Абдиманапова акнур бауыржанкизи


Жұмыспен қамту мәртебесі. Жұмыспен қамту мәртебесі үш маңызды санаттар арасында жұмыспен қамтылған халықтың айырмашылықтарын жүргізеді



бет11/20
Дата20.05.2024
өлшемі397.31 Kb.
#501583
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Эканомика жұмыспен қамтыу

Жұмыспен қамту мәртебесі. Жұмыспен қамту мәртебесі үш маңызды санаттар арасында жұмыспен қамтылған халықтың айырмашылықтарын жүргізеді:


‑ жалданып жұмыс істейтіндер (жаладамалы қызметкерлер);
‑ жалданып жұмыс істемейтіндер (өз бетінше жұмыс істейтіндер);
‑ отбасына көмектесетін мүшелері (сондай-ақ, отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері деп аталатындар).
Осы үш топтардың әрқайсысы жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы, сондай-ақ жұмыспен қамтылған халықтың ерлер мен әйелдер санындағы тиісті үлесі түрінде көрсетілген.
«Жалданып жұмыс істемейтіндер» тобы келесі кіші санаттарды қосады:
‑ жалдамалы қызметкерлерді тартумен жалданып жұмыс істемейтіндер (жұмыс берушілер);
‑ жалдамалы қызметкерлерді тартусыз (өзінің есебінен жұмыс істейтін дара кәсіпкерлер) жалданып жұмыс істемейтіндер.
Мәртебесі бойынша жұмыспен қамтылғандардың жіктелімі еңбек рыногының, сондай-ақ тұтас алғанда экономиканың серпінін зерделеу үшін маңызды. Жұмыспен қамту мәртебесі қызметкерлердің мінез-құлығын және еңбек жағдайын сипаттау үшін, сондай-ақ индивидуумның әлеуметтік-экономикалық ережелерін анықтау үшін статистикалық негізді береді. Жалданып жұмыс істейтіндердің жоғары үлесі экономикалық дамудың жоғары деңгейі жөнінде куәландырады.
Егер жалдамалы еңбекті тартуды талап етпейтін өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі жоғары болса, бұл ресми сектордағы жұмыс орындарының өсу қарқынының төмендеуін және бейресми секторда олардың өсу қарқынының жоғарылауын көрсетеді. Жұмыспен қамтылған халықтың елеулі үлесін отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері құрайтын мемлекет ең алдымен нашар дамыған болып табылады және жұмыспен қамту өсуінің елеулі емес қарқынымен, барлық жердегі кедейшілікпен және көбінесе, ауыл шаруашылық өндірісінің басымдылығы кезінде өндірістік индустрияның жоқтығымен сипатталады.
Осы көрсеткіш экономикалық қызмет секторлары бойынша жұмыспен қамту көрсеткіштерімен тығыз байланысты. Экономикалық өсу шамасына қарай жұмыспен қамтылған халық ауыл шаруашылық секторынан өндірістік секторына және қызмет көрсету саласына ауысады, бұл өз кезегінде жалданып жұмыс істейтіндер санының өсуіне мүмкіндік береді.
Кәсіптегі жағдайы бойынша халықаралық жіктелімге (жұмыспен қамту мәртебесі – ЖҚМХЖ) сәйкес төменде көрсетілген санаттарға бөлудің негізгі критерийлері ретінде экономикалық тәуекел түрлері қолданылады. Оның элементтері адам мен жұмыс орны арасындағы институционалдық байланыстың беріктігі және еңбек шартында (келісім-шартында) көрсетілген кәсіпорын мен басқа да қызметкерлердің қатынасындағы өкілеттіктер типі болып табылады. [10, 6]
Қазақстанда ұғымдар мен анықтамалар халықаралық стандарттарға, атап айтқанда жұмыспен қамтылғандардың келесі санаттары бойынша негізделген:
Жалдамалы (ақы төленетін) қызметкерлер – еңбек ақы, сыйлық ақы, үстеме ақы және т.с.с. түрде немесе заттай нысанда ақы (сыйақы) төлеу қарастырылған жалдау шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар.
Өз бетінше жұмыспен қамту– бұл сыйақы мөлшері тікелей қызмет көрсетулер мен тауарларды өндіруден (өткізуден) (бұл жерде өзінің тұтынуы табыс бөлшегі ретінде қаралады) түскен табысқа байланысты жұмыспен қамту.
ЖҚМХЖ сәйкес өз бетінше жұмыспен қамтылған адамдардың келесі топтары анықталған:
Жұмыс берушілер – өзінің меншікті кәсіпорнын басқаратын немесе қандай да бір экономикалық қызмет түрінде тәуелсіз кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және бір немесе бірнеше жалдамалы қызметкерлері бар адамдар.
Өз бетінше жұыс істейтін қызметкерлер – өз бетінше немесе бір я бірнеше серіктестерпен жұмыс істей отырып, өз бетінше жұмыспен қамту негізінде қызмет істейтін және қызметкерлерді тұрақты негізде жалдамайтын адамдар.
Отбасының ақы төленбейтін қызметкерлері – туысы басқаратын кәсіпорында (шаруашылықта) әдетте сыйақысыз жұмыс істейтін адамдар.
Өндірістік кооператив мүшелері – кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, еңбек кооперативінің мүшелері болып табылатын адамдар.
        1. Экономикалық қызмет секторлары бойынша жұмыспен қамту. Экономикалық қызмет секторлары бойынша жұмыспен қамту көрсеткіші барлық жұмыспен қамтылғандарды өзінің еңбегін жұмсаған үш негізгі салаға бөледі: ауыл шаруашлығында, өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылғандар. Салалық бөліністе жұмыспен қамту туралы деректер жұмыспен қамту құрылымында негізгі өзгерістер айқындалғанда және экономиканың даму сатысын анықтағанда ерекше мағынаға ие болады. Әрбір ірілендірілген салалық топтар (секторлар) үшін жұмыспен қамту жалпы жұмыспен қамтудың тиісті үлесі түрінде анықталады. Көрсеткіш жұмыспен қамту серпіні мен деңгейіндегі айырмашылықтарын атап көрсете отырып, әрбір сектордағы жұмыспен қамтудың өсу және қысқарту үрдістерін көрсетеді.


Секторлар арасында жұмыспен қамтылғандар ағыны - өнімділік тренділерін талдаудың маңызды факторы. Олар жеке сектор ішіндегі өнімділіктің өсу қайнар көзін және төмен өнімділік саласынан жоғары өнімділік саласына қызметкерлердің ауысуы нәтижесінде секторлар арасында жұмыс күшінің көшуін анықтауға мүмкіндік береді. Кейіннен жеке салаларға (қызмет түрлеріне) бөлуі әрбір аталған сектолардың ішінен жұмыспен қамту серпінін байқауға мүмкіндік береді.
Экономикалық байлықты әлемдік бөлу экономикалық қызмет секторлары бойынша жұмыспен қамтуды бөлумен өзара тығыз байланысты сақтауды жалғастыруда. Аса дәулетті мемлекеттерде жұмыспен қамтылған халықтың ең үлкен үлесі қызмет көрсету секторына келеді (дәулеттілік деңгейі жалпы ұлттық өнімнің жан басына шаққандағы орташа көлемімен есептеледі), сол уақытта байлығы аздау елдер экономикасының негізі ретінде басымдылықпен ауыл шаруашылығы құрайды.
Ішінара жұмыспен қамту көрсеткіші жұмыс «толық жұмыс уақытынан» аз жұмыс уақытындағы жұмыспен қамтылған халықтың бөлігін сипаттайды. Осы сәтте аптадағы сағаттардың ең төменгі санының бірыңғай ресми анықтамасы жоқ, оны «толық жұмыс уақыты» ретінде жіктеуге болады. Елдер арасындағы анықтамаларда арыймашылықтар болу себенінен толық және ішінара жұмыспен қамту арасындағы шегі әрбір елмен өз бетінше немесе арнайы есептеу негізінде белгіленеді.
Еңбек статистиктерінің халықаралық конференциясының 81-ші сессиясында (ХЕҰ, 1994 ж.) келесі анықтама ұсынылған. «Ішінара жұмыспен қамтылған қызметкер – бұл толық жұмыс күнімен жұмыспен қамтылған және кәсібі бар қызметкердің жұмыс уақытынан аз қалыпты жұмыс уақыты бар адам». [10, 8]
Толық және толық емес жұмыс күні арасындағы шектерін анықтау елдердің өз қарауына қалдырылды. Ұлттық шектер, әдетте, аптадағы 30-40 сағаттар дипазонында белгіленеді. Кейбір елдер толық және ішінара жұмыспен қамтылғандарды жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығына емес респонденттердің өздері өз мәртебесін бағалауына сүйене отырып бөледі.
Ішінара жұмыспен қамту толық жұмыс уақытымен қамтылуынан ерекшеленетін жұмыс жағдайларымен байланыстырылады және ол ерекше қарауды қажет етеді. Аса икемді жұмыспен қамтылуға талпыну жағдайында мұндай жұмыспен қамту экономикалық тұрғыдан қауіпсіз және толық жұмыс күніне жұмыспен қамтылу ретінде онша тұрақты еместігі туралы жанама болжамды туғызады.
Ішінара жұмыспен қамту жағымсыз немесе кемсітетіндей бағаланбауы керек. Қысқартылған жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейтін адамдарды бұл қанағаттандыруы мүмкін. Кейбірлеулерге мұндай жұмыспен қамту үй міндеттерін, оқу, бос уақыт немесе қоғамдық қызметті орындауды еңбек қызметімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Саясаткерлер үшін ішінара жұмыспен қамтудың өсуі жұмыс істелген жалпы сағат саны өсуінің қажетінсіз жұмыссыздықтың өсуін шектеудегі мүмкіндігі маңызды. Ішінара жұмыспен қамту жастар, жоғары жастағы адамдар, әйелдер немесе оқушылар сияқты жұмыспен қамтылған халықтың белгілі топтар арасында неғұрлым таралған.
Сол уақытта ішінара жұмыспен қамтудың басымдылығы ретінде толық жұмыс күнімен жұмыспен қамтуды салыстыру бойынша кемшіліктер қатары бар икемділік болып табылады. Осылайша, ішінара жұмыспен қамтылғандар сағаттық еңбекақысы неғұрлым аз болуы мүмкін, олар кейбір әлеуметтік жеңілдіктерге құқығы жоқ, олардың кәсіби өсуі көп жағдайда шектеледі. Сондықтан, толық жұмыс күнімен жұмыспен қамтуға мұқтаж немесе ықылас танытатын қызметкерлер үшін ішінара жұмыспен қамту орынсыз сипатта болатынын заңды түрде пайымдауға болады. Орынсыз ішінара жұмыспен қамту ХЕҰ терминологиясында «жеткіліксіз жұмыспен қамту (жұмыс уақытының мөлшері бойынша)» ретінде анықталады, ал мұндай жағдайға тап болған қызметкерлер «мәжбүрлі сипаттағы себептер бойынша толық емес жұмыс уақытымен қамтылғандар» ретінде жіктеледі.
Ішінара жұмыспен қамту көрсеткіштері шеңберінде екі көрсеткіш есептеледі:
- Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы ішінара жұмыспен қамтылғандардың үлесі, кейде «ішінара жұмыспен қамту деңгейі» деп аталады;
- Олардың жалпы санындағы ішінара жұмыспен қамтылған әйелдердің үлесі.
Қазақстанда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек.


        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет