Осы көрсеткіш жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы бейресми секторда жұмыспен қамтылғандардың үлесін көрсетеді. Ол жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санына бейресми секторда жұмыспен қамтылғандар санының пайызбен тұлғаланған қатынасы ретінде есептеледі.
Бейресми сектор экономиканың және еңбек рыногының елеулі бөлігін көрсетеді, жұмыспен қамтуды құруда, өндіруде және табыстарды қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Кенттенудің және халықтың жоғары өсу қарқыны бар елдерде бейресми сектор негізінен қалалардағы өспелі жұмыс күшінің көп бөлігін басып алады. Бейресми сектордағы жұмыспен қамту жұмыссыздық бойынша немесе жалақының шамалы деңгейін, әсіресе, ресми секторда және зейнетақыны сақтандыру сияқты әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелері жоқ елдерде тіршілік ету үшін қажетті стратегия болып табылады.
Бейресми сектордағы жұмыспен қамту туралы статистикалық деректер елдің экономикалық дамуына барлық қызметкерлердің қосқан үлесін мойындауда маңызды роль атқарады. Бейресми сектордың негізгі аспектісі өз бетінше жұмыспен қамту болып табылады. Жұмыспен қамтудың осы нысаны – «әсіресе әйелдер үшін, мәдени дәстүрлері оларға үйден тыс жерде жұмыс істеугетыйым салатын немесе үй шаруашылығын жүргізу бойынша әйелдердің міндеті белгіленген жұмыс уақыты ішінде жалдау бойынша оларға тұрақты жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін елдердегі табыстың маңызды көзі». Бейресми сектор «жалдау бойынша жұмыс ала алмайтын әйелдер үшін резервтік сектор» ретінде танылған.
Бейресми сектор БҰҰ-ның Ұлттық әлеуметтік көрсеткіштерінің ең төменгі тізбесіне «жұмыспен қамту деңгейі» көрсеткішін толықтыратын қосалқы көрсеткіш ретінде енгізілген.
Бейресми сектор қызмет көрсету немесе тауарларды өндірумен қамтылғандардың экономикалық бірліктерінің жиынтығы ретінде сипатталуы мүмкін, негізгі мақсаты осы бірліктермен байланыстыларға жұмыспен және табыспен қамтамасыз ету. Осындай экономикалық бірліктер еңбек пен капиталдың азғантай мөлшері және олардың елеусіз немесе толығымен шектелуі бар ұйымның ең төменгі деңгейінде жұмыс істейді. Еңбек қатынастары егер олар қолданыста болса, олардың көп бөлігі ресми кепілдікті қарастыратын еңбек келісім-шарттарына емес, ал кездейсоқ қызметкерлерді туыстық немесе жеке байланыстарда және әлеуметтік қатынастарда тартуға негізделген.
Бейресми сектордың өндірістік бірліктерінде үй шаруашылықтары кәсіпорындарының сипатты белгілері бар. Қолданыстағы негізгі құралдар мен өзге де активтер өндірістік бірліктерге емес, олардың қожайындарына тиісті. Шаруашылық бірліктері өз атынан мәмілелерге қатыса алмайды немесе басқа шаруашылық бірліктерімен келісім-шарт жасаса және сондай-ақ жауапкершілік ала алмайды. Қожайындар өздерінің тәуекеліне қажетті қаржы ресурстарын тарту керек. Олар өндіріс үдерісінде туындайтын кез келген парыздар немесе міндеттер бойынша шектеусіз жеке жауапкершілікке тартылады. Өндіріске жұмсалатын шығыстар үй шаруашылықтарының шығыстарынан жиі бөлінбейді.
Бейресми экономикадағы жұмыспен қамту бейресми секторда өндірістік кәсіпорындар бірліктері болып табылатын жұмыспен қамтылғандарды қамтиды, және жұмыс орны байқау бірліктері болып табылатын бейресми сектордан тыс бейресми жұмыспен қамтуды қамтиды.
Бейресми секторда жұмыспен қамтылғандар – зерттеу кезеңі ішінде олардың жұмыспен қамтылу мәртебесіне, олар үшін бұл жұмыс негізгі немесе қосымша болып табылатындығына тәуелсіз, аз көлемде, бейресми сектордың өндірістік бірліктерінің ішінде біреуінде жұмыспен қамтылған адамдар.
Бейресми жұмыспен қамту – ресми немесе бейресми секторындағы кәсіпорындарда немесе үй шаруашылықтарында бейресми жұмыс орындарының немесе жұмыстардың жалпы саны.
Жұмыссыздық. Халықаралық еңбек ұйымының стандарттары мен критерийлеріне сәйкес жұмыссыздарға халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы (15 және одан жоғары жастағылар), қаралған кезеңде:
- жұмыссыз болған (табысты жұмысы болмаған);
- оны іздеумен белсенді айналысқан;
- уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде жұмысқа кірісуге дайын болған деген үш негізгі критерийлерге бір мезгілде жауап берген адамдар.
Жұмыссыздық деңгейі – экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы жұмыссыздар санының пайызбен есептелген үлесі.
Жұмысы жоқ, бірақ оны белсенді іздеуде және оған кірісуге дайын экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың үлесі жөнінде жұмыссыздық деңгейі куәландырады. Осы көрсеткіш жұмыспен қамтылмаған қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерінің экономикалық ресурстарын сипаттамайды.
Жастар арасындағы жұмыссыздық. Жастар арасындағы жұымыссыздық маңызды саяси мәселені көрсетеді. Осы көрсеткіштің мақсаты үшін ХЕҰ-ның стандарттары бойынша жастарға 15 жастан 24 жасқа дейінгі жастағы адамдар жатады.
Көрсекіш бір-бірінен ерекше төрт индикаторлардан құралады, әрқайсысы жастар арасындағы жұмыссыздықтың әр түрлі аспектісін сипаттайды:
- жастар жұмыссыздығының деңгейі – 15-24 жастағы жұмыссыз халық санының осы жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы пайызбен өлшенген үлесі;
- жоғары жастағы халық арасындағы жұмыссыздық деңгейіне жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейіне қатынасы;
- жұмыссыздардың жалпы санындағы жұмыссыз жастардың үлесі;
- жас халықтың жалпы санындағы жұмыссыз жастардың үлесі;
Достарыңызбен бөлісу: |