Абайдың «Қартайдық, ҚАЙҒы ойладық, ҰЙҚы сергек » ӨЛЕҢінің орыс, АҒылшын тіліндегі аудармалары



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата16.04.2024
өлшемі338.78 Kb.
#498792
1   2
АБАЙДЫҢ-«ҚАРТАЙДЫҚ-ҚАЙҒЫ-ОЙЛАДЫҚ-ҰЙҚЫ-СЕРГЕК...»-ӨЛЕҢІНІҢ-ОРЫС-АҒЫЛШЫН-ТІЛІНДЕГІ-АУДАРМАЛАРЫ

(жан дүниені көре алатын?) секілді толықтырушы сөздер қосқан. Осы жолда ақынның айтар 
ойын оқырманға аудармашы толыққанды жеткізген. 
Осы өлеңді ағылшын тіліне аударған Дориан Роттенберг нұсқасын қарастырайық: 
Old age is here – sad thoughts, poor sleep and all. 
Quick anger’s poison fumes inflame your sullen soul. 
Not one to share a thought with. Who will come 
To soothe and sympathise [7,30] 
Өлеңнің алғашқы жолы «Қарттық келді, қайғылы ойлар, нашар ұйқы және басқа» деп 
тәржімаланып автор сөзін түпнұсқадағыдай көпше түрде берудін орнына орыс тіліндегі 
нұсқалар сияқты жекеше түрде жеткізіп тұр. Екінші жолдағы «Ашуың – ашыған у, ойың – 
кермек» тең дәрежедегі метафоралық қатынас, «Тез ашуланудың улы түтіндері сіздің жа- 
ныңызды тұтатады» болып жай сөйлем ретінде берілген. Бұл жол барынша еркін аударылып 
түпнұсқадағы ойдан мүлдем алшақтап кеткен. Келесі үшінші, төртінші жолдардағы «Мұң- 
дасарға кісі жоқ, сөз ұғарлық» тіркесі «ой бөлісетін ешкім жоқ» болып ал «Кім көңілді көтеріп 
болады ермек» жолын «жұбатуға, түсінуге, тілекші кім болады» деп тым қарапайым ауда- 
рылып ақынның өлеңдегі эмоцияналдық, көркемдік қуатын толық берілмей тұр. 
Қорыта келсек, көркем аудармамен түнұсқаның мағынасы сәйкес болуы маңызды. 
Аудармашылардың өлеңнің түпкі мағынасына мән беруі қажет. Ақынның түпкі ойын, дана- 
лығын басқа тілде толықтай, тура жеткізу оңай емес.Оған қазақ тілінің басқа тілдерден 
грамматикалық, лексикалық, айырмашылықтары, сонымен қатар ұлттық калорит, діл мен дін 
өзгешелігі аудармашылардың түп-нұсқа тілін түсінбеуі, т.б. әсер етеді. Жоғарыдағы берілген 
аудармалар ішінен Б.Момышұлының жолма-жол аудармасы түпнұсқаға мазмұны жағынан 
барынша жақын, толыққанды аударма болып табылады деген ой түйдім. Сапалы аударма 
жасау үшін тәржімалаушы түпнұсқаның түпкі мағынасын саралау қажет. Поэзия аударма- 
сында ең бастысы өлеңнін мазмұнын, рухын, образдылығын беріп қана қоймай әуезділігін
ырғағын сақтауға тырысу керек. 


ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. 
Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» 
баспасы, 1995 ж. 
2. 
Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жыйнағы. 1 Том, 
Өлеңдер мен поэмалар,Алматы, Қазақтың Мемлекеттік Көркем әдебиет баспасы, 1957 ж. 
3. 
Абай. Тридцать семь стихотворений/Сост. и пер. М.Адибаев – Алматы: Дом Печати 
Эдельвейс, 2006 г. 
4. 
https://sozdik.kz/, электронды қор 
5. 
http://nblib.library.kz/elib/Sait/Рукописи/611%20612%20613%20614/611-614.html#427/z Абай 
(Ибра- һим) Кунанбаев. Однотомник. Подстрочный перевод, под редакцией Г.Мусрепова. 
Алма-Ата, 1944. 
6. 
http://nblib.library.kz/elib/Sait/%D0%A0%D1%83%D0%BA%D0%BE%D0%BF%D0%B8%D1%81
%D0 
%B8/1390%20(1,2)/HTML/1390%20(1,2).resources/index.html# 1390 (1,2) Рукопись Кудашев 
К.Н. Перевод киргизских песен и легенд. 
Abai Kunanbayev Selected Poems

Document Outline



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет