Абилбакиева галия турысбековна



Pdf көрінісі
бет18/40
Дата02.11.2023
өлшемі2.47 Mb.
#482213
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40
Dissertation1

Әрекеттестік формалары 
Топтық, ұжымдық, жеке жұмыстар 
Онлайн режимі – әрекеттестік 
Нәтиже– Басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқан болашақ МДҰ педагогтері 
К
Ө
РСЕТК
ІШ
ТЕР
 
Ә
ДІС
Т
Е
Р
, Ф
ОРМ
А
ЛА
Р
 
Ә
Д
ІС
Н
АМА
СЫ,
 ТЕО
РИЯ
С
Ы
 
48


49 
2-суретте көріп отырғанымыздай, әрбір компонент өзара логикалық 
байланыста, барлығы да белгілі бір іс-әрекет түрінде даярлықты қалыптастыруға 
қызмет етеді. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген құрамдас бөліктері 
нәтижеге жетудің жолын нақты құрылымдайды. Нәтиже мен мақсаттың өзара 
байланысын ашық көрсетеді. Модельде көрсетілгендей, мақсат – болжанған 
нәтижеге, ал нәтиже – мақсаттың іске асырылу көрінісі болып табылады. 
Жасалған модельді қолдануда болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру көрсеткіштерге
өлшемдерге байланысты жүзеге асырылады. Диссертациялық жұмысымыздағы 
түйінді мәселені зерттеу барысында анықталған болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың компоненттері, 
көрсеткіштері, өлшемдерін зерттеу нәтижелерін бағалауға, олардың дәйектілігін 
дәлелдеуге мүмкіндік береді. 
Болашақ 
МДҰ 
педагогтердің 
басқарушылық 
құзыреттілігін 
қалыптастырудағы 
құрылымдық-мазмұндық 
модельдің 
міндеттерін 
төмендегідей ұсынып отырмыз: 
- болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің АКТ арқылы 
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың мәні мен мағынасын көрсететін 
теориялық–әдіснамалық негіздемесін көрсету; 
- болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің АКТ арқылы 
басқарушылық құзыреттілігін белгілеу; 
- болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің АКТ арқылы 
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың мазмұнына сипатттама беру; 
- болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің АКТ арқылы 
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың жолдарын көрсету болып 
табылады. 
Аталған міндеттер оқу үдерісі барысында құрылымдық-мазмұндық 
модельдің әрекеттік негізінде ықпал етуімен шешіледі, себебі барлық қажетті 
біліктер мен дағдыларға әрекет ету барысында үйренуге болады. 
Жоғары оқу орындарындағы білім беру үдерісінде ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар арқылы болашақ мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруға байланысты 
жоғарыда келтірілген тұжырымдар зерттеу мәселесі бойынша тәжірибелік- 
эксперименттік жұмыс барысында басшылыққа алынды. 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің АКТ арқылы басқарушылық 
құзыреттілігін қалыптастырудың білім беру ұстанымдары жан-жақты 
зерделенді. Басқарушылық құзыреттілікке бағытталған материалдар арқылы 
басқару құзыреттіліктерін қалыптастырудың ұстанымдары: мақсатқа 
сәйкестік, мазмұндық, әдістемелік, кешендік, тұлғалық. 
Қазіргі уақытта ҚР-сы ЖОО-да енгізіліп отырған оқытудың кредиттік 
жүйесінде білім беру үдерісі өз бетімен ізденіп, білім алуына негізделген. 
Дегенмен, бұл жерде 
оқытушылық-профессорлық құрамның 
еңбегі 
төмендетілмейді.Сондықтан, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 


50 
басқарушылық құзыретттіліктерін қалыптастыру мақсатында іс-әрекетте 
жетістікке, болжанған нәтижеге жетуде оқытушының рөлі зор. 
Бірінші кезекте оқытушының аталған бағыттағы әдістемелік даярлығын 
жетілдірудің мәні болып табылады. Келесі кезекте, болашақ мектепке дейінгі 
ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттіліктерін қалыптастыруда 
оқытудың ұйымдастыру формаларын, әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдау қажет. 
Ал,бұл үдеріс ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану 
нәтижесінде семинар, дәріс бұл үдеріс семинар, практикалық жұмыстар, СОӨЖ, 
СӨЖ барысында жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет