Абдуллина г. К



Pdf көрінісі
бет67/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

 
 
 
 


125 
 14 – ші тапсырма 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тапсырманың 
сипаттамасы: 
Балаға 
«Өрт» 
тақырыбына 
байланысты бірнеше бейнелі суреттер беріледі. Оқытушы әрбір сурет 
бойынша сұрақтар қояды, содан кейін тақырып бойынша қорытынды 
сұрақтар қойылады. Балалардың жауаптары толық және жеткілікті болу 
керек. Бұл тапсырма бойынша негізгі міндеттер: өмірлік дағдыны және 
сөйлеу мәнерін қалыптастыру. 
Сұрақтар: 
 Суреттерді мұқият қара, суретте бейнеленген оқиға кезеңін анықта? 
 Неге өрт болды? 
 Балаларға не істеуге болмайды? 
Егер сен өрттің куәгері болсаң, не істеу керек? 
 Мұндай жағдайда өзіңе қалай көмектесу керек? 
 Суреттерді рет-ретімен орналастырып, әңгіме құрастыр. 
Нәтижелерді бағалау 
4 - ұпай: бала барлық суреттердегі мағыналық байланысты жақсы 
көрсете біледі. Ойын жеткізуде түсіндірмелі сөйлеуде қиналмайды.
3 - ұпай: суреттегі мағыналық байланысты жақсы көрсетеді. Ұлдың 
әрекетіне баға бере алады, бірақ осы әрекеттің себебін түсіндіре 
алмайды. 
2 - ұпай: кейбір суреттер арасындағы мағыналық байланысты көрсетеді. 
Негізгі зейіні қосалқы құралдарда болады.
1 - ұпай: бала суреттер арасындағы мағыналық байланысты көрсете 
алмайды, оларды бір-бірінен бөлек сипаттайды. Түсіндірмелі сөйлеуі 
дамымаған. 
0 - ұпай: әңгіме құрастыра алмайды. 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет