Абдразаков б. Б


Қазіргі таңдағы халықаралық құқықтың жүйесі



бет13/37
Дата13.06.2022
өлшемі0.88 Mb.
#459196
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
Халықаралық процесс

Қазіргі таңдағы халықаралық құқықтың жүйесі.

Құқық нормасы жалпы субъектілер тәртібінің, норманың реттеуші әсері шеңберінде қамтылатын барлық субъектілеріне қатысты ортақ міндетті тәртібінің стандарты. Жоғарыда келтірілген анықтама ішкімемлекеттік құқыққа тән, дегенмен мұндағы “құқық”деп ортақ міндеттілік сипатындағыдұрыс заңдардың нормалары жайында айтылса керек. “Халықаралық құқықтың нормасы” ұғымының “жалпы құқық нормасы” ұғымынан біршама айырмашылығы бар. Олардың айырмашылығы мынада, яғни халықаралық құқықтық қатынастардың негізгі реттеу тәсілі болып, екі жақтың келісімге келуі (консенсус) танылады. Осығансай, халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі екі жақтың келісімін бекітетін акт болып табылады яғни халықаралық шарт. Сонымен, халықаралық шарттың нормалары бүкіл халықаралық жария құқықтың нормативтік механизмінің едәуір үлкен бөлігін құрайды. Соған сәйкес халықаралық шарттың нормалары ретінде көрсетілген “халықаралық құқық нормасы” ұғымының сол бір бөлігінде тәртіп ережесінің ортақ міндеттілігі жайында айтылуы мүмкін емес-ті. Әрине, халықаралық нормалардың құрылуы, халықаралық шарттың негізіне ғана жүрмей, сондай-ақ халықаралық құқықтық әдет-ғұрыптардан, халықаралық құқықтың негізгі қағидаларынан (juscogensнормалары), құқықтың ортақ қағидаларынан т.б. шығып қалыптасады.


Аталған нормалар (яғни мұндағы халықаралық құқықты әдет ғұрыптар мен халықаралық құқықтың ортақ қағидалары негізінде қалыптасатын нормалар) халықаралық құқықтың барлық субъектілеріне қатысты ортақ міндетті реттеуші әсеріне ие.
Осы арада juscogens нормалары түсінігінің мазмұнын айта кету қажет. Бұл нормалар ретінде негізгілері, халықаралық құқықтағы бастапқы тамырын реттеуші нормалары түсіндіріледі. 1969 жылғы Халықаралық шарттар құқығы жайындағы Вена Конвенциясына сәйкес, (53 бап) juscogens нормасы, мемлекеттердің халықаралық қауымдастығымен жалпы қабылданатын және мойындалатын да норма ретінде анықталады. Бұдан ауытқуына жол берілмейді де, оның өзгеруі тек халықаралық құқықтың дәл осындай сипатындағы келесі нормамен ғана жүзеге асуы мүмкін. Бұл ұғымның халықаралық құқықтық тәжірибеге келуі доктриналық қайнар көздерінен басталады (яғни ғалымдар шығарған). Бүгінгі таңда ол халықаралық жария құқық ғылымында жалпыға танылған болып саналады. Алайда бұл нормалар мемлекеттердің, олардың мазмұны мен заңды күшіне орай,еркімен санасу жолымен де қалылыптасады. Бұл нормалардың жалпы халықаралық құқық нормаларынан айырмашылығы – оларда бекітілген тәртіп ережелерінің едәуір жоғары маңыздылығының дәрежесі болып табылады. Нормалардың өзі, халықаралық құқық қайнар көздерін объективтілеудің дербес, заңды бір формсы ретінде алға жылжымайды. Соған қарамастан, халықаралық құқықтың өзге нормалардан айырмшылығынан келтірілген ең маңызды ізі juscogens нормаларының ең жоғарғы заңды күші болып табылады. Мысалға мемлекеттер өз еріктерінің автономия қағидасына негізделе отырып, өздерінің келісімдерінде (мысалы, екі жақты келісімдерінде) сан алуан нормалары мен өзтәртіптерінің құқықтары мен міндеттемелерінің нұсқауларын және т.б. бекіте алады. Алайда олардың халықаралық құқықтың императивті нормаларына (juscogens) қайшы келген жғдайында жоғарыдағы шартты ережелер өте шамалы ғана болып есептеледі. Біздің пікірімізше, juscogens нормаларына тән бір мысал, олар халықаралық жария құқықтың қағида нормалары болып табылады: күш қолданбау және күшпен қатер төндірмеу, агрессияға тиім салу, дауларды бейбіт жолмен шешу, мемлекеттердің егемендігін құрметтеу және олардың ішкі істеріне аралдаспау, адам құқығын қорғау және т.б. Дегенмен қазіргі халықаралық құқықта мұндай нормалардың жоқ екенін айтуға болады. Екінші жағынан алып қарағанда, сондай тізімді қалыптастыру бізге мүмкін еместігі айқын көрінеді, дегенмен халықаралық қатынастардың тарихи аспектісіндегі даму динамикасы өмірдегі стандарттардың әрқашан жаңартылып отыруын, оның өзгерілуін, толықтырылуын т.б. талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет