Абдикаримова М. Д. – магистрант Ғылыми жетекшісі: Амирова А. С



бет1/2
Дата29.11.2022
өлшемі80.5 Kb.
#465997
  1   2
статья Абдикаримова Мадина Даулетхановна


ӘӨЖ 372.8
Абдикаримова М.Д.магистрант
Ғылыми жетекшісі: Амирова А.С. – п.ғ.д., профессор
Орталық Азия инновациялық университеті, Шымкент қаласы, Қазақстан


ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

АННОТАЦИЯ


Способы применения методов совместного обучения в начальных классах
Ключевые слова: начальный класс, критическое мышление, новая технология, совместное обучение.

ABSTRACT
Ways of applying methods of co-education in primary school


Keywords: critical thinking, elementary grade, new technology, collaborative learning.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына жолдауында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру және әрбір адамға өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек делінген. Қазіргі қоғам өзінің іс–әрекетіне өзі басшылық жасап, шұғыл шешім қабылдай алатын тұлғаны қажет етеді. Ондай тұлғаларды оқытудың жаңа технологиялары нәтижесінде қалыптасатынын соңғы жылдардағы тәжірибелер көрсетіп отыр. Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақ-тастық, түсіністік, сыйластыққа негізделуі оқушының ізденушілігін дамыту - қазіргі оқыту жүйесінің бағыт алатын өзекті мәселелері. Жаңа педагогикалық технологиялар тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастыруды, әр түрлі жағдаяттарда нақты шешімдер қабылдай білуге үйретуді мақсат етеді десек, бұл педагогикалық ұстанымдар - білім беруді жаңартудың негізгі өзегі. Қазіргі даму кезеңдегі басты мәселелердің бірі – мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру. Осыған орай оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жаңа технологияларды іс-жүзіне енгізу өндірістік және әлеуметтік өмірге жаңа мазмұн кіргізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттер қойып, шеше білетін шығармашылық ақыл-ой қабілеті бар адамды қажет етеді. Мемлекеттің дамуына – ақыл-ой және шығармашылық әлеуметтің рөлі орасан зор. Осы орайда өзімнің атқарып жатқан жұмыстарыма нақтырақ тоқтала кетсем, сабағымда тек білім беруді ойластырып қоймай, балалардың жеке бастарының қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын ойластырамын. Шәкірттерімнің жазу мен ойлау қабілетін дамытуда алдымен көңіл-күйінің көтеріңкі болуына көңіл бөлемін. Оқушымен жақсы қарым-қатынаста, түсінушілік жағын есте ұстаймын. Менің балаға деген ықыласым, оқушының өз ісіне деген сенімін оятады.


Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: «Сабақ оқушылардың интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болу керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп оқушылар үшін рухани өмірді тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына, кітап-мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады» - деп айтқан екен. Олай болса, қызықты сабақтар – мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қол таңбасы, әдістемелік ізденісі, көтерілген белесі, абырой атағы, мақсат–мұраты. Бастауыш сыныптың әр сабағында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай түрлі ойын элементтерін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сабақты белгілі бір мақсатпен оқушының ойлау қабілетін дамытатындай етіп ұйымдастырамын. Сондықтан менің де бастауыш сынып мұғалімі ретінде алдыма қойған басты мақсатым - оқушылардың бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы сыни сыни ойлау дағдыларын дамыту.
«Қоғам неғұрлым танылған сайын, тек өзінің болашағына жақсы ықпал ететін дәстүрлерді ғана сақтап, оларды ұрпақтан-ұрпаққа берудегі жауапкершілігін соғұрлым танитын болады. Мектеп - осы мақсатқа жетудегі бірден-бір басты құрал». [Джон Дьюи, 2000]
Әлемдегі педагогика мен әдістеме саласындағы жаңалықтар бізге жат емес. Өзіндік іс-тәжірибемде алдыма қойған мақсатқа жету үшін, оқушыны қызықтыратын, оның жеке тұлғалық қабілетін арттырып, шығармашылық іс-әрекетін жүзеге асыруға пайдасы тиетін ең тиімді әдіс - тәсілдерді таңдап, оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыруды көздедім. Ең тиімдісін таңдағанда, басты назарда ұстағаным - оқушының өзіндік іс-әрекеті арқылы мақсатына жетуі. Қазіргі таңда мұғалім-ұйымдастырушы, бағыт беруші. Алыс және жақын шетелдік ғалымдар мен педагогтардың жаңашыл ізденістерімен танысып, білім беру технологияларының элементтерін өзіндік іс-тәжірибемде қолданып жүрмін. Солардың ішінде оқу үрдісінде оқушының ықтимал мүмкіндігінің толық іске асуына, тұлғаның жан-жақты жалпы дамуына бағытталған Л.В Занков, Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы». Сонымен қатар жеке тұлғаның іскерлік, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал етіп, мұғалім мен оқушының ортақ нәтижелі табыстарына жетелейтін жеті модульдерді әр сабағымда жүзеге асырып келемін. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Оқушылар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. Мектепте оқытуды ұйымдастыру сабақтар өткізу арқылы жүргізілсе, ол сабақты әрине жақсы дәрежеде көрсететін жаңа әдіс - тәсілдер болмақ. Оқудың дамуы барысында мұғалім қолдауының түрі мен деңгейі өзгеріп отырады, сонымен бірге түрткі болу, бағытталушылық дамудың тұжырымдамалық негіздерінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында түрленеді. Мұғалімнің оқушы жетістігіне деген жылы ықыласы да қолдаудың бір түрі болып табылады. Ал бұл жағдайлар іс-әрекеттер негізінде өзі-өзі реттеудің алғашқы қадамында тұрған оқушылар үшін өте қажет. Бала бойындағы ашылмай тұнып жатқан шығармашылық қабілеттерін дамытуда, олардың білімге деген қызығушылықтарын одан әрі жетілдіріп, сабақты толықтай меңгеруін қамтамасыз ету әр мұғалімнің қажырлы еңбегі мен шексіз ізденісін қажет етеді.
Оқу бағдарламаның басты ерекшелігі – оқушылар ынтымақтаса отырып, жұмыс істейді. Жалпы практикалық зерттеу жұмысымен айналысу кезеңінде жеті модульдің бірі — сыни тұрғысынан ойлау модульін таңдадым. Неге сыни ойлау табысты тіршілік әрекеті болып табылады? Себебі, бастауыш сынып оқушыларын оқытуда тиімді әдістерді пайдалану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын арттыруға, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын тыңдаушы ғана еді, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Бұл технология – оқу мен үйренуге арналған құрылғы. Сынып оқушылары топпен, жұппен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ең ұтымды жауапты тауып айтуға үйренеді. Топқа берілген сұраққа тынымсыз іздене отырып, әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеп, қорғай білуге мүмкіндік алады. Сондықтан СТО бағдарламасы қазіргі уақытта мұғалімдер қажет ететін басты технологиялардың бірі деп ойлаймын. Сыни тұрғысынан ойлау модульін мектепте қолдану маңызды рөл атқарады. Сыни тұрғысынан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік тәсіл. Сыни тұрғыдан ойлау модельі көңіл бөлуге тұрарлықтай, өйткені жобаның негізінде жатқан өзгеріс үлгісі түрлі мәдениеттің ішіндегі мыңдаған кластардағы шынай және ұзақ елеулі өзгерістің қозғаушы күші ретінде дәлелденіп отыр. Көптеген мектептерде өзгерістің тиімді үлгісінің жоқтығынан олар алға жылжи алмай келгенде сыни ойлау мұғалімдердің құндылығы мен оқушылардың рөлін өз тәжірибелерінде танытатын кәсіби даму процесі арқылы нағыз өзгеріс енгізеді. (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 44-бет) Ал сыни тұрғыдан ойлау сынып үшін маңыздылығы қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытады. Оқушылардың бойында бақылау, талдау, интерпретация, қорытынды жасау дағдылары қалыптасады, ізденушілік қабілеті артады, өзара талдайды, ынтымақтасқан түрде жұмыс жасай біледі, оқуға деген ынтасы артады. Мұғалімдердің және келешекте оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын дамыту көзқарасында өз пәнін оқыту жолдары, әдістері мен нысандары туралы кәсіби ойлауының қалыптасуына бағытталған курс ретінде қолға алынып отыр. Бұл бағдарламаның басты мақсаты стратегияларды үйретуге қарағанда, стратегиялардың сабағымызда қойылған мәселені нәтижелі шешу қажеттілігі. Сондай-ақ бұрынғыдай мұғалім түсіндірмейді, тек бағыт береді. Ал оқушы өзі ізденеді және сабақ үстінде тақырыпты бір — біріне түсіндіреді. Сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін бастауыш сынып балаларымен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл - балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті. Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды қарастырады. Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек. (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 47-бет) Оқыту жұмысы кезінде мұғалім алдына проблема қойып, оны шешудің мақсаты мен міндетін белгілейді. Сыни тұрғыдан ойлаудың құрылымын жасап және қай сатыда қандай әдістерді қолдану тиімділігін ойлана отырып жоспар жасайды. Қызығушылықты ояту сатысы оқушыларды қалай қызықтыруға болады деген сұраққа жауап беретіндей жоспар құрады. Мағынаны тану сатысы оқушының білімін қалыптастыру деңгейінде оны зерттеу, талдау, жауап табу үшін жеткілікті материалдар жинақтайды. Ой толғаныс жаңа алынған білімді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік алады. Мұғалімдер сабақтан кейін оқушылармен болған мәселелер мен сұрақтарды немесе сабақ жүйесінде кездесуі мүмкін болатын қиындықтарды анықтау үшін жиналады. Тынымсыз ізденіс, зерттеу, іс-әрекет өз нәтижесін бере бастайды. Үздіксіз әрекет, үзбей бірлесе оқу, ойлану, іздену, даму жақсы нәтиже береді. Қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс стратегиясы төмендегі әрекеттерді орындауға әрекеттейді.
- Ой әрекетін белсенді ету;- Талқылауға қатысу;
- Идеялар мен мәліметтерді біріктіру;
- Ойлаудың салдарын ойға түйіп, сол салдарды өз жауапкершілігіне алу;- Жеке
өзгерісті жігерлендіру;
- Алдын-ала қалыптасқан сенімдерге жаңа мәлімет тәрізді ой жүгірту;
- Түрлі пікірлерге құрметпен жауап қайыру;
- Өздерінің сұрақтарын қою;.
- Өз пікірлерін құрастырып білдіру;
- Сыни тұрғысынан және икемді ойлау;
(С.Мерсейтова. «Оқыту ізденіс ретінде» )
Өз сыныбымен сабақ барысында мына мақсатпен жұмыс жасадым. Сыни ойлаудың қандай түрлерін қолдануға болады? Сыни ойлау - өзідік ойлау. Сыни ойлау–сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.Сыни ойлау - әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Мысалы, «Венн диаграммасы» әдісін пайдалану кезінде салыстырып отырған құбылыстың ортақ және жеке ерекшелігін анықтап, белгілеп берді. Өтілген тақырып бойынша білімін өзектендірді. Топ ішінде өз ойларын айтып, сыни тұрғыда талдатады.
«Ассоциация» әдісін пайдаланғанда сызбаны көрнекілікпен көрсете отырып білімдерін ұсынды. Берілген тапсырма бойынша өзара түйіндеме жасай білді. «БҮҮ» сызба әдісі бойынша жұмыс жасағанда бұрынғы білімін жаңа білім-мен ұштастыра алды. Мәтінді өз бетінше түсіну процесін басқара алды. Мәтіндегі проблемаларға сұрақ қоя білді. Жауабын белгілеп, өзара тұжырым жасады. Мысалы, 1-сыныпта дүниетанудан жаңа сабақ бастамас бұрын әр топқа тұқымның пайда болу жолын жазуды тапсырдым. Әр топ осы тапсыр-маға сыни ойлай отырып, дайындалу тәсілін жазып, әр топтан 1 оқушы шығып түсіндіріп өтті. Осыдан кейін оқушылар бүгінгі сабақтың тұқым мен жеміске қатысты екенін мұғалім айтпай-ақ сыни ойлай отырып ұқты. «Галлереяға саяхат» әдісін қолдану кезінде берілген ақпарат бойынша өз елестетуін таныстыра білді. Өзгелердің пікірін тыңдады. Бір-біріне сұрақ қойып, ақпаратты тұжырымдады. Өзара талқылап, ақпарат жайлы түсінігін кеңейтті. Алған әсерін кескінге жазып, сынып қабырғасына ілді. Сыныптастары оны аралап оқып шығып, пікірін жазып кетті. Содан кейін топ болып қабырға газетіне жазылған пікірлерді талқылап, қорытынды жасады. Оқушылар тақырып бойынша өз өмірлеріне тікелей қатысы бар нақты проблемаларды айқындай білді. Оқушылар өздігінен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, талқыға салды, пікір алмасты, ой жарыстырды. Соңында әр оқушы өздерінің ойларын қорытындылап, рефлексия жазды.
Оқушылармен ой бөлісу өзге тұйық оқушылардың қатарластарымен біріге отырып тапсырманы тыңдай білуінің арқасында оның ең аз дегенде тіл байлығы артты, ой қоры кеңейді. Жаңа сабақ туралы өзіндік пікір қалыптасты. Оқушылар қызықты болжамдар тарқатуға белсене кірісіп, ой алмасуды қолдану арқылы идеяларды жақсы құра білді. Ал топпен жұмыс кезінде сабақ тартымды өтті. Оқушылар бірлескен түрде белсенді араласуға тырысты. Әрине бастапқы кезде шу көп болды. Мен ғана білемін деген жеке белсенділер шықты. Бірақ бұл тәсілдің мақсатын мұғалім түсіндіре отырып, тапсырмалар берген кезде оқушылар бірте-бірте ынтымақтастыққа үйрене бастады. Әрбір оқушы үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, қаралған мәселе бойынша ой толғауына мүмкіндік жасады. Төмендегі диаграммада көрсетілдей 7 модульдерді сабақта қолдануда негізінде жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, өткізілген сабақтар нәтижесі бойынша оқушылардың сөйлеу қабілеті, сұраққа жауап беру қабілеті, мәтінді сипаттау қабілеті, сұрақ қоя білу қабілеті, таныс материалды меңгеру қабілеті біршама көрсеткіштерге жоғарылады. Осылайша біз оқушылардың грамматикалық, лексикалық, фонетикалық білім деңгейлерінің өзгергендігіне көз жеткіздім. Осы жасалған зерттеу барысында байқағаным, оқушылардың басым бөлігі әрбір сабақта қолданылып отыратын әдіс–тәсілдердін әрдайым жаңарып отырғаны және олардың өз ойларын еркін айтуға мүмкіндік беретін әдістердің қолданылғанын қалайтынын аңғардым. Бұрынғы оқушы тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Өзімнің әдеттегі оқыту іс-тәжірибемде дәстүрлі сабақтың әдістерін өзгерттім, топта жұмыс істей алдым. Үйренуге және алған білімімді күнделікті жұмысқа қолдандым, басқа мұғалімдерге білгенімді үйреттім және сабағына қолдандырдым.
Бұл үдеріске бастауыш сыныптың балалары қатысты. Бұл әдіс оқушылардың өз бетінше ізденуіне, жақсы нәтижеге жетуіне, бірігіп оқып үйренуіне үлкен септігін тигізді. 4 сынып оқушылары арасынан екі баланың қабілетінің даму нәтижесін зерттедім. Оқушының өзі сабақты сыни ойлау арқылы оқуына сенім артып, топ ішінде және қатарластарының арасында ойын бөлісе білуге, ынтымақтастықта жұмыс атқаруға итермелеу керектігіне назар аудардым. Себебі, Исмайлов Рустам тұйық оқушы болатын. Өздігінен сабаққа кірісіп кете алмайтын. Тек жетелеумен ғана тапсырманы орындайтын. Ал топпен жұмыс істегенде оқушының өзіне деген сенімділігі артты. Мусина Назгүл сұраққа толық жауап береді. Бірақ дәлелдеу, пікір айту дегенге жоқ. Білімі тек оқу материалымен шектелетін. Берілген тапсырманы орындауында оқулықпен шектелмей жан-жақты ізденудің арқасында сыныптастарының алдында беделі артты. Екі деңгейдегі зерттеген оқушыларымнан сұхбат алдым. Мұғалімнің бағалау критерийі, сауалнама беруі, оқушы қабілетінің дамуы мақсатында қойылған тест жұмыстарын пайдалану арқылы оқушының оқуға деген қозғалысын аңғардым, зерттеу жұмысының нәтижесін шығардым. Ана тілі сабағының тақырыбына қатысты табыс критерийін толтырдым. Мәтінге байланысты сұраққа жауап беру кезінде Исмайлов Рустамға жетелеуші сұрақ керек ететінін аңғардым. Мәтіндегі кейіпкерлер және оқиғалар туралы пікірін білдіріп, талдай алатын дәрежеге жеткенін көрдім. Жақсы оқитын Мусина Назгүл сұраққа толық жауап беріп, дәлелдей алу қабілетіне көтерілгенін байқадым. Сауалнама алу кезінде білім деңгейі жоғары оқушылар топтық жұмыста үндемейтін оқушылардың қатысқанын жазған. Топпен орындаған жұмыстар оқушыларға ұнаған. Кейін топта араласып отырғанды қалайтындарын стикерге жазды. Топта барлығы өз пікірлерін ортаға салатындарын, кейбір оқушылардың ерекше белсенді қатысатындығын, кейбір оқушылардың өзіндік мені оянғанын жазған. Сынып бөлмесіндегі өзгерістер: топ ережесі, рефлексия жазатын бұрыш, парталардың орналасуы, үздік шығармашылық жұмыстар да оқушыларға көп әсерін тигізді. Бұл оқушыларды зерттеген себебім, оқушылардың оқу барысындағы алға жылжу деңгейін көргім келді. 4 сыныптың оқушыларымен Әдебиеттік оқу пәнінен Ж.Жабаевтың «Менің өмірім» әңімесін өттік. Жалпы сабақтың мақсаты: Ж.Жабаевтың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру. Бұл сабақта мен оқушылардың көңіл күйлерін көтеруден бастап, жыл мезгілдеріне байланысты 4-топқа бөлдім. Оқушылар өздерінің арасынан топ басшыларын сайлап алды. Өткен сабақта келіспеушілік тудырып отырған 4-ші топ оқушыларын әр топтарға бөліп отырғыздым. Жалпы сабақта мен мен топтық жұмысын, кубизм стратегиясын, АҚТ-ны, сыни ойлауды модульдерін пайдаландым. Мерсер [2005] құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Оқушылардың ой қозғауына Ж.Жабаев кім? деп ассоциация құрғыздым. Бұл сабақта енжар оқушым, Исмайлов Рустамның ашылғандығын байқадым. Бала өз тобымен бірге әрекет жасай отырып, топ алдында берілген тапсырмаларын қорғай алды. Оқушылардың сабаққа деген құлшыныстарын арту мақсатында СД-дисктан Қ.Сағырбайұлының «Адай »күйін тыңдатып өттім.
- Осы күйді тыңдағанда қадай әсерде болдыңдар?- Бұл күйді тыңдағанда көздеріңе
не елестете алдыңдар?
- Күйден қандай әсер алдыңдар? деп оқушыларға ой тастадым. Әр оқушының ойын сұрадым. Оқушылар қызығушылықтарын таныта отырып, өз ойларын айтты. Топта отырған оқушы Калижанов Ерназ менің көз алдыма ерте кездегі қиын қыстау заман, жайлаудағы жорға аттардың шабысы, малдардың өрістегі кезі көз алдыма елестеді деп өз ойын айтты. Осы тапсырманы орындау барысында үндемей отырған оқушым, Жақсылықова Айбибінің ойын сұрағаным-да еш жауап берген жоқ. Себебі оқушы күйді көп тыңдамайтындығын айтты.
Не өзгертер едім: алдағы уақытта осы оқушыға сыни ойлауға бір шама тапсырмаларды жиі беру. Оқушылармен бірлесе сергіту сәтін жасап өттік. Өзара оқыту стратегиясы бойынша мәтінмен мынадай жұмыстар жүргіздім.

  1. Мәтінді бөлікке бөлдім.

  2. Оқушылар орнын белгілейді.

  3. 1 оқушы мұғалім рөлін орындайды.

Осылай мәтінді талқылайды. Бұл жолы да аты аталып кеткен оқушылар көшбасшылық танытып, топтық жұмысты өз қолдарына алды.1-топ пен 2-топ оқушылары салмақтылық танытты. Ал 2-топ топтың оқушылары мәтінді бөліктерге бөлу кезінде дұрыс бөле алмай, бірінің ойын тыңдамай ренжісе бастады. Мен оларға топ ережесін үнемі естен шығармау керек деп ескертіп отырдым.Не өзгерткім келді: Барлық оқушылардың сабақ барысында және топта жұмыс жасау кезінде айтқан ойлары құнды екендігін әр оқушының сана сезіміне жеткізу. Осы жұмыс барысында 3-топ арасынан Мусина Назгүл мұғалім рөлін жақсы орындап, өзге оқушыларға нық сұрақтарын қоя білді. Барнс [1971] сыныпта тіл қанша қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін айтқан. Осы мақсатта сыни ойлауға байланысты әр топтағы оқушыларға Ж.Жабаевқа хат жаздырдым. Осы тапсырма бойынша хаты ерекше болған оқушым, Темербекова Жұлдыздың хаты өте әсерлі болды. Ақын ата мен сізді көрмесем де ұстазым көрсеткен портрет арқылы көз алдыма елестетіп отырмын. Бүгін мен сіздің өміріңіз жайлы көп білдім. Сіздей жан әрқашан бізбен бірге деп жазыпты. Бағалау кезінде оқушыларға ең бірінші жұптық, кейін топтық бағалауларын жүргіздім.Үй тапсырмасын беріп оқушылар күнделіктеріне жазып алды. Сабақтың соңында қай тапсырманы орындау қиындық туғызғандығы туралы және қандай тапсырма өздеріне ұнағандықтарын смайликтерге жазып, флипчарт бетіне жапсырды. Оқушылар өз тарапынан келесі сабақтар да осылай өтсін деген ойларын айтты. Сабақ соңында қол жеткезген нәтижелерім:
- Оқушылар әдебиеттік пәніне баса назар аударады;
- Топтық тапсырмалады жақсы орындауға бейімделді;
- Сөздік қорлары молайып, сыни ойлаулары жақсарды;
- Жұптық. Топтық бағалай алуға үйренеді;
Қолданылған ресустар: орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жөніндегі сабақ жоспарлау жөніндегі призентациясы, сауалнамалар, постерлер. Бұл ресустардың ерекшелігі оқушылардың сабаққа деген ынтасы артады, белсенділікпен жұмыс жасайды, өзара білімін жетілдіреді. Өзгерісті енгізген себебім, оқушыны сыни ойлай білуге үйрету. Әрбір оқушыларымның білім жетістіктері сабақ барысында ғана емес, мектепішілік олимпиада, және аудандық ғылыми жобалар да көрініп жақсы жетістіктерге ие.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет