2.3 Аралық соттардың шешімдерін тану мен орындаудың ұғымы мен процессуалдық ерекшеліктері
Халықаралық коммерциялық арбитраж заңының преамбуласында: Қазіргі заң Қазақстан Республикасының территориясында халықаралық коммерциялық арбитраждан туындаған даулы мәселені, сонымен қатар Қазақстандағы халықаралық коммерциялық арбитраждың жүзеге асуын, тәртібін қадағалайды деп айтылған. Арбитраждың қызметі Қазақстан Республикасының территориясында тек халықаралық коммерциялық арбитражға қатысты. Қазақстан Республикасының территориясында арбитраждық шешімдерді жүзеге асыру қарастырылмайды. Сонымен қатар шетел соттарын және арбитраждардың шешімдерін тану және жүзеге асыру АІЖКнің 426-шы бабында қарастырған.
Преамбула мен бөлімшеге қатысты: 1) халықаралық коммерциялық арбитраждың заңының 2 бабына сәйкес «арбитраж» түсінігі ҚР территориясында тек халықаралық коммерциялық арбитраж деген түсінік береді. Сондықтан АІЖКнің 45-1 бөлімінде ҚР территориясында жүзеге асатын халықаралық коммерциялық арбитраждың шешімін шағым беруге болатындығы туралы айтылған.
Бірақ халықаралық коммерциялық арбитраж шешімін қалай мәжбүрлік түрде жүзеге асыру өтеді?
АІЖКнің 425-1, 425-2, 425-3 бөлімдерінде ҚР территориясындағы халықаралық коммерциялық арбитраж туралы айтылған. Шетел шешімдерін жүзеге асыру шешімі Нью-Йорк конвенциясына бағынады.
Бірақ Нью-Йорк конвенциясының 3 бабында мына жағдай белгіленген: әрбір келісімге қол қойған мемлекет арбитраждық шешімдерді міндетті түрде мойындайды және оларды келесі төмендегі баптарға сәйкес сол мемлекеттің нормаларына сай шешім жүзеге асады. Осы конвенцияға сәйкес арбитраждық шешімдерді тану және жүзеге асыру ауыртпалық жағдай немесе жоғарғы салық салу немесе ішкі арбитраждық шешімдерді тану және жүзеге асыру заңдарын қолданбау қажет.
Осыдан енді шетелдік арбитраждық шешімдерді жүзеге асыру тек ұлттық азаматтық құқықпен жүзеге асатындығын түсіну қажет. Сондықтан шетелдік арбитраждық шешімдерді жүзеге асыру АІЖКнің 425-ші тәртібіне сәйкес жүзеге асады. Бірақ тәртіп ұлттық арбитраждық шешімдерді жүзеге асыру тәртібімен орындалуы қажет. Сондықтан 425-1, 425-2, 425-3 нормалары шетелдік коммерциялық арбитраж шешімдерін жүзеге асыруға қолданылуы қажет.
Бұл заңдардың қабылдануы ҚР сөніп қалған аралық (арбитраж) соттарын қайта жандандырады. Негізінен қайта жанданған аралық (арбитарж) соттары дауды екі заңға да сәйкес: резидент арасында және резидент емес тұлғалар арасында да қарастыра алады.
Қазіргі таңда Қазақстанда 15 аралық сот қызмет етеді. Олардың ішіндегі белгілілері: Қазақстанның халықаралық арбитражы, оның төрағасы М.К. Сүлейменов, ҚР Сауда - өнеркәсіб одағындағы Арбитраж комиссиясы (1993 жылдан бастап), ҚР Халықаралық аралық соты «IUS» (1992 жылдан бастап), ҚР халықаралық аралық соты (2001 жылдан бастап).
Сөз жоқ аралық соттың қызметінің тәжірибесі қабылданған заңның барлық кемшіліктері мен жақсы жақтарын көрсетеді. Бұл Қазақстанның аралық соттарын халықаралық арбитраж сот жүйесінде беделді орынға ие болуына көмек көрсетеді.
Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру дайындығы Қазақстанның құқықтық салада да барынша жоғары талаптарға сайма-сай болуын қалайды. Әсіресе, бұл орайда Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен құрылып жатқан қаржы орталықтарындағы ертеңгі күні туындауы мүмкін азаматтық-құқықтық дауларды қарау тәртібі мен оған еліміздің соттарының дайындығын қарау қажет. Бұл мақсатта нендей шаралар қолға алынып жатыр деген мәселе қазір күн тәртібінен түсер емес. Осындай сұрақтарға жауап іздегендей, еліміздің Жоғарғы Соты Қазақстан – инвестиция және салық жөніндегі Халықаралық орталықпен бірлесе отырып “Бағалы қағаздар нарығынан бастау алатын дауларды қарау әдісі: салыстыру үлгісі мен тәжірибе тетігі” атты семинар ұйымдастырған болатын.
Халықаралық экономикалық дауларды реттеу тәртібі мәселесін қорытындылай келе келесідей ұсыныстар мен түйіндерге келуге болады:
Халықаралық құқық субъектілері өдерінің экономикалық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру барысында халықаралық қатынастарды реттеудің халықаралық құқықтық негізін құрайтын халықаралық құықтың негізгі қағидаларына, солардың ішінде басты орын алатын дауларды бейбіт жолмен реттеу қағидасына сүйенеді.
Халықаралық дауларды бейбіт жолмен реттеу қағидасының қалыптасу және даму тарихы халықаралық қатынастар мен халықаралық құқықтың қалыптасу және даму тарихын динамикалық түрде көрсетеді.
Аталған қағида экономикалық даулар туындаған жағдайда қолданылатын әдістің түрі көрсетілген экономикалық шарттарда тікелей пайдаланылады. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен келісімдерінде бекітілген, халықаралық дауларды бейбіт жолмен реттеу қағидасын жүзеге асыру жөнінде жүргізіп отырған саясаты басқа мемлекеттермен жемісті экономикалық ынтымақтастығының дамуының кепілі болып табылады.
Қазіргі таңдағы халықаралық экономикалық қатынастың күрделілігі мен көп түрлілігі, мемлекеттердің халықаралық экономикалық ұйымдарға белсенді түрде қатысуы және өздерінің араларында туындаған экономикалық дауларды саясат негізінде емес, құқық негізінде реттеуге ұмтылуы халықаралық экономикалық дауларды реттеу тәртібі жөнінде жан-жақты зерттеулер жүргізу қажеттілігін тудырады.
Ю.В.Алфеева ұсынған халықаралық экономикалық дау анықтамасында халықаралық экономикалық даудың құқықтық сипаты мен статусы жөнінде әртүрлі халықаралық экономикалық құқықтың субъектілері анықталады.
Экономикалық мүдделердің қақтығысу және осы мүдделердің басқа мүдделерге қарағанда басым болу фактілерін халықаралық дау түсінігінде бөліп көрсетілуі тиіс. Мұның саяси, құқықтық, экологиялық секілді өзге дау аспектілеріне байланысты қарама-қайшылықтар туындаған жағдайда көмегі тиеді.
Халықаралық экономикалық дау халықаралық құқық субъектілерінің халықаралық экономикалық қатынастар аясындағы іс әрекеттеріне қатысты құқықтары мен міндеттеріне байланысты туындайды. Осындай міндетті белгінің болуы дауда тарап болып табылатын халықаралық экономикалық құқығының субъектілерінің міндеттері мен құқықтырының экономикалық ерекшеліктерін сипаттайды.
Халықаралық экономикалық даулардың ерекше белгілерінің бірі, оларды шешу кезінде реттеу пәні әртүрлі саладағы халықаралық қатынастар болуы мүмкін. Мұндай жағдай бір уақытта саяси және экономикалық сипатқа ие болатын және реттеу үшін әдісті таңдауда ерекше көңіл бөлуді қажет ететін аумаққа қатысты дауларды реттеу сияқты тағы бір мәселенің пайда болуына себеп болады. Бұған Каспийдің құқықтық статусын анықтауға байланысты халықаралық даудың квалификациялық сипаттамасы мысал бола алады, себебі, аталған классификациялауға сүйенсек, бұл дау аумақтық дау емес, халықаралық экономикалық дау болып табылады.
Халықаралық экономикалық интеграцияның даму қарқыны, халықаралық қатынастарда экономикалық приоритеттерінің басым болуы халықаралық дауларды бейбіт жолмен реттеу механизмдерін тек БҰҰ мен халықаралық экономикалық ұйымдар шеңберінде емес, сонымен бірге бір не бірнеше аймақтар шеңберінде дамытуды қажет етеді.
Әлемдік ынтымақтастыққа кіру жағдайында халықаралық құқықтың субъектісі ретінде Қазақстан Республикасының негізгі міндеттерінің бірі сыртқы қатынастардың толық құқықтық негізін қалыптастыру. Салыстырмалы аз уақыт ішінде Қазақстан мемлекетаралық және үкіметаралық деңгейде тоғыз жүзден астам шарттарға қол қойды, ТМД шеңберінде қабылданған көпжақты келісім шарттарға және алпыс шақты халықаралық көпжақты конвенциялар мен шарттардың қатысушысы болды. Қ.К.Тоқаевтің сөзіне қарағанда, мемлекетімізбен қабылданған халықаралық шарттар Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа ену процесін қамтамасыз етті, сонымен бірге еліміздің егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық біртұтастығы мен шекара мызғымастығын сақтауда маңызды рөл атқарды.
Бірақ арбитраждық шешімдерін орындамау жағдайлары тәжірибеде кездескеніне байланысты, сәйкес халықаралық келісімдер қабылданды (1923 жылғы арбитраждық келісімдер туралы Женева Хаттамасы, 1927 жылғы арбитраждық шешімдерді күштеп орындау туралы Женева Конвенциясы). Арбитраждық келісімдердің тануын реттейтін және шетел арбитраждық шешімдердің орындауын реттейтін, қазіргі кездегі маңызды құжаттардың бірі 1958 жылғы шетел арбитраждық шешімдерді орындау және тану туралы Нью-Йорк Конвенциясы болып табылады және 1995 жылы 4 қазан ҚР-ның Президетінің Жарлығына сәйкес, оған ҚР-сы қосылды.
Тараптары жеке және заңды тұлғалар бола алатын даулар бойынша, шешімдерді тану, орындалуы талап етілетін мемлекетте емес, басқа мемлекеттің территориясында шығарылған арбитраждық шешімдерді тану және орындауға қатысты Нью-Йорк Конвенциясы қолданады. Конвенция сонымен қатар шешімдерді тану және орындалуы талап етілетін мемлекетте ішкі шешімдер болып есептелінбейтін, арбитраждық шешімдерге қолданылады (І бап,1-т).
Көптеген елдерде, арбитр шешімге қол қойған елде, арбитраждық шешім шығарылған болып есептеледі. Сөйтіп, Англияда соттар арбитраждық процесс Англияда өткізілгеніне қарамастан, Парижде қол қойылған арбитраждық шешім шетелдік ретінде қарастырылған (бұл заңды әрекет 1966 жылғы Англияның Арбитраждық актісімен тоқтатылды, ал арбитраждық тергеуді жүргізу орнында арбитраждық шешім шығарылған болып есептелетін ереже, көптеген арбитраждық регламенттерде көрсетіледі.)
Нью-Йорк Конвенциясының ережелері бойынша (III бап), әрбір келісуші мемлекет арбитраждық шешімдерді міндеті ретінде таниды және бұл шешімдерді тану және орындалуы талап етілетін жердің процессуалдық нормаларына сәйкес орындалады.
ҚР-ның Азаматтық іс жүргізу кодексінің (V Бөлім "халықаралық процесс", 425 бап "Шетелдік соттар мен арбитраждық соттардың шешімдерін тану және орындау") көздеуі бойынша, егер ҚР-ның заңында немесе халықаралық шартында өзара түсіністік негізінде бұл көзделген болса, шетелдік соттар мен арбитраждық соттардың шешімдері ҚР-да танылады және орындалады. Егер ҚР-ның халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, шетелдік соттар мен арбитраждық соттардың шешімдерін танудың және орындалудың шарттары мен тәртібі заңда белгіленеді. Шетелдік соттың немесе арбитраждық соттың шешімі шешім заңды күшіне енген кезден бастап үш жыл ішінде мәжбүрлеп орындауға берілуі мүмкін.
Салыстырсақ, мәселен Англияда Жоғарғы Соттың рұқсаты бойынша шетелдік арбитраждық шешім ішкі мемлекеттік сот шешімі сияқты, тура сондай жолмен орындалуы мүмкін немесе шетелдік арбитраждық шешім шығарылған арбитраждық шешімге сәйкес туындайтын міндеттерді орындау бойынша, Англияның соттарына жай талапты беру үшін негіз бола алады.
Францияның Азаматтық іс жүргізу кодексі бойынша, шетелдік арбитраждық шешім орындалады немесе танылады, егер оның орын алуының ақиқаттығы оған және оның орындалуына негізделген тараппен расталса немесе бұл арбитраждық шешімнің танылуы халықаралық жария тәртіпке анық қайшы келмесе.
Нью-Йорк конвенциясының белгілеуі бойынша, арбитраждық шешім орындалу және танылу үшін, тануды, орындалуды талап етуші тарап, мұндай өтінішті берген кезде ұсынатыны: орынды жолмен куәландырылған расталған арбитраждық шешімді немесе орынды жолмен куәләндырылған соның көшірмесін; расталған арбитраждық келісім немесе орынды жолмен соның куөләндырылған көшірмесін. Егер арбитраждық шешім немесе келісім бұл шешімді тану, орындау талап етілетін елдің ресми емес тілінде айтылса, бұл шешімді тану және орындау туралы талап еткен тарап, бұл құжаттардың осындай тілге аударымын ұсынады (IV бап 2-т).
Нью-Йорк Конвенциясында арбитраждық шешімді тану және орындаудан бас тарту негіздерінің екі тобы қамтылған. Бірінші топта өтініш беруші тарап, дәлелдеуге тиіс негіздер көрсетілген. Екінші топта негіздер келтірілген, яғни олар орын алғанда құзырлы мемлекеттік орган өзінің бастамасы бойынша арбитраждық шешімді тану және орындаудан бас тарта алады.
Конвенцияның V бап (1-т) сәйкес, арбитраждық шешімді тану және орындаудан бас тартады яғни қарсы бағытталған тараптың өтініші бойынша, тек егер бұл тарап тану және орындалуы талап етілетін орны бойынша құзырлы билікке мыналардың дәлелдемелерін ұсынады:
- арбитраждық келісімде тараптар оларға қолданылатын заң бойынша қандай да бір мөлшерде әрекетке қабілетсіз болған немесе арбитраждық келісім тараптар бұл келісімді тәуелді еткен заң бойынша күші жоқ, ал мұндай нұсқау болмағанда - бұл шешім шығарылған, елдің заңы бойынша;
- өзіне қатысты қарсы шешім шығарылған тарап, арбитрдің тағайындалуы
туралы немесе арбитраждық тергеу туралы орынды жолмен хабарланбаса я болмаса басқа себептер бойынша өзінің түсіндірулерін ұсынбаса;
- шарттағы арбитраждық ескертпе немесе арбитраждық келісімнің шарттарына түспейтін я болмаса көзделмеген дау бойынша шығарылған арбитраждық шешім немесе шарттағы арбитраждық ескертпе немесе арбитраждық келісімнен тыс шығатын мәселелер бойынша қаулыларды қамтиды, бірақ егер арбитраждық келісім немесе арбитраждық ескертпе қамтитын мәселелер бойынша қаулылар, мұндай келісім немесе ескертпе қамтымайтын қаулылардын бөліне алады, онда келісім-шартта арбитраждық келісім немесе арбитраждық ескертпе қамтитын мәселе бойынша қаулыларды қамтитын арбитраждық шешімнің сол бөлігі танылады, орындалады;
арбитраждық орган немесе процесстің құрамы тараптардың келісіміне сәйкес
болмағанда я болмаса мұндай болмағанда, арбитраж орын алған елдің заңына
сәйкес келмесе;
тараптар үшін шешім өлі түпкілікті болған жоқ немесе күші жойылды я
болмаса ол шығарылған, немесе заңы қолданылатын елдің құзырлы биліктің
орындауымен тоқтата тұру.
Конвенцияның V бабы (2-т) бойынша, арбитраждық шешімді тану және орындаудан бас тарту мүмкін, егер тану және орындау сұралатын елдің құзырлы билігі мынаны тапса:
даудың объектісі бұл елдің заңы бойынша арбитраждық тергеудің пәні бола
алмайтыны;
бұл шешімді тану және орындау сол елдің жария тәртібіне қайшы келсе.
1961 ж. Сыртқы саудалық арбитраж туралы Еуропа Конвенциясы арбитраждық шешімдердің күшін жоятын және арбитраждық шешімді жарамсыз деп хабарлаудың негіздерін қарастырады (X бап, 1-т). Бұл негіздер жоғарыда көрсетілген негіздерге сәйкес келеді (Нью-Йорк Конвенциясының V бабы, 1-т). Еуропа Конвенциясы бойынша оған қатысушы - елдің біреуінде арбитраждық шешімнің күшін жою, осы Конвенцияға басқа қатысушы -мемлекеттерде бұл шешімді тану және орындаудан бас тартуға себеп болады, тек мынадай шартпен, егер арбитраждық шешімнің күшін жою бұл шешім шыққан мемлекетте немесе соның заңы бойыша жүзеге асырылса.
Сөйтіп, танылу және орындалу үшін арбитраждық шешімнің күші бар болуы тиіс. Арбитраждық шешімнің күші бар болуы, арбитраждық шешімнің нысаны және мазмұнына қойылатын талаптармен анықталады.
Арбитраждық шешімнің нысанына қатысты көптеген арбитраждық заңдар және ережелердің талаптары бойынша, арбитраждық шешім жазбаша түрде толтырылуы тиіс, ол шығарылған негіздерді (егер тек тараптар басқаша келіспесе), шығарылған күнін, сонымен қатар арбитрледің қолдарын қамтуы тиіс. Егер қандай да бір арбитр ерекше пікірге ие болса, онда ол арбитраждық шешімге қосылады.
Маңызы бойынша күші бар болуы үшін, арбитраждық шешім арбитраждық келісімнің талаптарына сәйкес жүргізілген, сонымен қатар тараптарға тең қарау қағидасын сақтап, арбитраждық процесстің нәтижесінде шығарылуы тиіс. Сонымен қатар арбитраждық шешімде тараптар арбитражға беруге келіскен мәселелер ғана қаралып, шешілуі тиіс. Егер тараптар басқаша келіспесе немесе бұл шешім келісілген шарттар негізінде арбитраждық шешім болып табылмайды.
Шешімді шығарудың ерекше тәртібі Халықаралық сауда палатасы жанындағы Арбитраждық соттың Регламентінде орын алады. Регламент бойынша (21-бап), ішінара немесе түпкілікті шешімге қол қоймас бұрын, арбитрлер оның жобасын Халықаралық арбитраждық сотқа ұсынады. Сот шешімнің нысаны бойынша өзгерістерді енгізе алады, сонымен қатар даудың мәніне байланысты мәселелерге арбитрлердің назарын аударады. Бір де бір шешім оның нысанын Халықаралық арбитраждық сотпен алдын апа мақұлдаусыз шығарылмайды.
Арбитраждық шешімді орындау туралы өтініш берген кезде, арбитраждық шешім орыдалуы тиіс активтердің орналасуына қатысты мәселе бастапқы қаралатын мәселе болады. Ұлттық сот өзінің юрисдикциясының аясында орын алған активтерғе қатысты ғана арбитраждық шешімнің орындалуына үлес қоса алады. Егер активтер әр түрлі заңдар юрисдикциясында орын алған жағдайда, арбитраждық шешімді орындау үшін қажетті активтер орын алған, бұл юрисдикцияның әрқайсысына арбитраждық шешімді орындау туралы бірнеше өтініштер берілуі тиіс. Сонымен қатар, жеке заңдар юрисдикциясынан тұратын, АҚШ және Ұлыбритания сияқты кейбір елдер бар.
Шетелдік шешімді орындау туралы өтініш беру қанағаттанбайды, егер арбитраждық шешім орындалуы тиіс активтер орын алғанда, заңдар юрисдикциясының құқығы шетелдік арбитраждық шешімдерді орындау бойынша ережелерді қамтымайды. Бұл мәселе арбитраждық келісімді жасау кезінде ойластырылған болуы иіс.
Достарыңызбен бөлісу: |