Сауалғы сұрақтары
Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жариялап отырған? (Көкбай Жанатаевтың атынан)
Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?
(Алматыда, мүсіншісі – Х.Наурызбаев)
Абай есімімен аталатын республикамызда қала бар
ма, болса қай облыста? (Қарағанды облысында)
Абайдың ең алғашқы аударма өлеңі қалай аталады?(«Бородино»)
Ұлы ақынның құрметіне Абай асуы, Абай шыңы деп аталатын жерлер бар ма? ( Іле Алатауы сілемі мен жоталарында)
Класс жетекшісі қорытынды сөзбен кешті аяқтайды.
«Заман емі» тақырыбында өтілетін өлеңдері мен қарасөздері:
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» (1885)
«Ғылым тапапй мақтанба» (1886)
«Интернатта оқып жүр» (1886)
«Біреуден біреу артылса» (1889)
«Білімдіден шыққан сөз» (1889)
«Тайға міндік» (1890)
«Көзіне басақа ойы жоқ» (1891)
«Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын» (1895)
«Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей» (1895)
«Түбінде баянды еңбек-егін салған» (1903)
«25-қарасөзі»
10, 38, 42-сөздерінен.
Азаматтық толғаныс
«Біріңді, қазақ, бірің дос,
Көрмесең, істің бәрі бос».
Бұл тақырыпты «Азаматтық толғаныс» деп атауды орынды көрдік. Мұнда палдап өтілетін өлең-«Сегіз аяқ». Бұл өлең Абайдың азаматтық литикасының қорытындысы іспетті.
М.О.Әуезов: «Көп ойлармен заман, мқоғам шындықтарын және өз басының мұңдарын жиған үлкен өлең»,-деп, бұл өлеңге жоғары баға берген. Осыған дейінгі өлеңдерінде ұлы ақын заман келбетін сипаттап, оны түзетудің емін, жолын көрсеткен болса, бұл өлеңінде ақын өз заманымен тағы да бетпе бет келіп, көптен бері толғанып, тебіренген сайын «жартас болған» заманына кектеніп, ширыға түсіп, замандастарына заманың анау, адамың мынау деп, заманның келбетін бере отырып, оны түзетудің жолын көрсетіп, емін де айтып берді.
Бұл өлеңнен ақынның азаматтық бейнесін, өз тұлғасын, заманына көзқарасын, бойындағы қайтпас қайрат жігерін, ақыл-парасатын, халқын сүйген ұлтжанды жүрегін сеземіз жіне ақындық шебелігін, талантын да танимыз.
«Сегіз аяқ» өлеңін ішкі мазмұнына, композициясына қарай талдағанда мына мәселелерге көңіл аударғанымыз абзал.
Ақындық толғаныс.
Өлең ақындық толғаныстан, арнаудан басталған. Ақын шабытын шақырып, тіліне де ерік беріп, өзін көптен бері толғандырып жүрген іштегі дертін сыртқа шығарып айтып тастауға бел буады ла:
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл,-
Деп, «өткірдің жүзі, кестенің бізіндей» тіліне ерік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |