Абай шыєарма шыєармасын оќыту



бет10/16
Дата19.04.2024
өлшемі337 Kb.
#499244
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Абай шығармаларын оқытудың бастауышта тиімділігі

Айтушы мен тыңдаушы.

Айтушы-ақын бабында. Айтатын сөзі «Білгенге маржан» алайда замандастарының көді бейқам болғандықтан, оларға әсер етіп, санасына саңылау түсіру, көңілін ояту қиын . Сондықтан ақын:
Білмеске арзан
Надандар бәһра ала алмас,-
Деп қиналады.

  1. Заман адамдарына екетену.

Ақын одан әрі «Адам болам десеңіз» қағидасындағы адамды аздырар «бес дұшпанға» бой алдырған замандастарының дертті қылықтарына «қаны қвйнап, жаны ашиды»
Заман емі.
Абай замандастарының дертті қылықтарын баса айта отырып, одан құтылудың емін, ел болудың жолын да көрсетті.
Оның ең бірінші емі-еңбек.
Жұмыстың жоқтығы, жалқаулық адамды аздырыды, одан да «Жан аямай кәсіп қыл» дейді. Олне кәсіп дегенде, сол заманның өнімді кәсіптері:
Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап мал ізде,-
Дейді.
Екінші ем –ғылым. Ғылымды әрқашанда жоғары бағалаған ақын, замандастарының «Ғылымды іздеп, дүниені көзде» дейді.
Үшінші ем-қазақ халқының бірлігі, яғни ұлттық сананы ояту. Ресейдің отары болып өз билігінен, жерінен, елдік салтынан, халықтық қалпынан айырылған отарлау саясатының салдарынан мансапқорлық, партияқорлық, арызқойлық, пәлеқорлық дертіне ұшырап, «Таласып босқа, жау болып досқа, қор болып құрып» бара жатқан халқына:
Малыңды жауға,
Басыңды дауға
Қор қылма, қорға татулас,-
Дейді. Мұндағы жау деп отырғаны –Ресей патша өкіметінің ұлықтары. Дос пен қасты ажырата алмайтын, ұлттық сананы оянбаған қазақ өзара мансапқа, жерге таласып, бірінің үстіне бірі ұлықтарға арыз, шағым беріп, бірінен бірі қарсы партия құрып, малын жауға айдап салған патша өкіметінің саясаты еді. Бұл саясатты көріп, біліп отырған Абай:
Біріңді, қазақ, бірің дос
Көрмесең істің бәрі бос,-
Деп, халқын бірлікке, ынтымаққа шақырады. Бұл сөз-халықтың халық болып қуатты елег айналуы үшін әр қазақтың санасына сіңіріп, жүрегіне ұялатар , бүкіл қазақ халқының ел ұраны болар құдіретті сөз.
Абай одан әрі өз басының мұңын толғап кетеді. Өзрасындағы мұң демей, халық мұңы десе дұрыс болар. Өйткені бұл өлең жазылған 1889 жылы Абайдың басы аман, малы түгел, төрт құбыласы сай, дәулеті шалқыған шағы болатын. Абайдың басындағы мұңы, іштегі дерті халық мұңы, халқының дерті еді. Сөзін ұқпаған, айтқанына көнбеген, тіптен ұрлыққа, зорлыққа қарсы күресіп, әділет орнатпақ болған надан халқына Абай қапа болып, өзінің еңбігі еш болғандай жалғыздық күй кешктіні бар.
Бұл тақырыпта оқылатын өлеңі:

  1. «Сегіз аяқ» (1889).

Сонымен 4-сынып оқулығына Абайдың 38-сөзінен мына үзіндісі келтірілген. Соны оқушыларға түсіндіру жолын қарастырсақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет