Абдразаков б. Б



бет16/37
Дата13.06.2022
өлшемі0.88 Mb.
#459196
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
Халықаралық процесс

Халықаралық шарт.

Қазіргі таңдағы халықаралық құқықтың негізін салушы қайнар көздердің бірі болып – халықаралық шарт танылады, дегенмен жоғарыда айтылғандай, халықаралық құқықтағы негізгі реттестіруші тәсілі болып – халықаралық құқық субъектілері еркілерінің санасу тәсілі саналады, оның өзі, халықаралық шартты бекіту кезінде айқын көрінеді. Халықаралық құқық қайнар көздері ретіндегі халықаралық шарттың нормалары, халықаралық әдет-ғұрыптар секілді қалыптасатын нормаларға қарағанда, қалауымызға жақын, дегенмен де, “халықаралық шарт” ұғымы халықаралық әдет-ғұрып ұғымына қарағанда әлде қайда анық болып табылады, даулы жағдайда, сол тәртіп ережелерінің әдеттегі құқықтық норма ретінде барын дәлелдеудің өзінде қиынға түседі (яғни сәйкес өлшемдер бойынша).

  1. Халықаралық әдет-ғұрып.

Жоғарыда ескертіп айтып өткеніміздей, қазіргі таңдағы халықаралық тәжірибеде (практикада) халықаралық құқық субъектілерінің рнайы қатынастарын келісімді жолмен қалыпқа келтіру үрдісі байқалып отыр. Халықаралық әдет-ғұрып халықаралық шартпен қатар, халықаралық құқықтың ең маңызды қайнар көзі болып табылады. Халықаралық әдет-ғұрып, халықаралық құқық субъектілерінің ұзақ уақыт бойы қолдану нәтижесінде қалыптасқан тәртіп ережесі болып саналады, біріншіден, бұл субъектілер мемлекеттер, сонымен қатар осы субъектілермен заңды түрде міндетті екендігі мойындалады. Жоғарыда келтірілген дефиницияны айта отырып, негізгі екі өлшемді шығаруға болады, (жалпыға танылған сипатына ие) – объективті және субъективті, бұл белгілердің жиынтығы халықаралық әдет-ғұрыптың бар екендігі туралы айта алады. Осы екі элементтің барын қалай дәлелдеу қажет? Әрине мұны дәлелдеу өте қиын, дегенмен әрбір нақты мәселеде оның жағдайын есепке алу қажет, халықаралық тәжірибені зерттеу қажет.

  1. Құқықтың ортақ қағидалары.

Халықаралық құқық доктринасында бұл ұғымның айтылуына қатысты қалыптасқан ой-пікір бар. БҰҰ Халықаралық сотының Статуты контексінде – құқықтың қағидалары деп жалпы құқықтық сипаттағы әлде бір ережелерді түсіну қажет. Әйтседе олардың шығу тегі әлемдік қауымдастыққа мүше мемлекеттердің ұлттық құқығы мен байланысты. Сонымен, мұндағы айтылар сөз, халықаралық құқықтың ортақ қағидалары жайында емес, құқықтың ортақ қағидалары туралы, яғни ішкімемлекеттік құқықтық жүйелер болып табылады. Бұл жағдай, халықаралық құқықтың реттестіруші тетігінен бөлек орналасқан. Құқық теориясында мынадай ереже яғни арнайы нормалар бар, жалпы сипаттағы нормалар алдында басым күшіне ие. Біздің қарастырып отырған мәселе төңірегіне қатысты осы ережені қолданудың толық негізділігі бар, оған сәйкес құқықтың ортақ қағидалары соған лайық мұндағы арнайы норманың халықаралық мәніндегі құқықтың бар болған кезінде қолданбауы қажет.
Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көзі ретінде Халықаралық Соттың Статуты доктриналар мен халықаралық соттардың сот шешімін атап көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет