Абдразаков б. Б


Халықаралық құқық нормаларын топтастыру



бет14/37
Дата13.06.2022
өлшемі0.88 Mb.
#459196
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
Халықаралық процесс

Халықаралық құқық нормаларын топтастыру. Халықаралық құқық нормаларын, жалпы құқық нормалары секілді түрлі себептерге орай топтстыруға болады. Біздің ойымызша, ең өзектілері мыналар болып табылады:

  1. Реттеуші ықпалының мазмұны бойынша: - реттестіруші норалар: осыған сай қатынастардың қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін, тәртіп ережелерін бекітетін нормалар; - қорғаушы нормалар, нақты жағдайларға қатысты алдын ала қарастырушы заңды жауапкершіліктің шаралары, яғни мұндағы халықаралық құқықтық сипатындағы жауапкершіліктер. Көп жағдайларда, екі түрі бірдей нормаларында жинақталады, алайда сирек кездеседі.

  2. Реттеуші ықпалының сипаты бойынша:-императивті-абсолюттік, анықталған тәртіптің апелляциясыз қалыптасқан моделі бар нормалар (көбінесе оны орындамағадығы үшін санкциясы бар нормалар); - диспозитивті нормамен көрсетілетін, тәртіп моделін таңдап алу мүмкіндігін ұсынатын нормалар.

  3. Осы шеңбердегі халықаралыққұқық нормасының реттеуші ықпалының жүзеге асырылатын уақыт мөлшеріне байланысты: - тұрақты күші бар (мысалы мерзімсіз сипатының нормалары); - уақытша күші бар, сонымен қоса, өзінің заңды күшін мерзімді растайтынын талап етуші нормалар.

  4. Императивті сипаттағы нормалардың мынадай түрлерге бөлінетінін тағы бір атап көрсету қажет, яғни олар: - қарапайым императивті нормалар; - juscogensимперативті нормалар, бұлардың түсінігі жоғарыда айтылған болатын.

Құқық жүйесі мен халықаралық құқық (жекеше алып қарастырғанда )жүйесі жайындағы мәселелер маңызды болып келеді. Екі ұғымды айта кетуге болады, яғни ұлттық құқықтың жүйесі (яғни ішкі мемлекеттік құқық жүйесі) мен халықаралық құқық жүйесі. Бұл ұғымның әр қайсысы бірдей болып табылмайды, сонымен қатар, олар әртүрлі кеңістікке ары қарай жүреді. Ұлттық құқық жүйесі салаларға, институттар мен нормаларға бөлінуін көрсетеді; яғни жария құқықтық, жеке құқықтық, қылмыстық құқық және т.б. Ұлттық құқық жүйесі, әрбір жеке алып қарастырылатын мемлекетке тән нәрсе. Халықаралық құқық жүйесі бір ғана хлықаралық құқықтың мемлекетаралық сипатынан туындайды. Бұл жүйеде жалпы және ерекше бөлімдерге бөлінуі көрсетіледі, осы шеңберде қандай да бір салаларға жататындығын, институттарға бөлінуі, ең ақыры нормаларға келіп тірелді. Мұның үш тармаққа бөлінуі халықаралық құқықтың ерекше бөліміне қатысты болп саналады. Жалпы бөлімінде, тек негізгі кіріспелік сипатындғы тараулары жайында айтылады, алайда олардың біразы халықаралық құқықтың нақты нормаларын қайткенмен де біріктіре түседі. Соған сәйкес, олардың шеңберінде халықаралық қатынастардың нақты реттелуі жүзеге асырылады, мысалға халықаралық шарттардың құқығы, халықаралық құқықтағы жауапкершілік, халықаралық ұйымдардың құқығы. Толық айтқанда, қазіргі халықаралық құқық, тұрып қалған жүйені көрсете отырып, салаларға қарасты түрлерін кіргізеді.
Жалпы бөлім ішінде:

  • Халықаралық құқық ұғымы, тарихы, қызметі, қағидалары;

  • Халықаралық құқық субъектілері;

  • Халықаралық құқық қайнар көздері;

  • Халықаралық шарттар құқығы;

  • Халықаралық ұйымдар құқығы;

  • Халықаралық құқықтағы жауапкершілік.

Ерекше бөлім ішінде:

  • Халықаралық қауіпсіздік құқығы және дауларды бейбіт жолмен реттеу;

  • Дипломатиялық және консулдық құқық;

  • Адамның халықаралық құқықтары мен халық мәселесі;

  • Халықаралық қоғамдық құқық;

  • Халықаралық экономикалық құқық;

  • Халықаралық теңіз құқығы;

  • Халықаралық әуе құқығы;

  • Халықаралық экологиялық құқық;

  • Халықаралық ғарыш құқығы;

  • Халықаралық қылмыстық құқық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет