Абай шыєарма шыєармасын оќыту



бет8/16
Дата19.04.2024
өлшемі337 Kb.
#499244
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Абай шығармаларын оқытудың бастауышта тиімділігі

Абай-табиғат суретшісі
Кеш өтетін бөлме Абайдың табиғат туралы жазылған өлеңдерінен бүктеме (буклет) , нақыл сөздері, қабырға газеті, сөзөрімдер, Абай шығармаларына арналып жазылған басқатырғылар, сөзжұмбақтар, бейнесөздер, тылсымсандар, сөзтізбелер, ақын –жазушылардың Абай табиғат туралы жазған өлеңдері, күз көрінісін бейнелейтін көріністермен безендірілді.
Кеш мынадай жоспар бойынша өткізілді:

  1. Әдеби- сазды монтаж.

  2. Абай туралы оқушылардың шығарған өлеңдерінің сайысы.

  3. Биологиялық жұмбақтарды шешу.

Кеш бастаушы оқушының «Абайға арнау»-өлеңімен басталады:
Абай ата қазағымның тірегі,
Халқымыздың соғып тұрған жүрегі,
Төгетұғын сәулесі мен шуағын
Маңдайдағы жарқылдаған күн еді.
Міне , толдың 150 жасқа бүгін
Өтіп кетің өмірден, қалды үнің
Сен өлгенмен , мәңгі өлмес өлеңің бар,
Ұғындырған осынау жас қадірін.
Кеш басталған кезде сахна жақтан «Желсіз түнде жарық-ай» әнінің музыкасы баяу естіліп тұрады. Сахнаға 10 оқушы шығып, қаз-қатар тұрып бірінен кейін бірі өлең оқи бастайды.
1-ші оқушы:
-Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жарыменжар сусынын қандырған кім?
Өзіне -өзі орнатып ескерткішті
Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?
2-оқушы:
-Соқтықпалы , соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке ,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
3-ші оқушы.
-Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
4-оқушы.
-Көрікті көңілдежыр, қолда қалам,
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам.
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол-Абай, мәңгі жасар ақын адам.
5-ОҚУШЫ.
-Ақын еді ол,
Жұртты аузына қаратқан.
Әрбір сөзі құйылғандай болаттан,
Ақын еді ол,
Жұлдыз болып жарқырап,
Қараңғы елдің ой- санасын оятқан.
6-оқушы:
-Өлеңнің биік көгіне,
Шалқая бейне туған ай,
Кең даланың төрінде,
Жаны ақын тудыАбай.
7-оқушы:
Ізі түспес жылдардың,
Өмірі ұзақ өлеңін.
Ақын Абай жырларын,
Құшақтап алып келер күн .
8-оқушы. (сахна төрінен «Айттым сәлем , қаламқас» әні баяу естіледі):
-Радиодан үн шалқып,
Жаңғырды тауда жалаң тас,
Абай әні жүр қалқып,
«Айттым сәлем , қаламқас»
Хор «Айттым сәлем , қаламқас» әнін орындайды.
9-оқушы:
-Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»,
Қазірде уайымсыз өтеді жай,
Паналап лашық үйді жүргеміз жоқ,
Зәулім ғып салып алдық тастан сарай.
10-оқушы:
-Кіршік жоқ жүрегімізде , ақын Абай,
Жырларың көзге айтқан ақылыңдай.
Қатарда бізбен бірге алға басқан ,
Тірісің ! Осы күннің ақынындай.
Он оқушы бірінен соң бірі:Абай ата-ақын; Абай ата-жазушы; Абай ата –философ; Абай ата-сазгер; Абай ата –аудармашы; Абай ата данышпан : Абай ата –көсем; Абай ата –үлкен ақылшы : Абай ата-ұлт арасындағы дәнекер; Абай ата-табиғат жыршысы; Абай ата-табиғат досы, қамқоршысы, суретшісі.
(Күй тартылады).
Жүргізуші:-Абай атаның табиғаттың досы, суретшісі екеніне көз жеткізіп көрелік.(Бір оқушы Абайдың «күз» өлеңінен үзінді оқиды).
Жүргізуші:-Шынында да Абай ата айтқандай ағаштар жапырақтарын түсіре бастапты.Абай ата күздегі ауа райын , өсімдіктер мен жануарларлардың көрінісін ,күйін сипаттаған. Күз-ерекше ай, күздің бізге берері мол. Күз айы –береке, күз айы мереке. Күз- Абай ата шәкірттерінің , бүгінгі ақын ағаларымыздың да шаттық пен шабыт көзі.
Қ.Жұмағалиевтен:
-Жайдары күз,
Жарқын күз,
Аяулы күз,
Алтын күз,
Дәнге толы,
Ең далам.
Дариядай
Шалқыр күз
Мерейлі күз,
Мырза күз
Сыйлығыңызға ырзамыз.
Жүргізуші – Абай ата көктем айында жер жүзі құлпырып табиғат ояна бастайтынын, күн сәулесі барлық жерге мейірін төгетінін, мұз еріп, су сылдырап ағатынын көре біліп, көркем суреттеген. Көктемде ағаштар бүршік жарып, өркен жаяды. Жан-жануарлар айналаны қуанышқа бөлейді ( Би билейді).
Жүгізуші:- Жыл мезгілінде жазда табиғатта болатын құбылыстарды Абай атаның « Жаз» өлеңінен айқын көреміз. («Жаз» өлеңінен үзінді оқиды).
Жүргізуші: - Егер өлеңге ден қойып байыптасақ, Абай ата жаз айында бәйшешектердің құлпырып, гүл жаруын, өсімдіктердің ұзарып өсуін биолотен кем білмеген. Тек жаз емес, жылдың қыс мезгіліндегі табиғатта болатын құбылыстарды да көркем суреттеген. («Қыс» өлеңінен үзінді оқиды).
Жүргізуші:- Абай ата табиғатты бақылағанда тек жыл мезгілдерін ғана емес табиғатта тіршілік ететін жан-жануарларды да жырлаған. «Бткір сыны» өлеңін тыңдалық.
Жұқалау көк тұмсығы келсе жалпақ,
Мелжемді қожар табан, бұты талтақ,
Көз ауданы шүңірек, кешкіл маңдай,
Кең иық, саны жуан, төсі шалқақ.
Көкте ұшқыр, тұғырында шаңқылы жоқ,
Шегір көз, қанды балақ қыран бүркіт.
Жүргізуші:- Абай ата құс патшасы- бүркіттің өте қырағы екенін, ұшқыр, тіпті жануарлардың ішіндегі ең айлакері түлкіні тырп еткізбей жұмарлап илеп алатынына дейін ғажап суреттейді. Абай атаның табиғатта өзн-көлдер, жануарлар, құстар, олардың іс-әрекеттерін, мінез-қылығын, түр-тұрпатын, болмысын сипаттайтын өлеңдері де баршылық. Осы өлеңдерінің ішінен «Тоты құс түсті көбелек» деген өлеңінде:
Тоты құс түсті көбелек,
Жаз сайларда гулемек
Бәйшешек солмақ, күйремек,
Көбелек өлмек, сиремек.
Бұл өлеңде көбелектердің реңдері алуан түрлі болатынын тоты құстың өте әсем құбылып тұратын қауырсындарына теңеуі, жазда көбеліктердің өте көп болып, гүлдер солып азая бастағанда көбелектердің де азаятынын ғажап суреттейді.
Шынында көбелектер гүлдердің тәтті шірнелерімен қоректенеді, ал гүлдер солса, көбелекке азық жоқ, олар сиремей, өлмей қайтеді. Осының бәрін айнымай танып бақылай білген Абай атаны қалайша кемеңгер демеске. Сондықтанда ұлы Абай атамызды табиғат жыршысы, досы, қамқоршысы, суретшісі дейміз.
Жүргізуші: Қ. Аманжоловтың:
Абай десе Абайсың,
Абайладың жан-жақты,
Тиза еттің жарайсың,
Қалың елің- қазақты-
өлең шумағын оқиды.
Кештің екінші бөлімінде 4- сынып оқушылары «Әжемнің әңгімесі» деген үзінді көрініс көрсетеді.
Зере ролінде- Айжанова. Г.
Ұлжан ролінде- Ыбыраева. А.
Абай ролінде- Қосжанов. З.
Барлас ролінде- Базарбеков. Қ.
Байкөкше ролінде- Асанов. М.
Кештің соңында өткен шығармаларынан викториналық сұрақтар беріледі.
Сөзтуым.
Берілген баламаларды дұрыс тауып орналастырғанда, ерекше бөлінген торкөздер бойынан ұлы ақынның фамилиясын оқуға болады.

  1. Қазақ жазушысы, драматург, Абай, Мұхтар мұралары саласында еңбек еткен ғалым;

  2. Абайдың баласы;

  3. «Абай жолы» эпопеясындағы Бөкеншіден болысқа сайланған Оспанның қарсыласы;

  4. Қазақ жазушысы, М.Әуезовтың өскен ортасын, Абай ауылы суреттеуші қаламгер;

  5. Абайдың замандасы, әрі шәкірті, Абай өмірбаяны мен өлеңдерін қалпына келтіруде елеулі еңбегі бар ақын;

  6. Абайдың жан жолдасы, Тоғжанның жақыны әрі ауылдасы;

  7. Абайдың ақылды анасы;

  8. Әнші, Абайдың сүйікті жары;

  9. Абай мен Әбіштің ақылшы досы, орыс интеллигенциясының өкілі.


1

7

3

4

5

6

8

9



2














Шешуі: 1. Мұқаметханов; 2. Тұрағұл; 3. Күнту; 4. Оразалин; 5.Жанатаев; 6. Ербол; 7. Ұлжан; 8. Әйгерім; 9. Павлов.


Айрықша белгіленген торкөзде оқылатын сөз: Құнанбаев.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет