Абдразаков б. Б



бет36/37
Дата13.06.2022
өлшемі0.88 Mb.
#459196
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Халықаралық процесс

Жатқызылу. Мемлекеттердің ХҚЖ-сына байланысты туындайтын елеулі проблема – жасалған іс-әрекет үшін жауаптылықты қандай да бір мемлекетке жатқызу мәселесі.
Бұл мәселеге байланысты мына жағдайлардыбөліп қарастыруға болады:

  1. мемлекттік органдардың әректтері;

  2. жеке тұлғалардың немесе заңды тұлғалардың әрекеттері.

Осыларды қарастырайық. Мемлекет органдарының әрекеттері. Бұл жағдайда “мемлекет органы” жалпылама ұғым, ол мыналарды білдіреді:
а) талап қойылатын мемлекеттің “өз” органы;
б) талап қойылатын мемлекеттің мүддесі үшін және рұқсатымен әрекет еткен басқа мемлекттің органы;
в) оның юрисдикциясы өрісінде талап қойылатын мемлекеттің рұқсатынсыз әрекет еткен басқа мемлекеттің органы.
Халықаралық ұйымдардың ХҚЖ-ы. Халықаралық ұйымдарда да халықаралық құқықтың туынды субъектілері ретінде халықаралық жауапкершіліктің құқықтық қатынастарында тараптардың бірі бола алады.
Халықаралық ұйымдардың халықаралық құқық субъектілігі бөлшек болып табылады. Халықаралық ұйымдар қызметінің болжамды шекаралары, әдетте, олардың құжаттарында көрініс табады; оны құру жөніндегі халықаралық шартта, жарғыда, дәлірек айтсақ, оның халықаралық ұйымдардың құқытары мен міндеттеріне арналған баптарында.

ҚОРЫТЫНДЫ
Халықаралық коммерциялық арбитраждың өспелі танымалдығы және оның рөлін ресми мемлекеттік мекемелермен тану халықаралық коммерциялық арбитраждың халықаралық - құқықтық регламентациясының кеңеюіне әкелгенмен бірге, оған жеке елдердің ұлттық заңдары бейімделді. Бұл ерекше маңызға ие, өйткені қорыта келгенде тура құқықтың ұлттық жүйелері арбитраж қызметінің маңызын және тиімділігін анықтайды. Көптеген мемлекеттер халықаралық коммерциялық арбитраждың ерекшелігін ескеретін, қазіргі заманғы арбитраждық заңдарды қабылдады. Негізінен, мұндай елдердің территорияларында тараптардың еріктерінің максималды автономиясының қағидалары бойынша халықаралық арбитраждық тергеуді жүзеге асыру мүмкін болады, сонымен қатар мемлекеттік соттардың арбитраждық процесске араласу мүмкіндігі шектелген, оның тиісті жүргізуіне үлес қосу жағдайларын қоспағанда.
Қазіргі уақытта "арбитражды делокализациялау", оны "интернационализациялау" деп аталатын бүтін теория туындады немесе басқаша айтқанда, оны жүргізу орнының территориясында мемлекеттік бақылау және құқықтың ұлттық нормаларынан бөлінген құбылыс ретінде арбитраж туралы көріністер. Ұлттық соттар тарабынан қандай болсын араласушылықтан түгелдей бөлінген шетелдік субъектілердің қатысуымен, арбитраждық тергеуді өзінің территориясында жүзеге асыруға мемлекеттің рұқсатын білдіреді.
Бұл себеп бойынша айта кету керек, бұл теориядан басқа арбитраждық тергеуді жүргізу елінің құқығымен оның байланысын анықтау немесе халықаралық коммерциялық арбитражға үш тәсіл тән. Бірінші тәсілде халықаралық тәсілдің болжауынша, халықаралық коммерциялық арбитраж арбитраждық тергеуді жүргізу елінің заңдарымен мүлдем байланысты емес, арбитраждық тергеудің тараптарымен қарастырылған, тек қана процедураның негізінде жүзеге асырылады. Екінші тәсілдің болжауынша, арбитраждық тергеуді жүргізу орнындағы заңдар халықаралық және ішкі арбитраж арасында айырмашылық келтіреді. Халықаралық арбитраж, әдетте арбитраждық тергеуді жүргізу орнымен байланысы аз, сол себептен заң қабылдаушы сот араласушылығы үшін аз негіздерді және халықаралық коммерциялық арбитраждың қызметін реттейтін заңдарда императивтік нормаларды шамалы қарастырады. Үшінші тәсілде халықаралық және ішкі арбитраждың қызметін реттейтін ортақ заң ғана орын алады, бірақ ол дауларды шешудің екі механизмдерінің заңдарын модернизациясын жүргізуге кедергі келтірмейді.
Барлық бұл теоретикалық тәсілдер қазіргі өмірде орын алады. Бірақ сөйтсе де халықаралық коммерциялық арбитраж, оның тиімділігі және оның ең басты орын алуы құқықтың әр түрлі жүйелерін қолдауға және негізінен арбитраждық тергеуді жүргізу орнының құқығына тәуелді. Халықаралық коммерциялық арбитражды таныған мемлекеттер, арбитраждық процесске қолдау көрсетуі тиіс.
Соңғы жылдары халықаралық коммерциялық арбитражда сол немесе басқа дауларды қарау мүмкіндігінің мәселелеріне, одан сайын көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар соның себептерінің бірі - халықаралық саудада дауларды шешудің әдісі ретінде халықаралық коммерциялық арбитраждың танымалдығының өсуі. Халықаралық коммерциялық арбитраждағы әр түрлі сипаттағы дауларды қарастыру мүмкіндігі туралы концепция халықаралық коммерциялық арбитражға қатысты жария тәртіпті шектеуді қамтиды. Бұл концепция бойынша әрбір мемлекет өзі арбитражда қаралатын мәселелерді анықтайды.
Бірақ әлі халықаралық коммерциялық арбитраждың қызметін реттейтін халықаралық конвенциялардың қатысушылары болмайтын немесе халықаралық айналымның тұтынушылығына қалыптаспаған заңдарға ие мемлекеттердің едәуір мөлшері орын алады. Бірақ бұған қарамастан, арбитраж қолданады және халықаралық коммерциялық дауларды шешудің тиімді құралы ретінде одан сайын таралуда және танылуда.
Халықаралық тәжірибе көрсететіндей, соңғы жылдары арбитраждық тергеудің төртібінде қарастырылатын тараптардың біреуі шетел мемлекеті болып табылатын даулардың саны өсті. Сөйтіп, Париждегі Халықаралық сауда палатасының арбитраждық ережелеріне сәйкес қарастырылатын барлық істердің 30%, мемлекет қатысатын даулар.
Егер мемлекет қандай болсын контракт (коммерциялық мәміле) бойынша, мүмкін дауларға қатысты шетелдік заңды немесе жеке тұлғамен арбитраждық келісім жасаса, онда ол мынаны білдіреді, яғни ол арбитражбен бірге, басқа мемлекеттің сотында да дауды қараған кезде иммунитетке сілтеме жасай алмайды, егер бұл сот өзінің құзыретіне сәйкес арбитраждық келісімнің әрекет етуі туралы дауды қарайтын болса. Бірақ арбитраждық келісімнің орын алуы сот көмегімен жүзеге асырылатын, арбитраждың шешімін мәжбүрлеп орындауға қатысты немесе алдын ала қамтамасыз етудің иммунитетінен мемлекет бас тартқан болып есептелмейді. Сондықтан тәжірибе мемлекет немесе мемлекеттік мекемелер қатысатын контрактілерге бұл мәселелер бойынша (иммунитеттерден бас тарту) арнайы шарттарды енгізу жолына түсті.
Дауларды шешудің жарамды тәсілдерінің бірі ретінде арбитражға жағымды қатынас, 1975 жылғы Еуропада қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша Жиынның Қорытынды актісінде көрсетіледі. Жиынға қатысушы -мемлекеттер "өзінің елдерінің ұйымдарына, мекемелеріне және фирмаларына сәйкес жағдайларда өндірістік ынтымақтастық немесе арнайы келісімдер туралы коммерциялық мәмілелер және контрактілерде арбитраждық ескертпені қарастыруға" кеңес берді. Сонымен қатар, "арбитраж туралы ережелер өзара қол жетімді регламент негізінде арбитражды жүргізуді және бұл салада әрекет ететін үкімет аралық және басқа келісімдерді ескеріп, үшінші елде арбитражды жүргізуді қарастырсын деп", олар ұсынды.
Айта кеткен жөн, дауларды арбитраждық қарастыру кезінде тараптарға таңдаудың кең еркіндігі беріледі, ол арбитраждық тергеудің негізгі құндылығы болып табылады және сырқы саудалық қызметтің қатысушылары үшін оны тартымды жасайды.
Арбитраждық тергеудің тараптарына өзінің қалауы бойынша құқық қабілеттілікті жүзеге асырған, еш нәрсемен шектелмеген мүмкіндік, құқықтар мен міндеттерге иелену, оларға билік ету, құқықтық қатынастың пайда болуын, өзгеруін және тоқтату кезін, қорғау тәсілін анықтау және т.б. беріледі. Шартты негізде арбитраждық келісімнің тараптары, олардың дауын қарастыратын арбитраждық органды таңдайды (ол институциялық арбитражбен бірге, арбитраж аd һос та болуы мүмкін). Тұрақты әрекет ететін арбитраждық органды таңдаған кезде, оған тараптармен берілген дауды шешетін нақты арбитраждық институтты тараптар анықтайды. Тараптар аd һос арбитражын таңдаған кезде, тараптар арбитражда істі қараудың процедурасын дербес анықтайды, я бомаса арбитраж аd һос үшін арбитраждық регламенттердің біреуін қолдану туралы келісе алады. Сонымен қатар, тараптарға өзінің қалауы бойынша арбитрлерді тағайындау және арбитраждық соттың құрамын қалыптастыру мүмкіндігі беріледі (арбитрлер арбитраждық мекемелер ұсынатын, арбитрлер тізімінен таңдала алады және тараптармен олардың қалауынша таңдалады). Істі қарастырған кезде, арбитраждық сот тараптардың талаптарының шегінен шықпауы тиіс. Одан басқа, арбитраждық келісімнің тараптары арбитраждық тергеуді жүргізудің орны, істі қарау тілді анықтау, сонымен бірге олардың келісім-шартына қолданылатын құқықты көздеу туралы келісе алады.
Халықаралық коммерциялық арбитраждың кең таралу және дамуын ескеріп, халықаралық коммерциялық арбитраждың саласында екі маңызды конвенцияларға қосылғанына қарамастан (1958 жылғы шетелдік арбитраждық шешімдерді тану және орындау туралы Нью-Йорк Конвенциясы және 1961 жылғы сыртқы саудалық арбитраж туралы Еуропа Конвенциясы), Қазақстан Республикасына халықаралық коммерциялық арбитраж туралы Заңды қабылдаған жөн, тіпті бұл заңның негізіне халықаралық сауда арбитражы туралы ұсынылған ЮНСИТРАЛ Типтік заңы мен мұндай заңды қабылдаған мемлекеттердің тәжірибесі мен сынағын енгізіле алады.
Арбитраждың құқықтық реттелуіне қатысты халықаралық Конвенциялар мен халықаралық тәжірибедегі нормативтік құжаттарды, әлемдік арбитраж мекемелерінің регламенттерін, жеке құқық саласындағы қазақстандық және шетелдік авторлардың еңбектерін қарастырып халықаралық арбитраж қызметінің құқықтық жағдайын тереңінен зерттеп, бітіру жұмысты жазатын кезде алдыма қойған мақсаттарыма жеттім деп ойлаймын.
Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды.
Халықаралық коммерциялық арбитраж шетелдік элементі бар даулардың тез және икемді шешудің жолдарының бірі деп айтуға болады. Әсіресе бұл институт халықаралық деңгейде кәсіпкерлікпен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметінде туындайтын мәселелерді шешуге өте қолайлы. Себебі бітіру жұмысымды зерттеу барысында анықтағанымыз, егер де тараптар туындаған коммерциялық дауды мемлекеттік сотта шешуді қарастыратын болса өте ұзақ уақытқа созылады. Ал арбитраждық соттағы сотшығармашылық процедура мерзімін тараптардың өздері белгілеулеріне мүмкіншіліктері бар.
Дүние жүзі мемлекеттерінің халықаралық коммерциялық арбитраж туралы заңды қабылдауы, сол елдің көптеген халықаралық мәселелерін шешуге, әлемдік аренаға қадам басуға және экономикалық жағдайын көтеруге зор және халықаралық ынтымақтастықты сақтауға үлесін қосады. Ресми түрде сипаттама беретін болсам, келесі түрде анықтауға болады:

  • әлемдік экономикаға интеграцияны жоғары деңгейде бекітіп алу және нарықтың қатысушылары арасында туындайтын дауларды өздері алдын-ала келісілген шарттағы қағидаларын сақтай отырып, сол заманға сай даулы мәселені шешетін механизмімен қамтамассыз ету;

  • отандық және шетелдік тарап арасында еркіндік пен өзара сенімнің болуына қол жеткізу;

  • мемлекеттік сотшығармашылығына қосымша көмек ретінде аралық сотшығармашылық процедурасын дамыту;

  • аралық сотшығармашылық процедурасын өткізу жері болып танылу, өйткені мемлекеттке үлкен қаржылық табыс береді;

  • Конституцияға сәйкес құқықтық мемлекеттің қызметін дамыту.

Халықаралық Коммерциалық Арбитраж халықаралық құқықты реттеудің ең негізгі бағыты болып белгілі бір мемлекетте арбитрдің шығарған шешімін басқа бір мемлекетте тану мен орындалуын қамтамассыз ететін құқықтық жағдай жасау болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда шетелдік арбитраждық мекемелердің шешімін тану.
Қазақстанда шетел арбитраждарының шешімдерін тану мен орындалуының құқықтық негіздері 13 шілде 1999 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 425 бабында қарастырылған. Азаматтық іс жүргізу Кодексінде былай делінген:

  1. Егер Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шартында өзара түсіністік негізінде бұл көзделген болса шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдері Қазақстан Республикасында танылады және орындалады.

  2. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін танудың және орындаудың шарттары мен тәртібі Қазақстандық заңдарға сәйкес анықталыды.

Біріншіден, азаматтардың құқықтарын қорғау салаларында Конституцияны кеңейту ең алдымен жеке құқық саласында туындайтын мәселелерді шешу үшін бағытталды. Екіншіден, мемлекеттік соттарға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жүгінуге болады.
1995 жылы Қазақстан Республикасы 1958 жылғы шетел арбитраждарының шешімдерін тану және орындау туралы өте маңызды Нью-Йорк Конвенциясын ратификациядан өткізген еді. Бұл құжаттың маңыздылығы соншалықты, әлемдегі елдердің 90-нан астамы ратификациялаған. Бұл Конвенция мемлекеттерді шетелдік арбитрдің шешімін өз мемлекетіндегі арбитрдің шешімімен бірдей дәрежеде тануын мәжбүрлейді. Яғни бұл құжат арбитрдің шешімінің басқа екінші мемлекеттерде орындалуын қамтамасыз ететін кепіл болып табылады.
Нью-Йорк Конвенциясы 12 баптан тұрады. Конвенцияның 3 бабында былай делінген: Әрбір келісуші мемлекет арбитраждық шешімді міндетті және прооцессуалдық – құқықтық нормаларға сәйкес орындалуы қажет. Арбитраждық шешімнің танылуы мен орындалуы үшін икемді жағдайлар жасалсын және басқа арбитрлық шешімдердің орындалуына жиналатын баждар мен алымдарға қарағанда төмен бағамен алынсын. Сондықтан Нью-Йорк Конвенциясы басқа халықаралық құжаттардың арасында өте үлкен маңызға ие.
1985 жылы ЮНСИТРАЛ-дың Халықаралық Коммерциалық Арбитраж туралы үлгі заңына сәйкес, тараптар арбитрлардың санын өз қарауынша анықтауға, арбитрды тағайындау процедурасына келісуге, даудың нысанын қамтамасыз ету шараларын қабылдауды сұрауға, арбитраждық қарауды жүргізу процедурасы туралы келісуге, ауызша тыңдау өткізуді келісуге, бітімгершілік келісімін жасауға, талапкер талаптан бастартуға, шешімді түзету, қосымша шешім шығаруға құқылы.
Халықаралық коммерциялық даулардың тез және дұрыс шешілуі мақсатында арбитраждық келісім өте маңызды орын алады. Арбитраждық келісімнен 2 маңызды процессуалдық-құқықтық ерекшелікті анықтауға болады. Біріншіден, арбитраждық келісім тараптарға міндетті болып табылады және олар дауды арбитражға беруден бас тарта алмайды. Ал бұл жағдай мемлекеттік соттардың юрисдикцияларын белгілі бір дауларға қатысты шектейді.
Халықаралық коммерциялық арбитраж ол - шығарылған шешімі міндетті күшке ие болатын, тараптардың өздері тағайындаған бейтарап арбитрлардың немесе арбитрлардың әртүрлі мемлекеттерден шыққан, не арбитрлардың шетелдік элементі бар тараптардың арасындағы дауды шешудің тәсілі.
Халықаралық коммерциялық арбитраж үш мағынада қолданылады:

  • Коммерциялық дауларды шешудің механизмі;

  • Бұл дауларды шешу үшін құрылған орган немесе мекеме.

  • Белгілі бір дауды шешуге арнайы құрылған арбитрлар құрамы немесе жеке арбитрлар.

Халықаралық арбитраж әсіресе экономикалық ынтымақтастықтың дамуында және тұрақтануында маңызы үлкен. Халықаралық коммерциялық келісімдерден туындайтын дауларды шешу сауда және экономикалық ынтымақтастықтың кеңеюіне, тұрақтануына ықпал тигізеді. Ал бұл үшін тиімді құрал болып халықаралық коммерциялық арбитраж табылады.
Тәуелсіз сот билігі – демократиялық қоғамның ажырамас бөлігі. Заң үстемдік ететін құқықтық мемлекетті орнықтыруға жәрдемдесу – сот төрелігі органдарының негізгі міндетін қысқаша осылай тұжырымдауға болады. Сот жүйесі түбірлі өзгерістер жүзеге асып жатқан жауапты кезеңді бастан кешіріп жатқан қазіргі кезде мұның өзі ерекше және өзекті мәселе болып табылады.
Бітіру жұмысымызды қорытындылай келе, бұл халықаралық жеке құқықтың бір бөлімі болып табылатын арбитраждық институттың әр ел үшін маңызы өте зор екенін және де азаматтардың жеке құқықтырын әлемдік деңгейде қорғаудың бірде-бір дұрыс тәсілі болып танылатынын анықтадық. Сондай-ақ халықаралық конвенциялар арбитраждың құқықтық реттелуін қамтамассыз ететін және шетелдік элементі бар дауларың эффективті шешілуіне ықпалын тигізетін жалғыз бір құжат екеніні анықталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет