Абай деп жүргеніміз Әлихан Бөкейханов деген ақылға сыймай-
тын солақай пікір болса, Сұлтанхан мақаласын нақтылы түрде
мұның ешқандай да сын көтермейтіндігін дәлелдеуге құрыпты.
Бұл жерде С.Аққұлының жиырма жылдай уақыт Ә.Бөкейханов-
тың өмір жолын, шығармашылығын зерттеп, өмірбаяндық екі
томдығын, жиырма бес томдық толық шығармалар жинағын
шығарған Әлихантанудың бірден бір білгірі екендігін айта кет-
кен жөн. Зәуре сөз қылған Ә.Бөкейхановқа қатысты пікірлердің
ақ-қарасын бүге-шігесіне дейін ажыратып бере алатын Сұлтан-
ханның мақаласы түгелдей дерлік тарихи құжаттар негізінде
жазылыпты. Нәтижесінде автор зерттеу нысанына қатысты та-
рихи деректерге, көз көргендердің естеліктеріне сүйене отырып,
З.Батаеваның Әлиханға, Абайға қатысты «зерттеуіндегі» ойдан
шығарылған болжамдарының ешқандай ғылыми негізі жоқ
екендігін соқырға таяқ ұстатқандай дәлелдеп берген.
С.Аққұлы «Так и объемная статья Зауре Батаевой «Загадка
Абая: величайший неизвестный поэт Казахстана» не стоила бы
100
выеданного яйца, если бы автор с претензией на всемирную сла-
ву первооткрывателя неслыханной «научной сенсации» не опуб-
ликовала её на всеобщее обозрение, да еще прокомментировала
свою статью в интервью порталу Stan.kz.
Подчеркну, что в жизни и творчестве Абая (Ибрагима) Ку-
нанбайулы едва ли осталось столько загадок и странностей,
сколько ничем необоснованных сомнений, фантастических ги-
потез, домыслов, неверных или преднамеренно искаженных дат
тех или иных событий, имён, ошибочных суждений, анализов,
поспешных выводов, порой и откровенных глупостей в работе
самой Зауре Батаевой. В своих пристрастных поисках сенса-
ционных «загадок» в биографии и творчестве не только поэта-
мыслителя, но и лидера «Алаш» А.Н. Букейхана и других, она
часто «ищет черную кошку в темной комнате, где её просто нет».
В доказательство своей правоты она не без пристрастия, но со-
вершенно не к месту приводит мнения далёких от абаеведения
лиц, ещё лучше – некоего загадочного блогера» («Абай.кз»), –
дей келіп, З.Батаеваның Абайға қатысты ашқан «жаңалықтары-
ның» әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, келтірген дәйектемеле-
рінің, қолданған мысалдарының, айтқан пікірлерінің түкке тұр-
майтындығын дәлелдеп береді.
Абайды Шекспирмен салыстыруын, әңгіме өзегіне айнал-
дырып отырған Ә.Бөкейхановтың өзінің өмірбаянын, шығар-
машылығын жақсы білмейтіндігін, белгілі қоғам қайраткері,
публицист Дінмұхамед Сұлтанғазинді «Сұлтан Ғазин» (сонда
«Сұлтан» аты, «Ғазин» тегі болып шыққан) деп жазып, онымен
тұрмай, Әлиханның көп лақап атының бірі деп, шатасуын, Абай-
дың аты Ибрагим емес, Ыбырай («...его настоящее имя могло
быть Ыбырай, а не Ибрагим») деп, күдік келтіруін, алашорда-
шылардың ішінен сталиндік зұлматтан М.Әуезов қана аман қал-
ды деген сияқты толып жатқан білместіктерін санамалап тұрып,
тізіп берген. Абай деген қазақтың он тоғызыншы ғасырда өмір
сүргеніне күмән келтірген авторға ұлы ақынның бізге жеткен
суреттерін көрсетіп, кейбір жазба деректерді де алға тартқан.
З.Батаеваның орыс тілінде жазған мақаласына сол тілде
жауап жазған Сұлтанхан ерінбей отырып, ондағы дұрыс ниет-
пен айтылмаған негізгі ой-пікірлердің барлығын дерлік, жоққа
101
шығарып, арам пиғылды өрге бастырмайды. Көлемді (30 бет)
мақалада Абайтанудың осы уақытқа дейінгі жетістіктерін жоққа
шығарып, өзінше «Американы ашып», өзіндік үнімен, жолымен
жаңа бағытты бастамақ болған З.Батаеваның «жаңа әрекетінің»
түкке тұрғысыз екендігінің бет пердесі барынша ашылған.
Қазақта «Ит үреді, керуен өшеді» деген сөздің мәні тереңді-
гіне бүгінгі замана көші көзімізді жеткізіп отыр. Заманмен бір-
ге қазақтың бар сән-салтанатымен Абай көші де келеді. Көштің
«көлікті болып», ұзаққа баратынына сенім – мол. Оған Абай-
дың әлемдік деңгейдегі аренаға шыға бастауы – дәлел. «Іштен
шыққан жау – жаманға» көзіміз жетіп, олар Абайдың шаужайы-
на жабысып, қаралап жатқанда, осы бір ұлттық әдебиетіміздің
аса бір маңызды мәселесіне шетелдік ғалымдар да пікір білдіре
бастапты. Солардың бірі жапон ғалымы Томохико Уяманың осы
мәселеге орай білдірген пікірін сол күйінде ұсынып отырмыз:
«Өкінішке орай, Батаеваның мақаласы мұқияттықтан алыс.
Біріншіден, ол негізгі маңызды фактілерді білмейді. Мен олар-
дың кейбіреулерін ғана келтіремін.
– Ол бірқатар мұрағат құжаттарында кездесетін «Волостной
управитель» Ибрагим Құнанбаевтың барын білмейтін сияқты.
Ибрагим (Ибраһим) есімі қазақ фонетикасына сәйкес келмейді
деп болжай отырып, Батаева бұл нақты адамның аты емес деп
болжайды, бірақ сол кездегі қазақ тілі «тазартылмаған» еді, көп-
теген сөздер мен атаулар басқа мұсылман түркі тілдеріндегідей
жазылды..
– Ол Абайдың алғашқы кітабын 1909 жылы Санкт-Петер-
бургте И.Бораганскийдің баспадан шығарғанын растау мүмкін
емес деп айтады, өйткені Орталық академиялық кітапхананың
сайтында басылымның мәліметтері бар титулдық парақ кітап-
тың екі электронды нұсқасында жоқ. Бірақ басқа кітапханаларда,
соның ішінде Санкт-Петербургтегі орыс ұлттық кітапханасында
да бұл кітап бар. Қ.Мұхамедхановтың Бораганский туралы кіта-
бында титул парағының фотокөшірмесі бар (http://pushkinlibrary.
kz/docs/Boraganskii.pdf).
– Батаева Абайдың орыс жер аударылғандарымен кездес-
кендігі туралы және олардың хаттарында Абай жайында табыл-
мағандықтан ешқандай дәлел жоқ деп жазады. Бірақ біз Лоба-
102
новскийдің Абайдың портретін, Михаэлистің ескерткішіндегі
Абайға егжей-тегжейлі сілтемені және Абайдың ұлы Мағауияға
жазған хаты туралы білеміз. Батаева олардың түпнұсқалығы ту-
ралы дауласуға құқылы, бірақ ол үшін ол оларды тексеруі керек.
– Ол Мұхтар Әуезов Абай туралы 1933 жылға дейін жазба-
ған дейді. Білмеген адам не демейді. М. Әуезовтің Абай туралы
бірнеше шығармалары бар, олар 1918 жылы «Екеу» бүркеншік
атымен шыққан, Турағұл Кұнанбаев пен Әуезовтікі деп санал-
ған немесе Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытовтікі. Батаева бұл
анықтамамен дауласуы мүмкін, бірақ ол алдымен оларды оқып
шығуы керек.
– Ол «Сұлтан Газинді» «Дала Уалаятынының» газетіне үлес
қосушылардың бірі Бөкейхановтың бүркеншік аты деп санайды.
Ақиқаты – Батаева «Сұлтан Газин» деп аты-жөнін дұрыс айта
алмай отырған кісі – Дала генерал-губернаторының кеңсесінде
аудармашы болып жұмыс істеген Дінмұхамед Сұлтанғазин.
Батаеваның зерттеуіндегі ең жағымсыз тұсы – оның араб
графикасында қазақшаны оқымауы (ол араб жазуын транскрип-
циясы үшін басқа адамға алғыс білдіреді). Оның дәлелдерінің
көпшілігі Абайдың алғашқы кітабы мен Мүрсейіт қолжазбала-
ры жалған деген болжамға негізделеді, бірақ қандай адам өзі
оқымаған кітап пен қолжазбаның шынайылығына дау туғызуы
мүмкін?
Ол мағыналы текстологиялық және лингвистикалық талдау
жүргізбейді, стилистикалық талдауға тырысқаны қолайсыз. ХХ
ғасырдың үш онжылдығында қазақ тілінің орфографиясы мен
лексикасы тез өзгерді, осы кезеңнің қолжазбаларының түпнұс-
қалығын тексеру үшін лингвистикалық талдаудың маңызы зор.
Бұрын мен 1911 жылы жазылған және қазақ жерінің тәуел-
сіздігіне шақырған құжатта кейінгі кезеңдердің орфографиясы
мен сөздік қорын қолданғандықтан оның жалған болып көріне-
тінін байқадым. Мен Мүрсейіттің қолжазбаларын әлі күнге де-
йін ешқандай күмәнді белгіні таба алмадым.
Абай мен Жамбылдың ұқсастығы дұрыс емес. Абайдың
жазған еңбектері кеңес өкіметін қуанта алмады. Қазақ кеңес
насихаттаушылары Абайды қайта түсіндіруге көп күш жұмса-
ды және оның антифеодалдық, исламға қарсы және толығымен
103
ресейшілдік бейнесін жасады. Өкінішке орай, бұл бұрмаланған
бейне белгілі бір дәрежеде жұмсартылғанына қарамастан, әлі
де сақталуда. Абай жазуларының маңызды, бірақ елеусіз қалған
жағы – олардың діни сипаты. Алаш зиялыларының да, кеңестік
насихатшылардың да күрделі ислам терминологиясын қолдана
отырып, діни философияға енген мәтіндерді жасауға ешқандай
негізі болмады (мүмкін, шамасы да келмеді) (Ағылшыншадан
аударған С.Ыбырай. «Abai.kz». 2020/07/30).
Зәуре Батаева мақаласының өн бойында халық ақыны Жам-
былмен бірге Абай да «отызыншы жылдары қолдан жасалынған
ақын» (Зауре Батаева. Загадка Абая: величайший неизвестный
поэт Казахстана. «Экспресс», 16.07.2020) деген өзінің үлкен жа-
ңалық ретіндегі «ғылыми болжамын» дәлелдеуге барын сал-
ғандығы көрінеді. Бірден айтарымыз, мақала авторы қаншама
«жаңа әдістеме» («...мәселе менің кәсіби әзірлігімде емес, мәселе
қолданылған әдістемеде болып тұр») қолданғанымен де мұны-
сынан ештеңе шығара алмаған, керісінше, онысы біраз нәрсені
бүлдіруге апарып соқтырған. Бұл жерде ақынның отызыншы
жылдарға дейін жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ не бір сая-
си «тар жол, тайғақ кешулерден» өтіп, «ұлы ақын» ретінде таны-
ла бастағанынан қазақ мектебін бітірген кез келген көзі қарақты
оқырман хабардар екендігін айтсақ та жеткілікті.
Төңкерістен кейінгі жылдардағы қазақ мәдениетіндегі негіз-
гі тақырыптардың бірі әдеби мұра болды. Өйткені, билік басына
келген большевиктердің пролеткульт теориясы марксизм-лени-
низм ілімінің таптық принципін басшылыққа алды да әдеби да-
мудың дәстүрлі сабақтастығын, жалғастығын жоққа шығарып,
өткендегінің бәрін ескі, бізге керегі жоқ деп жариялады. Қазақ
халқының сан ғасырлар бойы жасаған, тірнектеп жүріп жинаған
әдеби мұрасының барлығы ескірген, көнерген, ал жаңа заман-
ның жаңа ұрпағы өз әдебиетін жаңадан жасауы керек делініп,
басты міндет ретінде алға қойылды. Басқасын былай қойғанның
өзінде ұлы Абайдың өзі феодализмнің ақыны деп танылды.
Ә.Бөкейхановтың 1905 жылы «Семипалатинские запис-
киде» жарық көрген қазанамасынан бастау алып, кейіннен
К.Ысқақұлының, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың парасатты
пайымдауларынан кейін Абай қазақ әдебиетіндегі өзіне лайық-
104
ты орнын ала бастаған болатын. Ақындар Абайды жырға қосты.
М.Жұмабаев 1912 жылдың өзінде-ақ «Алтын хакім Абайға» деп,
жыр жырлады ( М. Жұмабаев. Шығармалары. - А., 1989).
1918 жылы ақпан айынан бастап, Семей қаласында Ж.Ай-
мауытовтың редакторлығымен «Абай» журналы шыға бастады.
Журнал ақын Абайдың атымен аталды. «Абайдың» алғашқы
саны «Журнал туралы» деген «Екеудің» беташар мақаласымен
ашылды. Онда: «Сөз сыбырға, іс жыбырға айналды. Береке ке-
тіп, азды, тозды. Сол кезде қалың надан, қара тұманды қақ жа-
рып, тас жарып шыққан бұлақтай жарқ етіп Абай туды. Ақылды
дана, рахымды әділ, шынға сусаған, қыңырды жөнге, қисықты
тезге салмақ болған, бұзықтықпен алысып өткен Абай еді. Қа-
зақтың әдебиетіне жөн берген: сөздің сыртын сырлап, ішін түр-
леген, өлеңнен өрнек шығарған, ақындық, сыншылдық бірдей
дарыған Абай еді. Өнер тап, оқы, харакет қыл, тәрбие ал, ын-
сапты, адал бол деп қақсап өткен Абай еді. Халықтың қамын же,
адам баласын бауыр тұт, адамшылыққа қызмет ет деген Абай
болатын, өмір жолында Абайдың айтпағаны аз. Ақыл, білім, се-
зім, терең ойлылығына қарағанда, Абай қазақтан шыққан фило-
соф (данышпан) екендігін айта келіп... кемеңгердің атына арнап,
журналымыздың атын «Абай» қойдық» – деп жазады. «Басқа
жұрттың атақты білімдісінен Абай кем емес, білімдіні құрмет
ете алмасақ – тоғышарлығымыз» [11], – деп, Абайды аса жоғары
бағалайды.
«Екеу» Абайдың сыр-сипатымен таныстыра түскен: «Әде-
биетімізге де негіз салған Абай, адамшылық, тәрбие, ғылым,
өнеркәсіп деген сөздерді терең ойлап, тексерген де Абай. Қазақ-
тың тұрмысын, өмірін, мінезін, айқын суреттеп, кемшілігін көр-
сеткен де Абай. Солай болған соң журналды Абайға арнадық,
Абайды қай жерінен болсын ұстаз қылып, бетке ұстап, жастар
шәкірт болып, соңынан жүруге талаптанғандығын көрсетеді...
Еңбек қылған ер қадірін білу – ел борышы. Абайды құрметтеу-
ге бүкіл қазақ, оның ішінде көңілі жетік оқығандар борышты.
Абайды бетке ұстасақ, білгішке ергіш нысанамызды көрсете-
міз – бір, адамдық борышымызды атқарамыз – екі». Мақалада
Абайдың өлеңдері талданылмайды: оның халыққа, әдебиетке сі-
ңірген еңбектері санамаланып, үлгі тұтылады. Мақаланың соңы
105
«маңдайыма ұстаған ақын Абай – қазағым» деп, үмітпен шыға-
рып отыр» деген жолдармен аяқталады.
Абайдың 1909 жылы Қазанда, 1922 жылы Қазанда және
Тәшкенде басылып шыққан басылымдарын салыстыра отырып
профессор Әбдірахман Сағди салмақты ойлар өрбітті. Оның
«Абай» атты көлемді зерттеу мақаласы «Ақжол» газетінің
1923 жылғы 6 нөмірінде жарық көрді. Ә.Сағдидің «Абай» атты
мақаласы ұлы ақынның поэзиясын ғылыми тұрғыдан танып бі-
луге жасалған алғашқы қадамдардың бірі еді.
1922 жылы басылған Абайдың өлеңдер жинағына пікірлер
көріне бастады. Соның бірі – І.Жансүгіровтің «Абай кітабы»
атты Тәшкен басылымына жазылған рецензиясында С.Мұқа-
новтың атақты «Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер»
атты мақаласындағы Абай туралы айтқан теріс ойларына қар-
сылық білдірді (І.Жансүгіров. Абай кітабы. «Тілші», 08.05.1923).
Бүкіл жиырмасыншы жылдары толассыз жүріп, отызыншы
жылдардың орта шеніне шейін жалғасқан қазақ әдебиеті қай
бағытта дамуы жайлы айтыстарда орталық мәселе Абай бол-
ды. Пролеткультшылдар Абайды өршелене қаралап, «тарихтың
қоқысына тастауға» әрекет жасаса, ұлтшылдар оны жанталаса
қорғады. Өйткені, қазақ ұлтының, мәдениеті мен әдебиетінің бо-
лашақ тағдыры қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, арман-мүд-
десін шынайы жырлаған Абай тағдырының шешілуімен байла-
нысты болатын; Абайды жоққа шығару арқылы қазақ халқының
ұлттық даму жолын жауып тастау пролеткультшылдардың не-
гізгі мақсаты-тұғын.
«Еңбекші қазақ» газетінде Б.Кенжебайұлының редакциялық
«Абайдың өлеңдері туралы» мақалалары жарық көрді. Бейсенбай
«Абай – өте ақын кісі, бұған өлеңдерінің суреттері, ұйқасымдары,
ойына келгенді қиналмай толқытып, түйдектеп шығаратындығы
дәлел. Осымен бірге Абай – сыршыл ақын... Абай қазақтың жазба
әдебиетін бастады, соған негіз салды. Сондықтан, Абай – қазақ
жазба әдебиетінің ағасы. Бұл орын Абайға үлкендік те, кішілік те
қылмайды. Абай өлеңдерін қарап келіп шығаратын қорытынды-
мыз: Абай – халық ақыны» [12] деген тұжырым жасаған.
М.Жұмабаев жасаған «Алқаның» бағдарламасында «Қазақ
әдебиетінің алыбы Абай – қазақ даласына кеулеп кіріп келе жат-
106
қан капитализмге, отаршылдыққа халықтың қанды жас төгіп,
еріксіз шалған бірінші құрбаны. Ел билеп, елге ақыл айтудан
бастап өмірден үміт үзуге, тұңғиық ойға барып тірелген Абай-
дың өмірінің, ақындығының трагедиясы да терендігі осындай.
Абайдың алыптығы – қыл көпірдің үстінде тұрғандығы, екі қол-
мен, екі үмітпен алысқандығы, сондықтан қазақ әдебиетінің ескі
мағынасын, бұрынғы бағытын тереңдеткендігі, әдебиетке жаңа
түр кіргізгендігі.
Абай жиын-тойдың ақыны болмағандықтан, әсіресе баспа-
сөздің жоқтығынан, Абайдың әдебиеттегі бағыты, әсіресе түрі
елге тарай алмайды» (Қараңыз: Д.Қамзабекұлы. Руханият. Ал-
маты, 1997, 75-бет). Ақынға жоғары баға берілді. Абай поэзиясы-
ның өзіне лайықты бағасын алуға жиырмасыншы жылдары әде-
би айтысқа белсене араласқан Қошке Кемеңгеровтің 1925 жылы
шыққан «Қазақ тарихынан» атты кітабының төртінші бөлімінде
осы мәселе бойынша парасатты ойлар айтты (Қ.Кемеңгерұлы.
Қазақ тарихынан. 1925, 73-бет). Әдебиет туралы айтысқа қаты-
сып, С.Сәдуақасов Абай туралы бірнеше жерінде оңды пікір-
лер айтты (С.Сәдуақасов. Әдебиет әңгімелері. «Еңбекші қазақ»,
15-16.02.1927).
С.Мұқановтың «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар, шешен-
дер» («Еңбекші қазақ», 01.03.1923), Хамза Жүсіпбековтің «Әде-
биет тексеру ережелері. Әдебиетті Маркс, Ленин жолдарымен
сынаудың негіздері», Ілияс Қабыловтың «Қазақ ақыны Абайдың
философиясы және оған сын» («Советская степь», 02.08.1928),
«Тағы да Абай және байшылдар туралы» («Еңбекші қазақ»,
20. 11. 1929), т.б. бірнеше қазақша, орысша жазылған көлемді ма-
қалаларда Абай бастан-аяқ саяси тұрғыдан қараланды. Абайдың
философиясын дінмен ұласқан буржуазиялық идеалистік фило-
софияның қазақ даласындағы көрінісі деп бағалап, партия ұйым-
дарының жуық арада міндеттерінің бірі буржуазияның қалдығы
ретінде Абай ілімін, оның жақтастарын талқандау алға қойылды.
Ы.Мұстамбаев Абайдың ақындық тағдырына осындай қауіп
төніп тұрғанда, оны қорғау үшін барын салды. Абайды жоққа
шығаруға тырысқан осы сияқты пікірлерге қарсы «Ақын Абай
және оның философиясы» (Ы.Мустамбаев. Акын Абай и его
философия («Советская степь», 22.08.1928), «Абай» ( Ы.Мұс-
107
тамбаев. Абай («Жаңа әдебиет», 1928, №7-8) мақалаларын жазып,
марксизм-ленинизм іліміне сүйене отырып, ақынды жала жабу-
шылардан ақтап, лиястың пікірлерін жоққа шығарады. Абай қа-
зақ әдебиетінің негізін салушы деген өз пікірін қорғап шығады.
1930 жылы Мәскеуде жарық көрген «Әдеби энциклопедия-
да» Абайдың мұрасы әлеуметтік тұрғыдан түсіндірілді. Ол қа-
зақ буржуазиясының идеологы, ұлтшылдық бағыттағы қазақ
әдебиетінің негізін қалаушы, сондықтан да ол қазақ халқының
өткен өмірін артық көріп аңсайды; өлеңдерінде марапаттайды,
өмірге еніп жатқан жаңалық атаулыға қарсы күреседі. Абай не-
гізін салған қазақтың буржуазиялық әдебиетін жалғастырушы-
лар қатарында Байтұрсынов, Дулатов, Құдайбердиев, Қарашев,
Жұмабаев, Дөнентаев, Мәжитов, Сейфуллин есімдері аталып,
олардың шығармашылықтарының негізгі сарыны менмендік,
ұлтшылдық, діншілдік деп сипаттаған (Литературная энцикло-
педия. І том. – Москва, 1930).
Жиырмасыншы жылдардағы әдеби пікірталастар барысын-
да Абайдың әдеби мұрасы жайлы бір-біріне кереғар екі бағыт
көрінді. Әдебиеттегі ұлттық дәстүрді ұстанып, Абайды қорға-
ғандар әдебиет сахнасынан күшпен қуылып, ақыннан безгендер
биліктің күшімен үстемдік алды. Қазақ әдебиетін Абайдан айы-
ру деген сөз оны ұлттық даму арнасынан айыру екендігін түсін-
ген ұлт зиялылары ұлы ақынды ақтап қалу үшін барын салды.
Ақын мұрасы хақындағы өткен ғасырдың жиырмасыншы
жылдарында алғаш айтыла бастаған пікірлерді таратыңқырап
айтып жатқандағы себебіміз – Әлихан Бөкейханов есімінің
Абайға қатысты бірде бір жерде кездеспеуіне назар аудару. Егер
де жағдай З.Батаева айтқандай, алаш көсемінің ақын поэзиясына
қалай да бір қатысы болса, Абайды байшыл, ұлтшыл, ескішіл,
феодал деп, өз пікірлерін дәлелдей түсу үшін сөз таппай, еште-
ңеден тайынбай, барынша ғайбаттап жатқан пролеткультшіл-
дер мұндай жайтты міндетті түрде пайдаланған болар еді. Осы
жерде тағы да айтарымыз, Абай үшін айтысқа түскендердің бар-
лығы дерлік, Әлихан Бөкейхановтың замандасы, Абайды, оның
ақындық мұрасын жақсы білетіндіктен де З.Батаева айтқандай
жағдай болса, бірде болмаса, бірде қылаң беріп қалуы әбден
мүмкін-тұғын. Әлиханның есімі Абайға немесе сол кездегі әде-
108
биетке қатысты дау-дамайлардың бір де бір жерінде кездеспейді.
Абайды қаралаушы автордың Әлихан мен Абайды бір адам
деп келтірген дәлелдері мүлдем сын көтермейтіндігі көзі қарақ-
ты оқырманға алыстан-ақ айқайлап тұр. Шындығын айтқанда,
қазақтың біртуар ұлы ақынын мансұқтаған бұл мақаланы қазақ
әдебиетінің тарихынан, Абайтанудан онша хабары жоқ, не бол-
маса, қазақ руханиятына деген пиғылы онша дұрыс емес адам-
ның жазғаны көрініп тұрғандай.
Рас, Абайтанудың басында Ә.Бөкейханов тұрып, қалғы-
ған қазақ даласының бір түкпірінде ғұмыр кешіп, артына өл-
мес әдеби мұра, рухани құндылықтар қалдырған ақын қайтыс
болғанда, ақынның ұлылығына алғаш бас иіп, қазанама жазып,
мақалалар жариялап, кітабын шығарудың басы-қасында болып,
жалпақ жаһанға жар салып, ұлттың рухани өмірінде тарихи рөл
атқарды. Кейін алаш көсеміне айналған Ә.Бөкейхановтың алаш-
тық идеяларының негізіне Абай жырларының идеялық бағыты
өзек болды. Осылай болды екен деп, Абайды Ә.Бөкейханмен ша-
тастыру ақылға сия бермейді.
Кеңес өкіметінің алғашқы он жылдығындағы әдеби өмірге
қысқаша шолу мақала авторының Абай ғасыр басында есімі бел-
гілі болғанымен, шын мәнінде ақын ретінде 1933 жылы өлеңдері
кітап болып шыққаннан кейін ғана танылды («Он стал знамени-
тым писателем только в 1933 году, благодаря государственному
проекту публикации текстов Абая») деген пікірінің біржақты
екендігін көрсетеді. Шындығында, Абайдың ұлы ақын екендігі
ғасыр басында-ақ Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Ду-
латовтың, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың т.б. еңбектерінде
барынша айтылғанымен де таптық қоғамда пролеткультшылар-
дың солақай әлеуметтік сындарына ұшырап, көп теперіш көрді.
Тек 1933 жылы Қазақстан жазушыларына басшылық жасап кел-
ген ҚазАП тарағаннан кейін 1936 жылға, яғни жеке адамға та-
бынушылықтан туындаған сталиндік зұлматқа дейін созылған
«жылымық» кезінде қазақ қаламгерлері көп жұмыстар жасап
үлгерді. З.Батаева әңгіме өзегіне айналдырып отырған Абайдың
толық шығармалар жинағы ҚазАП-тың орнына жаңа жазушы-
лар ұйымын құру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің төрағасы
І.Жансүгіровтің алғысөзімен жарық көрді. Тіпті 1936 жылы бас-
109
талып, 1937 жылы ұлттық атаулыны қынадай қырғаннан кейінгі
қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі Абайдың тарихи биік орны
кешегі тәуелсіздік алғанға дейін де сан-саққа құбылып келді.
Иә, өткен ғасыр басында-ақ «қазақтың бас ақыны», «қазақ-
тың ұлы ақыны» деп, таныла бастаған ұлт ақыны Абай кеңестік
кезеңде салтанат құрған таптық идеологияның сұрапыл шабуы-
лынан да аман-есен өтіп, тәуелсіз Қазақстан дәуіріне де жетті.
Енді қазақ бар жерде Абай да бар. Абай аңсаған, ашына жыр-
лаған өміршең ойлар енді қазақтың қазақ болып, мәңгілік өмір
сүру жолына қызмет етіп, жасай беретін болады.
З.Батаеваның қазіргі қазақ қоғамы тілдік, мәдени ұстаным-
дарына қарай қақ жарылып отыр дегенімен келіспеске амалыңыз
жоқ. Ал енді осы ойын айтып болар-болмас, артынша осы жағ-
дайға Абайды кіналауы көңілге кірбің ұялатады («В настоящее
время казахское общество расколото по языковому и культурно-
му принципу, и хотя трудно определить, до какой степени за этот
раскол ответственен Абай, очевидно, что в его текстах можно
найти элементы, привлекательные для обеих сторон...
Поэзия Абая могла бы объединить казахскую нацию – она
могла бы наполнить каждого казаха чувством гордости, что он
казах. Но в постсоветский период Абай стал фигурой, вызываю-
щей разногласия, символом культурного и лингвистического
раскола в казахском обществе» («Стан.кз»). Бұл енді басқа руха-
ни әлемде жүргендердің, шалақазақтардың өздерінің кемшілік-
терін көре алмай, көргісі келмей, немесе мойындамай, бар күнәні
Абайға жабуы – кешіріңіз, күлкілі жағдай. Мақала авторы Абай
өмірде болмаған, Абай деп жүргеніміз – Әлихан Бөкейханов дей
келіп, артынша-ақ ақын мұрасы дұрыс зерттелмеген, орыс тілі-
не дұрыс аударылмаған, ақын орысшыл болды, оның шығарма-
ларын оқыған қазақ қауымы орыс тілді, қазақ тілді болып қақ
жарылды деген сияқты сыни ойларын ортаға сала келіп, ол қа-
зір қақ жарылған қазақтардың басын қоса алатын бірден бір ұлы
ақын дегенді мойындауға мәжбүр болған.
Мақалада «негатив сөздер», сонысына қарамастан, бас-
тауыш сыныптардың оқулықтарына дейін кірген деп, ең қатты
сынға ұшырағаны Абайдың қара сөздері: «В сорока пяти прону-
мерованных текстах, составляющие «Слова назидания», казахи
110
часто именуются «ленивыми», «невежественными», «завидую-
щими друг другу» и даже «врагами друг другу». С точки зрения
критикующих, то внимание, которое казахские школы на про-
тяжении нескольких десятков лет уделяли антиказахскому со-
держанию прозы Абая, нанесло удар по самоуважению несколь-
ких поколений казахов и создало отрицательные стереотипы о
казахах среди других этнических сообществ, тем самым углу-
бив раскол в обществе Казахстана», – дей келіп: «То внимание,
которое казахские школы на протяжении нескольких десятков
лет уделяли антиказахскому содержанию прозы Абая, нанесло
удар по самоуважению нескольких поколений казахов и создало
отрицательные стереотипы о казахах среди других этнических
сообществ», – деп тоқтайды.
Осылай дегенімен де автор: «Как мог кто-либо поверить,
что кочевник-казах XIX века, который, согласно официальной
биографии, всегда оставался верен кочевому образу жизни своей
семьи и предков, мог подвергать свой народ такой критике?» –
дейді. Тіпті, ақынның кейбір қара сөздерін Ж.Аймауытов сияқ-
тылар жазған, «Отыз сегізінші қарасөзін» молда жазған деген
сәуегейлік жасайды. «...кто написал «Слово тридцать восьмое»?
Исходя из его интонации и содержания, весьма вероятно, что
его написал мулла», – деп, қалада емес, қазақтың кең даласын-
да өмір сүрген көшпелі қоғамның өкілі Абайдың осындай ойлы,
философиялық толғамдары терең өлеңдерді, қарасөздерді жазға-
нына, халқының бойындағы кемшіліктерін түп-тамырына дейін
сынай алғанына күмәнмен қарайды.
Өзінің жеке түсінігі бойынша сын айтқанның барлығы жау
емес. Өйткені, әрбір адамның, ұлттың бойында жақсы жақтары-
мен қатар кемшіліктерінің де болуы – өмірдің заңы. Өз кемші-
ліктерін көре білген, соны уақытында жоя алған адам ғана, ұлт
қана жетістіктерге жете алады. Сын айту, өзара сын – дамудың
бірден бір шарты. Сыннан қорытынды шығарып, жаманнан жи-
рену, жақсыдан үйрену – өсіп-өркендеудің, жетістіктерге жету-
дің кепілі. Сондықтан да адамның бүкіл ғұмыры өзінің бойын-
дағы, қоғамдағы жөнсіздіктерге қарсы күреспен өтеді дерлік.
Ал қоғамдағы рухани кеселдерге қарсы ашық күрес – кез келген
адамның қолынан келе бермейтін, ұлтын шын сүйгендердің ғана
111
пешенесіне жазылған мәртебе. Бұған адамзаттың күллі тарихы –
куә. Бұрын да солай болған, қазір де – солай. Абай да – қалың
халықтың арасынан шығып, ұлтын рухани өрлеуге шақырған
ұлылардың бірі.
Тарихтың аумалы-төкпелі замандарында не бір сын сәттер-
де қиындықтардан аман-есен өтіп, бүгінгі күнге жеткен ұлттар-
дың барлығы да өздерінің арасынан шыққан рухани көшбасшы-
ларын көкке көтеретіні де осы себептерден. Отаршылдықтағы
халқының азып-тозып бара жатқанына шын жаны ашып, шы-
рылдаған Абай одан шыға білудің жолы білім-ғылымда, рухани
байлықта, «ақыл бірлігінде» екенін көре біліп, ұлттық дамудың
даңғыл жолын көрсетті. Мұндай құбылыстар ғасырлар көгінде
сирек көрінсе, Абай қазақ тарихында халқының рухани көгінде
жарқыраған жарық жұлдызға айналды.
Мақалада бүгінгі таңдағы қазақ мектептерінде Абайдың
қалай оқытылып жүрген мәселесі көтеріледі. Шындығында
да тәуелсіз Қазақстанда жаңа мазмұндағы оқулықтардың сын
көтермейтіндігі ақпарат құралдарында кеңінен талқыланып
жатыр. З.Батаева да үшінші сынып оқулығында Абайдың екі
өлеңімен қатар, 9-10 жасар бала түгілі ересек адамның өзі әрең
түсінетін «Отыз сегізінші қарасөзінен» берілген қысқа ғана үзін-
діде тоғыз, қосымша тапсырмаларды қосқанда, он жеті негатив
сөздің кездесетінін, онда да мұның барлығы қазақтың адресіне
айтылатындығын орынды түрде қатты сынға алыпты. Осы сияқ-
ты алтыншы сыныптағы «Жетінші қарасөздегі» Абайдың песси-
мистік ойларын оқыған оқушы қазақ туралы қандай қорытын-
дыға келер еді деген сауал тастауы да – ойландырарлық.
«Стан.кз» тілшісіне берген сұхбатында З.Батаева «Мен осы
тәуелсіз ұлттың өкілімін және ұлт мәдениеті туралы мақала
жазуға 100% еріктімін. Қазақтар демократиялық қоғам құрғы-
сы келе ме? Онда демократияның негізгі шарты – сөз еркіндігін
құрметтеп үйренсін.
Мен мақаланы пайда табу үшін немесе «хайп» үшін жазған
жоқпын. Мақаланы жаза бастағанда, мақсатым мүлдем басқа
болған еді. Зерттеу барысында қандай да мамандардың көмегі
қажет болғанда, қаламақыны өз қалтамнан төледім», – депті. Бұл
жерде біз автордың қазақтың ұлы ақыны Абай туралы өзгеше
112
пікір білдіруге хұқы бар екендігін жоққа шығармаймыз. Керек
десеңіз, көп пікірдің, оның ішінде сыни пікірлердің де айтылуы
ғылымның, қоғамдық дамудың даңғыл жолы екендігі белгілі.
Бұл жердегі бізді ойландыратыны – бұрын қазақ әдебиеті,
оның проблемалары жайлы еңбектерімен көрінбеген аударма-
шының ұлы ақынның 175 жылдығын ұлықтап жатқанда, жаңаша
зерттеу «әдістемесін» қолдана отырып, қазақ әдебиетінің класси-
гі Абай өмірде болмаған, Абай деп жүргеніміз Әлихан деп, айды
аспанға бір-ақ шығаруы. Мақаланы оқып отырығанда, ең алды-
мен байқалатыны, автордың абайтану ілімімен, әсіресе тәуелсіз-
дік дәуіріндегі соңғы еңбектермен, осы салада атқарылып жатқан
соңғы шаралармен, қазіргі таңдағы ғылыми ізденістердің бары-
сымен онша таныс еместігі, көбіне бұрындары жарық көрген орыс
тіліндегі зерттеулерге сүйенгендігі көрінеді. Мейлі десек те әде-
биеттің ғылыми мәселелерімен бұрын айналыспаған адамның
бірден анау-мынау емес, қазақ әдебиетінің классигі Абайға жар-
масып, оны жоққа шығаруға ұмтылуы көңілге күдік ұялатады.
Тағы бір мәселе, отыз беттік бір мақаланы жазуға тұтас бір
кешенді бригада – білдей 7 адам көмектесіпті. Атап айтқанда,
Абай Мырзағали тиісті әдебиеттермен қамтамасыз етіп, араб
графикасымен жазылған материалдарды кирилл жазуына түсі-
ріпті; Лаура Бердіқожаева тамаша аудармалар жасап, мақалада
көтерілген тақырыптар бойынша пікір таластырып отырып-
ты; Мөлдір Өскенбаева қажетті әдебиеттерді іздеп табуға қол-
ғабысын тигізіпті; орыс және қазақ әдебиетінің маманы Вера
Савельева Қазақстанның белгісіз ақынының 130 жылдық та-
рихына сүңгіткен құнды кеңестер беріпті; кеңестік және одан
кейінгі дәуір әдебиетінің маманы Евгения Добренко кеңестік
дәуір әдебиетіне қатысты кеңестерін аямапты; Рауан Есірке-
нов жабық материалдарды тиісті адамдармен тіл табыса білу
арқасында қол жеткізіп, тауып беріп отырыпты; Алексей Тере-
щенко мақаланы орыс тіліне тамаша аударған; Қазақстанның
Орталық ғылыми кітапханасы мен Ұлттық кітапханасының
электрондық ресурсынсыз мұндай зерттеудің жазылуы мүмкін
болмаған болар еді. Сонда «зерттеуші» автор осыншама адам
дайындаған материалдарды тек қана қазақ тілінде қағазға тү-
сірген болып шығады.
113
Автор мақаланы дайындауға қолғабыс тигізгендердің барлы-
ғына алғыс айтып: «Зерттеу барысында қандай да мамандардың
көмегі қажет болғанда, қаламақыны өз қалтамнан төледім», –
дейді. Сонда автордың бір мақаланы жазуы үшін осыншама тұ-
тас бір бригаданы жалдап, қалтасынан ақша шығарып, төлеп,
шығынданатынындай, басына не күн туған. Қызметіне қатысты
жазды дейін десең, ғылыми мекемеде, немесе университеттің ғы-
лыми-зерттеу институтында қызмет жасайтын ғылыми қызмет-
кер емес. Осыншама адамға төленген қыруар ақша қайдан келді,
не қажеттіліктен осындай материалдық шығынға барып отыр,
қазақша жазылған мақаланы неге қазақ тілінде жарияламай,
орысша бастырған деген сияқты сұрақтар да көлденеңдей береді.
Осы сияқты кілтипандардың барлығы жиналып келіп, бұл
мақаланың игі ниеттен тумай, теріс пиғылмен жазылған деген
ойларға қарай жетелейді. Бұл мақала тегіннен-тегін жазылып
отырған жоқ, ұлтымыздың ардақтысы, халқымыздың қасиеттісі
Абайға қарай топырақ шашқан «Іштен шыққан жау жаманның»
бір көрінісі емес пе екен деп те қалдық.
Сонымен, алдағы уақыттарда мұндай келеңсіз жағдайларды
болдырмау, алдын алу үшін не істеу керек? Ең алдымен, Абай-
дың өмірбаяны, шығармашылығы жайлы зерттеулерді жандан-
дырып, жоспарлап, үйлестіріп отыратын ғылыми орталық ашу
керек. Мұндай орталық М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институтындағы Абайтану бөлімі, не жеке Абайтану ғы-
лыми-зерттеу институтын ашса да болады. Мұндай тәжірибе-
лер туысқан елдерде бар. Қырғыздарда Манастану, сахаларда
Олонхо ғылыми-зерттеу институттары жұмыс жасайды. Бұл
институттар тек зерттеу жұмыстарымен ғана айналысып қой-
май, «Манас», «Олонхо» жырларындағы ұлттық құндылықтар-
ды насихаттаумен бірге оларды бүгінгі күннің ұлттық иілігіне
жарату мәселелерімен де айналысады. Якутияда жыл сайын
21 маусымда өтіп тұратын сахалардың «Ысақ» ұлттық мейрамы-
ның (біздің наурыз сияқты) сценариы Олонхо институтында осы
жырдың мазмұнын бүгінгі күнге қарай жаңғырту бағытында
жазылып, кейбір тұстары театрландырылған түрде өтеді. Оның
үстіне әр жылы әртүрлі тақырыпқа арналады. Біз қатысқан
2015 жылғы «Ысақ» мейрамы сахалар өміріндегі жылқы тақы-
114
рыбына арналып, «Олонхо» жырынан тарихи оқиғалар сахна-
ланып, халық өміріндегі оның алатын ерекше орны бейнеленді.
Көршіміз Қырғызстанның жаңа президентінің таққа отыру рә-
сіменде бастан-аяқ қырғыздың ұлттық ырғағындағы манасшы-
ның оптимистік рухқа толы жырының ойналып тұруы ұлттық
рухтың салтанат құрып тұрғанындай әсер етті.
Екіншіден, негізгі абайтанушылар шоғырланған бұл инс-
титут Абайдың өмірбаянын, шығармашылығын кешенді түрде
зерттеумен айналысумен бірге, оны насихаттау, өміршең идея-
ларын ұлттық даму жолына түскен халқымыздың игілігіне ай-
налдыру, ақынның таңдамалы шығармаларын шет тілдеріне –
БҰҰ-ның негізгі тілдеріне, әсіресе ағылшын, түрік, орыс, қытай
тілдеріне аудару, насихаттау жұмыстарын жоспарлы, ғылыми
негізде жүргізіп, осындай жұмыстардың нәтижелеріне сүйе-
не отырып, көптомдық «Абай» энциклопедиясын қазақ, орыс,
түрік, ағылшын, қытай тілдерінде шығаруды қолға алу керек.
Абайды әлемге таныта алсақ, қазақ та таныла түседі. Әлемге
ұлттық болмысымызбен, мәдениетімізбен ғана таныла алатын-
дығымыз – аксиома.
Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында бұл са-
лада бірсыпыра игілікті жұмыстар атқарылды. М.О. Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институты Абайдың көптомдық
академиялық жинағын дайындаса, Әл-Фараби атындағы Қазақ
Ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу инсти-
туты «Абайтану» саласындағы таңдамалы еңбектердің 50 том-
дығын шығару үстінде. Осы сияқты Л.Н. Гумилев атындағы Еу-
разия университеті мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагоги-
калық университеті жанындағы Абай институттары да қыруар
жұмыстар бітірді. Абай университетіндегі Абай институтының
қызметкерлері оқу орнының барлық шәкірттеріне Абайтанудан
дәрістер оқып, жақсы үлгі көрсетіп келеді.
Үшіншіден, жыл сайын жалпыхалықтық мейрам ретінде
Абайдың туған күніне орай, «Абай күндерін» өткізіп тұру. Мей-
рам кезінде өткен жыл (уақыт) ішінде қазақ әдебиеті мен өне-
рінің жеткен жетістістіктері қорытындыланып, үздіктеріне көр-
кем әдебиеттің проза, поэзия, сын-зерттеу, сахна өнері, эпостық
жырларды жатқа жырлау, көркем шығармаларды мәнерлеп оқу,
115
жатқа айту, күй-айтыс, ән-айтыс, қолөнері, сурет номинацияла-
ры бойынша сыйлықтармен марапатталып жатса, «Абай күнде-
рі» нағыз жалпыхалықтық мейрамға айналып, ұлттық рухтың
салтанат құруына қызмет еткен болар еді.
Сөздің тоқетері С.Торайғыровтың мына бір өлең жолда-
рында жатқандай: «Асыл сөзді іздесең, // Абайды оқы, ерінбе. //
Адамдықты көздесең, // Жаттап, тоқы көңілге».
Абай – ұшы-қиыры жоқ сахараның бір түкпірінде жатып-ақ
қазақ әдебиетін ХIХ ғасырдың өзінде-ақ әлемдік деңгейге көтер-
ген ұлы ақын ғана емес, сонымен бірге, қазақтың мәңгілік ойы
мен сөзін өркениеттің биігінде тұрып айтқан дала данышпаны
да. Қазақтың халық болып жұрт қатарлы өмір сүруі үшін адал
еңбек етіп, озық білім мен ғылымды игеріп, ұлттық рухани құн-
дылықтар мен имандылықтың асыл қасиеттерін бойына сіңір-
ген «толық адам» болуы керектігін ескерткен де – дана Абай.
Абайдың ұлылығы оның сөз өнерінің інжу-маржанына айнал-
ған поэзиясының әрбір сөзінің ойымызға, бойымызға адам-
гершіліктің, ұлттық рухтың нәрін сеуіп, санамызды жаңғыр-
тып, өмірге деген құлшынысымызды арттыра түсуінде жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |