемлекеттік саясатқа ықпалды жоғары лауазымдар жатады, қалған лауазымдар әкімшілік санатта одан әрі жіктеледі.

Сіздер электронды мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі туралы не білдіңдер? Бұл қызмет қалай көрсетіледі?


Барлық оқушылар өз ойларын ортаға салғаннан кейін, «мемлкеттік қызмет» ұғымына анықтама беріп, кейбір мемлекеттік қызметтерге назар аударылды. Содан кейін қатысушыларға келесі тапсырмалар берілді: Мемлекеттік қызмет көрсету порталын табу. Осы порталда электронды түрде қызмет туралы барлық ақпаратты табу.
Диалогты түрде іскерлік ойынның қорытындысын жасау.Осымен іскерлік ойыны аяқталды.


Қаулы: 11- сынып оқушыларына мерзімінде осындай танымдық іс-шарал өткізіліп тұрсын.
Аға тәлімгер: Ұ.Сарыпбекова

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет