Абилбакиева галия турысбековна



Pdf көрінісі
бет16/40
Дата02.11.2023
өлшемі2.47 Mb.
#482213
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40
Dissertation1

мазмұндық; іс-әрекеттік, рефлексивтік. Мазмұндық компонентте басқару және 
құзыреттілік 
мәселесінің 
психологиялық 
астарлары, 
ақпараттық-
коммуникациялық технологияның мүмкіндіктері қарастырылды.
Ал, іс-әрекеттік компонентте болашақ педагогтердің басқарушылық 
құзыреттілігі қалыптастыру мониторингі жүзеге асырылды. Жоғарыда 
көрсетілген компонентте жүзеге асырудың құралы ретінде ақпараттық -
коммуникациялық технологиялар белгіленді. Соңғы нәтиже ретінде болашақ 
педагогтердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру деңгейлерінің артуы 
алынған. Жалпы «критерий» немесе өлшем қазіргі әдебиеттерде алынған 
нәтижелерді салыстыруға көмектесетін эталон ретінде қарастырылады. Ал 
ғалым М.И.Шилова критерий – «көптеген мүмкін шешімдердің ішінен біреуін 
таңдауға мүмкіндік беретін белгі дей келе, ол баға берудің құралы деген пікір 
білдіреді «Өлшем» ол көрсеткіштің өлшеуіші. Оның негізгі сипаттамасына 
нақтылық, бақылау, есеп жүргізу қол жетімді ететін диагностикалау жатады. 
Біздің зерттеуіміз мотивациялық, мазмұндық және іс-әрекеттік компоненттеріне
сәйкес 4 өлшем және 4 көрсеткіштен тұрады . 
Болашақ 
мектепке 
дейінгі 
ұйым 
педагогтерінің 
басқарушылық 
құзыреттіліктерін қалыптастыру үдерісі көпқырлы және қайшылықты 
болғандықтан, оның динамикасының сапалық және сандық параметрлерін 
бағалау өте күрделі болады. Сондықтан, басқарушылық құзыреттілік 
қалыптастыру өлшемдерін, соған сәйкес көрсеткіштерін анықтау қажеттігі 
туады. Ол дегеніміз – соған сүйене отырып мәнді қасиеттерін анықтауға болатын 
осы құзыреттіліктің қалыптасқындығының сапалық жағдайын көрсететін 
объективті және субъктивті көрсеткіштерінің жиынтығы.
Ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, педагогтердің басқару 
құзыреттілігінің қалыптасқандығының критерийлеріне қойылатын талаптарды 
бөліп көрсетуге болады. Олар: критерийлер өздері өлшем болып табылатын 
құбылыстарға қатысты адекватты болуы, өлшенетін құбылыстың табиғатын, сол 
сияқты критерий анықтайтын сапаның өзгеру динамикасын нақты көрсете алуы 
керек; критерийлер өлшеудің салыстырмалы түрде қарапайымдылығын, 
қолдануға тиімділігі мен қолжетімділігі, есептеудің оңтайлығын қамтамасыз ете 
алуы тиіс; критерийлер тек білімдер, іскерліктер және дағдылар көлемін ғана 
емес, олардың сапасын, сол сияқты тек оқытудың формальды нәтижелерін ғана 
емес, сонымен қатар білім алушылардың шығармашылық жұмысын бағалауға 
мүмкіндік беруі керек. 
Сондықтан, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық 
құзыреттілігінің қалыптастыру критерийлері алынатын нәтиже және оған 
кететін күш тұрғысынан оқыту үдерісінің сапалық және сандық көрсеткіштерін 
салыстыру өлшемдері болып табылады. 
Тұлға мәдениетінің көпжақтылық мәні мен ішкі байланысына сүйене 
отырып, басқарушылық құзыреттілік компонентінің өзара байланысын 


46 
байқаймыз. Біздің зерттеу тақырыбымызға сәйкес басқарушылық құзыреттілігін 
қалыптастыру компоненттерін мазмұндық, құндылықтық-мотивациялық, іс-
әрекеттік, рефлексивтік деп біріктіріп жүйелеген орынды деп есептейміз. 
Басқарушылық құзыреттілік осы компоненттерді қамти отырып, күрделі 
байланыстың бір маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. Басқарушылық 
құзыреттілікті қалыптастыру мәселесіне қатысты зерттеулерге жасалған 
талдаулар болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық 
құзыреттілік мазмұнының компоненттеріне төмендегіше сипаттама беруге 
мүмкіндік жасады: 
мотивациялық компонент: қалыптасуы екі критерий арқылы көрсетіледі: 
іс-әрекет түрінде қызығушылық және іс-әрекетіне құндылықтық қатынас
- мазмұндық компоненттің қалыптасуы: іс-әрекеттің іске асыру іскерліктері 
алынады. Ал оның көрсеткіштері болып құзыреттілік туралы білімдердің болуы 
және білімдерді жүйелеуге және қорытуға қабілеттілік болып табылады; 
- іс-әрекеттік 
компонент: 
бұл 
өлшемі 
ретінде 
басқарушылық
құзыреттіліктерді жетілдіру іс-әрекетін іске асыру іскерліктері алынады. Ал 
оның көрсеткіштері болып басқарушылық құзыреттіліктерді қалыптастырудың
өнімді тәсілдерін білуі мен өнімді тәсілдерін қолдану, мәселелерді шешуде 
өзіндік шығармашылық жұмыс жасау болып табылады; 
- рефлексивтік компонент: іс-әрекеттің рефлексиясын көрсетеді. Ал оның 
көрсеткіштері басқарушылық құзыреттіліктің өз бойындағы көріністерінен 
қанағаттануы, кәсіби іс-әрекетін жүзеге асыруда басқаның жағдайымен есептесу 
және тұлғалық өзіндік жетілуге ұмтылысы болып табылады. 
Болашақ МДҰ педагогтерінің белгілі бір іс-әрекетке даярлау барысында 
басқарушылық құзыреттілік негізінде болуы керек. Ал, оның моделін құруда 
барлық компонентті көрсететін және оларды бірлікте қарастыратын жүйелік 
негіз пайдаланылады (9-кесте). Анықталған компоненттердің құрамы нақтылы 
байыту, олардың ЖОО-да оқу-тәрбие үдерісі арқылы жүзеге асырылуын 
қалыптастыру эксперимент жұмысының объектісі болып табылады. Ол 
жұмыстың барысы мен нәтижелері екінші тарауда баяндалады. 
Кесте 9 - Болашақ мектепке дейінгі мамандардың басқарушылық 
құзыреттіліктерін қалыптастырудың көрсеткіші 
Компоненттері 
Өлшемдері 
Көрсеткіштері 



Мотивациялық МДҰ педагогінің шеберлігі бойынша 
ақпараттық 
– 
коммуникациялық 
технологияны дамытуға талпынуы; 

ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
қолдануға 
қызығушылық таныту. 
-ақпараттық-коммуникациялық 
технология бойынша іс-әрекетке 
ұмтылуы; 
-мультимедиялық 
технологияларды 
қолдануға 
қызығушылығы. 
Мазмұндық 
- болашақ МДҰ 
педагогтерінің, 
«басқарушылық құзыреттілік»;
- «МДҰ басқарушылық құзыреттілік» 
жайындағы теориялық білімдер; 
- «Болашақ МДҰ педагогтерінің 
құзыреттілік қалыптастыру»;
- «АКТ жайындағы теориялық


47 
9 – кестенің жалғасы 




ақпараттық 
коммуникациялық 
технологиялардың 
теориялық 
негіздерін, пайдаланудың тетіктерін 
білу; 
- АКТ-ды өз бетінше білім алуға 
пайдалана алуы.
білімдерінің болуы»; 
- ақпараттық -коммуникациялық 
технология бойынша. 
Іс- әрекеттік 
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар 
арқылы 
жаңа 
білімдерді жинақтай алу іскерлігі. 

ақпараттық 
технология 
негізінде білімдік әрекет жасай 
алуы; 
- АКТ арқылы өзіндік дамуды 
игеруі; 

мамандығына 
деген 
сүйіспеншіліктің қалыптасуы. 
Рефлексивтік 
Іс-әрекеттің рефлексиясын көрсетеді. 
Ал 
оның 
көрсеткіштері 
басқарушылық құзыреттіліктің өз 
бойындағы 
көріністерінен 
қанағаттануы. 
Кәсіби 
іс-әрекетін 
жүзеге 
асыруда басқаның жағдайымен 
есептесу және тұлғалық өзіндік 
жетілуге 
ұмтылысы 
болып 
табылады. 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілік 
құрылымын талдай отырып, біз болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың моделін құрастырдық. Осы 
айтылғандардың негізінде болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
басқарушылық құзыреттіліктерін қалыптастырудың моделін төмендегідей
2-сурет түрінде көрсетуге болады. 


48 
Сурет 2 – 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет