Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету Қағидалары


Тұрғын жай орамдары мен шағын аудандарды абаттандыру



бет4/4
Дата17.07.2016
өлшемі320 Kb.
#206115
1   2   3   4

11. Тұрғын жай орамдары мен шағын аудандарды
абаттандыру

      129. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын жай аймақтары: қоқыс контейнерлерін қоятын, кір кептіретін, демалатын, балалардың ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын қыдыртатын, автотұрақ, аялдату, жасыл аймақ үшін алаңшалармен жабдықталады.

      130. Алаңшалардың саны, орналасуы мен жабдықталуы құрылыс және санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиіс, Сәулет және қала құрылысы, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармаларымен келісілуі керек.
       Ескерту. 130-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2008.12.18 N 168/28-IV (осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді) Шешімімен.

      131. Тұрғын жай орамдары, шағын аудандар аумақтарында, сондай-ақ аула маңы аумақтарында мына тәртіп сақталуға міндетті:


      көтермелердің, жаяужолдардың, жүргіншілер жолының, орамішілік кіреберістері мен жолдарының төсемдерін қалыпты жағдайда ұстауға;
      аулаларға өздігінен түрлі шаруашылық немесе қосалқы құрылыс (гараждар және басқа) салуға жол бермеуге;
      өзінің балансындағы (шаруашылық жүргізуші немесе жедел басқару) инженерлік желілерді қалыпты жағдайда ұстауға, құдықтарды уақытында қарап, тазартуға;
      шағын сәулет нысандарын, спорттық, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтауға.

      131-1. Астана қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары мектеп аумақтарын абаттандыруды жүзеге асырады. Мектеп аумақтарын абаттандыру жөніндегі шығыстар тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша бекітілген қаражат шегінде жүзеге асырылады.


      Ескерту. 11-тарау 131-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы Мәслихатының 2010.05.28 N 356/48-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      132. Аулаішілік аумақта:


      1) апатты жағдайларды жою жұмыстарынан басқа, сағат 23-тен сағат 6-ға дейін, тыныштық пен тәртіпті бұзатын жұмыстарды жүргізуге;
      2) аулаішілік және ішкіорам аумағындағы жасыл аймаққа, балалар алаңшасына, жүргіншілер жолына қызметтік және жеке меншік автокөлікпен кіруге, қоюға;
      3) көлік құралдарын қоюға және аялдатуға арнайы бөлінбеген және белгілермен белгіленбеген орындарға қоюға тыйым салынады;
      4) орамішілік өту жолдарына және жолдарға, жиекжолдарға шлагбаумдар (металл қоршаулары, бетон блоктарымен және басқа да заттармен) орнату арқылы қозғалысты шектеуге тыйым салынады.
      Ескерту. 132-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы Мәслихатының 2010.05.28 N 356/48-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімдерімен.

12. Апатты жұмыстарды жүргізу

      133. Пайдалану кезінде немесе жерасты және жерүсті коммуникацияларында құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде пайда болатын апаттар, олардың дұрыс жұмыс жасауына немесе азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп тудыруға әкеліп соғатын, су объектілерінің ластануы төтенше жағдай болып табылады және олардың қалыпты жұмысын аз мерзімде орындау шараларын талап етеді.

      134. Апат туындаған жағдайда инженерлік коммуникациялар мен құрылғылардың иесі, пайдаланушы ұйым апатты және оның салдарын жоюдың жедел шараларын жасауға тиісті. Бұл жағдайда мыналар қамтамасыз етілуі тиіс: адамдар мен көлік қозғалысының қауіпсіздігі, сондай-ақ қатар орналасқан жерасты және жерүсті орын-жайларының, инфрақұрылым объектілерінің, жасыл отырғызғылардың сақталуы.
      Ескерту. 134-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      135. Апаттық бригаданы апат орнына жіберумен қатар пайдаланушы ұйым телефонограмма арқылы апаттың сипаты мен орны жайында, осы апат ауданында жерасты және жерүсті құрылғылары бар ұйымдарға, қоғамдық жолаушылар көлігі қызметіне, Жол полициясы басқармасына, Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы органына және басқа да мүдделі қызметтерге хабарлайды.


      Ескерту: 135-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2007.05.24 N 380/47-ІІІ , 2008.03.28 N 59/10-ІV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімдерімен.

      136. Аймағында коммуникациялары бар ұйымдар, телефонограмманы алғаннан кейін апат орнына өздерінің орындалған сызбаларымен бірге уәкілдерін жіберулері керек, ол осы жердегі орналасқан мекемеге қарасты құрылғылар мен коммуникацияларды көрсетуі керек.

      137. Апат маңайында материалдарын немесе басқа бағалы заттарын сақтаушы қожайындар, апат жұмыстарының басшысының бірінші талабы бойынша учаскені босатуға тиісті.
      Ескерту. 137-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      138. Егер де апатты жою жұмыстары жолдың толық және жартылай жабылуын қажет еткен жағдайда, Жол полициясы басқармасы жолдың уақытша жабылуы туралы, көліктің айналып жүру бағыты және зақымдалған желілердің қожайындарымен бірге зақымның жою мерзімін бекіту жөнінде жедел шешім қабылдайды.

      139. Апат жұмыстары жүргізілетін орын қалқандармен немесе белгіленген үлгідегі апаттық жарық құрылғысы және үлкен қызыл түсті шамдары бар қорғандармен қоршалады. Көшенің (магистральдың) жол жағына Жол полициясы басқармасының келісімімен қажетті жол белгілері орнатылады. Жұмыстардың толық аяқталғанына дейін, апатты жою жұмыстарын жауап беруші тұлғалар апаттық жарықтандыру, қоршау (қалқан) орнату, жол белгілерінің қойылу жұмыстарына жауапты.

      140. Апаттың салдарын жою және аумақтың абаттандырылуын қалпына келтіру үшін, апат болған күннен бір тәуліктен асырмай, жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуы қажет.


      Ескерту. 140-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      141. Бұзылған жол төсемдері мен басқа да абаттандыру элементтерін қалпына келтіру жұмыстары осы кәсіпорынмен апатты жұмыстар аяқталғаннан кейін тез арада жасалады.

      142. Апатты, жоспарлы жұмыстарды жүргізуге қатаң түрде жол берілмейді.
      Ескерту. 142-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

13. Ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін
күтіп ұстау

      143. Балансында ғимараттары мен орын-жайлары бар кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен орын-жайлардың қожалары аталған объектілердің және олардың жекелеген элементтеріне (балкон, лоджий, сарқынды су құбырлары және басқалары) жаңғырту, жөндеу және қасбеттерін сырлау жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қасбеттерінде орнатылған ақпаратты тақтайшалардың, ескерткіш тақталарының таза және қалыпты жағдайда ұстауы керек.

      144. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттері мен құрастыру элементтерін қайта жабдықтауға жол берілмейді.
      Ескерту. 144-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      145. Шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқаруындағы ғимараттары, және орын-жайлары бар жеке меншік иелері мен заңды тұлғалар, ғимараттарды, құрылыстарды және құрылғыларды, басқа жер учаскелеріндегі жылжымайтын объектілерді қала құрылысы мен жобалау құжаттарына, қала құрылысы нормативтері мен ережелері, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және басқа арнайы нормаларға сәйкес, қалыпты жағдайда сақтау жұмыстарын жүргізуге, соның ішінде оларға жататын ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын өз есебінен немесе тартылған қаражат есебінен жүргізуі керек.

      145-1. Астана қаласының аумағында жарнамалық-ақпараттық объектілерді орнатуға берілген рұқсатынсыз, олар орналастырылатын жер учаскесінің, құрылымның, ғимараттың иегерінің келісімінсіз жарнамалық-ақпараттық объектілерді (билбордтар, плакаттар, стендтер, түсті таблодар, транспаранттар, афишалар, сілтемелер және басқа да сыртқы (визуалды) жарнамалық объектілер) орнатуға тыйым салынады.
      Ескерту. 13-тарау 145-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      145-2. Жарнамалық-ақпараттық объектілердің меншік иесі жарнама объектісінің техникалық жабдықталуын, пайдаланылуын және түстер иллюминацияның дұрыстығын қамтамасыз етуге, ақаулар анықталған кезде үсті мөрді ауыстыруға міндетті. Жоғарыда аталған рұқсаттың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан соң жарнамалық-ақпараттық объектілер 10 күнтізбелік күннің ішінде алынып тасталуы керек.


      Ескерту. 13-тарау 145-2-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      145-3. Жарнамалық-ақпараттық объектілерді алып тастау кезінде олардың иегерлері 10 күнтізбелік күннің ішінде аумақты абаттандыруды қалпына келтіру, ғимарат қасбеттерін жөндеу, жарнамалық-ақпараттық объектілерді пайдалану барысында туындаған ақауларды қалпына келтіру, бұрандаларды бұрауға міндетті.
      Ескерту. 13-тарау 145-3-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      145-4. Ғимараттарда, орын-жайларда, қоршауларда, ағаштарда, электрмен жабдықтау тіреулерінде, аялдама павильондарында және басқа да осы мақсаттарға бейім объектілерде қандай да бір жарнамалар және басқа да ақпараттар жапсыруға, ілуге және өзгеше тәсілдермен орналастыруға рұқсат етілмейді.
      Ескерту. 13-тарау 145-4-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      145-5. Жүргізуінде ғимарат мен орын-жайлары бар кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен орын-жайлардың иелері меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне және Астана қаласының әкімі бекіткен тұжырымдамаға сәйкес мемлекеттік маңызы бар іс-шараларға орай объектілерді рәсімдеу қажет.
      Ескерту. 13-тарау 145-5-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      146. Егер де заңды немесе жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқаруында жеке тұрғынсыз жайлар тұрмайтын немесе тұрғын ғимараттары болған жағдайда, осы тұлғалар ғимараттың алып тұрған ауданына қарай қасбетінің жөндеу, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге үлес қосуы керек. Ғимараттарға немесе орын-жайларға жоспарлы түрде жаппай жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде, үлестік қатынасы бар тұлғалар осы мақсаттарға бағытталатын қаражатты, сәйкесетін аудандармен қаражаттарын қосуларына болады.

      147. Ғимараттарды, орын-жайларды және құрылғыларды жалға алушылар, жалға алу шартына сәйкес, ғимараттардың және құрылғылардың қасбеттерін жөндеу, жаңарту, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге міндеттеме алады.

      148. Сәулет, тарих немесе мәдениет ескерткіштері болып табылатын, ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін жөндеу, жаңғырту және жаңарту жұмыстары Қазақстан Республикасының және Астана қаласының құқықтық актілерімен бекітілген, қорғау міндеттемелеріне сәйкес Ескерткіштерді қорғау басқармасымен және Сәулет және қала құрылысы департаментінің келісімімен орындалады.

      148-1. Астана қаласының коммуналдық меншігінде болып табылатын тарихи және мәдени ескерткіштерді күтіп ұстау Астана қаласы аудандары әкімдерінің тиісті бюджеттік бағдарламалары бойынша бекітілген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 13-тарау 148-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      149. Уәкілетті орган Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық департаменті ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын ұйымдастыру шараларын жыл сайын қабылданатын бюджеттік бағдарлама негізінде атқарады. Ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарының бағдарламасы Астана қаласының әкімдігімен бекітіледі.

      150. Ғимараттардың қасбеттерін сырлау жұмыстары Сәулет және қала құрылысы департаментімен берілетін колерлік төлқұжаттармен жүргізілуі мүмкін.
      151. Мыналарға рұқсат берілмейді:
      алдын ала сәулеттік бөліктердің қалпына келтірілмейінше ғимараттар мен орын-жайларға сырлау жұмыстарын жүргізуге;
      табиғи немесе жасанды тастармен қапталған, түсті әсемдік терразиттік және тас түрлі балшықпен сыланған қасбеттерді сырлауға.
      Ескерту. 151-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      151-1. Ғимараттар мен орын-жайлар, тұрғын үйлер Астана қаласының бас сәулетшісімен және Сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісілген сәулетті шамдармен жабдықталады. Сәулетті шамды жабдықтау аудандар әкімдерінің аппараттары бөлген бюджет қаражатты шеңберінде жүргізіледі, ал қалған жағдайларда ғимараттың теңгерім ұстаушысы жүргізеді.


      Ескерту. 13-тарау 151-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      151-2. Ғимараттың теңгерім ұстаушысы сәулетті шамға қызмет көрсетуге шарт жасасады. Жарықтандыру құралдары, сондай-ақ кронштейндер мен тіректер таза болуы керек. Сәулетті шамдардың күймеу пайызы 5 пайыздан асып кетуі рұқсат етілмейді. Сәулетті шамдардың қатардан шыққан элементтері пайдаланушы ұйымдармен 24 сағаттың ішінде ауыстырылуға жатады.


      Ескерту. 13-тарау 151-2-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

      151-3. Сәулетті шамдарды қосу мен сөндіру автономды түрде, жүргізіледі, әрбір объект жеке, қажетті жарықтандыру кестесіне сәйкес 30 минуттан аспайтын қадаммен жарықтандырылады. Сәулетті шам белгіленген тәртіпте тіркелген, электр энергиясын есептеу құралымен жабдықталады. Әрбір объект басқару қалқанымен жинақталады.


      Ескерту. 13-тарау 151-3-тармақпен толықтырылды - Астана қаласының мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

14. Сыртқы жарық пен бұрқақтарды күтіп ұстау

      152. Уәкілетті орган Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық департаменті бекіткен кестеге сәйкес көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын объектілердің сыртқы жарығын қосу табиғи жарықтың көлемінің азаюы кезінде кешкі күңгірт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі - таңғы күңгіртте 10 люкске дейін беріледі

      153. Алаңдардағы, магистральдардағы және көшелердегі, аула аумақтарындағы шамдардың жанбауы 5 пайыздан аспауы керек. Металл бағаналары, кронштейндер мен басқа сыртқы жарық құрылғылары мен қыстырма желілерінің элементтері тазалықта ұсталуы қажет, тот баспауы керек және қажет болу жағдайына қарай екі жылда бір рет пайдаланушы ұйыммен сырлануы (сырдың түсі Сәулет және қала құрылысы департаментімен келісіледі) тиіс.

      154. Пайдаланудан шыққан газды, күкіртті - ДРЛ, ДРИ, ДнаТ, люминисцетті шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы жайларда сақталып, одан әрі қайта өңделуі үшін арнайы кәсіпорындарға жеткізілуі қажет. Аталған шамдар түрлерін қалалық полигон аумағына шығаруға рұқсат берілмейді.


      Ескерту. 154-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      155. Жарық пен электрлі көліктердің байланыс желісінің құлап қалған бағаналарын шығару жұмысы негізгі магистральдарда кешіктірілмей баған иесімен жүргізіледі; сондай-ақ басқа аумақтардағы бұзылған бағаналар - тәулік ішінде.

      156. Бұрқақтардың жағдайы мен пайдаланылуына пайдаланушы ұйым жауап береді.
      Ескерту. 156-тармаққа жаңа редакцмяда - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      157. Бұрқақтарды қосу мерзімі, олардың жұмыс тәртібі, табақтарын жуу мен тазарту кестесі, техникалық үзілістері мен жұмысының тоқтатылуы Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық департаментімен белгіленеді.

      158. Бұрқақтардың жұмыс істеуі кезінде су бетін қоқыстардан тазарту жұмыстары күнделікті орындалады. Пайдаланушы ұйымдар бұрқақтарды сөндірген кезде де тазалығын сақтауға тиісті. Субұрқақтардың тостағандарын жуу және дезинфикциялау ай сайын жүргізіледі. Субұрқақтардың тостағандарында адамдар шомылып, жануарлар мен кір жууға рұқсат етілмейді.
      Ескерту. 158-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімдерімен.

15. Астана қаласы аумағында тазарту жұмыстарын ұйымдастыру,
абаттандыру, санитарлық ұстаудың күйіне бақылау

      Ескерту. 15-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      159. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, осы Қағидалардың сақталуын бақылау қоршаған ортаны қорғау, өртке қарсы, санитарлық және сәулет-құрылысын бақылау, ішкі істермен өз құзырлары шегінде жүргізіледі.

      160. Қаланың жалпы абаттандырылу жағдайын бақылау, комиссиялық аралау мен тексеріс жүргізу жағдайын реттеумен, мемлекеттік бақылау-қадағалау жұмыстарын уәкілетті орган жүргізеді.


      Ескерту. 160-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

        16. Қағиданы бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі

      Ескерту. 16-тарау алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 2009.11.06 N 271/39-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

Абаттандыру, санитарлық жабдықтау,


жинау жұмыстарын ұйымдастыру және
Астана қаласының аумағында   
тазалықты қамтамасыз ету қағидаларына
2004 жылғы 30 наурыздағы    
№ 28/6-III           
1- қосымша           

      Ескерту. 1-қосымшамен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.11 N 440/59-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен, жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.



Астана қаласының сәулет және қала құрылысы органына қала
аумағына ашуға және абаттандыруға байланысты жұмыстарды
жүргізуге рұқсат алуға арналған
ӨТІНІШ

      ________________________________________________________


                        (рұқсат қағазын алушы)
      Мекенжайы__________________________телефоны____________________
      СТН__________есеп-шоты_______________банк______________________
      ФАМ____________________________________________________________
      _______________________________________________________________
      ____________________жұмыс жүргізуге рұқсат беруіңізді сұраймын.
      Жұмыс түрі, көлемі_____________________________________________
      _______________________________________________________________
      Қазылған жапсардың түрі және алаңы_____________________________
Көлік жолдары (ш.м)__________________________________________________
      Жаяу жүргіншілер жолы (ш.м)____________________________________
Көгал алаңы(ш.м)_____________________________________________________
      Жұмыс учаскесі_________________________________________________
      ____________________________________________________орналасқан.
      Жұмыс жүргізілгеннен кейін учаскені қалпына келтіруге кепілдік беріледі.
      Жұмыс басталғанға дейін коммуникациялардың өтуін анықтау бойынша жұмыс жүргізу орнына инженерлік желілердің иелері шақырылды.
      Жұмыс жүргізу мерзімі:
      Басталуы_______________________________________________________
      Аяқталуы_______________________________________________________
      Тапсырыс беруші, мердігер туралы мәліметтер:
      _______________________________________________________________
      Мекенжайы___________________________телефон____________________
      СТН____________________есеп-шот _______ банк___________________
      ФАМ_____________________________
      «____»_________________20___ жыл
      Өтінішке қоса беріледі:
      ______________________________
      ______________________________
      ______________________________
      Жұмыс жүргізу рұқсатты беруді немесе бас тартуды сұраймын (керегін астын сызу қажет)
      - ұсынылған сенім хатқа сәйкес өкілге беру
      - поштамен жіберу

      М.О.                        Басшы ______________________

      Көшелерді жабуға, қозғалысты жартылай шектеуге, абаттандырылған аумақты ашуға, инженерлік желілердің өту орны ауданында жұмыс жүргізуге келісімді келесі бетінен қараңыз

      ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУГЕ КЕЛІСІМ (лауазымды тұлғаның мөрімен бекітіледі):


      1.Жұмыс учаскесі Астана қаласының сәулет және қала құрылысы органының бас маманымен тексерілді_______________________________
      ___________________________________«___» _________20____жыл
      2. Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасы (көлік жолындағы жұмыстар барысында)
      ___________________________________________________________
      ___________________________________«___» _________20____жыл
      3. Астана қаласының Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы (көшенің көлік жүру бөлігінде жұмыс жүргізу барысында)
      ___________________________________________________________
      ___________________________________«___» _________20____жыл
      4. Аталған аумақ қарамағындағы пәтерлер иелерінің кооративін, өндірістік кооперативін, басқа заңды немесе жеке тұлғаларды ескерту туралы белгі
      ___________________________________________________________
      ___________________________________________________________
      ___________________________________________________________
      ___________________________________________________________
      ___________________________________«___» _________20____жыл
      Инженерлік желілер қарамағындағы кәсіпорындар:
      5.1________________________________________________________
      ___________________________________«___» _________20____жыл
      5.2._______________________________________________________
      ___________________________________«___» _________20____жыл
      5.3._______________________________________________________
      ___________________________________«___» _________20____жыл
      5.4._______________________________________________________
      ___________________________________«___» _________20____жыл
      5.5._______________________________________________________
      ___________________________________«___» _________20____жыл

      Өтінімді Астана қаласының сәулет және қала құрылысы органының бас маманы берді ________________________«___» _________20____жыл


      Өтінімді Астана қаласының сәулет және қала құрылысы органының бас маманы қабылдады
      ___________________________________«___» _________20____жыл
      Рұқсат қағазы келесі себептермен берілмеді:_______________________________________________________
      ___________________________________________________________

Абаттандыру, санитарлық жабдықтау,


жинау жұмыстарын ұйымдастыру және
Астана қаласының аумағында   
тазалықты қамтамасыз ету қағидаларына
2004 жылғы 30 наурыздағы   
№ 28/6-III          
2-қосымша           

      Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.11 N 440/59-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен, жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

Астана қаласының сәулет және қала құрылысы органы

      ҚАЛА АУМАҒЫН АШУҒА БЕРІЛГЕН РҰҚСАТ ҚАҒАЗЫ №____


     ______________________________________________________
                       (рұқсат қағазын алушы)
      жұмыс жүргізуге рұқсат етіледі
      ___________________________________________________________
      учаскеде___________________________________________________
      ___________________________________________________________
      жабық тәсілмен (тесумен) немесе траншея қазу арқылы жүргізіледі.
      Жұмыстар мына шарттарды орындаумен жүргізіледі:
      ___________________________________________________________
      ___________________________________________________________
      ___________________________________________________________
      ___________________________________________________________
      Осы рұқсат қағазын және жобаны жұмыс орнында әрқашан ұстау қажет.
      Рұқсат қағазда айтылған шарттармен, к е л і с е м і н.
      Рұқсат қағазды алушы (өкілі)
      Қолы _____________________ «_____» _____________20____жыл
      Рұқсат қағазды алушының мекен-жайы_______ телефон _________
      Жұмыс жүргізуге рұқсат етілді 20 ____ жыл ___________бастап
                                    20 ____ жыл _______аралығында
      Астана қаласының сәулет және қала
      құрылысы органының бастығы __________________________

     Рұқсат қағазды берген ____________________________________


      Рұқсат қағазды ресімдеген _________________________________

      «___» _____________ 20____ жыл

Абаттандыру, санитарлық жабдықтау,
жинау жұмыстарын ұйымдастыру және
Астана қаласының аумағында    
тазалықты қамтамасыз ету қағидаларына
2004 жылғы 30 наурыздағы   
№ 28/6-III          
3-қосымша          

      Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2011.03.11 N 440/59-IV (алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

№ ______ рұқсат қағазына

ҚАЙТАРУ ТАЛОНЫ

      Жұмысты жүргізу мерзімі


      20___ жыл ___________ бастап 20___ жыл _________ аралығында
      Учаске қалпына келтірілді және қабылданды:
      ___________________________________________________________
      (аудан әкімдігінің уәкілетті маманы: Алматы, Сарыарқа, Есіл/ керегін астын сызыңыз /)
      ___________________________________________________________
      (көшенің көлік жүру бөлігіндегі жұмыс барысында – Астана қаласының Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының уәкілетті маманы)
      Қайтару талоны Астана қаласының сәулет және қала құрылысы органының бас маманымен қабылданды ______________________________
      Қолы _________________________ «   » ___________20___жыл
      Қайтару талоны қысқы абаттандыруды уақытша қалпына келтіру арқылы Астана қаласының сәулет және қала құрылысы органының бас маманымен қабылданды_____________________________________________
      Қолы _________________________ «   » __________20___жыл
      Жазба мөрмен расталады. Талон Астана қаласының сәулет және қала құрылысы органына рұқсат қағаз беру бөліміне бақылаудан алу және алынған рұқсат қағазын жабу үшін тапсырылады.

Абаттандыру, санитарлық жабдықтау,


жинау жұмыстарын ұйымдастыру және 
Астана қаласының аумағында     
тазалықты қамтамасыз ету қағидаларына
2004 жылғы 30 наурыздағы      
№ 28/6-III          
4-қосымша          

      Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2011.06.29 № 463/65-IV (алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.



Аумақты көріктендіру, жинау және ұстау
ТӨЛҚҰЖАТЫ

_______________________________________


(заңды тұлғаның атауы)
_______________________________________
(заңды орналасқан мекенжайы, телефоны)

      1. Басқарушының аты-жөні (телефон, СТН) ____________________


      ____________________________________________________________
      ____________________________________________________________
      2. ҚТҚ шығаруға шарт (№, күні) _____________________________
      ____________________________________________________________
      3. Қатты жабынның көлемі, м2 _______________________________
      4. Көгал алаңдардың көлемі, м2 _____________________________
      5. Ағаштар, тал-шіліктер саны, бр. _________________________
      ____________________________________________________________
      6. Кіші сәулет нысандарының саны, дана______________________
      7. Аула тазалаушылар (саны) немесе аймақты тазалауға шарт
      № __________________________________________________________
      Бұл паспортта көрсетілген ақпараттар өзгерген жағдайда, заңды тұлғаның жетекшісі ___________ ауданы әкімі аппаратын хабардар етуге және аймақты абаттандыру, жинау және таза ұстау туралы жаңартылған төлқұжат алуы тиіс.
      Қосымша: бекітілген аумақтың кестесі.

      М.О.                             __________________________


                                        (басшысы қолы, аты-жөні)

      «___» ____________ 20___жылы берілген.



      ______________ аудан әкімі __________          М.О.

                                   (қолы)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет