Abai University «Абайтану»



бет11/15
Дата12.03.2024
өлшемі111.66 Kb.
#495076
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
6.Дәрістің қысқаша мазмұны

Бақылау сұрақтары:
1. Адам болмысы туралы.
2. Толық адам танымының мәні жайында.
Дәріс 9-10. Тақырыбы: Абай шығармаларындағы жалпыадамзаттық рухани құндылықтар
Жоспар:
1. Ақын өмірдің өтпелі сипаты жайында.
2. Өлім – хақ, заңдылық.
3. Өлімге мойынсыну мен оған дайындық жасау.
4. Абай ақыл сипаты туралы.
5. Нұрлы ақыл ұғымы.
6. Ақыл - адами асыл, ізгі қасиеттер күзетшісі.
7. Алланы сүю танымы.
8. Иманигүл - адамгершілік негізі.


Дәріс мақсаты: Ойшылдың рухани құндылықтар туралы жүйелі танымымен таныстыру.


Дәріс мәтіні (қысқаша): М.Әуезов Абайдағы өлім тақырыбының мәнін ең соңғы ақиқат күйіне жеткізіп айтқан: « ... өлімді айтып отырған Абай аса қымбат қасиет табады...Қасиет дегеніміз - өлім жайынан бастап, өлместің сырына ауысады». Жүсіп Баласағұн да өлім жайын өнеге, ғибрат дәреже-деңгейіне көтере жырлайды. Өлім сырын екі ақын өзіндік таным, ерекшеліктерімен ортақ мақсатты көздеп сөз етеді.
Абай әуелі өмірдің өтпелі екенін санаға сіңіре түседі. Ондағы ойы - өзі өлшеулі өмірді өкінішке ұрындырмай, орынды іске бағыттау қамы. Өтпелі өмір мен өлім жайын Абай жастық, сүйіспеншілік туралы ертеректе жазылған «Сап-сап, көңілім, сап, көңілім» өлеңінде-ақ айта бастаған.
Дүние даяр өтерге,
Ажал даяр жетерге.

Әдетте жастық шақтың қызық күні әйтеуір бір келер қараң күнді ойлатпайды.Сөйтсе де Абайдың осы өлеңіндегі 20-25 жастағы жас жігіттің өмірдің өтерін болжап, соған сай қам-қарекет тірлік жасауы - ерекше ескерерлік жағдай.


Анық, айқын ақиқатты ащы, жайсыз болуы себепті танымыңды тұмшалап, қасақана қабылдамау кісілікке жатпаса керек. Өлім де - кісінің қиналып қабылдайтын ұғымы. Абайдың ұлылығы сол - ол өлімді қаншалық ауыр болса да, оны қажеттілік, заңдылық деп ұғады.

Дәл уақыты жеткенде,


Талайдың гүлі қурайды.

Адамзат - бүгін адам,ертең топырақ,


Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.
Ертең өзің қайдасын білемісін,
Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ.

Өлімнің заңдылығы мен қажеттілігін көре білу қарасөзінде де бар: «... Алдыңғы толқын - ағалар, артқы толқын - інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінеді». Өлімге кісінің ойы мен бойын үйрету, өлімге мойынсұну Абай шығармаларында жиі сөз болады. Әдетте ақылсыз, ойсыз, күйкі адам өлімнен қорқады. Абайдың өлімді қорқыту құралы етіп адамдығы жетілмеген кісілерге қолдануында осындай мән бар. Ал адамгершілік мұратының шынайы көрінісіне айналған ұлы Әбіш туралы өлеңдерінде өлім алдындағы үрей, қорқыныш сейілгендей болады. Өлім алдындағы қайғы қорқыныштан күйреп, қирап қалмай адами асыл қасиетін сақтап қалу - бірегей жандардың ісі. «Өлімге шыдайтұғын қазақ көргенім жоқ» деп ақынның өзі де айтады.


Ойламаған өлімнен


Жасқанамын демекті

Тәуекел қып білдірмей,


Күтіпті тәңрі жарлығын.

Тәуекел зор, ақыл мол,


Қорықпай тосқан тағдырын.
Қиынсынбай өлімді ол,
Білдірмеген еш сырын.

Ақын түптің түбінде бір келетін өлімді мойындаса, онысы адамзат қауымының ежелден желісін үзбей келе жатқан ізгілікпен танымына титтей де тоқтау бола алмайтын тәннің ғана өлімі. Рухани дүние, ақыл мен жанның жемісі. Ал рухани дүние, ақыл мен жанның жемісі – ізгілік пен таным мәңгілік.


«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,


«Менікі»өлсе өлсін, оған бекі.

Сөйтіп тән мен ақыл, жанның бірлігімен болған өмірінде өлмеудің амалы - ізгілікті таным мен жақсы атақ. Дүниедегі бәрінің де баянсызын таныған ойлы адам осы үшеуінен ғана сүйеніш табады. Біз Абайды өзі айтатын ойлы адамдар қатарына қосамыз: «...жалығу деген әр нені көрем деген, көп көрген, дәмін, бағасын - бәрінің баянсызын біліп жеткен, ойлы адамнан шығады. Хаттаки ғұмырдың баянсызын, дүниенің әрбір қызығының ақырының шолақтығын көрген-білгендер тіршіліктен де жалықса болады». Мүмкін ойлы адамның өмірден жалығуы оның баянсызын білуімен бірге, «дүниеліктен өзінің де, қауымның да көңілін суытпақ үшін» болар. Мүмкін өмірден жалығу өлімді жеңіл қабылдаудың жолы да болар: «...бір жүрген қуыс кеудемін.Тегінде ойлаймын: бұ да жақсы, өлер кезде әттеген-ай, сондай-сондай қызықтарым қалды-ау» деп қайғылы болмай, алдыңғы тілеу болмаса, артқа алаң болмай өлуге. Баянды нәрсе ғана сүюге лайық, баянсыздық кісінің күдерін, үмітін үзеді. Абай өмірді ізгілікті таным, жақсы атақ атты игілігі үшін сүйсе, осы үшеуінен басқа баянсыз тірліктерін танып-біліп, өмірден жалығады, өлімге дайындалады. Ол ең алғашқы қарасөзінде-ақ баянсыздан жалығып, бұған дейін өлеңдерінде де айтып келген, баянды деп тапқан игіліктерін тағы да таныта түскісі келетінін байқатады: «Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық, қылып жүрген ісіміздің бәрінің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік». Осы сарын өлеңлерінде де бар екенін айтқанбыз.


Қапамын мен, қапамын,


Қуаныш жоқ көңілде.
Қайғырамын, жатамын,
Нені іздеймін өмірде?

Іздегенім тәтті ұйқы,


Дүниені ұмытып.

Ақын өзі армандаған ізгілік пен танымнан тұратын арманды өмірін аңсап кетеді.


Дүние деген не деген-


Қыла жатсам тамаша.

Өмірден жалығып, өлімге мойынсұну келесі «Ысытқан, суытқан» өлеңінде де жалғасады.


Бір ақымақ әңгіме


Сықылды көрінер.

Бұл - кәдімгі ақыры бір келетін өлімді кездескен сәтте қайыспай, қиналмай қарсы алудың амалы. Өлім сәті келгенде қайғыдан күйгелектеніп, күйреп қалмай, ісі біткен кісідей жайбарақыт жүріп кете беру - зор қасиет. Өлім алдындағы қауіп, қорқыныш кісіні күйкі етеді. Сондықтан да Абай өмірдегі ең ауыр қайғы-қасірет - өлімді тыңдаушы көңілі мен санасына бірте-бірте сіңіре береді, сөйтіп кісіні өлімге дайындайды.


Өткен өмір белгісі - осы сыбдыр,


Көңілді күнде сындыр, әлде тындыр.

Өтпелі өмір мен кезі келер қазаға кісінің қарсы келер құдіреті жоқ. Өлім айдай анық ақиқат. Өмірге сирек келетін санаулы саңлақтар мен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан данышпандар да ақыл, жан, тән үшеуінен тұратын толыққанды тірлігін тауысуға мәжбүр болып, ақырында жұбаныш болар өлмеу сырын ізгілік пен таным деп түйген. Абай «Өлсем орным - қара жер сыз болмай ма » өлеңінде күйкі тірлікте өзінен де пенделік кеткенін қинала отырып мойындаса да, негізгі нысанасы әділет пен махаббат, ізгілік болғанын айтып, ұрпағынан өзінің шынайы қасиетін тануды тілейді. Мұнда да «Мен келмеске кетермін» деп өлімге мойынсұнғандақ танытады. Алғашқыда шапқыншылық жайын сөз еткендей көрінетін «Ескендір» поэмасы да түпкі мәнімен өлімді өнеге, ғибрат етеді.


Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да ,
Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда...

Сый сұрадың, бергені - бір қу сүйек,


Мұны көріп, алыңыз сіз де ғибрат!

Абайдың көп айтатын өлімі - кісіні адамгершілікті, кісілікті етудің құралы. Абайдың жырлауындағы өлім кісіні пенделік, ұсақ-түйек, бекер тірліктен тиып, оның адамдық жетілуін жеделдетеді.Асып-тасып, арнасынан асып, азған адамды кісілік қалыпта ұстауда өтпелі өмір мен өлімді ойлаудан артық құдіретті күш жоқ болар. Өмірдің өтпелілігі мен өлім де өнеге!


Абайдағы ақылдың қасиетін он жетінші сөзінде ақылдың өзіне айтқызатын әңгімесінен байқауға болады. Ақыл алдымен бұ дүние мен о дүниеге пайдалы мен залалды айырушы екен. Пайдалыға жақын болып, залалдыдан қашық болу да ақылдан. Адамзат тірлігінің мәні - таным да ақылмен қалыптасады. Ақылсыз қайрат пен жүректің тіршілігі толық емес. Жалпы он жетінші сөздің шығу себебі мен мазмұны ақынның «Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек» өлеңінен бастау алған секілді. Абайдағы негізгі мәселе - толық адам жайы осы өлеңде жинақталып, түйінделіп айтылады.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,


Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды...
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.

Осы «үшеуінің жөнін білетін ғылым» екенін осылайша ертеректе-ақ айтып қойған ақын он жетінші карасөзінде сол үшеуінің жөнін таратып бағады. Қарасөзінде де өлеңінде айтылғандай, төрелік айтушы - ғылым.


Ғылым ақылдың бар айтқанына келіседі, мойындайды. Тіпті ақылдың өзі айтпай кеткен жаңа қырын да еске салады. Ол - жаратқан тәңірін де ақылмен тану жайы. Ғылым ақылдың осы аталған көп қадірлі қырына кірбің түсіретін жалғыз ғана жаман жағы барын өкінішпен айтады. Ақылдың кемшілігі - жаманның да іздегенін тауып беріп, оған да сүйеніш болуы. Жаманшылық жолында жүріп, қиянатқа қызмет ететін ақылды ақын суық ақыл деп атайды. Әділет пен махаббат, мейірім мен рақым жолындағы ізгілікті ақылды нұрлы ақыл деп асқақтатады.Ақылдың он жетінші сөздегі негізгі түсінігі осы. Ақынның өзге өлеңдері мен қарасөздеріндегі ақыл туралы танымы негізінен осы он жетінші қарасөзінде жинақталған. Он жетінші қарасөзде ақыл жайлы таным бір жинақталып, түйінделіп тасталғандай әсер тудырады. Ақынның қарасөздерінде әңгіме болатын нұрлы ақыл жайы өлеңдерінде де жүйелі сөз болады. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіндегі қайрат, ақыл, әділет-шапқат үшеуінің жарасымды бірлігі мен тірлігін аңсаған ақын ойынан нұрлы ақыл жайын танығандай боламыз. Себебі әділет пен шапқаттың жолындағы ақыл нұрлы. Ал екеуінен қол үзіп, амал мен айланы қару етіп, қиянатқа қол артқан суық ақыл иесінің жағдайын ақын:

Алдың - жалын, артың - мұз,


Барар едің қай жаққа? -

деп суреттейді.Ақынның ақылдың суықтығын танытар тұста мұз сөзін қолдануы да кездейсоқ болмаса керек. Оның «Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек» деп әлі толыспаған ақылды суық мұзға теңеуі де әбден орынды.Барлық ізгі қасиеттердің жиынтығы ретінде келетін жүрек те он жетінші сөзде ақылды кейде жаманшылық жолында жүретіні себепті қолдамайды. Сөйтіп әділет пен рақым, жалпы ізгілік атаулыдан алыстап, қиянат пен жаманшылық жолына түсіп кеткен ақылды ақын суық деп атайды.


Ақылдың нұрлы атануы көбіне әділет пен жақсылықты жол етуіне байланысты болған соң, нұрлы ақылдың әділетті ақыл түрінде келетіні де бар. Нұрлы ақылдың жақсылықпен жақындығын ақынның «ақыл өссе, ол түпсіз терең жақсылық сүймектікбірлән өсер» деуінен байқауға болады. Абай «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңінде де өзінің атақты танымы - толық адамның мазмұнын екі-ақ жол өлеңімен түйіндеп танытатды.

Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті:


Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Абай ерлік пен батырлықтың ең зорын қайратты, күшті болумен емес, адам болумен, кісілікті болумен байланыстырады. Өмірде адамдық қасиеттерді сақтап, адам боп өтуден артық қызық жоқ.


Адамды сүй,Алланың хикметін сез,


Не қызық бар өмірде одан басқа ?!

Алланың хикметі - адамдағы адами асыл, ізгі қасиеттер. Адамзат барлық кеселді қасиеттерінен арылып, ділін, жүрегін асыл қасиеттерге толтырар болса, кісінің кеудесі, ішкі дүниесі - қазына.


Іштегі кірді қашырса,


Адамның хикмет кеудесі.

Міне, осы қазынасы - хикметі - асыл қасиеттерін таныта алған адамды ақын айтқандай ер, батыр десе болады. Адамдық пен кісіліксіз кісілердің адам атанып жүруі қиын нәрсе. Кісілік пен адамдықты сақтап жүру - ерлік, батырлық. Ақын осыны нұрлы ақылды танытатын әділетті ақыл жайындағы ойымен байқатады: «...Әділетті ақыл мойындаған нәрсеге, қиын да болса, мойындау, әділетті ақыл мойындамаған нәрсеге оңай да болса да, мойындамау - ерлік, батырлық». Ақын ақылды әділет, махаббат арқылы нұрлы етуді қырық бесінші сөзінде де айтады.


Адамшылықтың алды әрі биік шыңы - махаббат, әділет сезім екенін айта келіп осы екі ізгі қасиетке көбірек ие болған кісіні қадірлі, құрметті көреді. Әділет пен махаббатқа сүйенген нұрлы ақылды артық көреді.
Адами асыл, ізгі қасиеттер болмаса, адамдық та азып, кісілік қаңырап бос қалады. Ақыл Абайда осы адами асыл, ізгі қасиеттердің күзетшісі ретінде танылады. Бұл ақылдың ақындағы тағы бір қыры.

Достық, қастық, бар қызық - жүрек ісі,


Ар, ұяттың бір ақыл - күзетшісі

Абсолютті сұлулық – Құдай. Ал Құдай сопылық таным бойынша, өзін адамгершілігі жетілген, танымы толысқан адам арқылы ғана таныта алады. Сонда әр адамның Құдайды сүюі – адамдықты, адамды, толық адамды сүю болып шығады.


Құдайды сүю, тану жайы Абай шығармаларында молынан сөз болады. Ақын Алланы, тәңірін сүйіп, тануды бірнеше өлеңдері мен қарасөздерінде біршама таратып бағады. Солардың бәрінде де бұған дейін М.Әуезов айтқандай, Абай діни танымын өзінің адамгершілік мұратына көмекші, жәрдемші етумен көрінеді. Осы мәселе төңірегіндегі түсінігіміздің айқындалып, кеңейе түсуіне әдебиетші ғалым М.Мырзахметовтың зерттеулері ерекше үлес қосқанын айтқан жөн.
Абай шығармаларын тереңдеп оқыған кісі ақындағы Құдайды сүю – адамдықты сүю екеніне таласпайды. Ақын Құдайды сүюді осы тұрғыдан сөз етеді. Түптің түбінде, ең жоғарғы түсінігінде, Құдай – сүю мен махаббат. Сүюдің жүректен шығатынын әрі жүректен ғана сая табатынын ескерсек, он жетінші қарасөздегі жүректің әрекетінен тәңіріні танығандай боламыз: « жақсылық айтқаныңа жаны-ділі құмар болады. Көнбек түгілі қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгілі жиреніп, үйден қуып шығарады». Әрине, Құдай деген құдіретке тең келер еш нәрсе жоқ, сонда да сопылық таным өкілдерінің Құдайды жүрекпен танып, ал Құдайдың өзі сүюген жүректен сая табатынын айтқан пікірлерін ескерсек, осы салыстырумыз көңілге қона кетеді. Ақынның өзі де «Алла деген сөз жеңіл» өлеңінде тәңіріні танудың жолы – жүрек, яғни шын пейіл, ықылас, сүю екенін айтады.

Алла деген сөз жеңіл,


Аллаға ауыз жол емес.
Ынталы жүрек, шын көңіл,
Өзгесі хаққа қол емес.

Ақын ертеректе жазылған «Абралыға» өлеңінде кейіпкерін «ниет қыла білмейді» деп кінәлаушы еді. Он алтыншы сөзінде де «Қазақ құлшылығым Құдайға лайықты болса екен деп қам жемейді...Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды» деп , өзінің сүюге апаратын шын көңіл, ықылас жайындағы ойын дамыта түседі. Сөйтіп Абай жаңағы шумақта Аллаға құлшылық ету құр сөз, салқын ақылмен бітпейтінін, оған шын ниет, шексіз сүюмен ғана жетуге болатынын айтады.


Дененің барша қуаты


Өнерге салар бар күшін.
Жүректің ақыл суаты,
Махаббат қылса тәңрі үшін.

«Дененің барша қуаты» көңілге екі түрлі түйінді ойды түсіреді. Бірі – қайрат қасиеті болса, екіншісі – ақын айтатын «Руза , намаз , зекет , хаж».


Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс,


Жақсы болсаң жақсы тұт бәрін тегіс.
Бастапқы үшін бекітпей соңғы төртті
Қылғанменен татымды бермес жеміс.

«Бастапқы» дегені ақынның өзіндік сүю танымы – иманигүл. Бұл мұсылмандықтың бес парызындағы алғашқысы - иманға сәйкес келеді. Осы иманигүл танымындағы үш сүюдің алғашқысы тәңірге бағышталған. Өзге сүюдің бәрі де ақынның «Алла деген сөз жеңіл» өлеңіндегі «Махаббат қылса тәңірі үшін» деген бірінші сүюінен бастау алады. Себебі Абай «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» дегендегі екінші сүюді алғашқы сүюдегі Алланың хикметі деп түсінеді. Адам қазіргі күйінде өзінен-өзі пайда болып, жасала қалса жақсы, ал біреу жаратты десек, оны тәңір , Құдай , Алла жаратты демей кім дейміз. Бір жаратушы құдіретті, ұлы тұлғаны әр түрлі атау, өзіндік түсінік-таныммен атақты ойшылдардың бәрі де мойындаған. Осы топта Сократ, Платон, Әл-Фараби де бар.


Адамды сүй, Алланың хикметін сез.


Не қызық бар өмірде онан басқа?!
Көптің қамын әуелден тәңірі ойлаған.
Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін.

Шығыстағы ғылыми танымның негізін салушы философ Әл-Фараби: «...ең озығы да, ең кемелдісі де – Бірінші тұлға» деп санайды. Абай мен Жүсіп Баласағұндағы Алла , Құдай , Тәңір – осы Бірінші тұлғамен төркіндес, туыс ұғымдар. Әл-Фараби ең жоғарғы сүйіспеншілікті бар болмысы әбден кемеліне келіп, жетілген Бірінші тұлғаға қызығып , табынудан табады: «...біз үшін құштарланған махаббат туғызушы – кемелділік пен сұлулық... Ол – әрі ғашық болушы, әрі құштарлық махаббат туғызушы. Бірінші тұлға... жан біткен Оны сүйеді». Әл-Фараби сипаттаған жағдайдағы Бірінші тұлға Абай мен Жүсіп Баласағұнда да көрініс тапқан.


Махаббатпен жаратқан адамзатты,


Сен де сүю ол Алланы жаннан тәтті.

Абай Алланы сүюдің қажеттілігі мен орындылығын әсіресе жиырма жетінші, отыз сегізінші қарасөздерінде таратып , мейлінше мойындатып әңгіме етеді. Абай мен Жүсіп Баласағұнның Құдайды сүюі Әл-Фараби секілді оны кемелділік пен сұлулық, ізгілік пен сүю деп тануымен байланысты. Жүсіп Баласағұнның Құдайды сүюі мен Абайдың үш сүюді қамтыған иманигүл танымында Алланы алғаш, адамды кейін атауынан кішіпейілділік пен өзіне дейінгі таным төркінін білгендігі көрінеді. Құдайды сүю Жүсіп Баласағұн мен Абайға дейін-ақ дамып , қалыптасқан таным. Ол сонау Сократ, Платоннан басталады да, сопылық танымда жалғасын табады. Оны Әл-Фарабидан кейін Жүсіп Баласағұн мен Абай да дәстүр етіп алған. Жүсіп пен Абай ұғымындағы Құдай – сүюге әбден лайық тұлға. Екеуі де Құдайды жалаң , бір жақты сүюден аулақ, олардың бұл саладағы әрекеті адамгершілік мұратына бағындырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет