Абдразаков б. Б



бет33/37
Дата13.06.2022
өлшемі0.88 Mb.
#459196
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Халықаралық процесс

- Қызмет уақыты.
а) Уақытша – бұларға халықаралық жиналыстар, халықаралық конференциялар жатады.
ә) Тұрақты – бұларға қазір қызмет етуші ұйымдар – БҰҰ, ТМД, барлық мамандандырылған ұйымдарды жатқызуға болады.
Бұл белгінің щартты екендігін атап өту керек. Мысалға Экономикалық Көмек Кеңесі, Варшава Шартының Ұйымы өзінің қызмет ету кезінде тұрақты халықаралық ұйым болған еді.

  • Аумақтық қызметі бойынша:

а) Дүниежүзілік – оларға БҰҰ, ЮНЕСКО, Жастардың халықаралық Кеңесі және т.т.
ә) Аумақтық – қызметі белгілі бір аймаққа таралатын ұйым – Араб Елдерінің Лигасы, Африканың бірлік Ұйымы, Америка Мемлекеттерінің Ұйымы, ТМД.

  • Қызметінің нысанына байланысты:

а) Шектелмеген нысаналы қызметі бар ұйымдар – БҰҰ, Араб Елдерінің Лигасы.
ә) Құзіретіне арнайы мәселелерді шешу кіретін ұйымдар – БҰҰ-ның барлық мамандандырылған мекемелері кіреді.


Халықаралық ұйымдардың даму тарихы. БҰҰ-ның алғашқы бейнесі – Ұлттар Лигасының құқықтық табиғаты.

Халықаралық ұйымдардың белгілері Ежелгі Грекияда пайда бола бастады және онда қалалар мен қауымдастықтар одақтары – Пелопеннестік және Афиналық симмахиялар болды. Бұл екі Ежелгі Грек одақтарының арасындағы қатынастар жауластық сипатта болды және аяғы Пелопеннес соғысымен аяқталып, нәтижесінде грек әлемінде Спарта гегемониясы орнықты. Афиналық симмахия таратылып жіберілді.


XIX ғ. Халықаралық ұйымдардың қайсысын бірінші халықаралық ұйым ретінде есептеуге болатындығы жөнінде әртүрлі көзқарастар бар. Мысалыға осындай халықаралық ұйымдардың алғашқылары қатарына:

  • 1815 ж. құрылған Киелі Одақ.

  • Рейін бойынша кемелер жүзуінің Орталық комиссиясы.

  • Халықаралық өлшемдер мен салмақтар бюросы – 1875ж.

  • Дүниежүзілік пошта одағ – 1874ж. жатқызуға болады.

Қазіргі кездегі халықаралық қатынасарға тән белгілердін бірі – мемлекетаралық ұйымдардың тез дамуы мен ұлғаюы болып табылады. XX ғ. басында саяси бағытттағы халықаралық ұйымдар көптеген жоспарлары пайда бола бастайды және олардың мақсаты – соғысты болдырмау болды.
1919 ж. 28 сәуірде қабылданған Ұлттар Лигасының Жарғысына 44 мемлекет қол қойды, оның ішінде 31 мемлекет 1- дүниежүзілік соғыста Антанта жағында болғандар еді. Бұл сан халықаралық ұйымның сипатына толық анықтама беріп тұр. Бұл ұйымның алғашқы мүшесі АҚШ болды. Бірақ, кейіннен американдықтар Ұлттар Лигасына кірмеді, себебі америка Сенаты Версаль шартын ратификацияламады, олай болса, Ұлттар Лигасының жарғысын да қабылдамады.Мемлекеттердің екінші тобы – “шақырылғандар” болды.
Ұлттар Лигасы мынадай негізгі органдардан тұрды:

  • Жиналыс (Ассамблея) . Бұл орган қыркүйкте өтетін сессиялар бойынша жұмыс істеді. Бұл орган өз құзіретіне кіретін барлық мәселелерді қарауға құқылы болды. Қарарлар, ұсыныстар жиналыста бір ауыздан қабылданатын еді.

  • Ұлттар лигасының Кеңесі – тұрақты және уақытша органдардан тұратын орган. Тұрақты органдарға – Ұлыбритания, Франция, Жапония, Италия кейіннен Германия, 1934 жылдан бастап КСРО кірді.

  • Секретариат – Ұлттық Лиганың атқарушы органы, оның аппаратының саны 600 адамға жуық болған.

  • 1920ж. Сот органы құрылды – бұл халықаралық сот төрелігінің Тұрақты Палатасының Статуты редакциялық түзетулер нәтижесінде БҰҰ-ның Халықаралық Сотының Стаутына айналады.

  • Ұлттар Лигасының негізгі органдарының қатарыны халықаралық еңбек ұйымы кірді, ал БҰҰ-да бұл мамандандырылған мекеме болып табылады.

Ұлттар Лигасына құқықтық саралау жасай отырып, бұл ұйымның мынадай кемшіліктерін атап өтуге болады;

  • Саяси шешімдерді шығарғанда бірауыздылық қағидатының қолданылуы. Бұл мынаны білдіреді, яғни Ұттар Лигасының кезкелген мүшесі дауласушы тараптарды қоспағанда вето құқығын қолдана алды, олай болса, шешім қабылданбайды.

  • Негізгі органдар – Жиналыс ( Ассанблея) пен кеңестін арасындағы құзіретері нақты реттелмеген.

  • Ұлтар Лигасының Жарғысында агрессияшыл соғыстын жүргізілуіне нақты қарсылық болмаған.

  • Ұлтар Лигасының Жарғысы басқа мемлекетер алдында өз мідетерін атқару үшін қажетті қаруды минимум мөлшеріне дейін азайту идеясын қолдаған. Толық және негізді қарусыздандыру тезисі халқаралық құқықта кейінірек қарастырылды.

  • Отарлық жүиенің басқаруға мандат беру арқылы жария етілуі.

Ұлтар лигасының қызметінде бір бстау болды, ол – антисоветизм еді. КСРО бұл ұйымның толық мүшесі ретінде мәртебеге 15ж. кейін ие болды. Бірақ ҰЛ-ға кіргенге дейін КСРО ҰЛ-дың бастамасымен өткізілген бірнеше конференцияларға қатысты. Мысалға, КСРО-ның қарусыздандыруға байланысты мәселерді шешуге арналған бірнеше сессияларға қатысу нәтижесінде толық, жалпылама және жедел қарусыздандыру туралы конвенция жоспарларының құрлыуына өз көмегін тигізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет