3.3 Сенсорлы алалияны түзету жүйесі
Сенсорлы алалиясы бар балалардың есту қабілетін тексеру өте қиын,
арнайы электроакустикалық аппаратурада тексергенде есту қабілетінің
тұрақсыздығы байқалады: жиілігі мен дауысының қаттылығы бірдей
сигналдар бірде қабылданады, бірде қабылданбайды. Сенсорлы
алалиядағы есту зейіні мен қабылдау ерекшеліктері, олардың баяулығы,
тұрақсыздығы, тербелісі (баланың есту қозғыштарына деген есту
реакцияларының тұрақсыздығы) есту қабілетін дұрыс бағалауды
қиындатады. Дыбысқа деген реакция оның интенсивтілігінен тікелей
тәуелді емес. Шартты есту зейінінің бұзылысы байқалады: балалар
тындамай, дыбыстарды естімейді, тез шаршайды, алаңдап тұрады,
дыбысталуларғы деген қызығушылықтарын жоғалтып алады, есту
функциясы тежеледі.
Аудиометриялық зерттеулер бірнеше рет өткізіліп, бала жағдайға
үйреніп, тапсырмаларды дұрыс түсінген жағдайда аса сенімді болады.
Баланың есту қабілетінің жағдайы жөнінде соңғы қорытынды тек қана,
бірнеше аудиограммаларды салыстырғанда, дұрыс көрсеткіштердің
орнына 8 - 10 зерттеулердің мәліметтеріндегі жақын сәйкестіктерді
алғанда ғана шығарылады. Есту анализаторының естіп өткізу функциясын
сақталған жағдайда балаларда дыбысты кеңістікте шоғырландыру білігі
жоқ, естіп есте сақтауының бұзылуы айқындалып, дыбыстық
қоздырғыштарға индифференттілік байқалады. Бағытталған сигнал (ересек
адамның сөзі) баланың оны түсінуіне, қызығушылығына және жауап
беруге ұмтылыс жасауы үшін өте әлсіз болады. Зейінді қатыстырмау және
оның тез тежелуі — жеткіліксіздік сипатына тән белгілер.
Сенсорлы алалияда логопедиялық әсер ету сөйлеу тілінің құрамын
саналы түрде талдауға үйретуге, фонематикалық қабылдауын дамытуға,
сөз құрылымын түсінуге бағытталады. Сенсорлы алалиясы бар балаларды
92
оқытқан кезде әрекетті дамытуға, сөйлеу тілінің дыбыстық және
морфологиялық талдауын қалыптастыруға бағытталған арнайы әдістер
қолданылады. Бұл жерде өз сөйлеу тілін түсінудің, танымдық
әрекеттерінің, бала тұлғасының жалпы ерекшеліктері жетілмеуінің деңгейі
ескеріледі.
Жұмыстың негізгі қағидасы - баланың сөйлеу әрекетінің барлық
жағына кезектілікпен және жүйелі түрде әсер ету болып табылады. Тек
қана дәрігер жоғарғы жүйке жүйесінің әрекетін қалыпты жасайтын (бас ми
қабығының клеткаларының жетілуін жақсартатын) арнайы емдеу
шараларын жүргізгенде ғана жұмыс нәтижелі болады.
Түзету-қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізуден бұрын, баланың
өмірімен, тұрмысымен, оны қоршаған ортамен, жақын адамдарымен,
ойыншықтарымен танысқан жөн. Себебі олар баланың мүмкіндіктерін,
қызығушылығының шеңберін айқындап, қарым-қатынастың жолдарын
және алдағы жұмыстың бағдарламасын белгілеуге мүмкіндік береді.
Отбасында балаға айтылған сөздердің сипаты мен көлемі
айқындалады. Педагогпен ата-аналар тұрмыстық жағдайдағы нұсқау-
сөздердің тізімін жазып қояды. Олар сабақтарда, күнделікті өмірде
өзгертілмеген түрде қолданылады. Баланың сөзге қатысы жоқ дыбыстарды
қабылдау деңгейі анықталады (тыныш жерде немесе шуылдаған жерде).
Сөз арқылы қарым қатынас жасау алғашында шектеліп, баланың қате
сөйлеуі тежеледі. Жұмыс баланың қатаң түрдегі дыбыстық және сөйлеу
тәртібін ұйымдастырудан басталады, себебі ретсіз артық естуіне деген
жүктеме сөйлеу тілінің, оны түсінуінің дамуын кешіктіреді (тежейді).
Балаларға тынығу уақытын, күндерін бөліп береді, оларды қоршаған
адамдардың мазалуынан қорғайды. Күнделікті өмірінен дыбыс
аппараттары: қоңыраулар, радио, теледидар т.б. алынып тасталады.
Дыбыстан қорғау тәртібі орнатылып, сөздік және сөзсіз белгілердің
(сигналдар) болуы шектеледі. Фрешельс баланың айналасында
тыныштықпен қатар көру тапшылығы жағдайын (суреттер, ойыншықтар
көрсетпеу) туғызуды ұсынды. Тек қана осындай тынығу жағдайында
жұмысқа кірісуге болады, ол баланың дыбыстарды қабылдағыштығын
арттырады.
Біртіндеп қабылдау, түсіну жағдайы анықталып, оларды дамытуға,
кеңейтуге, тереңдетуге арналған, бағытталған жұмыс жүргізіледі. Бала
назарын аударту үшін оның көру аясына түсуге, оны өзіне қаратып,
қолынан ұстауға т.б. тырысады.
Жұмыстың негізгі міндеттері: қоршаған орта дыбыстарына, сөйлеу
тілінің дыбыстарына қызығушылығын арттыру, оларға еліктеу
қажеттілігімен мүмкіндігін дамыту, сөздік және сөзсіз дыбыстарын
ажырату.
Жалпы
педагогикалық
жұмыс
сөйлеу
тілінің
психофизиологиялық
негізін,
іс-әрекеттердің
негізгі
түрлерін
қалыптастыруға, еркі мен зейінін, көру және акустикалық ұстанымдар мен
дифференциялауды дамытуға бағытталады. Жұмыс сөз дыбыстарынан
93
емес, шуларды, сөзге қатысы жоқ дыбыстарды ажыратудан басталады.
Алайда, ол балаға тек қана жақсы оқытылып, онда қарапайым тұрақтану
болғанда және өнімді іс-әрекет мүмкіндігіне үйретілгенде ғана
қолжетерлік болады.
Бағытталған зейін және жұмыс жасауға қабілетін дамыту үшін түрлі
құралдар қолдануға болады: салынатын заттар, кесілген суреттер (жай
және күрделі), таяқшалар (таяқшалардан ою-өрнектерді, геометриялық
пішіндерді құрастыру), мозаика — және олармен іс-әрекеттер: сұрыптау,
таратпалы материалды түсі, пішіні, мөлшері бойынша топтастыру.
Балаға еш нәрсе үйретілмесе, оның зейіні тұрақты болмаса, іс-
әрекеттердің қарапайым түрлері қалыптаспаса дыбыстарды қабылдауын
дамыту жұмысы мүмкін болмайды. Дыбыс шығаратын ойыншықтармен
музыкалық аспаптардың сигналдары қолданылады. Бала ойыншықты
қолына алып, дыбыс шығару кезіндегі оның сылдырын сезінгені өте
пайдалы. Ең алдымен ол педагогтың дыбыстарды қалай және не арқылы
шығаратынын бақылайды, кейін дыбыстарды өзі шығаруға тырысады.
Сонан соң логопед ыммен баланың көзін жұмып, теріс қарауын талап етеді
(дыбыс шығаратын заттармен ойыншықтарды перде артына немесе экран
артына қоюға болады), кейін бала сәйкес дыбыс көздері - заттарды дыбыс
шығаруы бойынша ажыратып үйренеді.
Жұмыс кезінде шапалақ соғудан, еденді топылдатудан, үстелді соғу
сияқты әрекеттерен бас тарту қажет. Себебі, осы жағдайларда дыбысталу
емес, керісінше сүйек өткізгіштігінің тербеліс, дірілі қабылданады.
Біртіндеп дыбыстық шу қатары күрделеніп өзгереді, оған алдымен
жаңа ұқсамайтын алыс дыбыстар, сонан соң жақын нәзік акустикалық
жұмысты қажет ететін дыбыстар енгізіледі. Осылайша баланың есту аясы
кеңейіп реттеледі. Осындай жұмыстың тиімділігіне қарай шу қатарына
сөйлеу тілінің қатты дыбысы енгізіледі (а, р, у т.б.), ол затпен немесе
құбылыспен байланыстырылады. Егер бала тез шаршап алаңдап, аса
қозғыш, мазасыз болатын болса, немесе тежеліп, есінесе, жұмыс өзінің
өнімділігін жоғалтады. Балаға дем алып іс-әрекеттер түрлерін өзгертуге
мүмкіндік беру қажет. Мұндай тапсырмалар жұмыс барысы бойы
жүргізіледі, бірақ акустикалық жүктемені әрбір сабақта мөлшермен беру
қажет. Бір сабақта бір тапсырмаға бірнеше рет оралып отыру тиімді
болады, бірақ бір рет орындағанда аса шектеулі түрде жүргізіп, баланың
шаршамауына жол бермеген дұрыс. Белсенді есту зейінінің көлемі баяу
көбейеді.
Аталған жұмыспен қатар баланың тәртібін, жұмыс жасау қабілетін, іс-
әрекетін (балаға дұрыс отыруды, көруді, көшіруді, сөзсіз нұсқауларға
бағыну, нұсқауды орындауға, педагогтың реакциясын (құптау немесе
құптамау) ескеруді, бастаған істі аяқтауға үйретеді) дұрыстауға
бағытталған тәрбиелік әсер ету жұмысы жалғастырылады. Акустикалық
зейін мен қабылдау баланың орнықтылығы, есте сақтауы, заттық-
тәжірибелік әрекетінің дамуына байланысты жақсарады.
94
Бала қабылдап, бөліп айтып, сөзсіз, кейін сөз дыбыстарынан ажырата
бастаған әрбір дыбысы затпен, суретпен, іс-әрекетпен, нақты жағдаймен
байланыстырылады. Жұмыстың бастапқы кезеңдерінде дыбысталумен зат
арасындағы шартты байланысты орнату үшін сөз-эквиваленттері, дыбыс
кешендері тандалып алынады (у — паровоз, машина; р — ұшақ,
ырылдаған ит; мө — сиыр т.с.с.) сөйтіп дыбыс немесе дыбыстар
қосындысының затпен немесе оның бейнесі арасында байланыс орнайды
және бекиді.
Дыбыстардың кейбіреуін ажыратқан соң буындарды ажыратуға
көшеді, мұнда да нақты затпен немесе әрекетпен байланыстырады, немесе
жай сөздерді міндетті түрде затпен сәйкестендіреді. Ең жеңіл болатыны екі
дауыстының, дауысты мен дауыссыздың қосындысы — уа, ау, ам,
дауыссыз бен дауыстының ашық буында кездесуі ма, па, на, та т.б.
Алдымен жеке дауыстыларды сөздің басында ажырату, кейін сөздің
басында ажырату жұмысы жүргізіледі.
Жұмыста естіп тануға қиын дыбыс қосындыларымен сөздерді алмауға
тырысу керек.(екі-үш дауыссыздың қатар келуі: кс,тп,сп, лтт. б.). Бала
алғаш ажыратып үйренген сөздер мәні,құрылымы, дыбысталуы бойынша
алыс, ұқсамайтын болуы керек. Әрбір сөзді қабылдағанда қимыл, көз
(көру), тактильді түрде түсіндірілуі қажет. Көріп, айнада бақылау, бетінен
«оқу» түрлері кеңінен қолданылады. Бала қабылдаған алғашқы сөздердің
интонациясы өзгертілмей айтылуы қажет. Нақтыланған интонация, оған
сүйену арқылы бала қарым-қатынасқа түскенде бағдарлайды, оның
интонациялық реңкі балаға айтылған сөздің мағынасының негізгісі
болады. Енжар сөз қорын молайтуға арналған жоспарланған жұмыспен
қатар өздік сөйлеу тілін дамыту да жүргізіледі.
Үлкеннің айтуы бойынша бала суреттерді көрсетеді, іс-қимылдарды
орындауды ыммен көрсетеді. Қимылдар кешенін бала жаттап, сонан соң
оларды өзі жаттанды түрде сөзбен бірге орындайды, біртіндеп өз бетінше
педегогтың айтуы бойынша орындап, кейін сөздік нұсқау бойынша
орындайды: «Қолды жоғары көтер, екі жаққа» т. б.
Эмоциональді-ойын
фонында
дыбыстарға
қызығушылығы
арттырылады. Бала дыбыс шығарған затты көрсетіп дыбыстың сипатымен
ғана танысып қоймай, оны кеңістікте шоғырландыруғы, дыбыс шығарған
ойыншықтың орнын белгілеуге үйренеді. Ойын арқылы бала белгілі
дыбыстарға таңдау арқылы біртіндеп дыбыстық белгінің күшін,
ұзақтығын, қарқынды ажыратуға үйренеді.
Бала түсінетін сөздерді молайтуда бір уақытта сөзді естіп, затты көріп
онымен іс-әрекет жасағаны өте маңызды. Сөзбен зат арасындағы байланыс
есту және көру сезімдерінің бірнеше рет сәйкестендірілуі арқылы болады.
Бала заттарды көріп естігеніне деген реакцияларын басып тастамай,
оларды күшейту, таң қалу, қызығушылық таныту маңызды болып
саналады. Бала заттармен іс-әрекет жасағандазаттардың атаулары, олар
туралы түсініктері тез қалыптастырылады.
95
Сөз түсінікті болу үшін, сөз жалпылама мәнге ие болуы үшін, сөзді
бірнеше рет қайталаумен қатар көп шартты байланыстарды, әсіресе
қимылдарды үйреткен жөн. Бала заттармен әрекет жасау барысында затпен
сөздік нұсқау бойынша, неғұрлым көп тапсырма орындау білігін меңгеруі
керек: сүт іш, сүтті құмырадан құй, сүтті үрле т.с.с.. Ұқсас тапсырмалар
беріп іс-әрекеттерін сөзбен байланыстыру арқылы баланы ана тілінің
грамматикалық үлгіде меңгеруге үйрету керек.
Мүмкіндігінше ерте, баланы сөз тіркестерімен, фразаларды
қабылдауға үйретеді. Олардың алғашқылары үлгі түрде болады: сөздер
белгілі кезекте интонациясы өзгертілмей айтылады. Балаға айтылған
нұсқаулар, күнделікті тұрмыстық сипатта болады. Ең алдымен, ол бір
адамды түсінуді үйренеді, кейін баланың көбейіп келе жатқан
мүмкіндіктеріне сай, осы жұмысқа оны қоршаған ересек адамдар да
қатыстырылады.
Фраза өзімен өзі түсінікті болмайды, ол баланың жүйке жүйесіне
жалпы әсердің бір бөлігі ретінді түсінікті болады. Фразаларды түсінуі,
басында жағдайға (ситуацияға) сай жеке бөліктерден тәуелді болатыны
ескеріледі, сондықтан фразаларды айтқан кезде сөздердің ретін,
интонацияны ауыстыру қажет емес.
Бала мынандай нұсқауларды түсінуге үйренеді: «есікті аш»,
«орамалды ал», «кітапты ал», сабақ барысымен және тұрмыстық
жағдаймен байланысты т.б. Мұндай нұсқауларды түсінуге үйретуге
арналған жұмыс ым-ишараға, сүйеніп жасалады, балаға көрнекі-бейнелі-
әрекетті кешенді жағдайды сөзбен байланыстырып саналы түрде
қабылдауға көмегін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |