Абдиманапова акнур бауыржанкизи


Халықты жұмыспен қамтудың аймақтық әдістемесі (Қазақстан Республикасы және Түркістан облысы мысалында)



бет15/20
Дата20.05.2024
өлшемі397.31 Kb.
#501583
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Эканомика жұмыспен қамтыу

2.2. Халықты жұмыспен қамтудың аймақтық әдістемесі (Қазақстан Республикасы және Түркістан облысы мысалында)

Қазіргі уақытта Қазақстанның еңбек нарығындағы жағдайы халықтың экономикалық белсенді және белсенді емес көрсеткішін, жұмыспен қамтылуы және жұмыссыздық көрсеткіштерінің өзгеруімен сипатталады. [11, 24]


Президентіміздің басты мақсаттарының бірі аса дамыған 50 елдердің қатарына қосылу үшін орта және кіші бизнесті дамыту болып табылады. Бұл мақсат үшін 10 бизнес-центр және 2 бизнес-инкубатор, 20 бизнес-ассоциациясы құрылды. Облыстағы компанияларды ішкі нарықта дамытып, көршілес елдердің іскерлігіне қарап дамытуға тиіспіз. Өз бизнесімізді ерекшелендіріп, шетелден қызығушылық дамытып оларды өзімізге тартуға тиістіміз. Бұл үшін бізде басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау құрылымы бар. Осы бойынша жоба құрып көздеген мақсатқа жетуге тиістіміз. Тиімді жағында жұмыспен тіркелгендердің саны көп болуы да мүмкін, ал тиімсіз жағында тіркелген жұмыссыз халықтың көбісі жұмыспен қамтыла бермейді, яғни олардың белгілі бір мөлшері ғана жұмыспен қамтамасыз етіледі. жеке меншік болғаннан кейін жұмыссыз халықтың қамтамасыз етілген бөлігі сол биржа мекемесінің қызмет көрсеткені үшін белгілі бір мөлшерде ақша сомасын төлейді. Ал экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі бойынша жоспарлы 2009 жылды, өткен жылмен салыстырғанда - 1,1 мың адамға немесе 61,2 % бойынша жылдан – жылға төмендегенін байқалады.
Еңбек нарығының негізгі көрсеткіші еңбек ресурсы болып табылады. Еңбек ресурстарының саны мен сапасы халықтың саны мен жас-жыныстық құрамына байланысты анықталады.[11, 26]
Қоғамдық даму қажеттілігі мемлекеттің демографиялық процестерді қалыптастыруға белсенді араласуын міндеттейді. Демографиялық процестер өз табиғаты жағынан тікелей жоспарлау объектісі бола алмайды, бірақ оны жанама әдістер арқылы реттеуге болады. Ол қоғамның жалпы әлеуметтік-экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Оған демографиялық процестерге тікелей әсер ететін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, моральдық-психологиялық және медициналық –демографиялық шаралардың жиынтығы жатады. Өз кезегінде, бұған демографиялық факторды ескере отырып, тұрғын үй жағдайын жақсарту, балаларға арнайы жәрдемақыны төлеу, балалар мекемелерімен қамтамасыз ету, аналарға аяғы ауыр кезінде, босанғанда және балаға қарау кезінде берілетін демалыс уақытын ұзарту мен оған жәрдемақы төлеу, сонда-ақ, ұжымдарға моралдық ахуалды жақсарту жатады.

Кесте-5. 2010 жылдың Қазақстан Республикасының аймақтар бойынша жұмыс күшінің қозғалысы




1 тоқсанда қабылданған адам

1 тоқсада жұмыстан шыққан адам

барлығы

соның ішінде




соның ішінде

ЖОО бітірген жоғарғы маманданған білімімен есептілік жылында

жаңадан пайда болған жұмыс орнына қабылданған

барлығы

жұмысшылардың санының қысқартылуы және кәсіпорынның тарату есебінен

ағушылық себеп бойынша

басқа себептер бойынша

Қазақстан Республикасы

221 203

3 264

9 969

197 607

6 293

156 222

35 092

Ақмола

11 951

143

314

10 338

380

6 760

3 198

Ақтөбе

9 030

28

224

7 306

65

6 282

959

Алматы

11 272

43

269

18 160

-

12 786

5 374

Атырау

13 303

237

388

11 990

368

8 659

2 963

Батыс-Қазақстан

9 137

100

533

6 908

318

5 508

1 082

Жамбыл

5 753

74

323

5 186

310

4 180

696

Қарағанды

19 456

229

839

18 433

384

14 931

3 118

Қостанай

10 260

47

279

10 028

105

8 869

1 054

Қызылорда

9 976

53

772

4 495

153

3 535

807

Маңғыстау

12 254

234

1 245

6 872

418

4 888

1 566

Оңтүстік-Қазақстан

16 299

156

742

11 948

154

9 555

2 239

Павлодар

11 530

33

352

9 218

424

7 534

1 260

Солтүстік-Қазақстан

6 674

26

216

6 852

153

5 225

1 474

Шығыс-Қазақстан

17 458

-

443

15 305

690

11 695

2 920

Астана қаласы

20 874

544

654

17 738

434

14 697

2 607

Алматы қаласы

35 976

1 317

2 376

36 830

1 937

31 118

3 775

Ескерту: ҚР Статистика Агенттігінің 2010 жылғы жұмыс күшінің қозғалысы туралы жедел мәліметтері [12, 1]

Облыстың негізгі демографиялық көрсеткіштерін талдайтын болсақ 2005 жылы халық саны 979,5 мың адам болған, 2008 жылы 1009,2 мың адам болып отыр, яғни 29,7 мың адамға өсіп отыр. Облыс бойынша жұмысқа жарамды жастан кіші тұрғындар санына келетін болсақ 2005 жылы 309,0 мың адам болса, 2008 жыл 303,7 мың адам болған, екі жылдың көрсеткіштерін салыстырсақ 2008 жылы 5,3 мың адамға азайып отыр, ол дегеніміз болашақ жұмысқа жарамды адамдар санының азаюына өз әсер тигізеді. Еңбекке жарамды тұрғындар саны 2005 жылы 585,7 мың адамды құраса, 2008 жылы 619,1 мың адамды құрап отыр. Еңбекке жарамдыдан үлкен тұрғындар саны 2002 жылы 84,5 мың адам болса, 2008 жылы 85,8 мың адам, яғни жылдан жылға өсіп отыр. Облыстағы 1000 адамға шаққандағы туылғандар санын салыстырсақ 2005 жылы 16,91 мың бала болса, 2008 жылы 23,73 мың балаға жетіп, 2005 жылға қарғанда 6,82 мың мың балаға өскен. Әлеуметтік, демографиялық, экономикалық факторлардың халықтың өсу динамикасы мен кемуіне ықпалы зор. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында әлеуметтік қатынастар, сонымен қатар, экономикалық, экологиялық жағдайлар да белгілі бір дәрежеде халық санына өз әсерін тигізеді.


Кесте-6 - Түркістан облысындағы жұмыссыздық деңгейі, %.


Р/с
Көрсеткіштер
2005
жыл
2006
жыл
2007
жыл
2008
жыл
2009
жыл
1
Жұмыссыздық
тың деңгейі

11,1

10,2

9,8

9,2

7,7
2


Экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі


1,5
1,6
1,8
2,1
1,7
Ескерту: Б.Жақашев Ауыл шаруашылығындағы маңызды күш – еңбек потенциалы, АльПари,№2.2009, [13, 51-б]
6-кестеде жұмыссыздық деңгейіне талдау жасалған. Жұмыссыздықтың деңгейі 2005 жылы 11,1 % болса, ал 2009 жылы 7,7 % - ға жетті. Яғни 2009 жылды, өткен 2005 жылмен салыстырғанда 3,4 % - ға төмендеді. Ал экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 2005 жылы 1,5 % болса, ал 2009 жылы 1,7 % - ды құрады. Осы 2009 жылды, 2005 жылмен салыстырғанда 0,2 % - ға өсіп отыр
Түркістан облысы республиканың еңбекпен жеткіліксіз қамтылған аймағына жатады, себебі салалық құрылымдардың экономикасы мен еңбекпен қамтуға табиғи, демографиялық және әлеуметтік факторлардың дамуының жеткіліксіздігі. Әлеуметтік қорғау органының мәліметтері бойынша облыстағы әл-ауқаты төмен тұрғындар саны 2009 жылы 7,0 пайыз немесе 74,9 мың адамды құрады. [14, 15]
Түркістан облысының еңбек нарығын экономикалық бағалау аса маңызды болып табылады. Экономикалық белсенді халыққа шаққанда облыстағы жұмыссыздық деңгейі 7,7 % құрайды.
Талдау барысында байқағанымыз облыс бойынша жұмыссыздар саны өсіп отыр, сондықтан жұмыссыздар санын азайту үшін алдағы жылдарға арнайы бағдарлама жасап, оны іске асыру қажет деп ойлаймыз. Түркістан облысының статистикалық мәліметтері бойынша 15 жас және одан жоғары жас аралығындағы экономикалық белсенді және белсенді емес халықтарға талдау жасаймыз.
Облыстың аудандары бойынша экономикалық белсенді халық санына талдау жасасақ облыс бойынша 2005 жылы 519,5 мың адамды құраса, ал 2009 жылы 548,6 мың адамға жетті. Яғни 2009 жылды, 2005 жылмен салыстырғанда 29,1 мың адамға өсіп 106 % - ды құрады. Ал Шымкент қаласында 2005 – 2009 жылдар аралығын салыстырсақ 14 мың адамға көбейіп 108 % - ға жетті. Аудандар бойынша жұмыспен қамтылған халық санын талдау жасасақ, облыс бойынша 2005 жылы 462,1 мың адамды болса, 2009 жылы 506,2 мың адамға жетті.
Аудандар бойынша жұмыссыздық деңгейін талдау 5-кестеде келтірілген, облыс бойынша 2005 жылы 11,1 % болса, ал 2009 жылы 7,7 % - ды құрады. Яғни, 2009 жылды, өткен 2005 жылмен салыстырғанда 3,4 % - ға азайғанын көреміз. Шымкент қаласы бойынша 2009 жылды, 2005 жылмен салыстырғанда 3,4 % - ға төмендеді. Аудандар бойынша қарастырсақ Қордай ауданы бойынша 2005 – 2009 жылдар аралығында 0,5 % - ға өскенін көреміз.

Кесте-7.–Түркістан облысы аудандары бойынша жұмыссыздық деңгейі, %





Р/с

Аудандар атауы

2007
жыл

2008
жыл

2009
жыл

2008
жыл

2009
жыл

1

Облыс бойынша

11,1

10,2

9,8

9,2

7,7

2

Шымкент қ.

13,6

13,9

14,3

12,9

10,2

Аудандар бойынша соның ішінде:

3

Байзақ

10,3

10,7

9,3

9,1

7,9

4

Шымкент

10,4

12,1

8,6

8,3

7,2

5

Жуалы

14,1

10,6

7,5

7,3

6,2

6

Қордай

8,5

7,2

5,0

4,9

9,0

7

Т. Рысқұлов

9,3

6,1

7,1

7,0

8,0

8

Мерке

10,9

10,1

11,7

9,8

4,0

9

Мойынқұм

8,4

3,2

4,7

4,7

10,2

10

Сарысу

11,7

11,6

13,2

10,1

10,7

11

Талас

9,5

3,8

4,1

4,8

5,2

12

Арыс қаласы

7,5

7,3

6,8

7,0

3,2

Ескерту: Кайранбеков Б.О. Еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Түркістан облысы материалдары бойынша) диссертациялық жұмысына автореферат. - Түркістан.- 2009 [14, 16-б]












































































Жұмыссыздық мәселесін шешу, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау үшін мемлекеттік жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы саясаты тіркелген жұмыссыз азаматтардың тиімді әлеуметтік корғалуын қамтамасыз ететіндігі белгілі. [14, 15]
Еңбек нарығы саясатының мақсаты жұмыс берушіге - жұмыс орындарының меншік иесіне сапалы жұмыс күшін алуға ыкпал ету, сол арқылы өндіріс факторларының қосылуына алғы шарттар жасау болып табылады. Жұмыс іздеп жүрген адамдарға мүмкіндігіне қарай олардың кәсіби-біліктілік, демографиялық және басқа да белгілеріне сәйкес жұмыс орындарын табуға көмектесу, жұмыссыздарды оқыту бойынша қызмет көрсету (кәсіби қайта даярлау мен біліктілікті көтеру), олардың күн көрісін қамтамасыз ету бойынша шаралар алу (қоғамдық және басқа уақытша жұмыстар), жұмыссыздық деңгейін бақылау және т.б.
Жастардың еңбек нарығында қорғалмағандар жоғарғы орнын және арнайы орта оқу орнын бітірген болып табылады. Арнайы мамандарды бөлу бағдарламасы алынып тасталғаннан кейін көбісі жұмыссыздар қатарын толықтырады, егер жұмысқа орналасса өз мамандығымен жұмыс істемейді.
Жұмыспен қамту саясатының мақсаты еңбекті қолдану мәселелерімен-оның өнімділігін арттырумен байланысты. Оған жүмыспен қамту кұрылымындағы өзгерістер (салалық-алдыңғы қатарлы технология үлесінің өсуі арқылы, кәсіптік-біліктілік- білікті еңбек үлесінің өсуі, демографиялық-білімді жастардың көбеюі арқылы) ықпал етуі тиіс.
Облыстағы еңбек нарығының келеңсіз жағы жұмыссыздық ұзақтығының өсуі. Егер 2005 жылдары жұмыссыздардың жұмысты іздеуі жарты жылдан аспаса, 2009 жылы ондай жұмыс іздеушілердің 25 пайызы сондай мерзімге, ал қалғандары 6 айданда көп іздеуге тура келеді. Сондықтан жұмыссыздықтың тоқырау дәрежесі (жұмыссыздық үлесі, 1 жылдан көп жұмыс іздеушілер үлесі) өсіп отыр.
Жұмыссыздық құрылымын талдау барысында байқағанымыз жұмыс іздеудің бірінші жылында 40-50 пайыздай әлеуметтік қорғау органдарына өтініш берсе, жұмыстың табылуы созылуына байланысты ағайындарына, таныстарына және достарына өтініш жасайды.
8-кестедегі мәліметтерге сүйене отырып талдау жасайтын болсақ, жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы арасындағы теңсіздік жұмысқа орналастыру деңгейіне өз әсерін тигізеді. Жұмысқа орналастыру деңгейін жұмысқа орналасқан адамдар санын жұмыспен қамту орталығына тіркелген адамдар санына қатынасы арқылы есептейміз. Облыс бойынша жұмысқа орналасу үшін өтініш жасаған адамдар саны 2005 жылы 7,8 мың адам болса, жұмысқа орналасқаны 4,2 мың адам болды, яғни жалпы өтініш берген адамдардың 54,5 пайызы ғана жұмыспен қамтылған. Ал осы көрсеткіштерді 2009 жылғы мәлімет бойынша қарастырсақ, жұмысқа орналасу үшін өтініш жасаған адамдар саны 2009 жылы 9,5 мың адам болса, жұмысқа орналасқаны 8,7 мың адам болды, яғни жалпы өтініш берген адамдардың 91,5 пайызын құрайды. Осы екі жылдың көрсеткіштерін салыстырсақ 2009 жылы 2005 жылға қарағанда жұмысқа орналастыру 68 пайызға өсіп отыр.

Кесте-8 – Еңбекпен қамту мекемелеріне өтініш жасаған азаматтарды жұмысқа орналастыру


Көрсеткіштер


2005жжыл
2006
жыл
2007жжыл
2008 жыл
2009
жыл
Жұмысқа орналасу үшін көмек сұрап келгендер саны, мың адам
7,8
8,3
9,1
11,1
9,5
Жұмысқа орналасқаны, мың адам
4,2
5,3
6,3
8,0
8,7
Жұмысқа орналасқандар үлесі, %
54,5
64,0
70,0
72,6
91,5
Ескерту: Кайранбеков Б.О. Еңбек нарығын реттеуді және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру жолдары (Түркістан облысы материалдары бойынша) диссертациялық жұмысына автореферат. - Түркістан.- 2009 [14, 16-б]
Бірақ барлық жұмыссыздардың өтініш бермегенін ескерсек, бұл көрсеткіштер төмен. Өйткені жұмыссыздықтың уақытының ұзаққа созылуына байланысты жұмыспен қамту орталықтарына өтініш берушілер саны төмен болып отыр. Ал жұмыспен қамту орталықтарына өтініш берген және өтініш бермеген азаматтардың барлығы дерлік жұмыссыз отырмайды. Қазіргі кезде облыста жұмыс күшінің жасырын нарығы бар немесе «көлеңкелі» жұмыс күші бар. Мысалы, сауда жасау, жөндеу жұмыстарын істеу, үй шаруашылығымен айналысу, жеке көліктерімен тасымалдау, бала бағу және т.б. Осындай жұмыспен айналысатын азаматтар статистикалық ресми мәліметттерге енбейді.
Облыстың статистикалық мәліметтеріне сүйене отырып экономиканың салаларында орташа еңбек ақы көлемінің төмен болуы тұрғындардың әлеуметтік жағдайына өз әсерін тигізуде.
Облыстағы жағдай қарама-қайшылық туғызуда: бір жағынан өндірістің құлдырауынан нақты және жасырын жұмыссыздар саны өсті, ал екіншіден тұрғындардың белгілі бір бөлігінің еріксізден республиканың басқа басқа аймақтарына кетуіне байланысты облыста экономиканың барлық салаларында білікті мамандар тапшы болып қалды.
Сондықтан облыстың еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік бойынша облыстық саясатының функциясын толық жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін мәселер туындайды. Олардың негізгілері: еңбек заңының жақсартылмауы; облыстық қаржы ресурсының жетіспеуі; жұмыс берушілердің бос орындарды жасырып толық ақпарат бермеуі; жұмыс берушілердің әлеуметтік қорғалмаған топтағы азаматтарды (еңбек тәжірибесі жоқ жастар, мүгедектер) жұмысқа алуға құлшынбауы; зейнет жасына жетіп қалған азаматтардың жұмыссыздығының ұзақтығы; жұмыс іздеушілердің жұмыс іздеуде енжерлық танытуы және т.б. Осы жағдайдың тұрғындармен жергілікті органдардың алаңдаушылығын туғызуда. [14, 17-б]
Нарықтық экономиканың қазіргі жағдайына байланысты пайда болған Жамбыл облысының еңбек мәселелерін шешу мен еңбек нарығының белсенді жұмыс істеуі үшін қажетті барлық құралдарды іске қосу керек:
- облыс тұрғындарын еңбек ресурстарының ұдайы өсу процесінің мониторингін құру негізінде экономикалық белсенді халық санын, жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздарды есепке алу жүйесін жетілдіру;
- облыс бойынша жасырын жұмыспен қамтылғандарды, жасырын жұмссыздықты, өзіндік жұмспен қамтылғандарды айқындау, олардың еңбек табысы жөніндегі мәліметтерді анықтау;
- облыс бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту негізінде жаңа жұмыс орындарын ашу;
- жұмыссыздардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату, яғни экономика салалары бойынша мамандарды дайындау және қайта дайындау, кәсіптік бағдар беру жүйелерін жетілдіру;
Сонымен қатар, елімізде еңбек нарығын ұйымдастыруды жақсарту үшін әлеуметтік, құқықтық, ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін іске асыру нормативтік актілерін қарастыру қажет.
Бөлімді қорыта келе, талдау барысында байқағанымыз облыс бойынша жұмыссыздар саны өсіп отыр, сондықтан жұмыссыздар санын азайту үшін алдағы жылдарға арнайы бағдарлама жасап, оны іске асыру қажет деп ойлаймыз. Түркістан облысының статистикалық мәліметтері бойынша 15 жас және одан жоғары жас аралығындағы экономикалық белсенді және белсенді емес халықтарға талдау жасаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет