Абай шыєарма шыєармасын оќыту


Бастауыш сыныпта оқылатын Абай шығармалары



бет3/16
Дата19.04.2024
өлшемі337 Kb.
#499244
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Абай шығармаларын оқытудың бастауышта тиімділігі

Бастауыш сыныпта оқылатын Абай шығармалары.
Ия, тәуелсіздіктің жарқын таңы атты. Ата-бабамыз армандап, аһ ұрып аңсап өткен күнді көру бақыты біздің маңдайымызға жазылыпты. Ақты ақ, қараны қара деп жалтақтамай, ешкімге жалбақтамай сөйлеу еркіндігіне қол жетті.
Ендеше Абай мұрасын оқытуда да бұрын айта алмай, бата алмай келген көп жайды жас ұрпаққа білгірлікпен, білімділікпен жеткізу, тереңінен тартып, сөз ұқтыру-ұстаздар қауымының алдында тұрған өрелі міндеттердің бірі.
Олай болса, ақын жайлы азды-көпті пікірімізді жүйелеп, Абай мұрасының білім беру саласындағы жағдайына тоқталсақ .
Қазақ халқының зерделі ойы мен өмірінің шын мәніндегі энциклопедиясы Ұлы Абай мұрасына жүгіну, Абайды тану, Абайды таныту ісінде әрине, білім беру жүйесінің сезінер жауапкершілігі де, қосар үлесі де ерекше.
«Не ексең, соны орасың,»-дейді халық даналығы. Замандастарының «ұстарасыз аузына мұрты түскен» көзі көрген шақта ақын қарманып, үміт талшығын жастардан іздейді.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін...деп
Кемел ойлы кемеңгер келешек ұрпақтың да біркелкі емес тасыры бар, талаптысы бар болып келер, ала-құлалы тобын алыстан аңдайды.
Жиырмасыншы жылдардың орта кезінен бастап отыз жетінің ойранына дейінгі аралықтағы сталиндік саясаттың озат ой, ұлттық мүдені қыспаққа алып, алаштың аяулы азаматтарын құрбан қылған шағында Абай атына да шабуыл жасалып, әділетсіз қараланды. Бұл, әрине, Абай мұрасын оқып-үйрену ісіне салқынын тигізбей қоймайды. Бірақ:
«Ғалымнан надан артпас ұққанменен,
Тағдыр көрмей қоймайды бұққанменен.
О дағы қалыбынан аса алмайды,
Жауқазын ерте көктеп шыққанменен»-деп философ Абайдың өзі айтқандай, шын асылды тот баса ма?...
Ақын мұрасының жас ұрпаққа жеткізілуі жолында еңбек етіп тер төккен ғалым әдебиетшілер, ақын-жазушылар аз емес. Солардың ішінде ең шоқтығы биік ірі тұлға Мұхтар Әуезов екенін бәріміз білеміз. Әуезов Абай мұрасының жинақталу, жарық көру, зерттелу, оқытылу бағыт-бағдарын жүйелеген бір жазбасында 1940 жылғы 95 жылдық мерейтойынан бастап Абайды дұрыс тану бағыты бел алып өскендігін, барлық мектеп оқулықтары, бағдармаларға енгізілгендігін айтып келіп, бұл салада түрлі монография, диссертайиялық еңбектер жазған С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайыловтарды және Соболев, Сильченко, Смирнова сияқты орыс ғалымдарын, аудармашыларын атайды.
Абайды қалай зерттеп, қалай танимыз, деген сұраққа Әуезов өзі былай деп жауап береді:
«Біз ұсынатын, қолданатын әдісіміз барлық дүние классиктерін зерттеудегі дағдылы әдіс өмірімен, өсу даму жылдарымен, ақындық эвалюциясымен жыл-жылдап тексереміз. Абай бір күнде Абай болған жоқ.. Өсе жүре, еңбек ете, іздене, таба жүріп қалыптасып тола берді.
Міне, осылай Абайдың да бағына, біздің де бағымызға орай Әуезовтей білгір зерттеуші, ұлы суреткер негіздеген Абайтану ілімі жарты ғасырдан аса уақытқа қазақтың жас ұрпағына білім беру жүйесінде оқытылып, үйретіліп келеді.
Абай-халқымыздың Ұлы ұстазы,тәлімгер педагогы. Оның өлеңдері мен қара сөздерінің ең басты обьектісі-Адам, басты мақсаты - Адам тәрбиесі.
Абайдың мұраты- адамды адамгершілік, кісілік жағынан жетілдіру арқылы қоғамды жетілдіру.
Абайдың ойшыл дана ретіндегі негізгі этикалық принципі-«Адам бол».
Білім беру жүйесінде Абай мұрасының ең көп те тұрақты оқырманы мектеп оқушылары.
Абай мұрасы қазақ мектептерінде тұрақты оқытылып келеді. Қазіргі қазақ мектептерінің бірінші касынан сегізінші класына дейін Абайдың жеке шығармалары оқылады, өмірі мен шығармашылығы туралы әр кластың өзіне лайықты әдеби теориялық мәліметтер беріледі. Осы кластар аралығында Абай шығармаларын оқуға оқу жүктемелерінің 20 сағаты бөлінген.
Бастауыш кластағы оқу сабағында Абайдың пейзаждық лирикаларының, оқу-білім тақырыбындағы өлеңдерінің кейбір нұсқалары толық немесе үзінді түрінде оқылады. Бұлар баланың көркемдік талғамын, эстетикалық сезімін тәрбиелеуде, балаға айналасын қоршаған ортадағы сұлулықты байқай білуге үйретеді.Абай өлеңдері негізінде үйлесім, саз, әуен ұйқас туралы қарапайым мағлұматтар алады.
Оқушылардың 5-8 кластарында Абай мен табысуы, жамандық пен жақсылықты, парасат пен парықсыздық өлшемін ажырытады.Оқушылар Абай өлеңінің, Абай сөзінің, Абай өрнегінің үн әуеніне құлақ түреді, мән-мағынасына үңіледі, « кестенің жүзі, өткірдің бізі» салған өрнектерді меңгеруге ұмтылады. Абаймен сұқбаттасу қадамы жасалады.
Оныншы класта Абайдың өмірбаяны, шығармалары, монографиясы оқылады.
Озат мұғалімдер тәжіриебесінде Абай шығармаларын оқытуды түр мен мазмұнды идеялық-эстетикалық тұтастықта бірлікте ғылыми методикалық, методологиялық жағынан тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақ формаларын түрлендіріп отырып, оқушыларды Ұлы Абайдың суреткерлік шеберлігімен , қазақ әдебиетіне қосқан түр мен мазмұндағы, өлең өрнегі мен поэтикалық тіліндегі жаңашылдығымен ортақтастыруға қадам жасалады, ақынның гуманистік, демократтық, ағартушылық ой-пікірлері, көзқарастары жағынан белгілі дәрежеде ұғым аларлық білім жинақтайды.
Он бірінші класта Абайтануға басқа ақын-жазушылар тұсындағы дәстүр жалғастығы, Абайдың ақындық ықпалы тұрғысынан келеді.
Абай мұрасы сабақ басқа ұлт тілдерінде жүретін ( мәселен ұйғыр, орыс, т.б.) мектептерде де, эстетикалық циклдегі басқа да пәндер құрамында да қарастырылады. Осы ретте қазақ тілі, музыка, тарих пәндерін атауға болар еді.
Республикамыздағы барлық арнаулы орта оқу орындары мен жоғары мектептерде,соның ішінде, әсіресе гуманитарлық бағыттағыларындағы Абай мұрасы, бірінде аз, бірінде көп, дегенмен, міндетті түрде оқылады. Ал қазақ тілі мен әдебиеті, журналистика факультеттерінде өлеңдері, қара сөздері, олардағы дүниетанымдық тұжырымдар, педагогикалық, психологиялық, этикалық, эстетикалық даналық ойлары мен көзқарастары тұтастай қамтылып кең көлемде мүмкіндігінше терең оқытылуы көзделеді. «Абайтану» атты арнаулы курс қосымша оқылады.
Сонымен, осы атүсті шолудың өзінен-ақ бізде Абай мұрасын оқып, үйренудің біршама жүйесі жасалғандығы байқалады. Балабақша, мектеп типтегі орта арнаулы оқу орындарында, жоғары мектепте Абай мұрасын оқытуда шығармашылықпен жұмыс істеп жүрген ұстаздарымыз аз емес.
Бұл ретте Өскемендегі Жамбыл орта мектебінің мұғалімі, мемлекттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мұғалім Қанипа Бітібаеваның педагогикалық ізденістерін ерекше атап кету жөн болар. Ол қазіргі оқытудағы ғылыми - әдістемелік алдыңғы қатарлы жаңалықтарға иек арта отырып, сабақ мүмкіндігін барынша тиімді пайдаланып, жоғары нәтижелерге жетіп жүргендігін білеміз. Қанипаның мектебінде Абайды тереңдетілген бағдарламамен оқиды.
Соңғы жылдары өмірге келген мектеп-гимназия, лицей-колледждердің көбісі өзі жасаған бағдарламалармен Абайды тереңдете оқу, « Абайтану» атты арнаулы курстар жүргізуді тәжірибеге енгізіп отыр.
Мәселен, Абайдың туған жері Қарауыл ауылындағы мектеп-гимназия (мұғалім – Мейрамгүл Қасымжанова)
Көкшетау қаласындағы № 5 мектеп-гимназияны да ( мұғалім Ботакөз Сабырова) атар едік. Қостанай облысының Затобольск селосындағы №3 мектепте (мұғалім-Сапура Жакетова) Абай тақырыбын блокпен оқытуды оқушының таным белсенділігін арттырудың әдісі ретінде қолданады. Олардың « Абай және Лермонтов» , т.б. тақырыптар бойынша салыстырмалы интеграциялаған сабақтары жақсы нәтиже беріп жүргендігі мәлім.
Абайды танып білу, оның мұраларын насихаттау төңірегіндегі кең ауқымды шараларға қазіргі кезде білім беру жүйесінің барлық буындарыда қызу атсалысуда.
Абай атындағы мемлекеттік университетінде,Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтында «Абай оқулары», ғылыми практикалық конференциялар тұрақты өткізіліп келеді.
«Абайға арнау» атты ақындар айтысы, көркемсөз шеберлерінің, әншілердің байқауы, « Абай үйінде», «Абай жолы» атты кештер « Патасатты Әйгерім» сайысы ұйымдастырылып тұрса, оқушы шығармашылығы кеңейе түсер еді.
Дегенмен, білім беру жүйесінде Абай мұрасын меңгертуде біршама негіздер жасалғанына қарамастан,бұл төңіректе ойласатын жайлар да, қайта қарауды қажетсінетін мәселелер де жеткілікті. Ендеше Абай шығармаларын мектепте қалай оқытып жүрміз деген орынды сауалдың айналасында ойланып көрейікші.
Әдеби білім мазмұны оқылатын шығарма тікелей тәуелді екендігі белгілі. Сондықтан ең алдымен шешетін мәселе нені оқытамыз болуы тиіс. Бұл ретте Абай шығармаларының әр класқа беру жүйесі қайта қарауды қажетсінеді деп ойлаймыз. Абайдың мектепте негізінен өлеңдері ғана оқытылады.
Оқулықтарымыздағы Абайдың өмірбаяны ақындық мектебі, шығармашылық нәр алған кездегі, Абайдың педагогикалық-психологиялық ой-пікірлері мәселелері төңірегінде де қазіргі ғылым жаңалықтарына сүйене отырып ашуды керексінетін мәселелер аз емес.
Абайдың ұлт болашағын сақтауда прогрессивтік мәні бар қара сөздерін 6-7 кластардан бастап бағдарламаға басымырақ енгізу қажет. Мектеп бағдарламасынан байқалған бір кемшілік Абайдың шешендік өнері толық ашылмаған. Шынында Абай «Өзім де басқа шауып төске өрледім, қазақта қара сөзге дес бермедім»,- деп өзі айтпақшы шешендік өнерді бойына сіңіріп, әдемі өрнегін салған.
Абай өлеңдерін оқытуда өзгелердің өлеңдерімен салыстыра пайымдап, Абайдың ақындық мектебінің құдыретінен нәр алған А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, Қ.Аманжолов, М.Мақатаевтардың рухани үндестігін туыстығын балаға байқату қажет.
Сонымен қоса балалар, «Абай кемеңгер, данышпан Ұлы ақын» дегенді ғана естіп қоймай, кемеңгерлігі неде, данышпандығы неде деген сауалдарға жауап іздеуіне мүмкіншілік жасау керек.
Абай шығармаларын бастауыш сыныпта оқытудың маңызы өте зор екені тәжірибеде дәлелденді. Олай дейтін себебіміз оқушылар Абай шығармаларын оқи отырып, одан рухани ләззат алады. Табиғатқа сүйіспеншілігі оянады.
Бастауыш класс мұғалімінің басты міндеті- оқушылардың бойында поэзияға, лирикаға,көркем шығармаға деген қызығушылығын ояту. Бұл жастағы балалар ерекшк әсершіл, еліктегіш болып келеді. Сондықтан бастауыш класта Абай шығармаларын оқыту өте пайдалы.
Әдетте, кімнің де болмасын шығармаларын оқып үйренбес бұрын, сол шығарма иесінің өмірімен танысу керек. Бұл әдісті Абай шығармаларын өткенде ұжымды пайдалану қажет. Олай дейтініміз , Абай қазақ мәдениеті тарихында орны зор, замандастарынан ойы озық, еңсесі биік ерекше тұлға. Бастауыш сынып оқулығына енген Абай шығармаларына 13 сағат бөлінген.
Бірінші класс әліппесінде:
« Әсемпаз болма әрнеге», « Сегіз аяқ» өлеңдерінен үзінді.
Бірінші класс ана тілі:
« Күз», «Адам болам десеңіз» өлеңінен үзінді.
Екінші класс ана тілі:
«Күз», «Ғылым таппай мақтанба», « Желсіз түнде жарық ай».
Үшінші класс ана тілі:
« Шегіртке мен құмырсқа», « Қыс», « Жазғытұры», « Жаз».
Төртінші класс ана тілі:
« Абайдың қара сөзі» ( 38-қара сөзі).
Берілген яғни Абай шығармалары барлық кластарда оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай берілгенін көтіп зерттедік.
Мектепте ұлттық тәрбиені жолға қоюда Абай шығармаларын орнымен пайдалана білудің маңызы осы айтыландардан-ақ айқын көрінеді. Ендеше, Абай шығармалары мектепте қалай оқытылып жүр? Енді осы бір сауалға жауап іздеп көрейік.
Ұлы ақынның «күз», «қыс» өлеңдері оқытылады. Сонымен бірге М.Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясына «Әжемнің әңгімесі» дегентақырыппенүзінді берілген. Өкінішке орай, бұл өлеңді жалаң оқытылады. Өзге ақындардың шығармалары мен салыстыра пайымдау жоқ. Осы өлеңдерді оқытудың әдістемелік бағыт бағдары көзімізге түспеді. Ең болмаса біздің ойымызша, М. Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясынан әжемнің әңгімесі емес, күзге байланысты, Мағаш, Ақылбай, Дәрмен, Кәкітайлардың өнер бәйгесіне түсіп бір-бірінің қабілет қарымын сынайтын жерін алса, ал қысқа қатысты «Жұтта» тарауынан үзінді берілсе, екі өлеңнің де мазмұн мағынасы тереңдетіліп, ажары кірер еді . М. Жұмабаевтың «күз» өлеңімен салыстырса талдасақ, Абай «күзінің» өзіндік ерекшеліктері ашыла түсер еді.
Мектеп оқушылары «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ», «Жазғы тұры» өлеңдермен танысады. Мұнда да сол әдістемелік үйлесім көзге шалынбады. Егер «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің табиғатына М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы аң аулау көрінісі ерекше көрік қосатынын ойласақ, аттың сыр сипатын танытар «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңін жыр дүлділі Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Күреңбай сыншының сынымен сабақтастыра оқытсақ, сондай-ақ «Жазғытұры» өлеңін Шәкәрімнің «Жаз келер», Мағжанның «Жазғытұрым» өлеңдерімен салыстыра сөз етсек, шәкірттеріміздің дүниетанымы кеңейе түсер еді. Мысалы, Абай атамыз:
Кемпір-шал шуақ іздеп, бала шулар,
Мал мазатсып, қуанып, аунап-қунар.
Жыршы құстар әуеде өлең айтып,
Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар, -
деп суреттесе, шәкірті Шәкәрім:
Жетпекке үлкендікке жас балалар,
Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп.
Шал-кемпір күншуақтап, көңілі жай боп,
Өткен күн, өмірін айтар күбірлесіп.
Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып,
Қуанып ойнақтайды олар да өсіп, -
көріністі көз алдымызға әкеледі. Абай өз өлеңін
Адам тіктеп көре алмас, күннің көзін,
Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін.
Қызыл арай сары алтын шатырына
Күннің кешке кіргенін, көзін –
Деп түйіндесе, Шәкәрім қажы:
Сөйтсе адам көзі бір тоймайды ,
Харакет берсе дағы қанша несі, -
Деген салмақты оймен тұжырымдайды. Ал Мағжанның «Жазғы тұрым» өлеңі:
Жаратқан жанға рахат жазғы тұры,
Шүкір қыл бір аллаға «Я құдайлап»,
деп аяқталады. Көрініп тұғандай, үшеуіндегі ол байламы үш түрлі, біріне-бірі ұқсамайды. Абай адамды табиқаттың бір перзенті ретінде бағаласа, Шәкәрім қажы адам баласының барға қанағат етпейтін тойымсыздығын меңзеп өтеді, ал Мағжан ағамыз адамның ар-намысын сақтап, табиғаттың берген сыйыа разы болуына, құдайын ұмытпауын ұғындырады. Сөйтіп үшеуі де адамның табиғаттағы онын көрсете отырып, имандылықты, жазғы тұры кезіндегідей мейірімділікті уағыздайды. Әр ақын өз дәуірінің биігінен көз салып, өзінің табиғатқа деген көзқарасын жүйелейді, байыпты қорытынды жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет