Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету Қағидалары


. Қысқы кездегі қала көшелерін тазартудың ерекшеліктері



бет2/4
Дата17.07.2016
өлшемі320 Kb.
1   2   3   4

$5. Қысқы кездегі қала көшелерін тазартудың
ерекшеліктері

      53. Қала көшелерінің өту жолдары мен кіру жолдарын қыста тазарту жұмыстары, осы Қағида талаптарына, жұмыс технологияларын, техникалық құралдар мен тайғаққа қарсы қолданылатын қоспаларды анықтайтын, уәкілетті органмен бекітілген нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.

      54. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, саяжолдардағы және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезінде, осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңшаларға, жасыл отырғызғылардың сақталуы мен еріген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды үюге рұқсат етіледі.

      55. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын қораптар мен басқа да элементтер мен кіші сәулеттік формалар, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйірлеріндегі жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.

      56. Жаяужолдар мен жолдың жүру жағындағы көшелердегі инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұзшықтар жарылады және осы су басуға себепші болған ұйымдармен шығарылады. Жарылған мұзшықтар белгіленген орындарға шығарылады.

      57. Қар үйінділерін жасауға болмайтын жерлер:


      бір деңгейде барлық жолдар мен көшелердің және кіру жолдарының қиылыстарында және темір жолға жақын жолдарда;
      көліктік қоршаулармен жабдықталған немесе көтеріңкі жиектемелері бар жол учаскелерінде;
      жаяужолдарда.

      58. Жаяужолдар мен гүлкестелерге қар шығаруға рұқсат етілмейді.

      59. Қар шығарудың технологиясы екі кезеңнен тұрады:
      бірінші кезекте қарды шығару (таңдап) жұмыстары орындалатын жерлер: қалалық жолаушыларды тасымалдау көлігі аялдамаларынан, жер үсті жаяужүргіншелер өтпелерінен, көпірлерден және жол желілерінен, халықтың жаппай баратын орындарынан (ірі әмбебаптардан, базарлардан, мейрамханалардан, қонақ үйлерінен, сапаржайлардан, театрлардан және т.б.), ауруханаларға кіретін жолдардан және басқа да әлеуметтік маңызы бар объектілерден;
      соңғы қар шығару (жаппай) жұмыстары бірінші кезектегі қар шығару жұмыстарынан кейін, уәкілетті органмен қойылған кезекке сәйкес орындалады.

      60. Көшелер мен жолдардағы қарды шығару жұмыстары арнайы дайындалған алаңшаларға жүргізілуі тиіс. Белгіленген тәртіпте көрсетілмеген жерлерге қар шығаруға жол берілмейді.


      Ескерту. 60-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.

      61. Қарды уақытша шығаруға берілген орындар, қар ерігеннен кейін қоқыстардан тазартылып, көркейтілуі керек.

      62. Жаяужолдар мен көпірге шығатын жерлердегі баспалдақтарды тазарту жұмыстарына мынадай талаптар қойылады:
      1) жаяужолдар мен көпір құрылғыларына шығатын жерлердегі баспалдақтар жаңа жауған қар мен тапталған қар басып кеткенге (қар-мұздақтарының пайда болуы) дейін барлық еніне дейін тазартылуы қажет;
      2) тоқтаусыз қар жауған кезде жаяужолдар мен көпір құрылғыларына шығатын жерлердегі баспалдақтар, ғимараттар мен орын-жайлардың пандустары тайғаққа қарсы материалдармен өңделіп және жаяу жүргіншілер жүруі үшін тазартылуы керек;
      3) тайғақ болатыны немесе болу мүмкіндігі жөнінде хабарландырылған жағдайда, бірінші кезекте баспалдақтар, содан кейін жаяужолдар тайғаққа қарсы материалдармен өңделуі керек.
      Ескерту. 62-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      63. Жаяужолдар, аула аумақтары мен кіру жолдары қар мен мұздақтан асфальтқа дейін тазартылуы тиіс, қар мен жарықшақ қар үйетін жерге шығарылуы тиіс. Мұздақ пайда болған жағдайда (тайғақ) ұсақ құм себу жүргізіледі.

      64. Аула аумақтары мен ішкіорамдардан тазартылған қарды автокөліктің қозғалысына және жаяулардың жүруіне 24 сағаттан аспайтын мерзімге кедергі келтірмейтін орындарға үюге рұқсат беріледі.
      Ескерту. 64-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      65. Мұздың, қардың жиынтықтарын аула ішілік аумақтарға жинауға тыйым салынады.


      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      66. Қысқы кезде ғимарат иелерімен және жалдаушыларымен уақытында шатырларын қар мен мұзшықтан, сүңгілерден тазарту жұмыстары ұйымдастырылуы қажет.

      67. Жаяу жүргіншілер жағындағы ғимараттың шатырын тазарту жұмыстары жедел түрде, пайда болған кезде, қатерлі учаскені қоршау арқылы, жүргізілуі керек.

      68. Ғимараттардың шатырын қардан, мұз құрылымдарынан оларды көше жаққа қарайтын жабынның сырғымасы бар жиекжолдарға тастап тазартуға сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін рұқсат беріледі. Қарды қалған жабын сырғымасынан, сондай-ақ тегіс төсемінен тастау ішкі аулалық аумақтан жүргізілуі тиіс. Қарды тастар алдында жаяу жүргіншілермен және әуе желілерімен, шамдармен және отырғызғылармен байланысты жазатайым уақиғалардың алдын алу үшін қорғаныс іс-шараларын (қоршаулар орнату) жүргізу қажет. Ғимараттың шатырынан тасталған қар мен сүңгі мұзды ғимараттың (объект) меншік иесі (теңгерім ұстаушы) өту бөлігіне алып тастайды және көшенің өту бөлігінен алып тастайтын кәсіпорын кейіннен шығару үшін орналастырылады.


      Шатырларды қардан тазалауды және кенереден, шатырдан және су ағатын құбырлардан мұз шорларын жоюды он бес күнде бір реттен артық ғимараттың және орын-жайлардың меншік иелері (теңгерім ұстаушы) жүргізулері тиіс.
      Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      69. Сарқынды су құбырларының аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға рұқсат берілмейді.


      Ескерту. 69-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.

4. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

      70. Заңды және жеке тұлғалар қала аумағының барлық жерінде, соның ішінде жеке меншік үй иелерінің аумақтарында тазалық пен тәртіпті сақтауы қажет, абаттандыру элементтерін зақымдауға және бұзуға жол бермеу (жолдарды, жаяужолдарды, гүлзарларды, кіші сәулеттік нысандарды, жарықты, суқашыртқыларды және т.б.).

      70-1. «Жинау, санитарлық тазалау жүргізген кезде пайдаланушы ұйым санитарлық тазалау жүргізген орындардағы абаттандыру элементтерінің барлық түрлерінің (жолдар, жиекжолдар, гүлзарлар, шағын сәулет нысандары, жарықтандыру, суқашырту) сақталуын жауапкершіліке алады.
      Ескерту. 4-тарау 70-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      70-2. Барлық субъектілер меншік нысанына қарамастан, осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес абаттандыру, жинау және жабдықтау паспортына ие болу қажет.


      Ескерту. 4-тарау 70-2-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      71. Күрделі және уақытша объектілердің иелері өздеріне бөлініп берілген аумақтарды санитарлық тазарту және жинау жұмыстары бойынша шарттар жасасуы керек немесе оны күнделікті өз беттерімен жүргізулері қажет.

      72. Контейнерлерге құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, қаптарды, ағаш кесінділерін, жапырақтарды, қарды, сұйық тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды тастауға тыйым салынады.
       Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.

      73. Кәсіпорындардың және жеке меншік үй иелерінің ішкі аумақтарын қоса алғанда, қоқыстарды, жапырақтарды, жәшіктерді, өндірістік қалдықтарды жағуға, алау жағуға рұқсат берілмейді.


      Ескерту. 73-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.

      74. Кәсіпорындар мен инженерлік жүйелердің аумағынан жер үсті суларын шаруашылық және өндірістік нөсерлі кәрізге ағызуға тек пайдаланушы ұйымның шарты болған жағдайда рұқсат берілген.

      75. Тоғандарға өндіріс кәсіпорындарының тазартылмаған суларын ағызуға жол берілмейді.

      76. Көлік құралдарын тұрғын-жай орамдары ішінде және жалпы пайдаланылатын жерлерде, су жібергіш құдықтар, тоғандар, адамдардың демалу орындары, тұрғын үй алдында жууға, тазартуға және жөндеуге рұқсат берілмейді.


      Ескерту. 76-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.

      77. Автокөлік кәсіпорындары мен автоспорт құралдарының иелері жолға көлік құралдарын таза күйінде шығаруға тиісті.


      Ескерту. 77-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.

      78. Жолдарды ластауға жол бермейтін, брезентпен немесе басқа материалдармен жабусыз топырақтарды, қоқыстарды, төгілмелі құрылыс материалдарын, жеңіл жәшіктерді, жапырақтарды, ағаш үгінділерін тасымалдауға жол берілмейді.


      Ескерту. 78-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.

      79. Әр түрлі маңызы бар объектілерді гүлкестелерге, гүлзарларға, балалар алаңшаларына, ғимараттардың аркаларына орналастыруға жол берілмейді.


      Ескерту. 79-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.

5. Қалалық аумақтардағы қалдықтарды жинау,
уақытша сақтау, шығару және іске жарату

      80. Жеке меншік түріне және қызметіне қарамастан ұйымдарға, кәсіпорындарға, мекемелерге, қала аумағында қызмет етуші жеке тұлғаларға, қалдықтарды зарарсыздандыру және іске асыруға шарттық қатынастары бар, қоқыс шығарушы ұйымдармен коммуналдық қалдықтар шығару жөнінде шарт жасауы керек. Ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шығару жұмыстары кәсіпорындармен, мекемелермен және жеке тұлғалармен немесе шарт негізінде қоқыс шығарушы ұйымдармен жүргізіледі.


      80-1. Жеке және заңды тұлғалар, олардың қызметі нәтижесінде өндіріс және тұтыну қалдықтары пайда болады, олардың меншік иелері болып табылады және қалдықтар пайда болған кезден бастап қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
       Ескерту. 80-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
      80-2. Қалдықтардың меншік иесі қалдықтарды жою немесе орналастыру, кәдеге жарату, жинау жөніндегі операцияларды атқаратын қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесін немесе субъектілердің қызметін пайдалануы тиіс, немесе қалдықтарды орналастыру мен жою жөніндегі операцияларды дербес жүзеге асыруға міндетті.
       Ескерту. 80-2-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.

      80-3. Заңды тұлғалардан (оның ішінде ПИК), басқа да өзінің қызметін қала аумағында жүзеге асыратын шаруашылық субъектілерінен, сондай-ақ жеке тұрғын үйлердің иелерінен және пәтер жалдаушылардан коммуналдық қалдықтарды шығару уәкілетті орган энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында өткізген қалдықтарды шығару жөніндегі конкурсты (тендер) жеңіп алған қоқыс шығарушы ұйымдар шарт негізінде жүргізеді.


      Ескерту. 5-тарау 80-3-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      80-4. Қоқыс шығаратын ұйымдар қоқысты жою жөніндегі қызметтерді шартта көрсетілген мерзімде көрсетуі және коммуналдық қалдықтарды жинауды, залалсыздандыруды және кейіннен жойылатын етіп қайта өңдеуді жүргізетін мамандандырылған кәсіпорынға жеткізуді жүзеге асырады.


      Қоқыс шығаратын ұйым және мамандандырылған кәсіпорын арасындағы шарт энергетика және коммуналдық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен келісуге жатады.
      Ескерту. 5-тарау 80-4-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      80-5. Коммуналдық қалдықтарды көшелердің өту бөліктеріне, сондай-ақ жеке тұрғын үйлердің жапсарлас аумақтарына жинауға және орналастыруға жол берілмейді.
      Ескерту. 5-тарау 80-5-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
       81. Жылжымайтын объектілерді салу және (немесе) жөндеу жұмыстарымен айналысушы жеке және заңды тұлғаларға қоқыстарды іске жарату жөнінде, оны өздігінен шығару немесе қоқыс шығарушы ұйыммен шығару жөніндегі шарттарын жасау қажет.

      82. Үй-жайлардың аумағына контейнер орнату үшін, көлік өтуге ыңғайлы жолдары бар, арнайы алаңшалар бөлінуі қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін металдан жасалған контейнерлерді қолдану керек. Қатты тұрмыстық қалдықтарға және контейнерлерден арналған алаңдарға күл тастауға және жинауға жол берілмейді. Жеке кісі тұратын және кісі тұрмайтын құрылымдардың меншік иелері күл жинау үшін сыйымдылығы 0,8 метр кубтен аспайтын контейнерлерді иемденуге құқылы.


      Ескерту. 82-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      83. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығарушы көліктермен жүргізіледі, сұйық қалдықтар кәрізсіз үй-жайлардан бөшкелері бар сорғы көліктермен шығарылады.

      83-1. Тамақ және басқа да сұйық қалдықтарды мамандандырылған автокөліктермен арнайы бөлінген орындарға шығару жүргізіледі. Контейнерлер босатылғаннан кейін сол жерде дезинфекциялайтын ерітінділермен өңделеді немесе босатылған орнында өңдеуден өткен таза контейнерлермен ауыстырылады. Контейнерлерді өңдеу орындары тазалауға, жууға және дезинфекциялауға арналған ыстық және суық су өткізілген, судың ағып кетуі ұйымдастырылған құрылғылармен жабдықталады.
      Контейнерлерді 10 күнде бір реттен кем емес жуып отыру қажет.
      Ескерту. 5-тарау 83-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      84. Аумақтағы (бөлініп берілген, бекітілген, аулаішілік) контейнерлік алаңшалары бар кәсіпорындар, ұйымдар, өзге де шаруашылық етуші субъектілер мына талаптарды:


      1) контейнерлік алаңшалар, кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қатты төсемдерінің болуы тиіс;
      2) контейнерлік алаңшалар іргелес жатқан аумақтарға қоқыстарды шығармау үшін жаппай қоршалуы тиіс;
      3) контейнер алаңшалары мен оған іргелес жатқан аумақты тиісті санитарлық ұсталуын қамтамасыз етуге;
      4) қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қоқыстарды шығаруға, сыпыруға уақытында шарт жасасуға;
      5) контейнерлердегі тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол бермеуге;
      6) жылдың қысқы мерзімінде контейнерлік алаңшаға арнайыландырылған автокөліктің жұмысына және халықтың пайдалануына қолайлы жағдай туғызу мақсатында кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қар мен мұздан тазартылуын;
      7) контейнерлік алаңдарды кемінде 20 люкс жарықтандырылуымен қамтамасыз ету қажет.
      Ескерту. 84-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      85. Контейнерлік алаңшалар мен контейнерлер иелеріне:


      контейнерлерді уақытында жөндеуге және одан әрі пайдалануға жарамсыздарды ауыстыруға;
      қоқыс қабылдағыш камераларды, алаңшаларды және жинағыштардың (контейнерлердің) астауын, сондай-ақ қалдық салғыштардың тұрақты жуылып тұруын, зарарсыздандырылуын және масаларға қарсы бұқырлануын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы қажет.

      86. Тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңдарынан және халықтың демалатын жерлерінен және өту жолдарынан контейнерлік алаңдарды орнату арақашықтығы коммуналдық шаруашылық объектілеріне қойылатын санитарлық - эпидемиологиялық талаптарына сәйкес анықталады. Коммуналдық қалдықтардың көлемінің ұлғаюын ескере отырып, қажет болып табылатын контейнерлердің қойылуы есептемесінен алаңдардың өлшемі дайындалады.


      Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      87. Қалдықтарды уақытша сақтау орындарын, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органымен пәтер иелері кооперативтерімен келісу қажет.

      88. Контейнерлерден қоқыс шығарушыларға арту кезінде түсіп қалған қоқыстарды жинау жұмыстары коммуналдық қалдықтар, ІКҚ шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлері.

      89. Аулалық, кәріздендірілмеген және қоғамдық әжетханалар тұрғын-жайлардан және қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын және халық демалатын алаңшалардан кем дегенде 20 метр және жүз метрден артық емес қашықтыққа алыстатылуы қажет.


      Ескерту. 89-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      89-1. Қазылған шұңқырларға құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, қаптарды, ағаш кесінділерін, жапырақтарды, қарды, сұйық тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды тастау тыйым салынады.
       Ескерту. 89-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.

      89-2. Қалдықтарды жапсарлас аумақтарға жинауға жол берілмейді.


      Ескерту. 5-тарау 89-2-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      90. Қоқыс шығару құбырына сұйық тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді қоқыстарды тастауға жол берілмейді.


      Ескерту. 90-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.

       91. Қоқыс қабылдағыш камера құлыпқа салынуы қажет, бөтен адамдардың қоқыс қабылдағыш камераға кіруіне жол берілмейді.


      Ескерту. 78-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.

       92. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй орналасқан пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.

      93. Пайдаланушы ұйым:
      1) қоқыс шығару құбырының және қоқыс қабылдағыш камерасының дұрыс жұмыс істеуін;
      2) шусыз жұмыс істеуін, ол үшін баспалдақ алаңындағы қоқыс шығару құбырының салатын қақпақтарының саңлаусыз, тығыз жабылатын резеңке төсемдерімен жабдықталған болуын;
      3) ай сайын қоқыс қабылдағыш камералар мен оқпандарға алдын алу зарарсыздандыру іс шараларын (зарарсыздандыру, бұқырлау және зиянды кеміргіштерді жою) ай сайын жүргізуге.

      94. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта пайдалану Астана қаласының қоқыстарын көму мен қайта пайдалану жөніндегі қалалық полигонда іске асырылады.

      95. Коммуналдық қалдықтар полигонын орналастыру және күтіп ұстау жұмыстары елді мекендер аумақтарын күтіп ұстаудың Санитарлық қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

      96. Алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.

      97. Жөн-жосықсыз үйінділерге, қалдықтардың жағылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
      Ескерту. 97-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімін.

      98. Сапаржайларда, базарларда, әуежайда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және көпшілік баратын жерлерде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларында, сауда объектілеріне кіреберістерде қоқыс салатын қораптар орнатылуы керек. Халық көп келетін орындарда қораптар бір бірінен 50 метрдей қашықтықта аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта қораптар орнатылады. Қалалық жолаушылар көліктері аялдамаларында және сауда объектілеріне кіреберістерде екі қораптан орнатылады.

      99. Қораптарды орнату мен тазалау жұмыстары мемлекеттік тапсырыс шартына сәйкес аумақты пайдаланушылармен және иелігінде немесе қолданылуында аумақтары бар шаруашылық жүргізу субъектілерімен мердігермен жүргізіледі. Қораптарды тазарту жұмыстары осы кәсіпорындармен олардың толуына қарай орындалады.

      100. Қораптарды жуу жұмыстары кірлеуіне қарай, аптасына бір рет орындалады. Қалалық жолаушылар көліктері аялдамасында орналасқан қораптарды аялдамаларды жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындар, ал сауда объектілерінде орнатылған қораптарды сауда ұйымдары тазартып, зарарсыздандырады.



6. Ұсақ бөлшек сауда, ұсақ базарлар үшін уақытша
орын-жайларды орнату және күтіп ұстау

      101. Ұсақ бөлшектік уақытша сауда нүктелерінің объектілерін (павильондар) орнату қолданыстағы нормаларға және ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

      102. Сәулеттік және түстері туралы шешім Сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісіледі. Ұсақ бөлшектік сауда объектілерін жөндеу және бояу жұмыстары олардың иелері есебінен, Сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісілген сыртқы түрі мен түсішешімін сақтауды ескере отырып, орындалуы тиіс.
       Ескерту. 102-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.

      103. Ұсақ бөлшектік сауда объектілері мен кешендеріне көліктік қызмет көрсету, іргелес жатқан магистральдар мен жаяу жүргіншілер бағыттарындағы, көлік қозғалысы мен жаяужүргіншілердің қауіпсіздігіне кедергі келтірмеуі қажет. Тауар жеткізуді жүзеге асыратын автокөліктің тұрағы, сауда нүктелеріне тауар артуды Астана қаласы ІББ Жол полициясы басқармасы бекіткен кіреберіс алаңдарынан жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда жаяужолдарды, жүргіншілер жолы мен гүлзарларды пайдалануға жол берілмейді.


       Ескерту. 103-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді);  2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      104. Сауда нүктелерінің иелері іргелес жатқан аумақтың (бекітіліп берілуіне сәйкес) көркейтілу жұмыстарының бұзылмауын қадағалауға тиісті. Іргелес жатқан абаттандыру объектілеріне, жасыл желектерге, гүлзарларға және т.б. зиян келтірген сауда нүктелерінің иелері, абаттандыру объектілерін өз қаражаты есебінен алғашқы қалпына келтіруі қажет.


      Ескерту. 104-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      105. Шағын базарлар мен басқа да сауда жасауға арналған уақытша алаңшалар аумақтары қоршалуы керек, нөсерлік және еріген сулардың ағуын қамтамасыз ететін қатты төсемі болуы керек, дүңгіршектермен, қалқалармен, сөрелермен, контейнерлік алаңшалармен, қоқыс салғыш қораптармен, тұрақты қоғамдық немесе жылжымалы әжетханалармен, кешкі жарықпен жабдықталуы қажет. Базар аумақтарына жақын жерлерде Астана қаласы ІББ Жол полициясы басқармасының келісімімен автокөлік үшін автотұрақтар орналасуы керек.


       Ескерту. 105-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.

      106. Ұсақ бөлшектік сауда ғимараттарының иелеріне аумақтарын тазарту мен қоқыс шығару үшін, осы қызмет түрлерімен айналысушы ұйымдармен шарт жасауы керек немесе өз күштерімен атқарулары тиіс.

      107. Дүңгіршектердің, павильондардың және басқа да сауда объектілердің арасындағы өртке қарсы үзілген жерлерді сауда материалдарымен, жабдықтармен, жәшіктермен және қалдықтармен бекітіп қоюға, дүңгіршектердің төбесіне жәшіктерді үюге жол берілмейді.
      Ескерту. 107-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

       107-1. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағы - саябақтарды, гүлзарларды, бульварларды, жағажайларды ұстауды Астана қаласы әкімінің қаулысымен аталған объектілер бекітіліп берілген қалалық мекемелер (бұдан әрі - әкімгерлер) жүзеге асырады.


      Ескерту: 107-1 тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 214/28-ІІІ шешімімен.

      107-2. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағын тазалау және ағымдағы күтімі бойынша жұмыстарды әкімгерлермен келісімшарт негізінде мамандандырылған кәсіпорындар жүргізеді немесе осы жұмыстың түріне лицензиясы болған кезде әкімгердің өздері жүргізеді.


      Ескерту. 107-2 тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 214/28-ІІІ шешімімен.

      107-3. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағындағы аумақтың жобасын өзгерту, шағын сәулет үлгілерін және құрылысын, сәулет және абаттандыру бөлшектерінің түсін өзгертуге Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы департаментімен келісіледі.


      Ескерту. 107-3 тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 214/28-ІІІ шешімімен.

      107-4. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағының аумағында қоқыс жинайтын урналар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орнатылады. Аумақтың кіре-берісінде екеуден кем емес урна орнатылуы тиіс.


      Ескерту. 107-4 тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 214/28-ІІІ шешімімен.

      107-5. Саябақтар мен жағажайларда урналардан басқа контейнер орнатуға арналған арнайы алаң жабдықталуы тиіс.


      Ескерту. 107-5 тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 214/28-ІІІ шешімімен .

      107-6. Контейнерді орналастыруға арналған алаңдар демалыс орындарынан 20 метрден кем емес қашықта болу керек.


      Ескерту. 107-6 тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 214/28-ІІІ шешімімен.

      107-7. Алып тасталды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      107-8. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағының аумағында қолданыстағы нормативтердің талаптарына сәйкес қоғамдық тамақтандыру және ұсақ сауда кәсіпорындарын орналастыруға рұқсат етіледі. Осы объектілердің иелері бөлінген және іргелес аумақтарын жинау және санитарлық тазалауға мамандандырылған кәсіпорындармен келісімшарт жасайды немесе қолданыстағы талаптарға сәйкес өздері жинаулары қажет. Осы объектілерді сырлау және жөндеу жұмыстары иелерінің есебінен жүргізіледі.
      Ескерту. 107-8 тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 214/28-ІІІ шешімімен.

      107-9. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағының аумағында:


      қоқысты, жапырақтарды өртеуге, от жағуға, көліктерін тазалауға және жууға;
      көгалда, гүлзарларда, жүргіншілер жүретін жолда объектілерді орналастыруға;
      мангалды пайдалануға, ашық отта дайындалатын кәуапты және басқа да тағамдарды дайындауға;
      сағ. 23.00-ден кейін қатты музыка қоюға жол берілмейді.
      Ескерту. 107-9 тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2005.12. N 214/28-ІІІ; 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімдерімен.

      107-10. Астана қаласының аумағында халықтың келуіне байланысты қызметтерді жүзеге асыратын заңды, жеке тұлғалар және шаруашылық субъектілер бекітілген аумақтарда қызметкерлерге және келушілерге арналған стационарлық дәретханалардың (немесе кәріз болмаған жағдайда биодәретханалар) болуын қамтамасыз ету қажет.


      Берілген объектілерде шұқырларды қазу құрылғысына рұқсат етілмейді.
      Ескерту. 6-тарау 107-10-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      107-11. Дәретханалар арнайы жабдықталған орын-жайларда немесе бөлінген алаңдарда орналастырылады. Биодәретханалар орнатуға арналған алаңдар көліктердің жақындауына ыңғайлы, тегіс жер болуы керек.
      Ескерту. 6-тарау 107-11-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      107-12. Дәретханаларды жинау, санитарлық тазарту, дезинфекциялауды теңгерім ұстауды ластану шамасына қарай, бірақ күніне бір реттен кем емес жүргізеді. Биодәретханаларды тазалауды мамандандырылған ұйым теңгерім ұстаушымен шарт жасасу негізінде кестеге сәйкес аптасына бір реттен кем емес уақытта жүргізеді. Қыс уақытында биодәретханаларды мұздап қалуды болдырмау мақсатында арнайы реагенттермен өңдейді. Дәретханалардың шамадан тыс толуына жол берілмейді.
      Ескерту. 6-тарау 107-12-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      107-13. Дәретханаларды жабдықтау жауапкершілігі теңгерім ұстаушыға жүктеледі. Дәретханалардың техникалық талаптары дұрыс болуы керек. Дәретханаларды жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді теңгерім ұстаушымен жүргізеді.
      Ескерту. 6-тарау 107-13-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

Каталог: UserFiles -> new16
new16 -> Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы
new16 -> Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы «29» желтоқсандағы
new16 -> Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы желтоқсандағы
new16 -> Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының паспорт ы
new16 -> Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет