Абай шыєарма шыєармасын оќыту



бет16/16
Дата19.04.2024
өлшемі337 Kb.
#499244
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Абай шығармаларын оқытудың бастауышта тиімділігі

Қорытынды
Абай қазақ үшін бір ғана әдебиеттің аумағына симайды. Ол – күнделікті тіршілігімізді. Рухани әлемімізді – қарахан басты алып жүруден бастап, биік адамгершілікке дейінгі аралықты тегіс қамтитын жан-жақты құбылыс.
Абайдың ешкімге ұқсамайтын ғажайып қасиеті – оның мәңгі ескірмейтіндігі, мәңгі жастығы, мәңгі жүрекжардылығы, оның шы,ғармаларының кеше жазылған өлең де сиясыныің кетпей тұратындығы.
Екінші ғажайып қасиеті - әлемдік философияда том-том кітаптарға әрең сиған ойларды тарының қаузына сидырғанды құдіретпен екі-ақ ауыз сөзге сыйдыра білуінде.
Қазақты қорғау үшін ғұмырларын сарп еткен талай жаужүрек батыр, хан болған. Бірақ Абайдық заманы басқа еді. Ол тұста найзаның ұшы, білектің күшімен күрестің дәурені өткен болатын. Абай бұдан былай қазақтың адамгершілін, тазалығын, ар-ұятын, татулығын, еңбек сүйгіштігін т.б. елдік қасиетін сақтап қалу арқылы қазақты сақтап қалуға болатынын жақсы түсінді. Сол үшін күресті. Соның күйігінен дүниеден өтті. Қазақтың ішкі әлемін сақтап қалу оның сыртқы әлемін сақтацудан оңай болған жоқ.
Абайды бір заман жапсарлас жатқан елдер дана кісі, қара қылды қақ жарған әділ би, алдына жан салмайтын шешен деп білсе, алыс-жақындағы зиялы адамдар, өзінің дарынды да өнерпаз шәкірттері зор оқымысты хакім, қазақта болмаған терең ойлы, көркем өлең жазған әулие ақын деп таныды. Оның осындан атағы көзі тірісінде Алтай-Тарғабатай, Көкше мен Жетісу өңіріне жетті. Кейбір өлеңдері жырактағы басқа жүрттың қалаларында шығатын газеттерде, жинақтарда жарық көре бастады. Оның оқымыстылығы мен жаңашыл ақындығы жайында орыс білімпаздарының кұлағына жетті. Оны Семейдегі өлкетану және география жөніндегі ғылыми қоғамдардың мүшелігіне сайлады. Сондағы орыстан шыққан оқымысты әріптестері «алтын басты адам» деп білді. Тіпті осы ғасырдың басында сонау алыс Америка Құрзма Штаттарында шыққан американ саяхатшысы Кеннанның кітабында Абай есімі құрметпен әрі таңырқаныспен аталды.
Бұл кезде ұлы ақынның өлеңдері мен әндері казақ сахарасыыа көшірме, ауызша түрде кеңінен тарай берді.
Ақсақалдар Абайдың жазғандарын оқытып, тыңдайтын болды. Қыр еліиің қыздары үзатылғанда кымбат жасау ретінде ақын өлеңдерін көшіртіп ала кететін жаңа салт шықты. Қазақ жерінің тұс-тұсындағы ақ иық ақын, ардагер өнерпаздар Абайды аспандата дәріптеп, өлеңдер шығарып жатты. Құнанбай қажы өлгенде көңіл айта келген Байкөкше ақын:
Құнан қайтса, алдынан жарылқасын, Алтын қалды артында ат басындай, —
деп күллі қазаққа қадірлі Құнанбай қажы соңында өзінен де озған ұлы қалды деп бағалайды, Абайдың алдын көрген әйгілі Әсет ақын;
Шіркін-ай, Абайда да арман бар ма, Артына өлмей тұғын сөз қалдырған,—
ұлы әнші-ақын Біржан
десе, алыстағы Көкшетаудан сал:
Абайдай тумас адам сөзге зерек, Зейіні — түпсіз дария, көзің жетпес,—
деп Тебіренді. Башқұрт астанасы Уфада басылған «Би-паның сөзі» дастанында Бипа кыз:
Абайға әділетті жетті жаным, Ісімнің болар дедім бір мәнісі... Абаеке, арызымды айттым сізге, Данышпан даңқы шыкқан бұл үш жүзге... Бір ауыз Абай айтқан әділ сәзді, Жүреміз үлгі қылып жас пен кәрі,—
деп ұлы ақынның әділдігін, жас пен кәріге бірдей ардақты данышпан екенін аптады. Аса дарынды ақын Сүлтанмахмұт Торайғыровтың Абай өлеңдері «соқыр кісі сыбдырынан танырлық» деген бағасы екі ғасырдың түйілісінде дүниеге көзін жаңа ашқан кілең дарынды жаңа буын зиялылардың ортақ ой-сезімі еді.
Ұлттық кемеңгер, философ Абайдың үлкен тағылымға толы нақыл сөздерін кітапқа енгізу, жастарға жаттатқызу жеткіліксіз. Ақын сөздері өміріміздің өзегіне айналуы қажет. Егемен еліміздің 16-ға толған азаматына берілетін төлқұжатта Абайдың:
«Сенде бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан», деген ұлы сөзі тұру керек деп ойлаймыз
Абай сынды ақынның қадірін білмеу қазақ халқының зор кемшіліг көрсетуге толық жарайды. Себебі қазақ басқа жұрпен үзеңгі табысып, тең халық болып жасай алмауы – тарихы, әдебиеті жоқтығынан. Тарихы, әдебиеті жоқ халықтың дүниеде өмір сүруде ұлттығын сақтап, ілгері басуы қиын. Әдебиеті тарихы жоқ халықтар басқаларға сіңісіп, жұтылып жоқ болады.
Сондықтан Абайдың аты жоғалуы, мұнан кейінде шығатын Абайлар сондай ескерусіз ұмтылуы ықтимал. Қазақтың жоғалуы, қазақ атты халықтың ұмтылуымен бірдей.
Әдебиетіміздің негізіне қаланған кірпіш Абай сөзі. Абай аты болуы керек. Абайға шейін қазақта қолға алып опырылып, шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ.
Бәлкім, мұнан кейін Абайдан үздік, артық ақындар жазушылап шығады, бірақ ең жоғарғы ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай
Ақынның мерей тойы бүкіл ЮНЕСКО бойынша тойлануыда қазақ халқының әдебиетінің биік дәрежеде екендігін дәлелдейді.
Абай – халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз. Оның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту – біздің құмырлық парызымыз. Өйткені Абайды әлемге таныту - әлемге қазақты таныту деген сөз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет