Абай ілімін білудің, ТҮсінудің ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет23/58
Дата14.05.2024
өлшемі5.16 Mb.
#501068
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58
Мақалалар-жинағы-3

ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Абай. Энциклопедия (Бас ред. Р.Н. Нұрғалиев; ред. алқасы:
З. Ахметов, Л.М. Әуезова, Б.Т. Ерзакович т.б.). – Алматы: «Қазақ эн-
циклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, 1995. – 720 б.
2. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы (Бас ред. С. Қасқабасов; ред. алқа-
сы: Б.Қ. Майтанов, Н.Е. Ақбай, Р. Әбдіғұлов т.б.). – Алматы: Атамұра, 
2011. – 688 б. + 48 бет түрлі-түсті жапсырма.
3. Мырзахметов М. Абайтану (Библиографиялық көрсеткіш). – Алматы: 
Ғылым, 1988. – 240 б.
4. Әбдіғаппарова А. Абай Құнанбаевтың естілік мәселесі төңірегінде 
жазған қара сөздері (орыс, ағылшын тілдеріне аудару жолдары) // «Әл-
Фараби мен Абайдың рухани мұрасы: қазіргі өркениеттегі орны мен 
маңызы» атты халықаралық онлайн ғылыми-теориялық конференция 
материалдары. Алматы, 27 қараша, 2020 жыл (Құраст. және электрон. 
баспаға дайынд. Л. Мұсалы, Б. Даутова, Г. Қасымақын. – Алматы: Қа-
зақ университеті, 2021. – 130 б.
5. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 272 б.
6. Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері. – Алматы, РГЖИ 
«Дәуір», 1995.
7. Мұхаметханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. 2-том. – Алматы: 
Алаш, 2005. – 344 б.
8. Мұхамедханов Қ. Хаттар сөйлейді. – Письма говорят. – Алматы. 2016 
– 336 б.
9. «Абай» журналы, 1992, №3.


125
Сәуле ЖУСАНБАЕВА
АБАЙТАНУ, ҚАЗАҚ ТІЛІ, ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
ТУРАЛЫ
1
Абайтану, қазақ әдебиеті, қазақ тілі пәндерін оқытудың 
әдістемелік негіздері – бүгінгі білім беру ісі саласындағы ғылы-
ми және өмірлік маңызы зор, өзекті мәселелердің бірі. Бұл мә-
селелерді зерттеу ғылым үшін қандай маңызды болса, өмірлік 
тәжірибеде де сондай бағалы. Бұл пәндерді оқытудың әдістерін 
зерттеу бағытында қазіргі кезеңде едәуір тоқырау бар деп білуге 
тура келеді. Өйткені аталған пәндердің мазмұны, оларды оқы-
тудағы мақсаттар жүйесі білім берудің тиісті стандарттары мен 
үлгілік оқу бағдарламаларында, оқулықтарда лайықты дидакти-
калық шешімін таба алған жоқ. 
Ахмет Байтұрсынұлы: «Өнердің ең алды – сөз өнері. «Өнер 
алды – қызыл тіл», – деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз 
баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен 
айтқан», – дейді. Енді бірде: «Сөз өнері адам санасының үш 
негізіне тіреледі: 1. Ақылға. 2. Қиялға. 3. Көңілге». Осыдан ке-
йін ойын былай жалғастырады: «Ақыл ісі – аңдау, яғни нәрсе-
лердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі – меңзеу, 
яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, берне-
сіне ұқсату, бернелеу – суреттеп ойлау, көңіл ісі – түю, талғау»
[1, 242]. Осындағы үш үзік ойдың әрқайсысы білу, білім беру, 
оқу мен оқыту ісі үшін маңызды және олар өзара тығыз байла-
нысты. Білім беру, оқу мен оқыту ісі үшін білу, білгенді түсі-
ну, біліп түсінгенді есте сақтау, күнделікті қолдану басты шарт 
екені белгілі. Ахмет Байтұрсынұлының қағидалары білім беру, 
оқу мен оқыту ісіндегі осы шарттардың бәрінде маңызды қызмет 
атқарады. Оқыту әдісін анықтауда пән оқытушысы үшін Ахмет 
Байтұрсынұлының қағидаларын ескерудің және тиімді қолдана 
білудің маңызы үлкен. 
Білу, білгенді түсіну, түсінгенді есте сақтау, есте сақтаған 
білімді қолдану – Абайдың ілімінде әр қырынан ашылған та-


126
нымдық ойлау деңгейлері. Ақынның шығармаларының екі том-
дық жинағында бұл мәселелер жайында негізделген ойлардың 
тұтасқан сілемі бар.
А.Байтұрсынұлы Абайдың шығармашылығы туралы мына-
дай пікір білдірген: «Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын есті-
меген адамға шапшаң оқып шықсаң, азына түсініп, көбінің ма-
ғынасына жете алмай қалады. Кей сөздерін, ойланып дағдылан-
ған адамдар болмаса, мың қайтара оқыса да түсіне алмайды. (...) 
Ол… – Абайдың айта алмағандығынан болған кемшілік емес, 
оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын 
кемшілік» [2, 136]. 
А.Байтұрсынұлы көрсеткен ахуал жағдайындағы оқушы-
ның Абайды түсінуі үшін мұғалім қандай әрекет жасауы ке-
рек екені бағытындағы ізденіс – оқытудың, түсіндірудің әдісін 
анықтаудың басты жолы. Бұл орайда мұғалімнің жаңа сабағын-
да түсіндірілетін ұғымдар жүйесін ұғуға септігі тиетін тетіктер-
ді өткен сабақтарда игерілген ұғымдармен сабақтастырып табу 
тиімді болмақ. 
Оқыту, оқыту әдісі Ахмет Байтұрсынұлы көрсеткен үш негіз-
ге – ақылға, қиялға, көңілге сай жүргізіледі. Оқыту әдісі – оқу мен 
оқыту, білу мен түсіну, білім беру ісінің құрамдас ірі мәселелері-
нің бірі. Пән мазмұнын түсіну мен түсіндіру маңызды болмайын-
ша, ақылға негізделмейінше сабақ мазмұны да маңызды, ақыл-
дың дегеніне сай болмайды. Егер пән көлемінде берілетін сапалы 
білім мазмұнын білім алушыға жеткізудің әдісі жетілмеген бол-
са, онда оқушыға ұсынатын білім сапасының талапқа сай болуы 
мүмкін емес. Сондықтан пәнді оқыту әдістемесінің сапалылығы, 
оқу мен оқыту ісінің ақылға, қиялға, көңілге бірдей негізделуі 
оқу мен оқыту, білу мен түсіну, жалпы білім беру жүйесінде үл-
кен қызмет атқарады. Оқыту әдістемесінің жоғары деңгейде бо-
луы, ақылға, қиялға, көңілге негізделуі білім беру, оқу мен оқыту, 
білу мен түсіну сатыларының барлық кезеңдері үшін міндетті. 
Қазақ тілі мен әдебиетін, абайтану пәнін жоғары мектепте 
оқыту ісін Ахмет Байтұрсынұлының қағидаларына сай әдісте-
мелік тұрғыда жеткілікті негіздеу аса өзекті. Пәнді оқыту әдіс-
темесінің кейбір қағидалары жоғары мектепке арналған оқу құ-
ралдарында өз дәрежесінде көрініс тапқанын атап өткен дұрыс. 


127
Қазақ тілі, қазақ әдебиеті, абайтану пәндерін орта мектепте-
гі оқыту әдістемесінің жоғары сапалы болуы – білім беру ісінің 
нәтижелілігінің басты шарты. Орта мектеп оқу пәндерінің қата-
рында қазақ тілі пәнін жете білу – басқа пәндер бойынша сапа-
лы білім алудың қажетті негізі болып табылады. Оқушының өз 
ойын тіл заңдылықтарының талаптарына сай лайықты жеткізуі, 
баяндауы, айтуы, жазуы, негіздеуі – орта білім алудың басты нә-
тижесі. Сондықтан орта мектепте қазақ тілі пәні бойынша білім 
мазмұны мен оны оқыту әдістемесіне аса зор көңіл бөлінеді. 
Қазақ тілін оқытудың бірнеше бағыттары бар: а) ана тілі 
ретінде оқыту; ә) екінші тіл ретінде оқыту; б) шет тілі ретінде 
оқыту. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән мазмұны, әдістемесі, 
құралдары бар. Оларда бірқатар ойлар, пікірлер жинақталған. 
Бұл ойлар мен пікірлер қоры бүгінгі күнде де маңызын жоғалт-
қан жоқ. Қазақ әдебиеті, абайтану пәндері бойынша да ізденіс-
тер жоқ емес. Алайда орта мектептегі қазақ тілі, қазақ әдебиеті, 
абайтану пәндерін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету жұ-
мысының сапасы бүгінгі талаптар деңгейіне көтерілді деп айту-
ға ерте [3, 112-124]. 
Қазақ тілі пәні – қазақ мектептерінде білім беру ісіндегі бас-
ты пән. Қазақ тілінің басқа пәндерден айрықша айырмашылығы 
бар. Ол айырмашылық қазақ тілінің білім жүйесіндегі белгілі 
бір пән ғана емес, сонымен қатар барлық басқа пәндерді оқып-
үйренудің бірден-бір құралы екендігінде. Осы себепті қазақ ті-
лін оқытудың сапасы оқушылардың тек осы пән ғана емес, басқа 
барлық оқу пәндері бойынша алатын білімдерінің деңгейіне ық-
пал етеді. Ал қазақ тілі, қазақ әдебиеті, абайтану пәндерін білім 
алушының ақылына, қиялына, көңіліне негіздеп оқу мен оқы-
тудан алатын рухани байлықты, кісілік негіздерін орта мектеп 
оқушысы басқа бір де бір пәннен ала алмайды. Сондықтан қазақ 
тілі оқулықтарына басқа пәндерге қатысты мәтіндерді енгізу қа-
зақ тілі оқу пәнінің мазмұнын бұзуға, судай сұйылтуға әкеліп 
соғады. 
Жоғары мектепте қазақ тілі мен әдебиеті, абайтану пәндері-
нің мұғалімін даярлау ісі өте күрделі құрылымдық тұтастығы-
мен ерекшеленеді. Негізінде, жоғары білімді маман даярлау ісі 
қай мамандық бойынша да оңай емесі рас. Әйтсе де қазақ тілі, 


128
қазақ әдебиеті, абайтану пәндерінің болашақ мұғалімдерін даяр-
лау басқа сала мамандарын даярлаудан күрделі ғана емес, соны-
мен қатар өзіндік қиындығы бар, жауапкершілігі үлкен іс болып 
есептеледі. Өйткені осы аталған пәндердің болашақ мұғалімде-
рін даярлау оларды оқыту ісін Ахмет Байтұрсынұлы қағидала-
рына сай ақылға, қиялға, көңілге негіздеуге, осы негізде мектеп 
оқушыларымен кәсіби деңгейде жұмыс жасай білуге баулиды. 
Ал қазақ әдебиеті мен қазақ тілінің, абайтанудың мұғалімін 
даярлау ісі болашақ мұғалімдердің мектеп оқушыларын өмірдің 
түрлі салаларында қазақ тілі мен әдебиетінің, абайтанудың маз-
мұны мен мәнін дұрыс, тиімді пайдалана білуге қабілетті болып 
шығуын көздейді. Мұндай мақсаттың мейлінше маңызды, өмір-
лік мәні зор болатын себебі – дүние есігін ашып келген қазақ 
баласы қазақ мектебінде өзінің өмірі үшін қажетті адамшылық 
қасиеттердің бәрін қазақ тілі мен әдебиеті, абайтану арқылы 
табады, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, абайтану арқылы қалыптас-
тырады. Адамзат қоғамы тарихында адамның өмір тәжірибесі 
мен ақыл-ойы негізінде жинақталған ақпараттық құндылықтар, 
білім қоры тіл арқылы сақталады, тіл арқылы игеріледі, тіл ар-
қылы болашақ ұрпаққа беріледі. Білім беру мекемелеріндегі оқу 
пәндерін меңгерудің құралы да тіл. Осының бәрі тілдің адам-
зат өміріндегі маңызы мен мәнінің қаншалықты жоғары екеніне 
көз жеткізеді. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, абайтану пәндерінің 
мұғалімін даярлау ісінің осындай өзіне ғана тән ерекшеліктері 
және үлкен жауапкершілігі болады. Сондықтан қазақ тілін, қа-
зақ әдебиетін, абайтануды оқыту ісіне, бұл пәндердің мұғалім-
дерін даярлау ісіне абай болу, оған үлкен жауапкершілікпен қа-
рау – білім беру жүйесіндегі әрбір маманның, әрбір басшының 
басты міндеті.
Бүгінде жоғары білім беру жүйесінде зерттеу университеті 
туралы айтылуда. Зерттеу университеті Ресейде бізден бұрын 
қолға алынып, арнайы құқықтық-нормативтік құжаттармен 
қамтамасыз етілді, зерттеу университеті болуға талапты уни-
верситеттер арасында конкурс жарияланды, қажетті қаржы көз-
дері анықталды. Бүгінде Ресейде зерттеу университеті ретінде 
қызмет атқарып жатқан университеттер аз емес. Олардың ішінде 
ілгеріден келе жатқан іргелі университеттер педагогикалық ғы-


129
лымды дамытуға ерекше назар аудара бастады. Оның да өзіндік 
негізі бар екені дау тудырмайды. Олар өздерінің отандық білім 
беру жүйесін дамытуда.
Қазақстанда зерттеу университеті жайында ауық-ауық ай-
тылып келеді. Сондағы ойлардың негізі мынадай: бүгінгі клас-
сикалық университеттер зерттеу университеті болу үшін педа-
гогикалық мамандықтар бойынша мамандар даярлауды тоқта-
туы керек. Білім және ғылым министрлігінің ұстанымы осындай 
болғанға ұқсайды. Ұстанымның жөні барын жоққа шығарудың 
жөні жоқ. Ғылыми-зерттеу университетінің жоғары және жоға-
ры білімнен кейінгі білім беру жүйесінде өзіне тән ерекшелік-
тері болуы заңды. Бірақ зерттеу университетінің оқу мен оқыту 
теориясы саласында зерттеу жүргізуіне шектеу қойылмақ емес. 
Өйткені оқу мен оқыту зерттеу университетінің басты міндет-
терінің бірі болып қала береді. Оның үстіне оқу мен оқыту тео-
риясы – Қазақстанның ғылыми-зерттеу жүйесіндегі артта қал-
ған сала. Мұндай саланы дамытуда зерттеу университеттері мен 
ғылыми-зерттеу институттары өз әлеуеттеріне сәйкес ұдайы ғы-
лыми ізденіс үстінде болуы шарт.
Ғылыми-зерттеу университетінде жоғары және жоғары бі-
лімнен кейінгі білім беру деңгейлерінде қазақ тілі, қазақ әде-
биеті, абайтану пәндерінің мамандарын даярлаудың мынадай 
құрамдас бірнеше саласы бар: а) қазақ тілі, қазақ әдебиеті, абай-
тану пәндері бойынша жеткілікті теориялық білім; ә) қазақ ті-
лін, қазақ әдебиетін, абайтануды оқыту әдістемесінің теориясы;
б) қазақ тілі, қазақ әдебиеті, абайтану пәндерін оқыту әдісте-
месін іс жүзінде пайдалана білу дағдысы; в) қазақ тілін, қазақ 
әдебиетін, абайтануды оқыту құзіреттілігі. Бұлар өзара тығыз 
байланысты. Бұлардың бірі жоқ жерде басқалары да болмайды. 
Студент, болашақ жоғары мектеп оқытушысы өз пәнінің 
теориясын білмейтін болса, онда ол қалған салалар бойынша да 
білімсіз болып қалмақ. Ал егерде ол өз пәнінің теориясын білген-
мен, оны оқыту әдістемесінің теориясын білмейтін болса, онда 
бұл оның әдістемелік ойлауының қалыптаспағандығын көрсете-
ді. Ал әдістемелік ойлауы қалыптаспаған оқытушы әдістемелік 
ұғымдардан бейхабар қалады. Әдістемелік ұғымдардан бейха-
бар оқытушы білім алушыларға сапалы білім бере алмайды. Ай-


130
налып келгенде, әдістемелік ойлауы, оқыту әдістемесінен тиісті 
білімі қалыптаспаған болашақ маманның кәсіби құзіреттілігі 
де қалыптаспайды. Қазақ тілі, қазақ әдебиеті, абайтану пәндері 
оқытушыларын даярлау дегеніміз болашақ маманға қазақ тілі, 
қазақ әдебиеті, абайтану бойынша білім беру ғана емес. Студент 
ғылыми-зерттеу университетінде мол білім жинағанмен, сол 
білімін іс жүзінде пайдалана алмайтын болса, онда оны білім-
ді деп есептеуге болмайды. Пайдаға аспаған білімнен қайыр 
жоқ. Маман өзінің бойындағы білімді іс жүзінде пайдалануы, 
пайдаға жаратуы үшін, оған арнайы құрал керек болады. Пән-
ді оқыту әдістемесі маманның өз бойындағы білімді іс жүзінде 
пайдалануын, пайдаға жаратуын қамтамасыз ететін осы құрал 
қызметін атқарады. Пәнді оқыту әдістемесі бойынша теориялық 
білім беру болашақ оқытушының өз пәнін оқыту үдерісі туралы 
іргелі ғылыми-әдістемелік білім қорының қалыптасуын қамта-
масыз етеді. Екінші жағынан, пән оқытушы білім алушыларға 
тиісті білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге пән мазмұны 
арқылы тәрбие берудің негізін үйретеді. Бұл өте маңызды. Бұл 
жерде білім беру мен тәрбие берудің өзара сабақтастығын анық 
түсінудің пайдасы зор. Бүгінде білім беру мекемелерінде білім 
беру ісі бір бөлек, тәрбие беру ісі бір бөлек жүріп жататыны бар. 
Бірақ мынаны ескеру керек: білім беру ісі – адам, маман тәрбие-
леудің бірден-бір құралы. Білім беру ісінен тыс, білімсіз тәрбие 
беремін деу – үлкен қателік. Білімсіз беруге болады деген тәрбие 
құмға құйған су сияқты болмақ. Тәрбие адамға ізгі білім, игілік-
ті дағды, біліктілік арқылы беріледі. Тәрбиелеудің білім беруден 
басқа жолы жоқ. 
Тәрбиесіздік білімсіздіктен шығады. Білімнің жоқтығы – 
ақылдың жетімсіздігі деген сөз. «Ақылмен аңдау, нәрселердің 
жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау» – білудің, білім алудың 
басты құралы. Білім ақылмен аңдауойлау, нәрселердің жайын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет