Абай шыєарма шыєармасын оќыту



бет6/16
Дата19.04.2024
өлшемі337 Kb.
#499244
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Абай шығармаларын оқытудың бастауышта тиімділігі

3. Заман табиғаты.
Абайдың табиғат лирикасы үлгісіндегі өлеңдерінде ақынның ой-сезімі, жан дүниесі де терең ашылған. Ол өзінің шығармаларында жыл маусымдарын: қысты, күзді, көктем мен жазды қайталанбас, соны бояулармен суреттеп берді. Туған ел табиғатын сипаттауда оның суреткерлік шеберлігі айқын аңғарылады. Абай пейзажды адамның тұрмыс кешетін табиғи ортасы, мекен-жайы ретінде ала отырып,әлеуметтік өмірмен, қазақ халхының көшпелі тұрмысымен тығыз байланыстыра көрсетеді.
Кейде қазақ ауылының тұрмыс жағдайын сипаттауға көбірек мән беріліп, табиғат екінші қатарда ғана көрінеді. Мысалы, «Күз», (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан), «Қараша желтоқсан мен сол бір екі ай», «Қыс», ( Ақ киімді денелі ақ сақалды) атты өлеңдерінде ақын көшпелі тұрмыстың ауыртпалығын көбірек айтады, ал «Қараша желтоқсан мен сол бір екі ай» өлеңінде әлеуметтік теңсіздікті де ашып көрсетеді. Ал «Жаз», «Жазғытұры» өлеңдерінде елдің кең далада, табиғат аясында бой жазып, жаны жадырап отырған кезін бейнелейді.Бұларда жарқын бояулар, ауыл өмірінің жақсы жағын айту, көтеріңкі леппен суреттеу басым келеді. Бірақ бір өлеңде айтқанын басқа өлеңінде қайталай бермейді.Абайдың табиғатты бейнелейтін өлеңдерінен мол өмір шындығын, теңдесі жоқ суреткерлікті көреміз. «Желсіз түнде жарық ай» деген өлеңінде ақын жазда өзен жағасына көшіп келіп қонып отырған мал баққан ауылдың өмірін шебер сипаттайды. Қазақтың даласы, түні, айы, тауы, өзен суы, жапырағы жайқалған ағашы, көк майса шөбі, баққан малы, жастардың пәк, таза сүйіспеншілік сезімі, махаббаты – осының бәрі бар болғаны 20 – ақ жол өлеңнен көңілге нәзік лирикалық сезім ұялатқандай айқын елес береді. «Жаз» өлеңінде де жаңа қонысқа, жайлауға көшіп келген ауылдың тұрмыс – тіршілігінің тұтас бір көрінісі бар. Бірақ мұнда тынымсыз әрекет, қимыл – қозғалысты сипаттау шеберлігі таң қалдырады.Жыр өлшемімен жазылған жеңіл, ойнақы ырғақты өлеңде ақынның құлын – тайлардың шапқанын бұлтылдап, үйрек-қаздың жоғары-төмен ұшып жүргенін сымпылдап, үй тігіп жатқан қыз келіншектердің жүрісін былқылдап, күлгенін сыңқылдап деп, ондаған осындай сипаттама сөздерді бірыңғай ұйқастыра тізбектеп келтіруі абыр-сабыры көп өмір көрінісі көз алдымыздан өтіп жатқандай әсер етеді.
«Түйеге боздап,қой қоздап қорада шу
Көбелек пен құстар до сайда ду-ду».
Абай өлеңдеріндегі табиғат лирикасын «заман табиғаты»деп алған орынды деп білеміз. Біріншіден,ол заманның табиғатының қазіргі заманнан көп ерекшелігі бар. Абай заманындағы дүние алғаш жаралған қалпындай пәк табиғат бүлінді, жеріміздің көкорай шалғын бәйшешегі азайды, түйе боздап, қой қоздап, қорада шу болып жатқанда, тоғайдағы сайраған бұлбұлымыз қайда? Көк дауылпзбен үйрек-қаз ілгізіп жүрген құсбегі жігіттеріміз қайсы? Және ақын табиғатты халықтың көшпенді тұрмысымен байланыстыра суреттеген, бұл жағынан «Заман келбетін» толықтыра түседі. Екіншіден ұлы ақынның көңілі өз заманына тоймайды, заман адамына қарап болады. Ал табиғатқа қарағанда ақын көңілі жай тауып, жадытағанын көреміз. Заман адамы бұзылғанымен таза табиғаттың кәусар ауасын бізде жұтып, тас бұлақтың суын ішкендей боламыз.
Бұл тақырыпты өтерде қазақ әдебиеті тарихында табиғат лирикасын дамытудағы Абайдың рөліне тоқталған жөн. Ақынның сөзбен салған табиғат суретін жылдың әр мезгілінің өзіне тән кескін келбетінің ақындық сезім мен тіл кестесі арқылы шебер жасалғанын нақты мысалдармен ашу қажет. Ақынның табиғатқа деген ыстық ықыласы оның туған жерге деген махабатынан туған патриоттық сезім екнін ескереміз.
Бұл табиғат лирикасына 38-сөзімен үзінді алып, қосып оқытуды орынды көрдік. Бұл-Абай қарасөздеріндегі табиғат құбылыстарын сипаттайтын тұсы. Мұнда «Жазғытұры» өлеңіндегі,
Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер,
Мейірбандық дүниеге нұрын төгер,-
Деген ойды толықтырып, таратып берген. Абай табиғатты адам баласының таусылмас азығы үшін келісті де көркем етіп жаратқан аллаға деген ыстық ықыласын айту арқылы өзінің де табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін білдірген. Бұл сөз арқылы Абайдағы табиғат лирикасын қорытып, оқушыларға экологиялық тәрбие беру мүмкіндігі туады.
Бұл тақырыпта өтілетін өлеңдері мен қарасөзі:

  1. «Жаз» (1886).

  2. «Күз» (1888)

  3. «Қыс» (1888)

  4. «Жазғытұры» (1890)

  5. «Желсіз түнде жарық ай» (1888)

  6. 38-сөзінен.( «Ақыл көзімен қара: күн қызарып...» деген жолдардан бастап»,...бәрі-адам баласының таусылмас азығы» деген жолдарға дейін)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет