Абдиманапова акнур бауыржанкизи


Еңбек рыногының негізгі индикаторлары (KILM)



бет10/20
Дата20.05.2024
өлшемі397.31 Kb.
#501583
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Эканомика жұмыспен қамтыу

Еңбек рыногының негізгі индикаторлары (KILM)

  • Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі (жұмыс күшінің қатысу деңгейі). Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі жұмыспен қамту саласындағы саясатты әзірлегенде, кәсіби дайындықтағы қажеттіліктерді анықтағанда және ерлер мен әйелдердің еңбек белсенділігінің күтілетін ұзақтығын, еңбекке жарамды жасына толатын және зейнетке шығатын халықтың үлесін есептегенде қолданылады.


    Осы көрсеткіш еңбек рыногында халықтың әр түрлі санаттағы қозғалыс серпінін түсінуге көмектеседі. Теориялардың біреуіне сәйкес халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі мен құрылымы табыстағы жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері мен қажеттілігіне тәуелді, олар халықтың әр түрлі санаттары үшін әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, әр түрлі жас топтардағы әйелдердің экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі оның отбасы жағдайы мен білім деңгейінің өзгеруіне байланысты жүйелі түрде түрленеді. Сондай-ақ, әр түрлі әлеуметтік-экономикалық санаттар арасында қала мен ауылдың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейлеріндегі елеулі айырмашылықтар байқалады. Тамақтанудың жеткіліксіздігі, мүгедектік және созылмалы аурулар да еңбек ету қабілетіне зиянын тигізуі мүмкін және сондықтан экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейін әсіресе табысы төмен өңірлерде анықтайтын маңызды факторлар болып есептелінеді.
    Еңбек статистиктерінің 13-ші халықаралық конференциясының анықтауымен (1982 ж., ХЕҰ) жұмыс күшіне немесе ағымдағы экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа талаптарды қанағаттандыратын және оларды жұмыспен қамтылған немесе жұмыссыздар санына қосылуға мүмкіндік беретін барлық адамдар жатады.
    Экономикалық тұрғыдан белсенді халықты өлшеу үшін ХЕҰ-ның стандарттарына сәйкес қабылданған жас – 15 және одан жоғары жастағылар. Көптеген елдерде осындай жас шегі білімге және жұмысқа құқық алудың әлеуметтік стандартына сәйкес келеді.Алайда, кейбір елдерде экономикалық тұрғыдан белсенділер құрамына 15-тен төмен жастағы адамдар да жатады, себебі «еңбекке жарамды жас» 15 жастан ерте басталуы мүмкін.
    Экономикалық белсенділік деңгейі – халықтың жалпы санындағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық санының пайызбен өлшенген үлесі. Ол 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күші санының 15 және одан жоғары жастағы халық санына (ағымдағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық) қатынасы ретінде анықталады.
    Еңбекке жарамды жастағы халық – бұл әрбір елдің экономикалық сипатын өлшеу мақсатында белгіленген белгілі бір жасқа жеткен адамдар.
    Қазақстанда еңбекке жарамды жастағы адамдарға 16 жасқа жеткен азаматтар және 63 жастағы ерлер, 58 жастағы әйелдер (Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және «Қазақстан Республикасының азаматтарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес) жатады. [10, 3]
          1. Жұмыспен қамту деңгейі. Еңбек статистиктерінің 13-ші халықаралық конференциясында қабылданған қарарына сәйкес экономикада жұмыспен қамтылғандарға зерттелген аптада сыйақы үшін жалданып, сондай-ақ өз бетінше жұмыспен қамтудан табыс әкелетін жұмыс істеген (ең болмаса аптасына бір сағат), 15 және одан жоғары жастағы адамдар жатады.


    Жұмыспен қамтылған халық санына жұмыста уақытша болмаған, бірақ оған ресми тіркелген адамдар да жатады. Уақытша болмаған себептеріне еңбекке уақытша жарамсыздық (ауру), жүктілігі және босануы, балаға күтім жасау бойынша демалыстар, жыл сайынғы еңбек немесе оқу демалыстары және басқалары болуы мүмкін.
    Жұмыспен қамту деңгейі жұмыспен қамтылғандар санының экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына қатынасы ретінде есептеледі. Ол 15 және одан жоғары жастағы барлық халық санында жұмысы бар (табысты кәсібі) халықтың үлесі ретінде анықталады.
    Осы көрсеткіш еңбек рыногындағы өндірістік қызметінде халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін сипаттайды және уақыттың сол немесе өзге де сәтінде қызмет көрсету мен тауарларды өндіруге қатысатын ел тұрғындарының бөлігін анықтауға көмектеседі.
    Жұмыспен қамту көрсеткіші әр түрлі елдердің немесе олардың топтарының еңбек рыногын салыстыру үшін база ретінде қолданылады. Ол ерлер мен әйелдер үшін, сондай-ақ әр түрлі жас топтары үшін жеке есептелінеді. Жыныс белгісі бойынша жұмыспен қамту деңгейін талдау ерекше мүддені көрсетеді, өйткені ерлер мен әйелдердің жұмыспен қамту деңгейлерінің салыстырмалы ұқсастығы немесе алшақтығы нақты елдің еңбек рыногында қалыптасқан гендерлік айырмашылықтарын сипаттайды.


          1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет