Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету Қағидалары


Ұсақ бөлшек сауда жасау үшін ұсақ базарларды уақытша ұстауды, сондай-ақ жалпы пайдаланатын демалыс аймағын ұстауды белгілеу және ұстау



бет3/4
Дата17.07.2016
өлшемі320 Kb.
#206115
1   2   3   4

7. Ұсақ бөлшек сауда жасау үшін ұсақ базарларды
уақытша ұстауды, сондай-ақ жалпы пайдаланатын
демалыс аймағын ұстауды белгілеу және ұстау

      Ескерту. 6-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды - Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 214/28-ІІІ шешімімен.

      108. Тұрғын-жай құрылысы аумақтары, қоғамдық аумақтар, саяжолдар, көшелер, желекжолдар, саябақтар, демалыс алаңдары шағын сәулеттік нысандармен: демалу орындарымен, көлеңкелейтін қалқалармен, гүлзарлармен, орындықтармен, қораптармен, бұрқақтармен, балалар ойнайтын, ересек адамдар демалатын құрылғылармен, қабырға газеттерімен, қоршаулармен, телефон будкаларымен (қалқалармен), автокөлік күтуге арналған павильондармен жабдықталады.

      109. Шағын сәулет нысандары тұрақты және жылжымалы болуы мүмкін; олардың саны мен орналасуы аумақтарды абаттандыру жобаларымен анықталады.

      110. Қоғамдық құрылыс аумағында, алаңдарға, көшелерге, тынымбақтар мен саябақтарға, жағалауларға арналған шағын сәулет нысандары жеке жобалар бойынша дайындалады.

      111. Жаңа құрылыс салу кезінде құрылыс жүргізіліп жатқан учаске шегінде шағын сәулет нысандарын жобалау, дайындау және орнату жұмыстары тапсырысшымен бекітілген жобалау-смета құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      111-1. Кондоминимумды басқарушы орган немесе басқа тұрғын үйді басқару органы ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталғаннан соң одан әрі ағымдағы ұстауды жүзеге асырады, сондай-ақ көктемгі-жазғы кезеңде жыл сайынғы кір жаятын және спорт алаңдарын, кіші сәулет нысандарын (орындықтар, урналар) жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
      Ескерту. 7-тарау 111-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      111-2. Балалар ойынына арналған құм алаңдарды 15 сәуірден  15 қазанға дейінгі аралықта айына бір реттен артық жаңа құммен толтырып отыру қажет.


      Ескерту. 7-тарау 111-2-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      112. Шағын сәулет нысандарының сындарлы шешімдері олардың орнықтылығын, қолдану қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.

      113. Заңды және жеке тұлғалар - шағын сәулет нысандарының иелері өз есебінен оларды ауыстыру, жөндеу және бояу жұмыстарын жүргізуге тиісті.
      Ескерту. 113-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

8. Ақылы автотұрақтарды және гараж кооперативтерін
орнату және абаттандыру

      114. Жеке меншік иелерінің жеңіл автомашиналарының гараждарын, күзетілетін ашық автотұрақтардың, автокөліктің уақытша тұрақтарын (ақылы және ақысыз) орналастыру қолданыстағы экологиялық, санитарлық және қала құрылысы нормаларымен және ережелерімен, белгіленген тәртіпте әзірленген және келісілген жобалау құжаттарына сәйкес орындалады.

      115. Ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер, сауда мен қоғамдық тамақтану объектілері, демалу орындары мен бұқаралық орындар келушілер үшін ақысыз аялдатулармен жабдықталуы қажет.

      116. Жеке меншік иелерінің гараждары, гараж кооперативтеріне бірігеді (серіктестік). Гараж кооперативтерінің аумағын абаттандыру және оларды күтіп ұстау кооперативтердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      117. Жеңіл автокөліктерінің ашық ақылы тұрақтарын тұрғын-жай мен қоғамдық құрылыстарға дейін санитарлық аралықты сақтап орнату қажет. Автотұрақтардың қатты төсемі, қоршауы, күзетуге арналған жайы мен сыртқы жарығы болуы қажет. Автомобильдерді қоятын орындардың үстіне жеңіл құрылымдардан қалқандар салуға жол беріледі.

      118. Иелері өздеріне бекітіліп берілген және автотұрақтарға, гараждарға, гараждардың шатырларына іргелес жатқан аумақтарда санитарлық тазалық пен өртке қарсы шараларды қалыпты сақтап тұруы қажет.


      Ескерту. 118-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      118-1. Әрбір иегер өзінің көлік құралын, оның ішінде өзіне тиесілі аумаққа немесе сол үшін арнайы бөлінген орынға (гараждар, автотұрақтар, техникалық қызмет көрсету станциялары) көшіруге жарамсыз көлік құралын сақтауға құқылы (паркинг, айлақтар).


      Көлік құралын иегерлері өз беттерінше көлік құралын паркингтерде, автотұрақтарда, гараждарда жерлерде тиісті сақтау бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
      Ескерту. 8-тарау 118-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      118-2. Астана қаласының аумағындағы иесіз деп танылған және (немесе) меншік иелері жоқ көлік құралын жергілікті атқарушы органның шешімімен құрылған арнайы коммуналдық тұраққа көшірілуге жатады.
      Ескерту. 8-тарау 118-2-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      118-3. Көлік құралының арнайы коммуналдық тұрағын жабдықтау және пайдалану уәкілетті органмен жүзеге асырылады. Тасталған және (немесе) меншік иелері жоқ көлік құралын шығару жөніндегі жұмыстарды Астана қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары ұйымдастырады.
      Ескерту. 8-тарау 118-3-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      118-4. Меншік иелері жоқ, тасталған, және/немесе шашылған көлік құралдары мамандандарылған кәсіпорындармен (тасталған көлікті шығару жөніндегі қызмет көрсететін және оның сақталуына жауап беретін жеткізуші) арнайы коммуналдық қорғалатын тұраққа көшіріледі. Сондай – ақ, келесі белгілердің әрбіреуіне сәйкес келетін көлік құралдары көшірілуге жатады:
      қалыпты көшіруге мүмкіндік жоқ шашылған күйде болып табылатын көлік құралын;
      30 күннен аса жылжымайтын жағдайда тұрған;
      кәсіби міндеттерін тікелей орындауға байланысты жедел және арнайы қызметтерге өз жұмыстарын орындау барысында орамішілік аумақтарға өту үшін бөгет жасайтын;
      жол қозғалысына және жинау техникаларының жұмысына бөгет жасайтын;
      гүлзарларда, балалар және спорт алаңдарында орналасқан;
      қалалық коммуникациялық, орманды аймақтарда орналасқан;
      авариялық - жөндеу жұмыстарына, газтаратушы қондырғыларды толтыру, контейнерлік алаңдардан коммуналдық қалдықтарды жинау және өзге коммуналдық қызметтерді жүзеге асыратын қызметтерге кедергі келтіретін.
      Ескерту. 8-тарау 118-4-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      118-5. Жол қозғалысы (өзен кеме қатынасы) саласындағы құзыретті уәкілетті органдармен тұрғындар өтініштері. Астана қаласы Ішкі істері департаментінің ұсынымы, пайдаланушы, коммуналдық және жол қызметтері қызметкерлерінің өтініштері және көлік құралын меншік иелерінің жеке өтініштері негізінде иесіз, тасталған және/немесе шашылған болып табылатын және көшіруге жататын көлік құралын есепке алу жөніндегі шараларды жүргізіледі.
      Ескерту. 8-тарау 118-5-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      118-6. Жол қозғалысы (өзен кеме қатынасы) салаларындағы құзыретті уәкілетті органдар көлік құралын үш санатқа бөлінген картотекасы есепке алып, құрастырады:
      сөзсіз көшірілуге жататын көлік құралын;
      иегері анықталуы мүмкін көлік құралын;
      30 күн бойы қозғалыссыз тұрған көлік құралын.
      Ескерту. 8-тарау 118-6-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      118-7. Аудан аумағында тасталған және/немесе шашылған көлік құралдарының табылуы туралы ақпарат алынғаннан кейін аудандар әкімдерінің аппараттарының сұранымдары бойынша Астана қаласы Ішкі істері департаменті органдары және жол қозғалысы (ауыл шаруашылығы немесе өзен кеме қатынасы) саласындағы құзіретті уәкілетті органдармен оларды идентификациялау, олардың меншік иелеріне оларды тіркеу және тұру орындарын белгілеу шаралары қабылданады.
      Ескерту. 8-тарау 118-7-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      118-8. Көлік құралының иегері анықталған жағдайда құзіретті уәкілетті орган оған 5 күнтізбелік күн ішінде өз күшімен және өз қаражаты есебінен көлік құралын қайта өңдеу орнына немесе басқа да жол берілетін орынға көшіру қажеттігі туралы жазбаша хабарламаны жібереді.
      Қажетті шараларды қабылдамаған жағдайда меншік иесіне әкімшілік әсер ету қолданылады, ал көлік құралы мәжбүрлі көшірілуге жатады.
      Ескерту. 8-тарау 118-8-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      118-9. Көлік құралын иегерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, барлық қажетті шаралар қабылдағаннан соң мамандандырылған кәсіпорын көлік құралын тасталған және/немесе шашылған күйде тауып алғандығы және мәжбүрлі көшіру қажетті туралы акт құрастырады. Аталған актіге көлік құралын техникалық жағдай туралы визуалды анықталған мәлімет және оның жиынтығы, сондай-ақ қолда идентификациялық мәліметтердің: шанақ, шасси, қозғалтқыш нөмірлері, мемлекеттік тіркеу белгісінің нөмірі және олардың саны енгізіледі.
      Бұл акт құрамына Астана қаласы ішкі істер департаментінің инспекторы;
      құзыретті уәкілетті органның өкілі;
      аудан әкімі аппаратының өкілі кіретін комиссиямен қол қойылады.
      Ескерту. 8-тарау 118-9-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      118-10. Құрастырлыған акт негізінде мамандандырылған кәсіпорын құзыретті уәкілетті органдармен келісілетін және аталған жұмыстарды орындауға арналған тапсырма болып табылатын иесіз, тасталған, және/немесе шашылған көлік құралын көшіру жөніндегі жұмыстарды орындауға жалпы тапсырма құрастырады.
      Ескерту. 8-тарау 118-10-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      118-11. Көлік құралын арнайы коммуналдық қорғалатын тұраққа көшірілгеннен кейін мамандандырылған кәсіпорын оның құнын бағалауды ұйымдастырады.
      Көлік құралын иегеріне (ол анықталған жағдайда) оған тиесілі көлік құралын өндірістік мәжбүрлі бас тарта туралы қайталама хабарлама жіберіледі:
      көшіру себебінің негіздемесі;
      көлік құралын қазіргі сәттегі орналасқан жері;
      көрсетілген мерзім өткеннен кейін көлік құралын қайта өңдеу мүмкіндігі туралы ескерту.
      Арнайы коммуналдық қорғалатын тұрақта оны иесіз деп тану рәсіміне дейін көлік құралын сақтау мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайды.
      Ескерту. 8-тарау 118-11-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      118-12. Аудандар әкімдерінің аппараттары жергілікті баспа және электронды басылымдарда көшірілген көлік құралдары туралы ай сайын жариялауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 8-тарау 118-12-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      118-13. Мәжбүрлі көшірілген көлік құралдарын есепке алу тексеру актілері негізінде арнайы мекемемен жүргізіледі.
      Ескерту. 8-тарау 118-13-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      118-14. Көшірілген көлік құралдарына меншік құқығын талап еткен жағдайда көлік құралы құқық белгілеушіге (оның меншік иесіне) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті органның белгіленген тарифі мен бағалауына немесе сот шешімі бойынша басқа да талаптарға сәйкес дайындау жұмыстарына байланысты шығындарды қосқанда, көшірілу және сақтау шығындарының құны толық төленгеннен соң қайтарылады.
      Ескерту. 8-тарау 118-14-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      118-15. Мамандандырылған кәсіпорын соттың көшірілген көлік құралын иесіз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оны іске асыру немесе жою туралы шешім қабылдайды.
      Ескерту. 8-тарау 118-15-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      118-16. Көлік құралдарын мемлекет меншігіне айналдыру және мамандандырылған кәсіпорын қабылдаған шешім (іске асыру немесе жою) туралы ақпарат береді:
      аудандар әкімдерінің аппараттарына;
      сот органдарының шешімдерін ескеріп көлік құралдарын шығару үшін жол қозғалысы (өзен кеме қатынасы) саласындағы құзіретті уәкілетті органдарға.
      Ескерту. 8-тарау 118-16-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      118-17. Тұрақтарды көшіру, қайта өңдеу және жабдықтау жөніндегі жұмыстарды орындаушы кәсіпорындардың шығындары тасталған көлік құралдарын іске асыру және коммуналдық тұрақтарды ұстауға бөлінетін бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
      Ескерту. 8-тарау 118-17-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

9. Құрылыс алаңдары мен учаскелерді күтіп ұстау

      Ескерту. 9 тарау жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2007.05.24 N 380/47-ІІІ шешімімен.



       119. Бөлінген учаскеде құрылыс қызметі басталғанға дейін (жаңа құрылыс, қайта жаңарту, жөндеу, құрылыстарды бұзу) құрылыс салушы (объектіні жөндеу, қайта жаңарту кезінде меншік иесі), құрылысты ұйымдастыру жобасына, құрылыстың бас жобасына сәйкес құрылыс алаңын, жұмыс учаскелерін жайғастыруды жүргізеді;
      объектілерді кейіннен кәдеге жарату (бұзу) бойынша жұмыстарын өткізу кезінде, бұзу жөніндегі қажетті техникалық шешімдерге немесе ғимараттарды бұзу жобасына сәйкес жүргізеді.
      120. Құрылыс салушы, объектінің иесі құрылыс алаңын (бұзуға жататын учаскеде) абаттандыру үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органында дайындық жұмыстарын жүргізуге рұқсатын алады.
      Объектілерді бұзуға рұқсат алу үшін, құрылыс салушы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органына, берілген учаскенің бөліп берілгендігі туралы шешімін, бұзу немесе бұзу жобасы бойынша техникалық шешімін, құрылыс қоқысын, қалдықтарын, шығару мен кәдеге жарату жөніндегі шешімдерін (келісім-шарттар), бұзуға жататын объектілерден инженерлік желілерді сөндіріп тастау жөніндегі растауын, тиісті мемлекеттік органдармен (сәулет, тұрғын үй, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары, аудан әкімі аппараты және басқалары келісімі бойынша) келісімін ұсынуы тиіс.
      Құрылыс алаңы (бұзуға жататын учаскеде) келесі талаптардың орындалуымен, тиісті нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес абаттандырылуы тиіс:
      1) құрылыс алаңы барлық периметрі бойынша бөтен тұлғалардың кіруіне жол бермейтін және іргелес жатқан аумақтарға қоқысты шығаруды болдырмайтын қоршаумен қоршалынады;
      адамдардың көптеп өтетін жерлерінде қоршауға жаппай қорғау қалқанын орнатуды қамтамасыз ету тиіс;
      2) қоршауды металдан жасалған профильденген беттерден немесе қоршауға арналған темірбетон қабырғаларынан дайындалуы тиіс;
      3) қоршаудың құрылымдары көлденең және тіке бағыттарда қатты түрде бекітіліп, реттелуі, сырлануы және мұнтаздай: кірден тазартылып, жуылып, ешбір ойықсыз, зақымдалған учаскесіз, бөтен хабарландыру мен жазуларсыз болуы тиіс;
      4) қоршаудың биіктігі жер бедерінен үш метрден кем болмауы тиіс, төменгі бөлімінде саңылаулары болмауы тиіс;
      жеке шыға беріске немесе салынып жатқан құрылысқа шағын қосымша құрылыс салу кезінде, биіктігі екі метр қоршау құрылғысын орналастыру рұқсат етіледі;
      5) қақпа немесе шлагбаумды орнатумен құрылыс алаңынан болмашы көшелеріне шығатын минималды жолдардың саны көзделеді;
      6) шығатын жолдарда ақпараттық қалқандар орнатылады;
      7) жарық бүкіл қоршау периметрі бойынша болуы керек, адамдар көптеп өтетін жерде жарық бүкіл қоршау периметрі бойынша екі жақтан түсуге тиіс;
      8) құрылыс алаңдарына ішкі алаң жолдары мен кіреберіс жолдары бас құрылыс жоспарына сәйкес абаттандырылған және төсем болуы керек және асфальтталған қаланың өту жолдарына қосылуы қамтамасыз етілуі тиіс;
      9) шығатын жолдарда көлік құралдарының дөңгелектерді жуу (тазалау) пункттері жабдықталады;
      10) құрылыс алаңдарындағы аумақты тазалық пен тәртіпте ұстаудың, абаттандырылуды және іргелес жатқан құрылысқа теріс ықпал етуді болдырмау, үстірттік және жер асты сулардың бұрылуын ұйымдастыруды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар көзделеді;
      құрылыс және тұрмыс қоқысын жинау мақсатында контейнерлер, жинаушы-бункерлер орнатылып, қоқысты уақытында шығаруды ұйымдастыру қажет; құрылыс алаңына (бұзуға жататын учаскеде) іргелес жатқан аумақта ұқыпты түрде күтіліп, мезгілді жинастырылуы тиіс;
      11) құрылыс алаңынан тыс құрылыс материалдарды, қоқымды (синтетикалық қабыршықтар, үгінділер, перделер, жоңқалар, буып-түйетін материалдар және тағыда басқалары) шығаруды болдырмайтын шаралар көзделуі тиіс;
      12) жабық лотоктар мен жинаушы-бункерлерді қолдануынсыз объектілер қабаттарынан қоқыстар мен қалдықтарды тастауға тиым салынады;
      13) ғимараттардың қасбеттерінде жұмыс істеу барысында, арнайы осындай мақсатпен көзделген және сапасы бойынша сәндік, беріктік және өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін торлардан жасалған тор көзді қоршау болуы тиіс;
      14) торлардан жасалған қоршау осындай мақсаттары үшін жасалған ғимараттың қасбеттер бекіткіштеріне немесе орнатылған мінбесатылардың үстіне жабылады;
      торлар тұрақты тұру үшін созылып, үстіңгі қабат бойынша бекітіледі;
      торлар қисайып, созылып кетпеуі тиіс;
      15) қажеттіліктер туындаған кезде, жаяужолды, жаяу жүретін галереяларды, төсемдерді, таяныштарды, айналма және уақытша жолдарды аббатандыру мен олардың ұқыпты түрде ұсталуы қамтамасыз етіледі;
      16) бұзуға жататын учаскелерде құрылыстарды бұзу, алаңды дайындау шараларын іске асырған соң ғана бастауға болады;
      17) құрылысты бұзу жұмыстарын, ғимарат элементтерінің қирауын болдырмау мақсатында, жоғарғы құрылымдардан бастау қажет.
      Ескерту. 120-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
       121. Барлық материалдар мен топырақ тек қоршалған аумақ шеңберінде ғана болады;
      шығарылған топырақ (құнарлыдан басқасы), бұзылғанның қалдықтары мен қоқыс, қатты тұрмыс қалдықтары полигонына шығарылуы тиіс, "Алматы" аудандары Есіл
      және "Сарыарқа" аудандары әкімдерінің келісімдері бойынша топырақ басқа учаскелерге шығарылуы мүмкін;
      қоршалған аумақтан тыс материалдарды, қоқыстарды қоймалауға, көліктің тиелуіне және тұрақтануына, механизмдер мен құрылыс техникаларын орнатуына рұқсат етілмейді.
       Ескерту. 121-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
      122. Мұзды, қарды, құрылыс қоқыстарды уақытында ұйымдастырып шығару үшін құрылыс салушы немесе мердігер құрылыс алаңын жайластыруға рұқсаттама алған кезде, осы жұмыстар түріне лицензиясы бар арнайы кәсіпорындармен келісімшартқа отырады.
      123. Құрылыс салушымен құрылыстық және тұрмыстық қоқысты уақытылы шығарылуы қамтамасыз етіледі.
      123-1. Салушы немесе мердігер арнаулы орында немесе құрылыс алаңдарында құрылыс қалдықтарын басқа қалдық түрлерінен тікелей бөліп алуды ұйымдастыруы тиіс, сондай-ақ қоқыс тастайтын жерлерде және полигондарда құрылыс қоқыстарын басқа қалдықтармен араластыруға жол бермеу.
       Ескерту. 123-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.
      124. Құрылыс (бұзу) аяқталғаннан кейін, құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақтың бұзылған абаттандыруын қалпына келтіру, сондай-ақ уақытша жүруге, жолаушылардың өту жолы, уақытша ғимараттар мен материалдарды қоймалау үшін, инженерлік желілерді төсеу және тағыда басқа пайдаланған аймақтарды құрылыс салушы қалпына келтіруі тиіс.

10. Қала аумағындағы жол төсемдерін, жаяу жүргіншілер
жолдарын, гүлзарларды және басқа да объектілердің, қалалық
шаруашылық элементтерінің бұзылуына әкеліп соғуына және қала
аумағын ашуға байланысты жұмыстарды жүргізу, инженерлік
желілерді, құрылымдарды және коммуникацияларды күтіп ұстау
тәртібі

      Ескерту. 10-тараудың атауы жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.11 N 440/59-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.



      125. Жол төсемдерінің, жаяу жүргіншілер жолдарын, гүлзарлардың және басқа қала аумақтарында шаруашылық жүргізу элементтерінің бұзылуына әкеліп соғуына және қала аумағын ашуға байланысты жұмыстарды (бұдан әрі-Жұмыстар) жүргізетін барлық заңды және жеке тұлғалар Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы органынан жұмыстарды жүргізуге рұқсат алуға міндетті.
      Жұмыстар Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидаларында  (2011 жылғы 3 наурыздағы № 432/58-IV Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 15 сәуірдегі № 671 тіркелген) көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізілуі тиіс.
      Ескерту. 125-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.11 N 440/59-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен, өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      125-1. Рұқсатты алу үшін өтініш иесіне - рұқсат алушы тұлға (тапсырыс беруші немесе мердігерге, шартпен қарастырылған жағдайда) осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша өтінішті толтыру қажет.
      Ескерту. 10-тарау 125-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.11 N 440/59-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      125-2. Қала аумағын ашуға рұқсат осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес ресімделеді және өтініш берілгеннен кейін үш жұмыс күн аралығында осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес беріледі.
      Ескерту. 10-тарау 125-2-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.11 N 440/59-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен, жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      125-3. Рұқсат алушы инженерлік желілердің қорғау аймағында жұмыс жүргізуге келісу барысында болжанған жұмысты бастағанға дейін үш жұмыс күнінен бұрын, тізілімі сәулет және қала құрылысы органында жобаларды немесе атқарушылық түсіруді келісу барысында анықталған инженерлік коммуникациялардың, ұйымдарының өкілдерін жұмыс орнына шақырады, олармен бірлесіп қолданыстағы желілердің және құрылымдардың нақты орналасқан жерін белгілеу және оларды толық сақтау бойынша шаралар қолданады.
      Инженерлік коммуникациялардың пайдаланушы ұйымдары желілер мен құрылғылар болмаған жағдайда жазбаша ескертуі тиіс.
      Пайдаланушы ұйымның немесе мүдделі тұлғаның өкілі аталған іс-шараларды өткізуді рұқсат алушының рұқсат алуға берілген өтінімінде өзінің қол қоюы арқылы растайды.
      Ескерту. 10-тарау 125-3-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.11 N 440/59-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      125-4. Қала аумағын ашуға берілген рұқсатта жұмыс жүргізу мерзімі, объективті негіздеме ұсынылу барысында ұзарту мерзімі, жұмыс жүргізу талаптары көрсетіледі.
      Ескерту. 10-тарау 125-4-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.11 N 440/59-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      125-5. Жұмыс жүргізу учаскесінде абаттандыруды қалпына келтіру рұқсатта көрсетілген мерзімде жүргізіледі.
      Учаскілерді қабылдау туралы ақпаратты рұқсатты алушы осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген нысанға сәйкес Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы органына ұсынады.
      Ескерту. 10-тарау 125-5-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.11 N 440/59-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен, өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
       126. Шаруашылығында инженерлік коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар, қаланың көркін бұзуға әкеліп соғатын инженерлік желілер мен орын-жайлардың техникалық жағдайын әрдайым қарап отыруы қажет, атап айтқанда:
      аумақты су басуына және мұздың пайда болуына жол бермеу, берілген және қорғалатын аймақтардың санитарлық тазалығын бақылау, люктердің қақпақтары, құдықтар мен камералардың жабындылары, нөсерлік кәріздердің торлары қатты төсеммен бір деңгейде болуы және түзу қалыпта ұсталуы, құрастыру Ережелерін сақтамаған жағдайда бұзылып қалуы мүмкін жер асты желілерінің бетіндегі қатты немесе жер топырағының қалпын, қайта жабылуы мен қолданылуын бақылауға, жерүсті инженерлік коммуникацияларына, құрастырмалар мен құрылғыларға уақытында жөндеу, тазарту және сырлау жұмыстарын жүргізуге.

      127. Жер бетінің қатты қабатына күрделі жөндеу немесе жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде инженерлік желілердің құдығының люктерін керекті өлшемдерге жеткізу жұмыстары жөндеу жұмыстарының тапсырысшысы есебінен орындалады.

      128. Қала аумақтарынан жер үсті және жер асты суларын әкетуге арналған арықтарды, құбырлар мен сорғытқыларды жинау мен тазарту, нөсерлік кәріздердің коллекторларын, жауынқабылдағыштар құдықтарын тазарту жұмыстары пайдаланушы кәсіпорындармен; аула аумақтарында - пәтер иелері кооперативтерімен; жеке меншік учаскелерде және кәсіпорын аумақтарында - аумақтық иелерімен жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет