88
Балалардың дыбысты дұрыс айтуын түзету жұмыстарына кіріспес
бұрын, оның жеке тұлғалық белгілерін міндетті түрде білу қажет. Кейбір
балалардың сөйлеу тілінің бұзылуымен қатар,
нервті-психология
саласында да психологиялық ауытқушылықтар болатына да назар аудару
қажет. Сол себепті де балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке
қабілетін ескере отырып, жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін
ойындар мен тапсырмалар беріп отыру қажет.
Артикуляцияны дұрыс қалыптастыру үшін
арнайы жаттығулар
қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді
және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады.
Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін
әр жаттығу әртүрлі атпен аталады. Мысалы: «Күрекше» – жалпақ тілді
шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек. «Инеше» - ауызды кең ашып,
тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10 - 15 секунд ұстап тұру керек.
«Төбешік» – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары
азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.
«Түтікше» – жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір
жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек.
«Ожау» – ауызды кең ашып, жалпақ тілді көтеріп жоғары тістерге
созып, бірақ тигізбей ұстап тұру керек.
«Сағат» –
тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек.
Осылай санап отырып 15 - 20 рет қайталау керек.
«Саңырауқұлақ» - ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап
тұрып, төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.
«Алтыбақан» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мұрынға
созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек.
Осылай 10-15 рет қайталау керек.
«Тәтті тосап» – жалпақ тілді
шығарып жоғары ерінді жалап, тілді
ауыз қуысына тереңірек апару /15 рет қайталау/.
Тіл кемістігін жоюдағы тиімді әдістердің бірі - логопедиялық ритмика
(логопедиялық ырғақтар), бұл белсенді терапияның бір түрі. Логоритмика
– қимыл әрекеттерге арналған жаттығулардың жүйесі. Әр түрлі қимылдар
арқылы арнайы материалдарды қайталаумен беріледі. Логоритмикалық
сабақтарда балалардың тыныс алуын, қимыл- қозғалысын, сөз - қимылды
әрекеттерінің жағымды түрде қайта құрылуы жүреді.
Логоритмикалық сабақтарда саусақ ойындары,
көзге арналған
жаттығулар, әуен арқылы әр түрлі бағытқа жүру, жүгіру, өлең сөздерімен
қимыл - әрекет көрсету, мимикалық жаттығулар, сөйлеу тілді ойындар
кіріктіріледі.
Музыкалы ырғақтардың негізгі
қағидасы қимыл-қозғалыстың
музыкамен байланыстылығында. Музыканы таңдауға үлкен көңіл бөлінеді,
балаларды музыка түрін, қарқынын, музыкалық фразалардың қарама-
қайшылығын ажыратуға, музыка әуеніне
қарай қимыл-қозғалысын
өзгертуге үйрету. Осы жұмыстардың нәтижесінде музыка түрін, қарқынын